Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру Ережелері Жалпы ережелер



жүктеу 460.48 Kb.
бет1/2
Дата02.05.2016
өлшемі460.48 Kb.
  1   2
: files -> userfiles -> docs
userfiles -> Жылдарға арналған
userfiles -> Лекция аденома (гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) и Рак предстательной железы. Аденома ( гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) простаты
userfiles -> История. Исторические науки
userfiles -> Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы
docs -> «Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 7 айда атқарған жұмысының есебі туралы
docs -> «Айналайын» бөбекжай бақшасы
docs -> Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылға арналған даму келешегі туралы есебі
docs -> «Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» кмм №1 жалпы білім беру орта мектебінің ең алғаш қаланған жылы 1980 жылы тамыз айы. Алғаш ашылғанда мектептің атауы «Қазақстанның 60 жылдығы»




Қарағанды облыстық

мәслихатының

2013 жылғы 14 наурыздағы

XII сессиясының № 130 шешімімен

бекітілген

Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендерінің

аумақтарын көріктендіру Ережелері

1. Жалпы ережелер
1. Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) көріктендіру саласында бiрыңғай және орындалуы мiндеттi нормалар мен талаптарды белгiлейдi, Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелерінің, үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үшiн қалалар мен елді мекендер аумақтарын тазалау және күтiп ұстау тәртiбiн анықтайды.

2. Ережелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, облыс аумағын көріктендіру, санитарлық тазалау және күтiп ұстау жағдайына талаптарды анықтайтын Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері, құрылыстық және санитарлық ережелерi мен нормалары негiзiнде әзiрленген.

3. Аумақтарды көріктендіру және санитарлық күтiп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тиісті елді мекендер әкiмдерiне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары мәселелерiн қарастыратын қалалар мен аудандардың мемлекеттiк мекемелерiне, кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң коммерциялық емес бiрлестiктерi, өзiн-өзi басқару органдарына, үйлер, ғимараттар, құрылыстар, жер телімi иелерiне және (немесе) жер пайдаланушыларға жүктеледi.

2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен анықтамалар
4. Алаңның жаяужол бөлiгi – жаяу жүргiншiлер қозғалысына арналған алаң кеңiстiгi және учаскелер, алаңның барлық аумағымен (өкiлдiк және мемориалдық) немесе оның бөлiгiмен (объект маңындағы) ұсынылуы мүмкiн.

5. Әлеуметтік жарнама – бұл қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғауға, жұртшылық мәселелеріне (салауатты өмір салты, денсаулық сақтау бойынша шаралар, тұрғындардың қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғау, құқық бұзушылық профилактикасы, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, мәдениет және өнерді дамыту, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт саласындағы мемлекеттік бағдарламалар не өзге де әлеуметтік сипаттағы іс-шаралар жарнамасы) жеке және заңды тұлғалардың назарын аударуға бағытталған коммерциялық емес жарнаманың түрі.

6. Бекiтiлген аумақ – аумаққа бекітілген субъектілердің келісімі бойынша, санитарлық күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру барысында қала немесе аудан әкімдігінің берген көріктендіру паспортында көрсетілген санитарлық тазалау мен жинауға арналған жер учаскелері (аумақтарды көріктендіру паспортының үлгісі осы Ережеге 1 қосымшасына сәйкес белгіленген).

1) аумаққа бекiтiлген нысандар болып табылатындар: тағайындалған телім шекарасынан көше жағындағы аумақ, өтпе жол шетiмен шектелген, iшкi кварталдық аумақтың учаскелерi, аула iшiлік аумақ - шағын сәулет нысандарын, балаларға арналған, кiр жаятын, қоқыс жәшiктерi орналасқан алаңшаларды, автокөлiк тұрақтарын, декоративтiк құрылыстарды, үйге кiреберiс жолдарды, аулаға кiреберiс жолдарды орнату үшiн пайдаланылатын жерлер (бiр аулада бiрнеше жер пайдаланушылар болған кезде бекiтiлген аумақ шекаралары пайдаланылатын аумақ шекараларына барабар не тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi), сақтау мен жинақтау мақсаттары үшін уақытша пайдаланылатын аумақ, бөлiнген және iргелес аумақ, инженерлiк желiлердiң қорғалатын аймақтарының аумағы;

2) аумақтарды бекіту субъектілері жеке тұлғалар секілді және де сондай заңды тұлғалар да болып табылады: кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң коммерциялық емес бірлестіктері, ғимараттар мен үйлердің иелерi, және (немесе) пайдаланушылары; жер учаскелерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары.

7. Билборд – іргетастан, каркастан, тірек қадауыштан және ақпараттық алаңнан тұратын ақпаратты орналастыру үшін ішкі беті бар жеке тұрған конструкция.

8. Бөлiнген аумақ – Қазақстан Республикасының жер заңнамасының тәртібімен белгiленген жеке және заңды тұлғаларға ұсынылған аумағының бөлiгi.

9. Брандмауэр – бұл қабырғаға түсірілген бейне (ақпараттық алаң) ретінде үйлердің және тұрғын үйлердің бітеу қабырғаларына орналастырылған ақпараттық панно; бекіту элементтерінен, каркастан және ақпараттық алаңнан тұратын конструкция.

10. Ғимараттың қасбетi – ғимараттың немесе үйлердің сыртқы жағы.

11. Жарнама стеласы – декоративтік қырлы панелдері бар жеке тұрған жарнама конструкциясы (әдетте қысаң және биік), жапсырма элементтері, шығыңқы жерлері болуы мүмкін.

12. Жасыл екпелер – жасанды секілді және де сондай табиғи ағаш, ағаш-бұта, бұта және шөптік өсiмдiктерi.
13. Жаяужол аймақтар - серуен және мәдени–тұрмыстық, транзиттiк қозғалыс мақсатында халықтың қозғалысы жүзеге асырылатын және белгiлi сипаттамаларға ие: жылдам көшеден тыс және жер үстi қоғамдық көлiк аялдамаларының болуы, қызмет көрсету, тарих және мәдениет ескерткiштерi, рекреция объектiлерiнiң жоғары шоғырлануы және жаяу жүргiншiлер ағынының жоғары жиынтық жиiлiгi бар аумағының учаскелерi. Жаяу жүретін аймақтар жаяу жүретін көшелерде, аудан алаңдарының жаяу жүретін бөлiктерiнде құрылуы мүмкін.

14. Жер учаскесiнiң иесi және (немесе) пайдаланушысы - облыс шегiнде жер учаскесiн пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлға.

15. Жолдарды күтiп ұстау - жолдың, жол құрылыстарының, жолға бөлiнген белдеулердiң, жолды жайластыру элементтерiнiң көлiктiк-пайдалану жағдайын қолдау нәтижесiндегі қозғалыс қауiпсiздiгi және ұйымдастыру жұмыстарының кешенi.

16. Көгал – шөптер, гүлдер, ағаштар мен бұталарды көшеттеудi қамтитын көрiктендiрудiң жасанды құрылған элементi.

17. Көлемді - кеңістікті конструкциялар – ақпаратты орналастыру үшін құрылымның көлемі секілді және де сондай оның беті де пайдаланылатын жарнама объектісі.

18. Көріктендіру – жер үстiн жабу құралдарын, декоративтiк көгалдандыру және суландыру, күрделi емес құрылыстар, шағын сәулет нысандары, сыртқы жарықтандыру, көрнекi ақпарат, жарнама және басқа да құралдарды пайдаланумен жүзеге асырылатын қалалар мен елді мекендердің қауiпсiздiгiн, ыңғайлылығын мен көркем мәнерлiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған заңды және жеке тұлғалардың бөлiнген және (немесе) бекітілген аумақ шекарасындағы қызметi. Осы қызмет аумақты жинастыруды, санитарлық күтіп-ұстауды, көріктендіру объектілері мен элементтерiн пайдалануды, жөндеуді және қорғауды ұйымдастыруды көздейдi.

Эспланада – ашық орын, үлкен ғимарат алдындағы алаң, ортасындағы саяжолды кең көше.

19. Көріктендіру паспорты – аумақтар бекітілген субъектілерге (бекітілген субъектілердің келісімі бойынша) жеке немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы мен орналасқан жерінің мекенжайы, басшының телефоны, тегі, аты, әкесінің аты, жеке идентификациялық нөмірі, бизнес индентификациялық нөмірі, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған келісім шарттың болуы, қатты жабындылар, көгалдар алаңы, бөлінген және бекітілген аумақтардағы ағаштар, бұталардың саны, шағын сәулет нысандарының болуы, аула сыпырушылар (адам саны) немесе аумақты тазалауға арналған келісім шарттың болуы көрсетілген қалалар мен аудан әкімдерінің беретін құжаты. Егер паспортта көрсетілген деректер өзгертілсе, заңды тұлғаның (жеке тұлға) басшысы қала немесе аудан әкімі аппаратын хабардар етеді және көріктендірудің жаңартылған паспортын алады.

20. Көшелердің санаты – магистральдарды, көшелер мен өтпе жолдарды көлiк қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтiп ұсталуына қойылатын ерекшелiктерге байланысты жiктеу.

21. Қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою.

22. Лайтбокс – кестелік және мәтіндік жарнамалық ақпараты бар, жарық тіректерінде, бағандарда, үйлер қабырғаларында, павильондарда және өзге де объектілерде орналасқан жарық қорабы. Орналасуына байланысты бір немесе екі жақты болулары мүмкін.

23. Өтпе жол - тұрғын үйлер мен қоғамдық үйлерге, мекемелерге, кәсiпорындарға және басқа да құрылыс объектiлерiне көлiк құралдарының өтуiн қамтамасыз ететiн жол элементi.

24. Пайдаланушы – меншiк иесi өзiнiң мүлкiн жалдау, жалға алу, шаруашылық жүргiзу, жедел басқару және (немесе) заңнамамен немесе шартпен көзделген басқа да негiздерде тапсырған тұлға.

25. Пилларс – ішкі жарығымен жарнамалық бейнелерімен екі немесе үш тумба (үш қырлы тумбалар, домалақ тумбалар) көрінісіндегі жеке тұрған конструкция.

26. Пилон – іргетас, каркас тірек және ақпараттық алаңнан (жарық қорабы) тұратын, декоротивтік қырлы панелдермен ішкі жарығы бар жеке тұрған жарнама конструкциясы.

27. Призматрон – бұл көрнекі беті үш қырлы айналмалы призмадан тұратын, бір уақытта үш жарнамалық бейнені орналастыруға мүмкіндік беретін жарнама жеткізуші. Призматрондар билбордтарға, үйлерге және өзге де стационарлық объектілерге орнатылады.

28. Рекреациялық аумақтар – халықтың демалу орындарын ұйымдастыруға және жайластыруға арналған, саябақтар және гүлзарлар, су қоймалары, жағажайлар, ландшафт сәулет объектiлерi, сондай-ақ уақыт өткiзетiн және сауықтыру мақсатындағы басқа да орындарды қамтитын ортақ пайдалану орындары.

29. Рұқсат етiлмеген қоқыс үйiндiсi - өндiрiс және тұтыну қалдықтарының оларды өздiгiнен (рұқсат етiлмей) тастау (орналастыру) немесе қаттау нәтижесiндегі қалдықтардың жиналуы.

30. Cанитарлық тазалау – халықтың тіршілік етуі нәтижесінде елді мекенде құрылған қалдықтарды жинау, жою және залалсыздардыру мақсаты бар іс-шаралар жүйесі.

31. Скроллер (роллерлі дисплей) – бұл роллерлі механизмнің көмегімен бейнелер дәйектілігімен ауысып отыратын ішкі жарығы бар динамикалық жарнама жеткізуші. Скроллерлер билбордтарға, үйлерге және өзге де стационарлық объектілерге орнатылады.

32. Стационарлық сыртқы жарнама және ақпарат құралдары – бұл тұрақты орны бар (билбордтар, пилондар, стелалар, пилларстар, призмотрондар, скромерлер, шатырлар орнату, жарық диодты экрандар және өзге де жарнама объектілері) жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.

33. Сөре мен терезелерді ресімдеу – сөре, терезелердің мөлдір беттерін ресімдеу; үйлер мен ғимараттардың сөре және терезелерінің шыныланған аралықтарына орналастырылатын көлемді және жазықтықты объектілермен ресімдеу (сөре ішінде - жарықтандыру, жарық элементтері, манекендер, өнімдер, тауарлар, декоративтік және мерекелік ресімдеу; шыныда үлдір түрінде).

34. Сыртқы жарнаманың және ақпараттың жоғары ауқымды стационарлық құралдары – бұл ақпараттық алаңның 3 шаршы метрден асатын мөлшердегі жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.

35. Сыртқы жарнама және ақпарат құралдары – сыртқы жарнама мен ақпаратты тасымалдауға арналған конструкциялар, ғимараттар, техникалық бейімділіктер, көркем элементтер мен тасымалдағыштар.

36. Сыртқы (көрнекi) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектiлерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде және елдi мекендердегi үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңiстiкте орналастырылған жарнама.

37. Сыртқы көріктендіру объектiлерi – кешендi көріктендіру бойынша қызметi жүзеге асырылатын кез келген аумақ: алаңшалар, аулалар, кварталдар функционалдық-жоспарлық құрылымдар, қалалар мен аудандардың аумақтары, сондай-ақ бiрыңғай қала құрылысын регламенттеу (қорғалатын аймақтар) немесе көрнекi-кеңiстiктiк қабылдау (құрылысы бар алаң, iргелес аумағы және құрылысы бар көше) қағидаты бойынша бөлiнетiн аумақтар.

38. Сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан қоспағанда сұйық нысандағы кез келген қалдықтар.

39. Транспарант - тартпа - өз тірегімен өз тірегіне бекіту құрылғысынан, керу құрылғысы мен ақпараттық бейнелерден тұратын жеке тұрған конструкция.

40. Тротуар – жолдың жүру бөлiгiне жанасатын немесе одан көгалмен бөлiнген, жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына арналған жол элементi.

41. Ту конструкциялары қалқалар – бір немесе бірнеше тутұғыр (тұғыр) және жұмсақ ендік негізінде құралған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері мен құралдары.

42. Тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар.

43. Уақытша сыртқы жарнама және ақпарат құралдары (штендерлер, көрсеткіштер) – бұл орналастыру уақыты бойынша шектеу шарттарымен қала аумағындағы анықталған учаскелерде орналастырылған жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.

44. Хабарландыру – бұл оқырманның, тыңдаушының назарын аудару мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, радио, телеарна, хабарландыру тақтасы) орналастырылған немесе жариялаған қандай да бір нәрсе туралы хабарлау, хабарлама (оның ішінде қағаз тасығышта);

трельяждар және шпалерлер – шырмауық және тірек қажет ететін өсімдіктермен көгалдандыруға арналған тор түріндегі жеңіл ағаш немесе металл құрылым, тыныш демалыс бұрышын ұйымдастыру, күннен қорғану, алаңшаларды, техникалық құрылғыларды және ғимараттарды қоршау үшін пайдалануы мүмкін;

перголдар – күрке, галерея немесе бастырма түріндегі ағаштан немесе металдан жасалған жеңіл тор тесікті ғимарат, «жасыл тоннель» ретінде қолданылады, алаңшалар мен сәулет объектілері арасындағы өткел;

гүлзарлар, вазондар – гүл өсімдіктері отырғызылатын өсімдік топырағы бар кішігірім сыйымдылықтар.

45. Шағын сәулет нысандары – декоративтiк сипаттағы және тәжірибелік пайдалану объектiлері: мүсiндер, фонтандар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, сауда павильондар, күркелер, орындықтар, урналар, балалардың ойнауына және ересек адамдардың демалуына арналған жабдықтар мен құрылымдар. Шағын сәулет нысандарына сондай-ақ: қоғамдық кеңiстiктер, рекреациялар және аулалар аумағында орналасқан демалуға арналған орындықтардың жазғы кафе, үстел ойындарына арналған алаңқайларындағы – орындықтар мен үстелдердiң әр түрлерi жатады.

46. Шатырлық орнатулар – үйлердің карнизі деңгейінен жоғары немесе шатырда жартылай немесе толық орналастырылған көлемді немесе жазықтық, жарық конструкциялары. Шатырлық орнатулар бекіту элементтерінен, конструкцияның тірек бөлігінен және ақпараттық орнатудан тұрады.

47. Штендер – бір немесе екі жағында жарнамалық ақпарат орналастырылған сыртқы жарнаманың (көшірмелі қалқан) мобильді (тасымалы) конструкция.

48. Iргелес аумақ – көрiктендiру паспорттарына сәйкес бекiтiлген жеке және заңды тұлғалардың меншiгiндегі және (немесе) пайдалануындағы сауда, жарнама және басқа объектiлерге, ғимарат, үй, құрылыс алаңының қоршауы периметрiне және (немесе) жер учаскесiнiң шекарасына тiкелей жанасатын жалпы пайдаланудағы аумақ.

49 Iрi ауқымды қоқыстар - өзiнiң тұтыну қасиеттерiн жоғалтқан және өздерiнiң мөлшері бойынша арнаулы қоқыс жинайтын машиналармен тасымалдау мүмкіндігін алып тастаған тұтыну және шаруашылық қызметiнiң қалдықтары.
3. Жалпы талаптар
50. Заңды және жеке тұлғалар мен барлық меншiк түрiндегi кәсіпорындар бөлiнген және белгiленген аумақ шегiнде сәулет, санитарлық, экологиялық талаптарға сәйкес өз қаражаттары есебiнен тазарту, қажеттi жайластыру, сондай-ақ көріктендіру объектiлерi мен элементтерiн күту, күтiп ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргiзедi.

51. Коммуникацияның барлық түрлерiне қызмет көрсететiн шаруашылық субъектiлер тиісті коммуникацияларды күтiп ұстауы және уақытылы жөндеуi, жөндеуден кейiн бүлiнген жабындар мен элементтердi қалпына келтiруi жүргізіледі.

52. Заңды және жеке тұлғалар инженерлiк коммуникацияларды төсеу, жөндеу және қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды жол жабындарын, тротуарлар, көгалдар көріктендірудің элементтерi мен инженерлiк құрылыстарды бүлдiру жолымен тек тиісті қала мен ауданның тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары саласындағы уәкiлеттi орган берген жазбаша рұқсаты (ордерi) болған кезде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасының нормаларын сақтаған жағдайда ғана жүргiзе алады. Ордерге бүлінген жабындыларды қалпына келтіру және көріктендіру мерзімдері мен шарттары туралы талаптар қосылады. Жол жабындыларын, тротуарларды, көгалдарды, көріктендіру элементтері мен инженерлік құрылыстарды бүлдіру жолымен инженерлік коммуникацияларды төсеу, жөндеу және қайта жаңартуға байланысты жұмыстардың орындалуына жұмысқа тапсырыс беруші жауапты.

53. Жеке және заңды тұлғаларға (жұмысқа тапсырыс беруші) рұқсат (ордер) алу үшін келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

Ережелердің 2 қосымшасына сәйкес өтініш;

Ережелердің 3 қосымшасына сәйкес екі данадағы жер жұмыстарының өндірісіне арналған ордерді берудің өз тарапынан толтырылған шарт бланкісі;

Ережелердің 4 қосымшасына сәйкес өз тарапынан толтырылған ордер бланкісі;

инженерлік коммуникациядағы ойым нүктесімен техникалық шарттардың көшірмесі;

мердігерлік жұмыстарға (мердігерлер тартылған жағдайда), сондай-ақ осы жұмыс түріне лицензиясы бар ұйымның, егер асфальт бетон жабындысын бұзуы жоспарланса, оны қалпына келтіруге арналған шарт көшірмесі;

жол жабындарын, тротуарларды, газондарды, көріктендіру элементтері мен инженерлік құрылыстарды бұзу арқылы мердігер ретінде тартылған ұйымның инженерлік коммуникацияларды төсеуге, жөндеуге және қайта жаңартуға байланысты жүргізетін жұмыстарына арналған лицензиясының көшірмесі;

заңды тұлғалар (тапсырыс беруші) үшін қосымша ұсынатын көшірмелер: бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), кәсіпорынды немесе ұйымды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

жеке тұлғалар (тапсырыс беруші) үшін жеке сәйкестендіру нөмірімен жеке куәлік көшірмесін (ЖСН), мекенжай анықтамасы қосымша ұсынады.

Жер қазу жұмыстарын (құрылыс, жөндеу) жүргізуге рұқсат (ордер) беруге жазылған өтініштердің қарау мерзімі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңына сәйкес белгіленеді.

Ордерде бүлінген жерлерді қалпына келтіру және көріктендіру мерзімдері мен шарттары туралы талаптар көрсетіледі.

Қалпына келтіру жұмыстары аяқталуы бойынша орындалған жұмыстардың сапасыз жүргізілуінен екі жыл ішінде бұзылған мен құлап қалған жағдайда, заңды және жеке тұлғалар (жұмысқа тапсырыс берушілер) бұзылған жабындыларды қайтадан жөндеуі тиіс.

Заңды және жеке тұлғалар (тапсырыс беруші) ордердегі талапты орындамаса, уәкілетті органмен көріктендірудің элементтері бұзылған тексеріс актісі жасалып, әкімшілік сипаттағы шаралар қолдану үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына жолданады, сондай-ақ сот тәртібімен ордер талаптарын мәжбүрлеп орындау бойынша шаралар қолданылады.

54 Жол жөндеу жұмыстарын жүргiзетiн учаскеде заңды және жеке тұлғалар (жұмыстарға тапсырыс берушілер) автожолдарында орналасқан жарамсыз люктердi, нөсерлiк кәрiз торларын ауыстыру, сондай-ақ мүгедектер арбаларының, балалар арбаларының өтуi үшiн және жаяу жүргiншiлер қолайлылығы үшiн жол өтетiн жерлерде жаяу жүргiншiлер тротуарларынан түсетiн жолдарды жайғастыру шараларын қабылдау қажет.

55. Облыстың қалалары мен аудандарының аумағында:

1) көшелер мен (немесе) көлiк өтетiн бөлiктi шашыранды жүктерімен ластайтын көлiк құралдарын мұқият жабусыз тасымалдауға;

2) объект иесi және (немесе) пайдаланушының келiсiмiнсiз және (немесе) осы мақсаттарға бөлiнген жерлерден тыс жерлерде, сонымен қоса Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген белгiленген тәртiпте алынған рұқсатнамалар немесе келiсiмдерсiз хабарландыруларды, плакаттарды, үндеухаттарды, түрлi ақпараттық материалдарды орналастыруға, жазулар мен графикалық бейнелердi салуға;

3) автомобиль жолдарының жүру бөлiгiне қоқыс, қозғалысқа қауiп келтiретiн заттарды тастауға;

4) ғимараттардың, құрылыстардың және тұрғын үйлердiң терезелерiнен қоқыс лақтыруға;

5) арнайы бөлiнген және тиісті жол белгiлерiмен және (немесе) таңбалармен белгiленген орындардан тыс белгiленбеген орындарда көлiк құралдарын қоюға, жууға және орналастыруға;

6) түрлi белгідегі объектiлердi орналастыруға, сондай-ақ тротуарларда, көгалдарда, балаларға арналған ойын алаңқайларда автокөлiк құралдарын қоюға;

7) тұрақ үшiн арнайы бөлiнген орындардан басқа, сондай-ақ олардың орналасқан жерiне қарамастан бөлшектенген көлiк тұрағы, арнайы автокөлiктiң өтуiне кедергi келтiретiн аула аумақтарының өтпежолдарында баған, блок және басқа да аумақ қоршауларын тұрғызуға және орнатуға жол берiлмейдi.

56. Кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде пайда болатын өндiрiс қалдықтарын жинау және уақытша сақтау осы кәсiпорындардың күшiмен, бұл мақсаттар үшін арнайы жабдықталған орындарда белгiленіп, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру тәртiбінде бекiтiлген лимиттерге сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсiпорын аумағында арнайы белгiленген орындардан тыс қалдықтарды жинау және оларды орналастыру лимиттерiн асыруға жол берiлмейдi.

4. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын жинастыруды және тазалауды ұйымдастыру, жинастырудың түрлерi және негiзгi талаптары
57. Өнеркәсiп кәсiпорындарының санитарлық - қорғау аймақтарындағы аумақтарын тазалауды осы кәсiпорындардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары жүзеге асырады.

58. Меншiк нысанына тәуелсiз заңды және жеке тұлғалар осы Ережелерге және көрiктендiру паспорттарына сәйкес бөлінген аумақтың шекарасында тазалау, суару және тротуарларға құм себу, қар және қоқыс шығару, суағарларды және сорғыларды тазарту жұмыстарын орындауы қажет.

59. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын ағымдағы санитарлық күтiп-ұстау және тазалау, кәдеге жарату орындары бар қоқыс шығаруға мамандандырылған кәсiпорындар арқылы жүзеге асырылады және келесi іс-шаралар жүргізілуі қамтамасыз етілуін көздейдi:

1) қалалар мен елді мекендер аумағындағы қоқыстарды, қалдықтарды жинау және оларды уақтылы шығаруды ұйымдастыру;

2) қалалар мен елді мекендердегі тиiстi санитарлық жайластыру: тұтыну қалдықтарын жинауға арналған алаңшаларды ретті, ағымдағы тазарту, қалдықтарға арналған контейнерлердің (оларды жинау тiкелей арнайы автомобильдер арқылы ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда) болуы, нормативтiк талаптарға сәйкес урналарды ортақ пайдаланудағы орындарға орнату;

3) аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгiлде – қарды жинау және шығару, көшелердiң өтпе жолдарын және жаяу жүргiншiлер тротуарларын тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, белгiленген және (немесе) кәдеге жарататын орындарға тұтыну қалдықтарын шығару, өзендердi, бұлақтарды, арналарды, тартпаларды, нөсерлiк кәрiздердi және су өткiзетiн құрылғыларды қоқыстан тазарту;

4) санитарлық қорғау аймақтарының нормативтiк шегiндегі аумақты жүйелi түрде күтiп ұстау жұмыстары.

60. Елдi мекендердiң аумағын санитарлық тазалау жүйесi тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинау, жою, залалсыздандыру және кәдеге жарату мамандандырылған ұйымдармен көзделуі тиіс.

61. Жаңадан салынатын учаскелердегі үйлерді пайдалануға енгiзетiн кезде тазалау жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

62. Ғимараттар мен үйлердің, жеке тұрғын құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары тұрмыстық қалдықтарды шығаруға уақытылы шарт жасауға тиiс.

Кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жайлардың (пәтерлердiң) иелерiнiң коммерциялық емес бiрлестiктерi тиiс:

1) қоқыс жинағыштар үшiн алаңшаларды жабдықтауы;

2) азық-түлiктiк қалдықтарды, көшелiк және аулалық қоқыстарды жинауға арналған құрал-саймандармен аула сыпырушыларды қамтамасыз етуi;

3) қоқыс қабылдаушы камераларды, алаңшаларды, сондай-ақ қалдық жинаушы орындарды жүйелi жуу, дизенфекциялау және дезинсекциялауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауы қажет.

63. Аумақты тазалауды жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсiпорындар, тұрғын үйлердiң, ұйымдардың, мекемелердiң аумағынан қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды қолданыстағы заңнамамен шарттарда белгіленген мерзімдерде уақытылы (шарттарға сәйкес) жүзеге асыруы қажет.

5. Аумақтарды күзгi-қысқы кезеңде тазалау
64. Күзгi-қысқы тазалау кезеңi 1 қарашадан бастап 1 сәуiрге дейiн белгiленедi. Ауа-райы жағдайларының күрт өзгеруi жағдайында (қар, аяз) күзгi-қысқы тазалауды бастау және аяқтау мерзiмiн тиісті бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi үйлестiредi.

65. Жапырақ түсетiн кезеңде түскен жапырақтарды уақтылы жинау қажет. Жиналған жапырақтар көрiктендiру бойынша кәсiпорындармен арнайы бөлiнген учаскелерге не компостерлеу алаңдарына шығарылуы тиiс.

Тұрғын құрылыс аумағында, скверлер мен саябақтарда, қатты тұрмыстық қалдықтар үшiн контейнерлерде жапырақтарды өртеуге жол берiлмейдi.

Жапырақтарды ағаштар мен бұталардың тамыр бөлiгiне жинауға, сондай-ақ оларды қоқыс жинайтын алаңшаларда және қоқыс жинайтын контейнерлерде жинақтауға жол берiлмейдi.

66. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, урналар және шағын сәулет нысандарының элементтерi, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйiрлерiндегi кеңiстiк, оларға кiреберiс жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.

67. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегi, бульварлардағы, аллеялардағы жолдарды тазалау кезiнде ерiген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттерi жоқ қарды уақытша жинауға арнайы алаң дайындалып, тротуарларды, көгалдарды, жасыл көшеттерді қоспағанда, жинауға рұқсат берiледi.

68. Инженерлiк желiлерде болған апаттан пайда болған тротуарлар мен жолдың жүру бөлiгiндегi мұзды желi иелерi және (немесе) пайдаланушылары уатып жинайды.

69. Жол берiлмейдi:

1) магистральдардың, көшелердiң жүру бөлiгiне және өтпе жолдарға, тротуарлар, гүлзарлар мен көгалдарға квартал iшiнде өтпе жолдардан, аула аумақтарынан, кәсiпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда объектiлерiнен жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға;

2) тротуарларда, саябақтарда, скверлерде, аулаларда және жаяу жолдар мен көгалдандырылған аймақтарында көктайғаққа қарсы реагент ретiнде қайнатпа тұзды пайдалануға;

3) көгалдарға, гүлзарларға, тротуарларға және жасыл көшеттерге лас және тұз араласқан қарды, сондай-ақ мұз үйiндiлерiн роторлық лақтыруға және орынын ауыстыруға.

70. Метеорологиялық қызметтерден күнi бұрын жалпы тайғақ болатын қауіпі туралы ескерту алған жағдайда, эстакадалардың, көпiрлердiң құрылысын өңдеу жұмыстары қар жаумай тұрып жүргiзiледi.

71. Аулаларға кiреберiс, шығу жолдары, квартал iшiндегі жолдар жүру бөлiгiнiң шетiнен бастап механизмдік күреу мен сыпырудан кейiн бiрiншi кезекте тазартылуы тиiс.

72. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды шығару екi кезеңде жүзеге асырылады:

1) жер үстiлiк жаяу өтпе жолдардағы, көпiрлердегi және жол өткелдерiндегi, көпшiлiк баратын орындардағы (iрi әмбебап дүкендер, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар), ауруханалардың аумағына және әлеуметтiк маңызды объектiлердiң кiреберiс жолдарда бiрiншi кезекте (таңдаулы) қарды шығару қар жауғаннан кейiн 48 сағат iшiнде жүзеге асырылады;

2) соңғы (жаппай) қарды шығару бiрiншi кезектi шығару аяқталғаннан кейiн кезекпен, тапсырыс берушi анықтаған кезектiлiкке сәйкес шығарылады.

73. Қар ерiгеннен кейiн қарды уақытша жинайтын орындар қоқыстан тазаланып және көріктендірілуі тиiс.

74. Тротуарлар, аула аумақтары және өтпе жолдар қар мен мұздақтан асфальтқа дейiн тазартылуы қажет. Мұздақ (көктайғақ) пайда болған кезде құм не ұсақ қиыршық таспен өңдеу жүргiзiледi.

75. Аулалар аумақтарынан және квартал iшіндегі өтпе жолдардан тазаланған қарды автокөлiктердiң еркiн өтуiне және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына кедергi жасамайтын орындарға (тротуарлар, газондар, жасыл көшеттерден басқа) жинауға рұқсат етiледi.

76. Аула iшiлiк аумақтарға қарды жинағанда ерiген қар суының ағуын көздеу керек.

77. Қыс мезгiлiнде ғимарат, үйлердің иелерi және (немесе) пайдаланушылары төбені мұздан және сүңгiлерден уақытылы тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.

78. Ғимараттың жаяу жүргiншiлер аймағына шығатын жақтарындағы төбені тазарту жұмыстары қар жауғаннан кейiн алдын ала қатерлi учаскелерге қоршау орнатумен жүргiзiлуi керек.

79. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұзды тратуарларға түсiрiп тазартуға тек жарық уақытта жол беріледі. Төбе еңістігінің басқа жақтарынан, сондай-ақ жазық төбелерден қар мен мұзды ауланың iшкi аумағына түсiрiлу жүргізілуі керек. Қарды түсiрер алдында жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету іс-шараларын өткізу қажет.

Үйлердің (құрылыстардың және ғимараттардың) төбелерінен түскен мұздар мен сүңгiлер тез арада өтпе жолдың шет жағына қарай көшенiңөтпе жолын тазалаушы ұйымдар келесі шығаруы үшiн жинастырылады және орналастырылады.

80. Су ағар құбырларға қар, мұз және қоқысты тастауға жол берiлмейдi.

6. Аумақтарды көктем - жаз кезеңiнде тазалау
81. Көктемгі-жазғы тазалау кезеңi 1 сәуiрден бастап 1 қарашаға дейiн белгiленедi. Ауа-райы жағдайлары күрт өзгерген жағдайда жазғы тазалауды жүргізу мерзiмдерi өзгеруi мүмкiн.

82. Аула аумақтарын, аула iшiндегi өтпе жолдарды және тротуарларды қоқыстан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалау, оларды жуу, сондай-ақ күнi бойы тазалықты сақтауды аумаққа бекiтiлген субъектiлер қамтамасыз етедi.

83. Аулалар аумақтарын жуу және шлангтармен суару үшiн суару шүмектерi әрбiр үй маңында жабдықталуы және жарамды күйде болуы тиiс.

84. Күрделi емес құрылыс объектiлерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары (автотұрақтар, бокстық гараждар, ангарлар, қоймалық қосалқы құрылыстар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) бекiтiлген аумақты санитарлық тазалау және тазарту бойынша мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасасуға не оны өз бетінше күн сайын жүргiзуі тиiс.

85. Металл қоршаулар, жол белгiлерi және көрсеткiштерi таза болуы тиiс.

86. Қала және аудан жолдарының жолақ бөлігінде, көгалдар түрінде орындалған, сондай-ақ бөлінген жолақтардағы шөп төсемдерiнiң биiктiгi 15 сантиметрден аспауы керек. Әр түрлi қоқыстармен және қалдықтармен жолақты ластауға жол берiлмейдi.



7. Қасбеттердi, ғимараттар мен құрылыстарды күтiп ұстау
87. Қаптаманың, сылақтың, фактуралық және боямалы қабаттардың бүлiнуi, сылақтағы сызаттар, қаптама, кiрпiш және шағын блок төсеменiң жiктерiнен ерiтiндiнiң боялуы, тұтас жинамалы ғимараттардың жiктерiндегi герметикалық сылақтың бүлiнуi, қабырғалардың шығыңқы бөлiктерiндегi металл жабынның бүлiнуi немесе тозуы, су ағар құбырлардың бүлiнуi, дымқыл және тот басқан орындар, су аққан және тұздалған жерлер, үстіртін жалпы ластануы, парапеттердiң бүлiнуi және осыған ұқсас басқа да аталған бүлiнулер анықталу шаралары бойынша, одан әрi дамуына жол берiлмей, оларды ғимарат, үйлер иелерi және (немесе) пайдаланушылар жоюы қажет.

88. Егер заңды немесе жеке тұлғалардың меншiгiнде, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқаруында, басқа да пайдалануда тұрғын емес немесе тұрғын үйлерде жеке үй-жайлар болған жағдайда, осы тұлғалар алынған аудандарға барабар аталған үйлердің қасбеттерiн жөндеуге үлестік қатысуды қабылдайды.

89. Үйлердің қасбеттерiн және олардың жекелеген элементтерiн қалпына келтiру, жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi қажет. Қасбеттерде орнатылған ақпараттық кестелер, ескерткiш тақтайшалар таза және жарамды күйде болуы қажет.

90. Кiреберiстерді, жертөле қабатын, сөрелерді, маңдайшаларды, сыртқы жарнама орналастыру құралдарын үйлер мен (немесе) құрылыстың иелерi және (немесе) пайдаланушылары таза және жарамды күйде ұстауы қажет.

91. Жол берiлмейдi:

1) балкондар мен лоджияларды өздiгiнен қайта жабдықтауға, терезелер мен балкондардың сыртқы жағына гүлге арналған жәшiктердi орнатуға;

2) белгiленген тәртiпте берiлген рұқсатсыз үйлердің қасбеттерiн, олардың конструктивтік элементтерiн өздiгiнен қайта жабдықтауға;

3) алдын ала сәулеттiк бөлiктердi қалпына келтiрмей үйлер мен құрылыстардың қасбеттерiне сырлау жұмыстарын жүргiзуге;

92. Қабырғаға бекiтiлген барлық болат элементтердi ретті түрде бояп, тот басудан сақтау қажет. Барлық құбырлардың қабырғалар мен іргетастар арқылы өтетiн орындарында ашық орындардың болуына жол берiлмейдi. Коммуникациялар арқылы өтетiн көпiршелер, ғимарат және (немесе) құрылыс иелерi және (немесе) пайдаланушыларымен дұрыс және таза күйде болуы қажет.

93. Дүкендер мен офистердiң, көшелер жағына шығатын сөрелерi жарықпен безендiрiлуi тиiс.



8. Тұрғын мақсаттағы аумақты көрiктендiру
94. Тұрғын үйге қоса берілген аумақ көріктендірілуі, көгалдандырылуы, жарықтандырылуы және қоршалуы қажет, кiреберiс жолдары және жаяу жолдардың қатты жабыны болуы қажет.

95. Объектiлердiң құрылыстан және жолдардан бос аумағы көріктендірілуі және көгалдандырылуы қажет.

96. Ортақ пайдаланудағы көгалдандырылған аумақтар көріктендірілуі және шағын сәулет нысандарымен: фонтандар және бассейндер, сатылар, пандустар, тiрек қабырғаларымен, күркелермен, шамдармен жабдықталуы қажет. Шамдардың саны аумақты жарықтандыру нормалары бойынша анықталуы қажет.

97. Тұрғын кварталдар, ықшам аудандар аумақтарында, сондай-ақ үй маңындағы аумақта келесi тәртiп қолдау табуы қажет:

1) көпiрше, тротуарлар, жаяужол, квартал iшiндегі өтпе жолдар мен жолдарды дұрыс күйде ұстау;

2) аулаларда түрлi шаруашылық немесе қосалқы құрылыстарды (гараждар, сарайлар, қоймалар) өз бетінше салуға және коммуникацияларды (антенналар, электр, телефон кабелдерiн) өз бетінше орнатуға жол бермеу;

3) үй маңындағы аумақтарға құрылыс материалдарын үюге жол бермеу;

4) баланстағы (шаруашылық жүргiзудегi немесе жедел және (немесе) басқа басқарудағы) инженерлiк желiлердi дұрыс күйде ұстау, құдықтарды уақытылы қарау және тазалау;

5) шағын сәулет нысандарын, спортқа, ойынға, балаларға арналған алаңшаларының және шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен шарбақтарды дұрыс күйде ұстау, олардың сыртқы түрiн таза ұстау.

9. Қалалар мен елді мекендердің аумағын жарықтандыру
98. Қалалар мен елді мекендердегі аумақтарды жарықтандыру пайдаланушы ұйымдармен және сыртқы жарықтандыруды орнатуды жүргізумен қамтамасыз етiледi, оларға мыналар:

1) электрмен жабдықтау құрылғылары, таратушы желiлер;

2) электр желiлерiн қорғау және жерлендiру құрылғылары;

3) басқару құрылғылары;

4) кронштейндер, тростық аспа тiректерi жатады.

99. сыртқы жарықтандыруды орнатуды күтiп-ұстау және қызмет көрсету келесi іс-шараларды қамтиды:

1) шамдарды тазалау, жарық түсiру деңгейiн өлшеу, шамдарды ауыстыру және шамдардағы iстен шыққан шашыратқыштарды ауыстыруды қоса есептегенде, ондағы сандық және сапалық көрсеткiштер берiлген параметрге сәйкес келген кезде жарықтандыруды орнатуды техникалық дұрыс күйде қолдау;

2) сыртқы жарықтандыруды орнату жұмысының регламенттелген тәртiбiн қамтамасыз ету, кесте бойынша уақытылы қосу және сөндiрудi бақылау, жанбайтын шамдарды, ақауларды анықтау, оларды тез арада түзету.

100. Металл тiректер, кронштейндер және сыртқы жарықтандыру қондырғыларының элементтерi жабу жағдайына қарай боялады.

101. Жарықтандыру тiректерiнде, инженерлiк желiлерде олардың иелерiмен және (немесе) пайдаланушыларымен келiсiмсiз жарнамалық қалқандар орнатуға жол берiлмейдi.

102. Кесте бойынша көшелердiң, жолдардың, алаңдардың жаяужол бөлiктерiнiң, жағалаулардың және жарықтандырылатын объектiлердiң сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың деңгейінің азаюы кезiнде кешкi ымырт кезiнде 20 люкске дейiн, ал сөнуi - таңертең 10 люкске дейiн берiледi.

103. Көшелердегi жанбайтын шамдар 10 пайыз аспауы қажет, бұл ретте iстен шыққан шамдардың бiрiнен кейiн бiрi қатар орналасуына жол берiлмейдi.

104. Металл бағаналар, кронштейндер мен сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желiлерiнiң элементтерi таза, тот басудың болмауы және сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиiстi қызметтердің жүзеге асыруымен анықтағаннан кейiн 24 сағаттың iшiнде ауыстыруы тиiс.

105. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар - доқалы сынапты шам, металдық сынаптық йодидтары бар доқалы шам, доқалы натрийлi, люминесценттi шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, және кәдеге жарату үшiн тек мамандандырылған кәсiпорындарға жеткiзiлуi қажет. Аталған шамдар түрлерiн қалалық полигон аумағына шығаруға жол берiлмейдi.

106. Жарық және электрлi көлiктердiң байланыс желiлерiнiң құлаған бағаналарын негiзгi магистральдарда кешiктiрiлмей бағана иесi және (немесе) пайдаланушы шығарады, басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген тіректер – 12 сағат iшiнде шығарылады.

10. Ортақ пайдаланудағы, рекреациялық мақсатындағы

аумақты көріктендіру
107. Ортақ пайдаланудағы аумақтар, саябақтар, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, соның iшiнде оларда орналасқан тротуарлар, жаяужол аймақтары, сатылық құрылымдарды қамтитын ортақ пайдалану аумақтарын көріктендіру және күтіп-ұстау осы объектiлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы санитарлық ережелерімен белгіленген нормативтерге сәйкес қызмет көрсетуде және пайдалануда тұрған бөлінген және бекiтiлген аумақ субъектiлерi жүзеге асырады.

108. Ландшафт - рекреациялық аумақтарының шегiндегi алаңшалардың, жол-соқпақ жүйелерiнiң жабыны тақташалардан, ұсақ тастан немесе басқа да минералды материалдардан, сирек жағдайларда асфальт жабынын қолданылуы қажет.

109. Тоғандар мен басқа да су қоймаларының жағажай жолақтары көріктендірілуі қажет. Су қоймаларының сыртқы сулармен ластануына жол бермейтiн шараларды қарастыру қажет.

110. Алаңдарда, саябақтарда, скверлерде, демалыс аймақтарында, халық көп баратын жерлерде, көшелерде, тұрғын үйлердiң әрбiр кiреберiсiнiң алдында, әкiмшiлiк, қызметтiк ғимараттар, сауда объектiлерiне кiреберiсте, қоғамдық көлiк күту аялдамаларында урналар орналасуы қажет.

111. Урналар олардың толуына қарай тазартылу жүргізіледі.

Урналарды бояуды иелерi және (немесе) пайдаланушылары жылына бiр рет (сәуiр), сондай-ақ қажеттiлiгiне қарай немесе сәйкес қызметтердiң нұсқамасы бойынша жүзеге асырады.

112. Көшелер, алаңдар, жағажайлар, саябақтар, сквералар мен аулаларды ластауға жол берiлмейдi.

113. Жағажай аумағында ауыз су жеткiзiлген фонтандар орналасуы қажет. Фонтандардың ағыны жағажайдың жасыл көшеттерiн суаруға қолданылуы мүмкiн, оларды ағын су қоймаларына жағажай шекарасы бойынша өзен ағысынан 100 метр төмен қашықтықта жол беріледі. Ауыз су iшетiн фонтандардан суды осы мақсаттарға белгiленбеген орындарға бұруға жол берiлмейдi.

114. Ауыз су iшетiн фонтандар үлгiлiк немесе арнайы әзiрленген жоба бойынша дайындалған болуы мүмкiн, олар демалу аймақтарында орналастырылады, спорттық алаңшаларда орналастыру ұсынылады. Ауыз су iшетiн фонтан орналасқан орын және оған кiреберiс жер жабынның қатты түрiмен жабдықталуы қажет, биiктiгi ересек адамдар үшiн 90 сантиметрден аспауы, балалар үшiн 70 сантиметрден аспауы қажет. Ауыз су iшетiн фонтандардың кем дегенде бiреуi демалыс аймақтарында мүгедектер үшiн қол жетiмдi болуы қажет.

115. Ашық және жабық түрдегi киiм ауыстыратын орындар, павильондар, гардеробтар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берiлген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын жуылуы керек.

116. Жағажайға жыл сайын таза құм немесе шағылтас төгiлуi қажет.

117. Қоғамдық дәретханалар демалушылар көп жиналатын орындардан және адамдардың келуі 50 метр қашықтықтан жақын емес, 500 адамға бiр орын есебiнен орнатылуы тиiс.

Жағажай аумағында орналасқан қоғамдық дәретханалар шомылатын жерден кем дегенде 50 метр және 200 метрден аспайтын арақашықтықта жабдықталуы тиіс.

118. Қоғамдық дәретханалар қоғамдық ғимараттардың бiрiншi қабаттарында, жер асты өтулерге орналастырылуы мүмкiн. Қоғамдық дәретханаларды тұрғын үйлерде, балалар, емдеу-сауықтыру, профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердiң ғимараттарында орналастырылуға жол берiлмейдi.

119. Қоғамдық дәретханаларды елдi мекендердiң келесi жерлерiнде орналастыру қажет:

1) алаңдарда, көлік магистральдарда, пристаньдарда, жаяу жүргiншiлер қозғалысы көп көшелерде;

2) вокзалдар, теміржол станциялар, автостанциялар және автовокзалдар жанындағы алаңдарда;

3) қала сыртындағы және қала ішіндегі саябақтарда, скверлерде, бульварларда, жағажайларда, көрмелерде, стадиондарда, адамдардың жаппай демалыс орындарында;

4) сауда орталықтары, базарлар аумақтарында.

120. Қалалар және елді мекен аумағындағы бұлақтар су сапасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының оң қорытындысына сәйкес қатты жабынды түрімен тәсіл мен аумақта бұлақ суын алуға арналған құралмен (науа, құбыр, су ағатын құралдың басқа түрi), су жинайтын тостаған, су бұру жүйесiмен жабдықталуы қажет. Маңызды күзетілетін табиғат кешенінің аумағында жоғарыда аталған қорытындысыз бұлақты жабдықтау үшін қоршаған ортаны қорғайтын уәкілетті органның рұқсатнамасы талап етіледі.



11. Қалалар мен елді мекендердегі көркем және жарнамалық безендiру, шағын сәулет нысандары
121. Көркем ресімдеудің құралдары, сыртқы жарнама құралдары және ақпараттар таза күтіп-ұсталуы, қаланың эстетикалық бейнесін бұзбай белгіленген тәртіпте орналастырылуы қажет.

122. Сәулет-қала құрылыстық жағдайы өзімен тиісті сәулет-кеңістік ортаны және аумақты және құрылысты уақыттың белгілі кезеңінде пайдалану жағдайларын қалыптастыратын нақты аумақтардың элементтерінің сапа жиынтығын (құрылыс салу, табиғи ландшафт, жер учаскелері, көше-жол желісі, инженерлік жағдай жасау және тағы басқалар) көздейді.

123. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде пайдаланылатын материалдар (құралдар) және ресімделуі экологиялық және санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына, аймақтың табиғи-климаттық жағдайына сәйкес заманауи сапа, қауіпсіздік және экология, адамгершілік және мораль талаптарына жауап беруі қажет.

124. Сыртқы жарнаманың және ақпарттардың жеке тұрған тұрақты құралдарын орналастыру қала аумағының нақты сәулет-құрылыстық жағдайларымен анықталады. Әр көше бойынша жарнама конструкцияларының бірыңғай түрі, ақпараттық алаң көлемі белгіленеді. Бұл ретте жоғары ауқымды конструкциялар арасының аралығы облыстық орталықтарда 100 метрден кем және басқа қалаларды және елді мекендерде 50 метрден кем болмауы қажет.

125. Жеке тұрған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін монтаждау кезінде конструкцияның іргетасы жер деңгейі белгісінің деңгейінде немесе одан төмен орналастырылуы қажет. Аталған типті орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда іргетас декоративтік ресімделуі қажет. Бетондық негіз түскен жағдайда ол «қалпына келтірілуі» қажет.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін құрайтын элементтер – іргетас, «қадауыштар», тиісті эстетикалық түрде болуы қажет. «Қадауыш» таза болуы, қағаз - жарнама жеткізушілерінен тазартылған және боялған болуы қажет.

Жарнама қондырғыларын, жарнама объектілерін монтаждағаннан кейін (демонтаж) жарнама таратушы (баланс ұстаушы) 5 күннен аспайтын мерзімде аумақты немесе орналастыру объектісін абаттандыру қажет.

Жеке тұрған тұрақты объектілерде және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде меншік иесі және оның телефон номері көрсетілген маркалау болуы қажет. Таңбалау ақпараттық алаңның астына орналастырылуы қажет.

126. Жеке тұрған сыртқы жарнама құралдары (конструкцияның) әдетте екі жақты нұсқада ереже секілді орындалады. Бір жақты нұсқада дайындалған жеке тұрған конструкциялардың екінші жағы декоративті ресімделуі қажет. Бекіту және қатайту конструктивтік элементтері (бұрандамалы біріктіру, тірек элементтері, технологиялық бекітпе) конструкцияның декоративтік бүйірінен үстіртін элементтермен жабылуы қажет.

127. Бір немесе одан да көп жағында ақпараттық хабарламасы (жарнама) жоқ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тұрақты орналастыруға және пайдалануға жол берілмейді. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріндегі түсі кеткен, жыртылған ақпараттық жеткізушілер, сондай-ақ тақырыбы ескірген, соның ішінде әлеуметтік сипаттағы ақпараттық жеткізушілер ауыстырылуы қажет. Көрсетілген іс-шаралар сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері иелерінің есебінен жүргізіледі.

128. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің конструкциялары және ақпараттар жарық көзімен тәуліктің қараңғы уақытында жарнамалық - ақпараттық алаңды жарықтандыруды көздеуі қажет. Жарықтандыру бойынша техникалық қиындық келтіретін немесе бастапқыда сәулет жобасында көзделген сыртқы жарнама (көрнекі) құралдары және ақпараттар бұдан басқаны құрауы мүмкін.

129. Тұрақты объектілердің және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің немесе олардың жекелеген бөлігінің ернеу тасы жоқ жол жанынан, жол төсемінің жер жиегінен 2 метрден жақын орналасуына жол берілмейді.

130. Жарнама конструкцияларындағы бейнелерді (плакаттарды) көгалдарға автокөлікпен кіріп ауыстыруға жол берілмейді.

131. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін оның ішінде оларға жақын радиусы бес метр аумақты тазалауды сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері (баланс ұстаушы) жүргізу қажет.

132. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің инженерлік – техникалық шешімі объект бекітілетін ғимараттар мен құрылыстар элементтерінің тірек мүмкіндіктерін есепке алуы қажет және де олардың пайдалану сапасына зиян келтірмеу қажет.

133. Жарықты жарнама қалалық кеңістікте автокөліктердің жүргізушілеріне және жүргіншілерге қалалық кеңістікте бағыт бойынша көмектесуі және жарық құрылымды міндеттерді шешуге қатысуы қажет. Орналасуы, габариттер, нысандары және элементтердің жарық түсті өлшемдері бойынша ақпарат есепті аралықтан анық көрінетін және нақты жарық ансамбліне үйлесімді енгізілген, қолданыстағы жол ережесіне қайшы келмейтін, тұрғындардың қалыптасқан жайлы тірлігін бұзбайтын болуы керек.

134. Шатыр конструкцияларын орнатуда электрқорегі желісінен апаттық тоқтату жүйесімен жабдықталуы қажет.

135. Сыртқы жарнаманың мобильдік (тасымалдау) конструкциялар (шығарылатын қалқан, штендер) мекеме, ұйымдардың үй-жайларына кіреберісінен 5 метр шегінде жаяу жүргіншілер аумақтарында және жаяужолда орналастырылады. Мобильдік (тасымалдау) конструкцияларын жүргіншіні қабылдауға бағдарланған жолда орналастыруға рұқсат берілмейді. Мобильдік (тасымалдау) конструкциялары өзіндік жарықтандыру болмау керек, бір жағының алаңы 0,6х0,9 метр.

136. Объектілер және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері жүргіншілердің өтуіне және көшелер мен жүргіншілер жолдарын механизмделген тазалауға кедергі келтірмеуі қажет.

137. Сөрелер мен терезелерді ресімдеуде үйлер мен құрылыстардың эстетикалық келбетін бұзбау керек, тауар өндірушілер, тауарлар мен қызметтерді жүзеге асыру пункттері, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайлары, бағалар және акциялар бар ақпараттарды өзіне қамтиды.

138. Маңдайшалар көлемді, аралық элементтер, қатты негіздегі қалқандар, ішкі және сыртқы жарықтандыруымен жарық қораптары (әріптер, эмблемалар, тауар белгілері, логотиптер) түрінде орындалады.

139. Жарықты жарнамаларды және маңдайшаларды пайдаланылатын кәсіпорындар оларды күн сайын қараңғы түсе қосуы қажет және жанып кеткен жарық элементтерін уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуі қажет.

140. Жарықты жарнама немесе маңдайшаның жекелеген белгілері бұзылған жағдайда, жарықты жарнама немесе маңдайшаны өшіріп тастау қажет.

141. Қандай да бір плакаттарды, хабарландыруларды және ақпараттық хабарламаларды ғимараттарға, ағаштарға, жарық тіректеріне, қалалық жолаушылар көлігінің күту павильондарында, шарбақтарға, сондай-ақ осы мақсаттарға арнайы бөлінген орындардан жапсыруға және орналастыруға жол берілмейді.

142. Екі бірліктен жоғары сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін (брандмауэрлер, баннерлер, тартпалар) тұрғын үйлерге орналастыруға жол берілмейді.

143. Құрылыс мен бөлшек сауда (көше) объектілерін (жазғы кафе, көрме, сауда алаңдарын қоршау) көркем рәсімдеуді қамтуы қажет. Көркем рәсімделу объектінің меншік иесі есебінен жүргізіледі.

144. Автокөлік жолдары мен елді мекендердегі жолақ бөлігі шекарасында орнатылатын сыртқы жарнама, өзге де ақпараттық белгілер және көрсеткіштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуы және орнатылуы қажет.

145. Тұрғын құрылыс аумақтары, қоғамдық аймақтар, саябақтар, көшелер, бақтар, демалыс алаңшалары шағын сәулет нысандарымен – күрке, көлеңкелі бастырма, гүлзарлар, орындықтар, қоқыс сауыттары, фонтандар, балалар ойынына арналған, ересек тұрғындардың демалысына арналған құрылғылар, газет стендтері, қоршаулар, телефон будкалары (бастырмалар), автокөлікті күтуге арналған павильондармен жабдықталады.

146. Шағын сәулет нысандары тұрақты немесе мобильді болуы мүмкін; олардың саны және орналастырылуы аумақтарды көріктендіру паспорттарымен анықталады.

147. Құрылыс салынатын учаске шекарасында жаңа құрылыс кезінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орналастыруды тапсырыс беруші бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырады.

148. Шағын сәулет нысандарының конструктивті шешімдері олардың тұрақтылығын, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

149. Қала аумағында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау келесі талаптарды сақтаумен жүзеге асырылады:

1) сыртқы абаттандырудың барлық элементтері, соның ішінде ғимарат қасбеттерін әрлеу өртке қарсы қауіпсіздік нормалары мен бекітілген жобаға сәйкес атқарылуы қажет;

2) құрылыстың меншік иелері және (немесе) пайдаланушылар үйдің көше, алаң және қоғамдық орындар жаққа қараған қасбетін, мерекелік безендіруді келісімсіз жасай алады.

150. Мобильді және тік көгалдандыруды рәсімдеу үшін келесі құрылғылдар түрлері қолданылады: трельяждар, шпалерлер, перголдар, гүлзарлар, вазондар.

151. Орындықтарды орнатуда жабынның қатты түрі немесе іргетас қарастырылуы қажет. Демалыс аймақтарында, орманды саябақтарда, балаларға арналған алаңдарда «жұмсақ» жабын түріне орнатуға жол беріледі. Іргетас болған жағдайда оның бөліктері жер бетіне шығып тұрмауы қажет. Ересек адамның демалысына арналған орындықтың жабын деңгейінен отырғыш жазықтығына дейінгі биіктік шамамен 420 - 480 миллиметр болуы қажет. Демалысқа арналған орындықтың үстін суға төзімді өңдеудің түрлерімен (дұрысы – сіңіргіш қабілетімен) ағаштан жасау ұсынылады.

152. Қоғамдық, тұрғын, рекреациялық мақсаттағы аумақтарында таксафондарды орналастыруда оларға электр жарықтандыруды қарастыру қажет. Таксафондарды орналастыру орындарын телефон канализациясының каналдық (құбыр) және жарықтандыру үшін каналдың (құбыр) төсем құрылғыларының қосылу орындарына жақын жобалау қажет. Одан басқа, бір таксафонды (немесе әрбір қатардан біреуін) монетақабылдағыш саңылауының деңгейі жабын деңгейінен 1,3 метрді құратындай биіктікте орнату ұсынылады. Почта жәшігінің қабылдау деңгейін жабын деңгейінен 1,3 метр биіктікте орналастыру ұсынылады.

12. Құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiндегі

көріктендіру талаптары
153. Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық регламенттер, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес құрылыстың барлық мерзiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстар қоршаған орта, аумақ және халық қауiпсiздiгiн құрылыс алаңшасында еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, құрылыс алаңшасына іргелес аумақта тәртiп сақтау бойынша аудан және қала әкiмдерiнiң талаптарын орындауды қамтамасыз етуi қажет.

154. Жұмыстарды орындаушы бекiтiлген аумақтың құрылыс алаңы аумағын тазалауды қамтамасыз етуi қажет. Тұрмыстық және құрылыс қоқысы, сондай-ақ қар Қазақстан Республикасының санитарлық қағидаларымен белгіленген тәртiпте және мерзiмдерде уақтылы шығарылуы тиiс.

155. Қоныстану аумақтарында құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiнде қалдықтар мен қоқысты ғимараттар мен құрылыстардың қабаттарынан лақтыру жолымен тастауға жол берiлмейдi.

13. Автомобиль жолдарын және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн көріктендіру және күтiп ұстау
156. Автомобиль жолдарын және жол инфрақұрылымын көріктендіру мен күтіп ұстау талаптары Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына және техникалық регламенттеріне сәйкес белгіленеді.

157. Аялдама павильондары және аялдама кешендерiнiң меншік иелерi осы құрылыстарды тиісті жағдайда ұстауға, қажет жағдайларда оларды қалпына келтiру бойынша шараларды қабылдауы қажет.



14. Жолдарды күтiп ұстау
158. Нөсерлiк кәрiз жүйесi жоқ көшелердiң жүру бөлiгi сыпыру-тазалау машиналарымен тазартылуы қажет.

159. Жол жабындылары жолдың жүретін бөліктеріне жиналатын ластанулар жасыл желектер жолдарына немесе тротуарларға сарқынды судың ағынымен шықпайтын етiп жуу керек.



15. Жолдарды қысқы тазалау
160. Көшелердің жүретін бөлігі мен өтпе жолдарын қысқы тазалау осы Ереже талаптарына, жұмыс технологиясын анықтайтын техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

161. Қысқы тазалаудың бiрiншi кезектегi операцияларына:

1) қарды алу (тасып шығару);

2) қарды күреу және сыпыру;

3) қар үйiндiсiн тасып шығару үшiн жинастыру;

162. Екiншi кезектегi операцияға:

1) жолдардың жүру бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;

2) қар алынғаннан кейiн жол жиегiн тазарту;

3) мұзды уату және қар-мұздан құралған үйiндiнi алу.
16. Жолдарды жазғы жөндеу
163. Жолдың жүру бөлiгi барлық ластану түрлерiнен толық тазалануы және жуылуы тиiс.

Реттеушi сызық болып табылатын осьтiк, резервтiк жолақтар құмнан және әртүрлi ұсақ қоқымнан тұрақты тазаланып тұруы тиiс.

164. Жол жиегiндегi аймақ және ернеуi, сондай-ақ тротуарлар және онда орналасқан жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларының отырғызу алаңы, трамвай жолдары топырақ-құмды қоқымдардан және әртүрлi қоқыстардан толық тазалануы және жуылуы тиiс.

165. Жолдың жағасы қоқыстардан таза болуы тиiс.

166. Темiр-бетон блоктардан құралған бөлу жолақтарының үстi құмнан, батпақтан және ұсақ қоқыстардан тұрақты тазаланып тұруы тиiс.

167. Жолдың жүру бөлiгiн жуған кезде су ағынымен сыпырындыны және қоқысты тротуарларға, көгалдарға, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларының павильондарына, көлiкке отырғызатын алаңдарына, жақын жерде орналасқан ғимараттардың, сауда нысандарының қасбеттерiне шығаруға жол берiлмейдi.



17. Бөлiнген белдеуге iргелес аумақтар
168. Аумақтары автомобиль жолдарына іргелесіп жатқан жер учаскелерiнiң меншік иелерi және (немесе) пайдаланушылары және жер пайдаланушылар:

1) ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасатын жолдар және өтпе жолдар құрылысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы;

2) ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасу жерлерiн және оларға кiреберiстердi техникалық дұрыс және тиісті санитарлық жағдайда ұстау, қоқыс, ластан және қардан тазалау жүргізуге;

3) қозғалыс қауiпсiздiгiн нашарлататын және көрудi қиындататын жол бойындағы жол белдеуінде материалдар мен конструкцияларды жинауға жол бермеуге тиіс.



18. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын көріктендіру және күтiп ұстау
169. Су желiлерiнiң бiтелiп қалуын болдырмау үшiн су ағатын коллекторларға, жаңбыр суларын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесiне сыпырындыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берiлмейдi.

170. Су желiлерiнiң жаңбыр суларын қабылдайтын және байқау құдықтарына профилактикалық тексерудi және оларды тазалауды бекiтiлген кесте бойынша, бiрақ айына бiр реттен кем емес мамандандырылған кәсiпорындар немесе осы құрылғылар балансында тұрған ұйымдар жүргiзедi.

171. Жаңбыр суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемi жұмысқа жарамды жағдайда болуы керек. Торлардың және құдықтардың өткiзу қабiлетiн шектейтiн бiтелуге, лайлануға жол берiлмейдi, сондай-ақ, құдықтар мен коллекторларды уақытылы тазалауды жүргізеді.

172. Жер асты инженерлiк коммуникацияларының меншік иелерi және (немесе) пайдаланушылары:

1) жер асты коммуникацияларын күтiп ұстауға және жөндеуге жауапты болады;

2) жолдардың төсемдерiмен, тротуарлармен, көгалдармен және құдықтардың люктарымен бiр деңгейде, дұрыс күйде ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жол төсемдерінің бұзылған шегiнде оларды жөндеуді қамтамасыз етедi (өз күштерімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен келiсiм шартқа отыру негiзiнде);

3) құдықтардың люктарын бар болуын және дұрыс күйде болуын қамтамасыз етеді және оларды уақытында ауыстыруды жүргізеді және болмаған немесе жоғалған кезде (тәулiк iшiнде) қалпына келтiредi;

4) коммуникациялардың жұмыс істеуіне байланысты апат зардаптарын жоюды қамтамасыз етедi (қар үйiндiлерi, мұз, лай, сұйықтықтар).



19. Ереже бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
173. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексімен белгіленген жауапкершілікке тартылады.

Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің

аумақтарын көріктендіру Ережелеріне

1 қосымша


Көріктендіру

ПАСПОРТЫ
                          (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
                    (орналасқан мекенжайы)
                    (заңды мекенжайы, телефон)

Қала/аудан _____________________________________________________________

1. Басшының Т.А.Ә.

                         (БСН)

_______________________________________________________________________

2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға келiсiм-шарт (нөмiрi, күні)___________________________________________________________________

3. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы қатты жабынның ауданы, м2 _______________________________________________________________________

4. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы көгалдардың ауданы, м2


5. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы ағаштар, бұталар саны,

(дана)__________________________________________________________________

6. Бөлiнген аумақтағы шағын сәулет нысандарының болуы, (дана) _______________________________________________________________________

7. Аула тазалаушылардың болуы (адам саны, олар болған жағдайда) немесе аумақты тазалауға мамандандырылған ұйыммен жасасқан келiсiм-шарт N және күні ______________________________________

      Осы паспортта көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның басшысы, (жеке тұлға) _____________ (қала/аудан) әкiмiнiң аппаратын хабардар ету және жаңартылған аумақты тазалау және күтiп ұстау, көрiктендiру паспортын алуы тиіс.

      М.О.         ________________________________________ Т.А.Ә.

                   (заңды тұлға басшысының, жеке тұлғаның қолы)

      "__"__________ 20 ___ жылы берiлдi     

Әкім____________________ (қала/аудан) _______________________Т.А.Ә.

                       М.О.                        (қолы)

бекiтiлген аумақтың СХЕМАСЫ

Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің

аумақтарын көріктендіру Ережелеріне

2 қосымша


________________________________

________________________________

________________________________

(мемлекеттік органның атауы)

________________________________

________________________________

мекенжайы___________________________

телефон_________________________



Өтініш
Маған

________________________________________________________________

(жұмыс сипаты)

_________________________________________________мекенжайы бойынша


Автокөлік қозғалысын жаба отырып (жабусыз)

(Қажеттілерін сызу қажет, егер жабық болса мекенжайды көрсетіңіз)

__________________________________________________мекенжайы бойынша жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге ордер беруіңізді сұраймын.



Жеке куәлік





№___________________________





________________________ берілді


______________________ қолы

ЖСН/БСН____________

Күні «___»____________20___ ж.



Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің

аумақтарын көріктендіру Ережелеріне

3 қосымша


Жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге

ордерді беруге арналған

ШАРТ
_________ «___» ________ 20___ ж.
_________________________________________

(мемлекеттік органның атауы)

«____________________________» әрі қарай Ереже негізінде әрекет ететін және «Қызмет көрсетуші» деп аталатын жақ, бір тараптан:

____________________________________________________________________

(ұйым атауы, А.Ә.Т. жеке тұлғаның паспорттық мәліметтері)

алдағы уақытта «Тапсырыс беруші», ___________________________ тарапынан

_______________________, ___________________ негізінде әрекет ететін, екінші жақ, төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

1.Шарттың мәні
1.1. Қызмет көрсетуші осы шарттың 1.2 тармағында көрсетілген жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге арналған ордерді беруді міндетіне алады.

1.2.Тапсырыс беруші келесі жұмыстарды орындауды міндетіне алады: ____________________________________________________________________

алда «Жұмыс» деп аталатын ___________________________________________

көлік қозғалысын ішінара жабуды/көлік қозғалысын жабусыз (қажеттіні сызу)

1.3. Жұмыстарды орындау орны: __________________________________

1.4.Аталған жұмыстарды орындау үшін Тапсырыс берушіге жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге арналған ордерін беру үшін қажетті барлық құжаттарды тапсыруға міндетіне алады.

1.5. Тапсырыс беруші осы шарттың 1.2.тармағында көрсетілген жұмыстарды 20___ жылдың «___» __________ нен 20___жылдың «___»___________ дейінгі мерзімде, асфальтбетонды жабындыны қалпына келтіру мен аумақтарды көріктендіру бойынша жұмыстарды 20___ жылдың «___» __________ нен 20___жылдың «___»___________ дейінгі мерзімде жүргізуді міндетіне алады.

1.6. Қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі шартқа қол қойған сәттен бастап 2 жыл.




  1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет