Қарағанды облысының білім департаменті Орта оқу орындары оқушыларының аймақтық ғылыми – практикалық конференциясы «Жоғары математика және мектеп»



жүктеу 206.52 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі206.52 Kb.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қарағанды облысының білім департаменті

Орта оқу орындары оқушыларының аймақтық ғылыми – практикалық конференциясы

« Жоғары математика және мектеп »

Қарағанды, 24 сәуір 2010 жыл

«Аналық тақшалардың түрлері және олардың адам қызметіндегі рөлі»

Күмісбек Арайлым

8А, №15 мектеп, Балқаш қаласы

Мухаметжанова Ж.С.



Қарағанды – 2010
Мазмұны

Аңдатпа............................................................................................................3

Аннотация................................................................................................4-6

І. Кіріспе..................................................................................................7-10

ІІ. Негізгі бөлім

Аналық тақшалардың түрлері және оның адам қызметіндегі рөлі.



  1. Аналық тақшаны қалай таңдау керек?........................................11-13

  2. Аналық тақшалар мен чипсеттердің түрлері.............................14-17

  3. Зерттеу жұмыстары......................................................................18-21

ІІІ. Қорытынды.......................................................................................22-24

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................25



Аңдатпа

Компьютердің құрылымдық элементі аналық тақшаны зерттеу арқылы, оның адам қызметіндегі рөлін анықтау. Қазіргі ақпараттың ауқымды кезеңінде адамдар аналық тақшаны қалай таңдау керектігін, олардың артықшылығы мен кемшіліктерін таныту мақсатында жүргізілген ғылыми- зерттеу жұмысы.



Аннотация

Тақырыбы: «Аналық тақшалардың түрлері және олардың адам қызметіндегі рөлі»

Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауларында атап өтілгендей, қоғамымыздың басты міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы- халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруын көздеп отырмыз. Оқушыларға мектеп жасынан бастап ақпараттық теңсіздікті жоюға, ақпараттық- коммуникациялық және инновациялық технологияларды кеңінен қолдануға ғылыми- зерттеу негіздерін жасау.

Өзектілігі: Оқушылар өздерінің танымдық зерттеулері арқылы компьютердің құрылымдық элементтерін зерттей отырып, оның элементінің ішіне кіретін аналық тақшалардың түрлері туралы және олардың адам қызметіндегі рөлін, қазіргі заманда адамзат баласы қандай түрдегі аналық тақшаны таңдау керектігін танып, біліп экономикалық білім алу траекторияларын кеңейтеді.

Гипотеза: Компьютерге деген оқушылардың зерттеу қызығушылығы мен құмарлықтары артуда. Осы жоба оқушылардың ғылым саласындағы Академиялық сапаны қолдаудағы инновациялық бастамасы болуы мүмкін.Әр оқушыға ғылыми жұмыс жүргізуіне, білімін кеңейтуге, ізденістерін жалғастыруға жол ашады.

Зерттеу кезеңі:

1-кезең. Аналық тақшаның түрлерін анықтау.

2-кезең. Аналық тақшаларға зерттеулер жүргізу.

3-кезең. Жобаның макетін дайындау.

4-кезең. Сараптама және тәжірибе жасау.

Қорытынды: ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Осы ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт- азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл- кез келген адам дербес компьютер,Windows амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.Осының бір негізі ретінде жобамды еліміздің көркеюіне қосқан үлесім деп білемін.
Аннотация

Тема: " Роль материнской платы и ее функция в работе"

Цель исследования: В посланий президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева к народу большое внимание уделяется компьютерной грамотности населения. В школьной скамье необходимо учащихся заинтересовать исследовательской деятельностью, используя коммуникативно- инновационные технологии.

Актуальность: Учащихся используя познавательно исследовательские работы изучают элементы входящий состав компьютера. Материнская плата, которая входит в элемент компьютера и роли этого элемента в рабочей деятельности человека, а также о выборе нужной материнской платы в жизни современного человека.

Гипотеза: Сегодня информатика присматривается как важнейший компонент общего образования, играющий значимую роль в решении приоритетных задач образования в формировании целостного мировоззреннии, системно- информационной картинки мира. Исследование в этой области показали что информатика является система образующим предметом.

Этапы исследование:

1- этап. Определить виды материнских плат.

2-этап. Вести исследование материнских плат.

3-этап. Подготовка макета для проекта.

4-этап. Вести практику.



Итог: ХХІ век – век новый технологий и информатизаций. Владение информационными и телекоммуникационным технологиями становиться современном мире в один ряд с такими качествами, как умение читать и писать и необходимых условием для каждого индивида.

Полученные знания и навыки в моем исследовательском работе в дальнейшем могут во многом определить развития общества.



Abstract

Subject: “The role of the main board and her (its) function in work”

The purpose of the study: in messages of the president of the Republic of Kazakhstan N.A. Nazarbeav gave a big attention computer literacy of the population in school, to interest exploratory activity using communication technologies.



Urgency: learners use exploratory work, studying element coming composition of the computer. The main board which falls into computer element and dug this element in worker of the activity of the person, as well as about choice of the necessary main board in lifes of the modern person.

The Hypothesis: today informatics use as the most important general formation, playing significant role in decision of the priority problems of the formation in shaping holistic system – information picture of the world, researching have shown in this area that informatics is the system forming subject.

Stages of researching:

The 1st stage is to define types main board.

The 2nd stage is to lead researching of the main board.

The 3rd stage is to prepare model of the project.

The 4th stage is to lead the practical work.
Result: the 21st of the century is technological and informatization. Using in formation and telecommunication technology to become the modern world in one row with such quality, as skill to read and write and necessary condition for each individual. Getting knowledge and skills in my exploratory work in future can be define developments of society.
Кіріспе

«Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеулерге арналған құрылғы. Мәліметтер өңдеуді, оның ішінде есептеулерді, автоматтандыруға қажеттілік өте ертеде пайда болған. Мыңдаған жылдар бұрын есеп-қисап үшін таяқшалар мен ұсақ тастар және т.б. пайдаланылған. 1500 жылдан бұрынырақ санауды жеңілдету үшін есеп шот пайдалана бастады.

XIX-ғасырдың бірінші жартысында ағылшын математигі Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш құрылғы – адамның қатысуынсыз есептеулерді орындауға тиісті Аналитикалық машинаны құрастыруға талпыныс жасады. Ол үшін ол енгізілген перфокартаның (тесіктердің көмегімен жазылған ақпараты бар тығыз қағаздан жасалған карталар, ол кезде олар тоқыма станоктарында кеңінен пайдаланылған) көмегімен бағдарламаны орындай білуі және мәліметтер мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған «қоймасы» ( қазіргі терминологияда – жад) бар болуы тиіс еді.

Бэббидж аналитикалық машинаны жасау бойынша жұмысты ақырына дейін жеткізе алмады – ол сол кездің техникасы үшін өте күрделі болды. Алайда ол барлық негізгі идеяларды әзірледі, 1943-жылы Бэббидж жұмысының көмегімен америкалық Говард Эйкен XX-ғасырдың техникасы негізінде — электромеханикалық реле — IBM фирмасы кәсіпорнының бірінде «Mapĸ-l» деп аталатын осындай машинаны құрастыра алды. Одан бұрынырақ Бэббидж идеясын неміс инженері Конрадом Цузе қайта ашып, 1941-жылы осынған ұқсас машинаны құрастырды.

Осы уақытта есептеулерді (соның ішінде әскери мұқтаждық – баллистика, криптография және т.б.) автоматтандыру қажеттілігі соншалықты ғаламат болды, Эйкен мен Цузе құрастырған типті машиналарды жасауға бір мезгілде бірнеше зерттеушілер тобы жұмыс істеді. 1943-жылдан бастап АҚШ-та Джон Мочли мен Преспер Экерттің жетекшілігімен мамандар тобы, реле емес, электрондық шамдардың негізінде ұқсас машинаны құрастыруды бастады. ENIAC деп аталған олардың машинасы Марк-1-ге қарағанда мың есе жылдам жұмыс істеді, алайда оның бағдарламасын беруге бірнеше сағат немесе өткізгіштерін жалғастыруға тіпті бірнеше күн қажет болды. 1945-жылы жұмысқа осы машина туралы баяндама дайындаған атақты математик Джон фон Нейман тартылды. Баяндама көптеген ғалымдарға жіберілді де кеңінен мәлім болды, өйткені онда фон Нейман әмбебап есептеуіш құрылғылардың, яғни компьютерлердің жұмыс істеуінің жалпы қағидаларын айқын және қарапайым тұжырымдады.

Фон Нейман қағидалары іске асқан бірінші компьютерді 1949-жылы ағылшын зерттеушісі Морис Уилкс құрастырды. Сол уақыттан бері компьютерлер тым қуатты болды, бірақ олардың көпшілігі 1945-жылы Джон фон Нейман өз баяндамасында мәлімдеген қағидаларға сәйкес жасалынды.

Джон фон Нейман өз баяндамасында ақпаратты өңдейтін компьютер әмбебап және тиімді құрылғы болу үшін ол қалай жасалуы тиістігін сипаттады.

Қазіргі замандағы IBM PC дербес компьютерлері әдетте үш бөліктен (блоктан) тұрады:



  • Жүйелік блоктан;

  • Компьютерге символдарды енгізуге мүмкіндік беретін пернетақта мен маустан;

  • Мәтіндік және графикалық ақпараттарды кескіндеуге арналған монитордан (немесе дисплейден).

Компьютерлер портативтік нұсқада — әдетте «блокноттық» (ноутбук), кейде — «иінтіректік» (лэптоп) нұсқада шығарылады.

Компьютердің осы бөліктерінің ішіндегі ең «бастысы» жүйелік блок болып саналады. Онда компьютердің барлық негізгі тораптары орналасады:



  1. Аналық тақша

  2. BIOS

  3. Процессор мен жад

  4. Жүйелік өрім

  5. Дискжетектер

  6. Мультимедиялық және коммуникациялық құрылғылар

1-сурет. Аналық тақша.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәліметтер аналық немесе жүйелік тақшамен өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрауыштары қосылатын күрделі көп қабатты баспалық тақша. (1-сурет) Жүйелі (аналық) тақша- компьютердің «жүрегі» болып саналады. Өндірушілер оны жүйелі тақша (system board), базалық тақша (baseboard) немесе маңызды тақта (main board) деп атайды. Аналық тақшаны қалай атаса да ол компьютердің ең маңызды элементі болып қала береді. Ол компьютердің барлық компаненттерін ( процессорды, жүйені, дисктарды, видеокарталарды, дыбыстық карталарды, клавиатураны, тышқанды және басқа да құрылғыларды) байланыстыратын элемент. Компьютер жинақтағанда ең қиыны, әрі маңыздысы аналық тақшаны таңдау. Аналық тақшалар бір- бірінен көлемі, форм- факторы, түрлері және порттарының орналасуы арқылы ерекшеленеді. Ол корпусқа жалғанады. Одан кейін аналық тақшаға процессор, жүйе және басқалары жалғанады. Аналық тақша адамның миы секілді база, оған барлық ақпараттар енеді. Әдетте, аналық тақшаға процессор мен жүйенің басқа да құрылғылардың жұмысын атқаратын микросхемалар орналасады. Сондықтан да аналық тақшаны таңдау өте маңызды.

Аналық тақшалардың түрлері және оның адам қызметіндегі рөлі.

Компьютердің керекті құралдарына көп көңіл аударыла бермейді, әсіресе аналық тақшаға. Көбісі аналық тақшаның оңай емес бөлшек екенін біле бермейді.

Адам компьютер сатып алған кезде неге көңіл аударады? Бірінші кезекте процессорге. Екінші кезекте компьютерлік желінің көлеміне және винчестерге. Бірақ аналық тақшалардың мінездемесін бәрі біле бермейді. Егер процессор- компьютердің миы болса, аналық тақша компьютердің маңызды компаненті болып табылады. Сондықтан да қиын да, арпалыс туындылар туындайды.

Аналық тақшаны қалай таңдау керек?

Аналық тақшаны таңдау бұл компьютерді сатып алған кездегі ең маңызды құрылғы. Сондықтан да ол "main board"(басты тақша) деп бекер аталмаған. Мына сұрақ сіздерге үнемі айтылатын сияқты, сонымен...«Аналық тақшаны қалай таңдауға болады?»

Біріншіден, компьютермен не істегіңіз келетінін және оған жұмсалатын ақшаны ойланыңыз.
Егер сіз тек интернетке кіріп кино көргіңіз келсе, онда сізге аса қымбат аналық тақшаларды ұсынбаймын. Ақшаңызды үнемдейтін аналық тақша алыңыз, мысалы, AsRock, оның сапасы да, бағасы да жаман емес. Оған аса қуатты емес процессор алыңыз. PcChips немесе BioStar аналық тақшаларын алмаңыз, олардың бағасы қымбат, әрі сапасы да тұрақсыз.
Егер сіз орташа қолданыста және компьютердің жоғарғы қуаттылығын қаласаңыз, онда оның жылдамдығына назар аударыңыз.
Егер сіз " Gamer-де болсаңыз", онда мынаған назар аударыңыз:

1. Аналық тақшаның қуаттылығы chipset- тің үлгісіне байланысты.Қазіргі кездегі ең жақсы чипсеттер: KT333, KT880, Nforce2, KT600. Бұларды PERL –мен аяқталған AMD мен Intel-ге қолдануға болады.


2. Тағы да аса маңызды құрылғы- чипсеттің желдеткіші.Салқындату сіздің құрылғыңыздың, яғни оның жұмыс істеудің қуаттылығының ең басты факторы.

3. Тақшаның жұмыс істеу қабілетін конденсатордың көлемінен білуге болады.Мысалы, motherboard конденсаторы:


Бұл Soyo КТ333 Ultra Dragon Platinum Edition.(2- сурет)

2-сурет. Soyo КТ333 Ultra Dragon Platinum Edition.

Оны ары қарай қарастырайық: конденсаторлардың көлемі 4800 микрофарад. Бұл өте жақсы. Қазіргі кезде Asus, MSI тәрізді компаниялар төмен класта, әрі 2000-2200 микрофарадты конденсатор шығаруда, бұл ең тамаша аналық тақшалардан кем. Сондықтан да олардың жұмыс істеу қабілеті екі есеге кемиді деп толық айта аламыз.

Чипсетте орналасқан желдеткішті қадағалап тұру керек.

Желдеткішке қосылудың бес түрі бар және оның әрбіреуінде желдеткіштің қосылу кезінде осы бес жиілікке тіреліп қалғанда көрсететін монитор орналасқан.

ATX-жүйесі ыңғайсыз орналасқан, олар желдеткішке ауа жібермейді бірақ бұл аса қауіпті емес. Оны желілі лента арқылы шешуге болады.

Аналық тақшаның тұрақты жүйелігінде 14 конденсатор бар.Олардың жоғары сапалы екеніне мән бергеніңіз жөн. (3-сурет)

3-сурет. Конденсатор

Аналық тақшаның сыртқы бейнесіне қарап оның сапасы қандай екенін білуге болады ма? (бұл сұрақ қисынсыз естілуі мүмкін, бірақ зертхана кезінде тексерілген) аналық тақшаның түрі, яғни сыртқы бейнесіне қарап оның қалай жұмыс атқаратынын айтады. Егер өндіруші компания тақшаның сыртқы бейнесіне мән бермесе, онда оған сенім артуға болады ма деген сұрақ туындайды.

Аналық тақшалар мен чипсеттердің түрлері.


1. ATX (Advanced Technology eXtended) – аналық тақшалардың көп таралғандарының бірі. Қарапайым үй компьютерлерінде көп қолданылады. ATX аналық тақшаларының көлемі 30.5 x 24.4. см және ұлғаюға арналған жеті слоты бар. ATX аналық тақшасының ең маңызды жүйелік блок қосатын тетігі 20 немесе 24 контактты. Жаңа шыққан аналық тақшалардың барлығы 24-контактты болып келеді.

2. mATX (micro ATX) – АТХ- тың көлемі бойынша кішірейтілген түрі. Жүйені көп ұлғайтуға арналмаған көбінесе офистық компьютерлерде қолданылады. mATX аналық тақшаларының көлемі 24.4 x 24.4 см және ұлғаюға арналған төрт слоты бар. mATX аналық тақшасының ең маңызды жүйелік блок қосатын тетігі 20немесе 24 контактты. EATX (Extended ATX) аналық тақшаларының ATX – тан айырмашылығы олардың көлемі (30.5 x 33.0 см), көбінесе серверде қолданылады.

3. BTX (Balanced Technology Extended) – ATX орнына келген жаңа стандарт. Осы аналық тақша жасалғанда көбінесе аналық тақшадағы желдеткіш элементтерге көп көңіл аударылды. BTX миниатюрлі компьютерлерге арналған. BTX аналық тақшаларының көлемі 26.7 х 32.5 см және ұлғаюға арналған жеті слоты бар.

4. mBTX (micro BTX) – BTX-тың кішірейтілген үлгісі. Мұндай аналық тақшалардың көлемі 26.7 х 26.4 см. mBTX- тың ұлғаюға арналған төрт слоты бар.

5. mini-ITX - VIA Technologies компаниясы жасап шығарған аналық тақшаға арналған форм-фактор. Электрлі және механикалы жағынан ATX форм-факторына ұқсайды. mini-ITX аналық тақшаларының габариттары

(17 х 17 см).

6. SSI EEB (Server Standards Infrastructure Entry Electronics Bay). Бұл стандарттағы аналық тақшалар көбіне серверлерге арналған. Жүйелік блок қосатын тетігінің көлемі 24+8 контактты. Мұндай тақшалардың габариттары 30.5 x 33.0 см.

7. SSI CEB (SSI Compact Electronics Bay). Бұл стандарттағы аналық тақшалар көбіне серверлерге арналған. Жүйелік блок қосатын тетігінің көлемі 24+8 контактты. Мұндай тақшалардың габариттары 30.5 x 25.9 см.

Қазіргі күнде аналық тақшалардың екі түрі бар. Бұлар АТ және АТХ. Аналық тақшалардың көлемі мен компаненттерін анықтай отырып, екеуінің айырмашылығы жоқ екенін байқаймыз. Әрбір аналық тақшаны өндіретін өндірістер оның әрбір екі модификациясын шығарады.

Корпустың аласа биіктігін LPX және brand-name компьютерінде орналасқан Slimline түрлері де кездеседі. Тағы да бір NLX форм- факторы тек қана стандарт түрінде кездеседі.

АТ форм-факторында екі модификация- классикалық және Bady АТ түрі болады. АТ аналық тақшалары көлемі жағынан әр түрлі болғанымен сызықтары бірдей. Олардың бәрі паралельді порт көлемі жағынан ұқсас. Сонымен қатар олардың клавиатурасында шеге болады, ол тақшаның бір жағында немесе процессордың алдында орналасады. SIMM ЖӘНЕ DIMM слоттары үнемі тақшаның жоғарғы жағында орналасады, бірақ кейде әр жерінде орналаса береді. Әрине, тақша жақсы орналасу үшін бөлшектер қатаң орналасады.

АТ аналық тақшасын тек ескі компьютер жинағыштарынан кездестіруге болады, көлемі 12 дюймді мұндай аналық тақшалар тек Desktop, Tower корпустарына арналған,көптеген жағдайда қазіргі корпустарға келмеуі әбден мүмкін.Бұл тақшалардың құрылуына дискіжетектерге жалғаушылар және қатты диск, сонымен қатар жүйелік блок кедергі келтіреді. Сонымен қатар аналық тақшалардың компаненттерінің орналасуы кезінде үлкен жиілік әсерінен біршама ақаулар кездеседі. Сондықтан 80386 процессорының алдында шыққан процессорлерде АТ аналық тақшалары кездеспейді.

1982 жылы шыққан Baby AT қазіргі кезде тек AT аналық тақшаларының ғана емес, жалпы аналық тақшалардың арасында атақты. Baby AT көбінесе қарапайым Mini Tower корпусына сәйкес келеді. Олардың енінің көлемі 8,5 дюйм, ал ұзындығы 13 дюйм бірақ кейбір өндірушілер тақшаға арналған материалды үнемдеу үшін тақшаның ұзындығының көлемін қысқартады.

ATX . Intel 1995 жылы шығарған осы өлшем типі атақтылардың арасына қосылуда.Қазіргі кезге дейін оны құрып кетеді деген ойда болғанбыз.Жоқ керісінше АТХ көркеюде. Көптеген өндірушілер АТХ шығарып, Pentium II – ге келген кезде АТ- аналогын шығара бастады. Бірақ АТХ АТ- ға қарағанда әлдеқайда дамуда. АТХ корпусына Baby AT аналық тақшасын орнатуға болады. АТХ жүйелік блогының желдеткіші ауаны ішке жібереді. Сондықтан да шаң аналық тақшаға енбейді, ауа процессорды желдетеді.

NLX. 1997 жылы Intel корпорациясы компьютерге арнап жаңа стандарт ойлап тапты. Оның жақсысы жүйелік блоктан тақшаға енетін кабелі жоқ. Ол үшін Riser- тақшасының слоты PCI және ISA болуы керек, сонымен қатар көлемі аналық тақшадан NLX Riser Connector болғаны дұрыс. Сондықтан да, аналық тақшаны орнатқаннан кейін ол дереу жүйеге және шинаға қосылады. Системада барлығы екі көлем PCI және ISA болады. Ризер- картада контроллер көлемдері IDE, FDD орналасқан, сонымен қатар желілі картаға енетін орнын да қарастырған, CD-Audio және USB шинасы. Maineboard аналық тақшасында CPU- ға арналған шеге, жад слоттары, чипсет, BIOS және кэш болады.

Компьютердің құрылымы қарапайым қалыпқа енді. NLX стандарты компьютерді тек екі элементтен- аналық тақшадан және корпустың сыртқы құрылғылармен байланысуы үшін арналған стандартты көлемдерден тұрады. Бірақ бұл әлі жоспар,әзірге жасалып шыққан жоқ.

Қазіргі кезде көптеген аналық тақша өндірушілері Intel фирмасының микросхемаларын қолданады. Pentium процессорына бұл 430-шы сериялы, Pentium II-440-шы сериялы схемалар қолданылады .

Сіздерге аналық тақшаны таңдауда бес компанияны ұсынамын:


1. Soyo
2. Gigabyte
3. Epox
4. Intel
5. Chaintech

Зерттеу жұмыстарым:



  1. Балқаш қаласындағы тұрғындардың аналық тақшаларды сатып алуы туралы ақпарат(4-сурет):

Тақшаның түрлері

бағасы

2008 жыл (сатылғаны)

2009 жыл (сатылғаны)

2010 жыл (сатылғаны)

1. Soyo

9800

25

15

5

2. Gigabyte

13500

98

91

10

3. Epox

12500

33

26

6

4. Intel

10500

80

88

9

5. Chaintech

8700

51

34

3

4-сурет. Аналық тақшаларды сатып алуы туралы ақпарат.

5-сурет. Сатып алу диаграммасы.



  1. Біздің мектептегі компьютерлердегі аналық тақшаның түрі Intel (R) E2200,2.20 Ггц екенін анықтап, соған байланысты мынадай мәліметтер ұсынамын:

1993 жылы шыққан Pentium тақшасын Mercury деп атаған. Оның чипсеті жиілілігі 5В болатын Pentium процессорына арналған, көлемі Socket 4 және жиілілігі 60 және 66 MHz. Бұл тақша жүйелік шинаның жиілілігімен процессор жиілілігіне сәйкес келетін ең алғашқы тақша.

Содан кейін дереу Р54С процессорына арналған жиілілігі 3,3 В Neptune 82430NX аналық тақшасы шығарылды.

Pentium процессорының дамуы 1995 жылы жаңа өнімді талап етті, ақыры Intel 82430FX (Triton I) маркалы чипсетті сәтті ойлап тапты. Бұл Intel- дің чипсет өндіруде сәтті қадамы еді, көп уақыт бойы Triton I компьютердің Pentium процессорына арналған сапалы өнімі болды. Сол уақытта басқа да өндірушілер қалыспас үшін VLB және PCL шинасын біріктірмек болды, бұған көп уақыт кететінін білген Intel VLB қолдауынан бас тартты. Сол кезде Triton I өзіне барлық жаңа жетістіктерді қосқан: EDO жад қолдауы, Pipelined Burst- тың екінші сортты кэш- жад типі және синхронды SRAM, PCI қолдаулары болды. Чипсет оперативті жүйеге жалпы көлемі 128Mb болатын төрт SIMM банкісін қолдады, бірақ кэштің көлемі 64 Mb құрады. Бұл уақытта осы көлем де жеткілікті еді, өйткені ең керемет сұраныстың өзі 8- 16 Mb болған. Алғашында чипсеттің құрылысында көптеген қателіктер болған, бірақ модификация кезінде ол қателер жөнделді.82430FX наборындағы жүйелік тақшалар 1995-1996 жылдары жақсы танымал болған, бірақ қазір де оларды сатуда.

1996 жылдың бас кезеңінде Neptune чипсеті ескірді , Intel- де оның ескі көшірмесін шығара бастады,бір мезгілде SOHO сауда орталығы FX орнына екі наборды бір атпен Triton II–82430HX және 82430VX шығарды. Бірінші чипсет өндірушіден көп процессорлы жүйенің қолдауын алды, процессордың Pipelined Bust екінші сортты көлемі 512 Кб кэшпен бірге қосылып, EISA шинасының контраллеры, PCI 2.1 төрт слотына дейін орналасқан EISA және USB контраллерымен (универсалды магистраль, жаңа сыртқы құрылымдарды қосатын зат, 255- ке дейін сыртқы құрылымдарды бір портқа ортақ шинамен қосылуды қарастырады) NX SDRAM жүйесінің қолдауы болмаса да, UDMA/33 режимі және и кэш- жүйесінің көлемі біршама кішкене болса да, NX жүйелік тақша өндірушілер арасында ең атақтысына айналды. Көппроцессорлы чипсеттің қолдауы екі процессорлы шеге емес екенін байқаймыз: осындай тақшалар қымбат тұрады және оларда “dual processor” маркировкасы болады. Intеl ақырғы мінездемесі Triton II- ге ұқсайтын чипсет шығара алмады. Тіпті,жаңа 430TX- тың өзі оның барлық мүмкіндігіндей бола алмады.

Екінші 430VX наборында Triton II- дегі мүмкіндіктер мүлдем болған жоқ, бірақ бағасы арзан low-end компьютер класының сауда орталығында сатылды,бұл чипсет шыққаннан кейін қозғалысы тез жаңа функцияны қолдайтын 430FX шығарылды. Оның басты айырмашылығы PCI 2.1 және SDRAM қолдаулары бар, USB порттары өзгеше. Жаңа чипсеттің кэш жүйесі Triton I – ге қарағанда 10% жоғары болды.Бірақ SDRAM чипсетінің қолдауы жоғары бағаланбады, себебі тақшаның көлемі кішкене еді,VX өндірушілері барлығын да үнемдеген болатын.

Тағы да бір жыл өткен соң Intel –430TX PCIset ойлап тапты.Өндірушілер 82430TX құрылымына компьютер архитекрурасының барлық жаңа қолдауларын енгізбек болды, олар: SDRAM қолдауы, USB, Ultra DMA қолдаулары, PCI 2.1- дың бес слоты, көлемі 256Мб болатын оперативты жүйе, кэш жүйесі 512Кб. Бұл чипсет шыққаннан кейін Intel енді бұл процессор класына чипсет шығармайтынын жариялады. Жаңа чипсеттің шығуы VX- тың құрып кетуіне себеп болды.

Кэш туралы бірнеше ауыз сөз . Кэште процессор мен негізгі жүйенің арасында тезқозғалғыш буфер жүйесі бар, және процессордың жылдамдығының айырмашылығын компенсациялау үшін қолданылады. Егер кэш үлкен болса, соғұрлым аналық тақша жақсы (Socket 7 болған жағдайда). Мысалы, Intel чипсеттерінде L2 көлемі 521Кб дейін үлкен) VIA, Ali, SiS реализациясындағы чипсеттердің көлемдері бір тіпті екі мегабайтқа дейін болады.Осы кезде аналық тақшаның наборын үнемдеуге болады, яғни чипсеттің толық потенциалын қолданбау, және тек жартымегабайтты кэшы бар модификацияны қолдануға болады.

Аналық тақшалардың ерекше бір түрі Bios. Ол программаларды тексеру құрылғысына жатады және компьютердің аппаратурасынын операциялық жүйемен байланыстырады.

Аналық тақшаға арналған Bios фирмалары –Award Software, AMI, Phoenix Texnology. Кейбір аналық тақша өндірушілер (IBM, Intel, Acer) Bios- ты өздері шығарады. Bios- тың әрбір түрі аналық тақшаның нақты әрбір моделіне қосылатынын білгеніңіз жөн.

Қазіргі кезде ең атақтысы Award Bios, оны аналық тақшаға көп қолданады. Мысалы, Intel өз аналық тақшаларына Bios Phoenix- ты қолданады. AMI шығарған Bios- та аналық тақшаға чипсетпен бірге SiS 5591 және ALI Aladdin V орнатылады.Ноутбукке арналған аналық тақша.(6-сурет)

6-сурет. Ноутбукке арналған аналық тақша

Ноутбукке келгенде «аналық тақша» термині өз мәнін жоғалтады. Ноутбуктің жұмысқа қабілеттілігіне, яғни бұрынғы қалпына келуінің екі жолы бар, аналық тақшаны жөндеу немесе оны ауыстыру. Сондықтанда өз аналық тақшаңыздың қатесін табуға тырысыңыз. Ол үшін қымбат бағалы жабдықтау, арнайы аспап және облысында кәсіпшілігі, тәжиребесі мол шебер маман керек. Егер сіздің аналық тақшаңыз сауатсыз маманмен, түзелген болса, ол сізге 2 есе қымбатқа түсетінін есте сақтаңыздар!


Қорытынды:

Қандай компьютер сатып алу керек

Кімде кімге компьютерлерді зерттеп білуге немесе оларды дүкенде таңдауға тура келген болса, ең алдымен, процессор, жедел жад (ЖСҚ немесе RAM) және порттар сияқты таныс терминдер алдыдан шығады. Өндірушілердің көпшілігі өз компьютерлерін сипаттамалармен жабдықтайды. Әдетте компьютердің сипаттамасы нақты мәліметтер мен жарнамалық материал ретіндегі техникалық ақпараттың жинағы болып табылады, оның мақсаты – осы компьютерді сатып алуға сендердің көздеріңді жеткізу. Сондықтан компьютердің әрбір бөлігінің ерекшеліктерін қарастыра отырып сендер өздеріңе белгілі бір сипаттамалары мен бағасы бойынша компьютерді таңдай аласыңдар.

Аналық тақшаны сатып алмастан бұрын қаражатыңызды, содан кейін ақшаңызға сәйкес тақша таңдаңыз, әрине сіз таңдаған аналық тақшаңыз компьютерге сәйкес болуы керек. Аналық тақшаның сырты көрікті болуы тиіс. Содан кейін конденсатордың көлеміне назар аударыңыз, оның көлемі конденсатордың қырында жазылады. Радиаторына қараңыз. Интернеттен таңдаған chipset-ңіздің жақсы немесе жаман екенін сұраңыз. Ең соңында аналық тақшаңыздың көлемі- 5 PCI-слот болатынына назар аударыңыз. Таңдау өте қиын, таңдау кезінде таныстарыңызбен ақылдасыңыз (ешқашан сатушыдан көмек сұрамаңыз, өйткені сатушының ең басты ақуалы- сату).Таңдауда сәттілік тілеймін!

Аналық тақшаны орналастыру



  1. Өзіңіздің жаңа аналық тақшаңызды тоқ көзінен сақтаңыз.

  2. Жұмыс үстелін бір немесе екі газетпен жабыңыз. Процессордың корпусын ашамыз. Аналық тақша орналасатын пластмассалық орын мен бекіту тетіктері сізге жақсы көрінуі керек. Құжатпен танысып, аналық тақшаны пайдалану кітапшасын оқып, есте сақтау керек.

  3. Аналық тақшаны жанынан ұстап, корпустың ішіне кіргізіп, орнына түзулеп қоямыз. Барлық электрлік компоненттер (СРU сокетіне, SIMM\ DIMM және адаптер слотына байланысты) аналық тақшаның үстіңгі бөлігінде орналасуы керек, ал төменгі бөлігінде ешқандай компонент болмауы керек. Корпусты дұрыстау үшін, слоттық картаның корпустың артқы бөлігіндегі щельге қатынасып тұрғанын тексеріңіз.

  4. Енді корпустың бекіту тетіктері аналық тақшаның бекіту тетіктеріне қалай жалғанғанына назар аударып, қағазға сызып отырыңыңыз.

  5. Көптеген корпусқа тек қана аналық тақшаны бекітудің екі немесе үш тәсілін қолданады, соның өзінде тақшаның басқа бөлігі пластмассалық бөлшекке жақсы бекуі керек. Осы бөліктерді металды ілгішке немесе металды сілтеуішке бекіту керек, олар аналық тақшаны үстіңгі қабатынан немесе басқа да бөгде заттардың тиюінен сақтайды.Көрсетілген тетіктердің пайдалану анықтамасын аналық тақшаның пайдалану кітапшасынан көруге болады.

  6. Аналық тақшаны корпустан ажыратып, пластмассалық бөлшектерді аналық тақшаның тетіктеріне салыңыз.Тетікке салғаннан кейін бөлшектерді тақшаның төменгі бөлігіне, яғни орнына итеріңіз, ол өз орнында жақсы бекуі тиіс.

  7. Аналық тақшаны толығымен орнатудан бұрын өшіріп- сөндіргіштер мен басқа құрылғыларды қосатындарын тексеріп алу керек. Көптеген аналық тақшалар жақсы істейтін қосымша орнатқылармен шығарылған бірақ оны қайта тексерудің еш артықшылығы жоқ. ( Жаңа Pentium- кластық аналық тақшалар қарапайым адамдарға өте қолайлы). Егер сіз DIP- өшіргішін орнатсаңыз, пластмассалық слайдтарды дұрыс орналастыру үшін қарындаш пен қаламды қолданыңыз. Басқа құрылғыларды қосатындарын орналастыру үшін қолыңыз бен пинцетті қолданыңыз.

  8. Аналық тақшаны жанынан ұстап, пласмассалы бөлшектердің құрылысына сәйкес корпустағы орнына итеріңіз.Уайымдамаңыз әрқашанда алғашында аналық тақшаны орната алмауыңыз мүмкін. Бірақ үйреніп кетесіз.Тағы да адаптерлік слоттар корпусқа бұрынғыдай орналасқандығына көз жеткізіңіз. Аналық тақшаны орналастырып болған соң, тақшаның шеттерін жаймен басып, оның дұрыс орналасқандығына, қозғалмайтындығына сенімді екеніңізге көз жеткізіңіз.

  9. Сіздің винтты (орамды) қатты тартатыныңызға сенімдімін. Орамды қатты тартуға болмайды, ондай жағдайда басқыш тақшалар қозғалмалы болады.Кейбір аналық тақшалардың орамға арналған тоқ өткізбейтін шайбалары болады, егер олар болатын болса, қолдануды ұмытпаңыз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. В. Фигурнов. IBM PC для пользователя. Москва. 1996

  2. Ә. Беркутов. Компьютерлік технология негіздері.

  3. Қ. Есекеев. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу- әдістемелік құрал. Алматы 2007

  4. Информатика терминдері. Алматы 2009

  5. А.Пушков. Обзор ПО для разработки мультимедийных программных продуктов. Санк- Петербург. 2004

  6. В. Леонтев. Программы на все случаи жизни. Москва. 2006








©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет