Арал аудандық емдеу-алдын алу мекемелерінің халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы 2015 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет



жүктеу 59.06 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі59.06 Kb.
: img lib
img lib -> Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі
img lib -> Проект правового акта или вопросы, вынесенные на обсуждение
img lib -> Арал ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы анықтама
img lib -> «Сыбаға» бағдарламасымен бүгінгі күнге дейін, яғни. 05. 2015 жылға
img lib -> Ауыл шаруашылығы саласында 12 айда атқарылған жұмыстар туралы анықтама 2015 жылға «Сыбаға» бағдарламасы аясында
img lib -> Жарыс 2014 жылдың 25 қазан күні сағат 15-00 – 18-00 аралығында Арал қалалық ипподромында өткізіледі
img lib -> Қр конституциясы күніне орай, Астана қаласы бойынша өткізілетін спорттық іс-шаралар жоспары
img lib -> 2014 жылдың СӘуір айына арналған іс-шаралар жоспары




Арал аудандық емдеу-алдын алу мекемелерінің халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы 2015 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет
Облыс әкімдігінің 23.10.2013 жылғы №333 қаулысына сәйкес облыстық денсаулық сақтау басқармасының 29.10.2013 жылғы №1060 бұйрығымен ауданның барлық емдеу мекемелері біріктіру жолымен «Амбулаториялық- емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК болып қайта құрылды.

Аудан бойынша кәсіпорын құрамында 140 төсектік орталық аурухана, 65 төсектік перзентхана, 40 төсектік жүйке аурулар диспансері, 35 төсектік Сексеуіл, 10 төсектік Қамбаш ауылдық ауруханалары, жалпы 290 төсектік тәулікбойылық стационарлар қызмет етеді. БМСК аудандық емхана, жедел жәрдем станциясы, 3 ауылдық емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік пункт, 38 медициналық пункт 76124 халыққа қызмет етеді. Оның ішінде ересектері -47469, туу жасындағы әйелдер саны -15020, 4563-жасөсіпірім, 15 жасқа дейінгі балалар-24092.


Материалдық-техникалық база туралы

  • 2014 жылы медициналық жабдықтарға республикалық бюджеттен 42 млн 480000 теңге, жергілікті бюджеттен 149 млн 442000 теңге қаралып, 1 операциялық стол 6 млн 522000 теңгеге, 1 видеоэндоскопиялық қондырғы 29 млн 200300 теңгеге, 1 реанимобиль 23 млн 490000 теңгеге және желідегі бригадаға арналған реанимобиль 18млн 990000 теңгеге алынды. Қаратерең, Аралқұм, Тоқабай дәрігерлік амбулаториялары мен Сексеуіл ауылдық емханасына және шалғай елді мекендердегі науқастарға шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында 14млн 445 000 теңгеге 5 санитарлық автокөлік алынды.

  • Аудандық аурухананың перзентхана бөлімшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 103 млн. 534 000 теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өтті.

  • 2015 жылы жаңа медициналық құрал жабдықтарға 19 млн 925 мың теңге қаржы бөлініп, оған пульсоксиметр, кардиотахограф, неинвазивная вентиляция легких аппараттарын алу жоспарлануда.

  • Сексеуіл кентінде ауылдық емхана құрылысына 217 млн теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда 1 ауысымда 100 келушіге арналған ауылдық емхананың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Күнiне 300 адам қабылдайтын аудандық емхана, талапқа сай медицина аппаратурларымен жабдықталған физиотерапия бөлiмi, зертхана, рентген, ультрадыбыстық, эндоскопиялық тексеру, басқа да диагностикалық кабинеттер жұмыс iстейдi.
Аудан халқына қазіргі таңда 124 дәрігер мен 585-орта буынды медицина қызметкері қызмет етсе, оның 67 дәрігерімен 270 орта буынды медицина қызметкері бастапқы медициналық санитарлық деңгейде науқастың алдын алу, оларды скринингтік тексерумен қамту және анықталған науқастарды емдеу орындарында емдеп сауықтыру жұмыстарымен қамтамасыз етуде.
Аудандық аурухананың дәрігермен қамтылу көрсеткіші 10 000 адамға шаққанда 18,9 құрап отыр

Дәрігерлердің - 53-інде (42,8%) біліктілік санаттары бар, оның ішінде жоғары санатты -11 (8,9). І-санатты-36 (29,0%), ІІ-ші санатты- 6, (4,9%), 2 медицина ғылымының кандидаты.

Орта буынды медицина қызметкерлерінің -294 (50,2%) біліктілік санаттары бар, оның ішінде жоғары санатты- 198 (33,8), І-санатты- 70 (12,0), ІІ-ші санатты-26 (4,4).

Демографиялық көрсеткіш

Ауданның демографиялық көрсеткішіне тоқталатын болсақ 2014 жылдың айында 784 бала туылып, туу көрсеткіші 10,4 промилле болса, 2015 жылдың 6 айында 787 бала туылып, туу көрсеткіші 10,3. –ті құрады. Туу көрсеткіші былтырғы жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда биылғы жылы 0,1 промиллеге азайып отыр.


2014 жылдың 6 айында 180 адам қайтыс болып, көрсеткіш 2,4 болса, биылғы жылдың 6 айында 226 адам қайтыс болып, өлім-жітім көрсеткіші 2,9%0 болды, яғни өткен жылмен салыстырғанда өлім жітім саны 46 адамға көбейіп отыр. Табиғи өсім 2014 жылдың 6 айында 8,0 промилле болса, 2015 жылдың 6 айында 7,4 промиллені құрап,0,6 промиллеге азайып отыр.
Емдеу алдын алу жұмыстары

2014 жылдың 6 айында дәрігердің жалпы қабылдауына келгендер саны 210710, оның 91575 ауру деректі, ал 119135-ы профилактикалық тексеруден өткендер болса, 2015 жылдың 6 айында дәрігердің жалпы қабылдауына келгендер саны 191879, оның 89320 ауру деректі, ал 102559 профилактикалық тексеруден өткендер, яғни өткен жылмен салыстырғанда дәрігер қабылдауына келгендер мен профилактикалық тексеруден өткендер бір деңгейде қалып отыр.

Жалпы тіркелген аурулар саны 2014 жылдың 6 айында 36519, оның ішінде алғаш рет тіркелген аурулары саны -21208 болса, биылғы жылдың 6 айында жалпы аурушаңдық 36552, алғаш рет тіркелген аурушаңдығы 21635 ге дейін көбейіп отыр.

Аудан бойынша «Д» есепте 20122 науқас есепте тұрады , оның ішінде жасөспірімдері – 850, балалары -4328, ересектері – 14944.

Әлеуметтік маңызы бар ауруларға жеке -жеке тоқталатын болсақ, қан айналымы жүйесі аурулары бойынша былтырғы жылдың 6 айында алғаш рет тіркелген аурулар саны-1462,  100 мың халыққа шаққанда-1936,4 болса, биылғы жылдың 6 айында -898, яғни 1177,8 құрап, өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі төмендеп тұр. Тіркелген қатерлі ісік аурулары былтырғы жылдың 6 айында 41, 100 мың халыққа шаққанда (54,3) болса , биыл-47- 59,3 ге, яғни алғашқы 1-2 сатыларында ерте анықтау нәтижесінде өсіп тұр. Туберкулез ауруымен былтырғы жылдың 6 айында алғаш рет тіркелгендер саны -40 (52,9) болса, биылғы жылдың 6 айында -36 (47,2) құрап, 5,7 ге төмендеп отыр.
1 жасқа дейінгі сәбилердің шетінеуі

2014 жылдың 6 айында 1 жасқа дейінгі шетінеген бала саны 7 болса, 2015 жылдың 6 айында 8 бала шетінеп, көрсеткіш 8,9 дан 10,1 промиллеге көтеріліп отыр. Жалпы сәби өлім фактілері паталогоанатомиялық, сот –медициналық сараптамамен толық қамтылды. Сараптама нәтижелері осы сәби өлімінің 72 пайызы туа біткен ақауларға, 18 пайызы күйік, әр түрлі бас-ми жарақаттарына, 10 пайызы тыныс алу ауруларының өршуіне байланысты екендігін көрсетіп отыр. Барлық өлім фактілері аудит отырысы мен облыстық, аудандық емдеу алдын алу Кеңестерінде қаралып жауапты мамандарға тиісті тәртіптік шаралар көрілді. Сәбилер өлімінің алдын алу және олардың денсаулығын барынша жақсарту мақсатында Республикалық, облыстық, аудандық мамандардың ұйымдастыруымен семинарлар мен шеберлік кластары өткізілді.


Ана өлімі

2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан ” мемлекеттік бағдарламасының басты индикаторы ана денсаулығына басты назар аударылып, ана өліміне жол бермеу болып табылады. Диаграммада көрсетіліп тұрғандай көптеген жылдар бойы тіркелмей келген ана өлімінің 2 жағдайы осы жылдың 6 айында Қарақұм, Жақсықылыш елді мекендерінде тіркелді. Ана өлімінің жағдайлары облыстық әкімдік деңгейдегі Координациялық Кеңесте, облыстық коллегия мен емдеу –алдын алу және аудандық медициналық Кеңестерінде қаралып, тиісті жауапты мамандарға қатаң тәртіптік шаралар көріліп, Денсаулық сақтау Министрлігінің аттестациялау орталығына біліктіліктерінің қызметтеріне сәйкестігін анықтауға жолданды.



Аурухана

2014 жылы 6 айында орталық ауруханада барлығы 4472 науқас, ал 2015 жылдың 6 айында 4639 науқас емделіп шықты, Оның ішінде балалары 2014 жылдың 6 айында – 863 болса, биыл-923, ал төсек айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,3 тен -13,4 ке көтеріліп отыр. Лизингке алынған эндовидеохирургиялық кешен арқылы осы кезен ішінде 212 ота жасалынды. Хирургия бөлімшесінде струмоэктомия, аденомоэктомия, нефроэктомия, холецистоэктомия, асқазан резекциясы, бүйрекке пластикалық операциялар, өт жолының реконструктивтік операциялары сияқты. облыс көлемінде жасалатын операциялар жасалады.

Травматология бөлімшесінде барлық сүйектің остеосинтезі, бас сүйек трепанациясы оталары жасалады. Осы жылы бөлімшеге видеоэндоскопиялық қондырғы алынып 1 маман арнайы қайта даярлаудан өткізілді.

Аудандық перзентхананың гинекология бөлімшесінде күрделі пластикалық операциялар, яғни алдынғы, артқы, ортаңғы кольпоррафия, кольпоррафия с левоторопластикасымен оталары жасалады.


Күндізгі стационар

Аудан бойынша өткен жылы күндізгі стационар төсектері 145 болса, биыл 22 төсекке көбейіп күндізгі стационарлар төсектері 167 –ні құрап отыр. Ал емделген науқастар саны өткен жылмен салыстырғанда 212 ке көбейіп, 1504-ті құрады. Орташа емделу күні-8,2 ден 7,8-ге түсіп отыр.


ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нысаналы индикаторлары бойынша атқарылған жұмыстың қортындылары:

  1. Халықтың орташа күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2014 жылы 69,0, 2015 жылы 70,0 жасты құрады.

  2. Ана өлім жітімі бойынша 2014 жылы болған жоқ, 2015 жылы ауданда 2 ана өлімі тіркелді, көрсеткіш 254,1%000.

  3. Нәресте өлім жітімі көрсеткіші 1000 тірі туылғанға шаққанда 2014 жылы 7 бала тіркелді, көрсеткіш 8,9, 2015 жылы 8 бала тіркелді, көрсеткіш – 10,1 құрады.

  4. Жалпы өлім жітім бойынша 1000 адамға шаққанда 2014 жылғы 6 айда көрсеткіш – 2,4 , 2015 жылы 6 айда көрсеткіш 2,9 құрады.

  5. Туберкулезбен аурушаңдық 100 000 тұрғынға шаққанда 2014 жылы 6 айда 40 науқас тіркелді, көрсеткіш -52,9 2015 жылы 6айда 36 науқас, көрсеткіш -47,2 болып отыр.

  6. 15-49 жасқа дейінгі халықтың арасында АИТВ инфекциясының таралуы 2014 жылы да 2015 жылы да болған жоқ.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет