Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі



жүктеу 84.08 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі84.08 Kb.
: img lib
img lib -> Проект правового акта или вопросы, вынесенные на обсуждение
img lib -> Арал ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы анықтама
img lib -> «Сыбаға» бағдарламасымен бүгінгі күнге дейін, яғни. 05. 2015 жылға
img lib -> Ауыл шаруашылығы саласында 12 айда атқарылған жұмыстар туралы анықтама 2015 жылға «Сыбаға» бағдарламасы аясында
img lib -> Жарыс 2014 жылдың 25 қазан күні сағат 15-00 – 18-00 аралығында Арал қалалық ипподромында өткізіледі
img lib -> Қр конституциясы күніне орай, Астана қаласы бойынша өткізілетін спорттық іс-шаралар жоспары
img lib -> 2014 жылдың СӘуір айына арналған іс-шаралар жоспары
img lib -> Спорт күніне орай, Астана қаласы бойынша өткізілетін спорттық іс-шаралар жоспары
Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі.

Арал аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының 2014 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет
Аудандық мәдениет үйі жанындағы жылжымалы демалыс кешені дәстүрлі Елбасы жолдауына орай «Жолдау және ел үні» атты үгіт насихат концертімен Ақбай, Қосжар, Аралқұм, Қамбаш елді мекендерін аралап келді. Сонымен қатар «Әсерлі-әсем әуен» қойылымымен Бөген, Қарашалаң және Қаратерең ауылдарына ақылы концерт берді.

Қарашалаң елді мекеніндегі жаңадан салынған мектеп ғимаратының ашылу салтанатты түрде аталып өткізіліп, ауыл тұрғындарынан арнайы концерт ұйымдастырлыды.

Ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай «Қыран қанатты ақын» атты кеш ұйымдастырылып өткізілді.

Елімізге белгілі З.Шүкіровтың туған күніне орай қалалық мәдениет үйінде «Ғазиз жүрек, қайсар қазақ» атты әдеби әуенді кеш болды.

Қазіргі жастардың заману билеріне орай «Көңілді ырғақтар» атты би сайысы өткізілді.

Совет әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай «Болашақтың қамқоршысы – еліміздің ерлері» атты ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен тақырыптық кеш болды.

Жергілікті ақын Бекұзақ Тәңірбергеновтың «Жыр ғұмыр» атты өлеңдері жинақталған кітаптың тұсау кесер рәсімі өткізілді.

Аудандық мәдениет үйінде «Әйел. Ана - Тіршілік» мерекелік концерт берілді.

Қалалық мәдениет үйінде «Айдай сұлу аруым» атты ару қыздардың қатысуымен байқау болды.

Жазушы Сайлаубай Жұбатыровтың қатысуымен «Аралдың асқақ перзенті» атты шығармашылық болды.

Жас өнерпаздардың қатысуымен «Көктемгі махаббат әуендері» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.

Ұлы наурыз мерекесіне орай орталық алаңда «Ұлысқа мерей сыйла, нұрлы Наурыз» атты мәдени-көпшілік мерекелік шара өткізілді.

Дәстүрлі балалар шығармашылығын дамытуға орай ХІV «Бозторғай» байқауының аудандық туры өткізілді.

1 мамыр Қазақстан халықтары бірлігі мерекесіне орай «Достықты ту еткен –Қазақ елі» атты мерекелік шеру болды.

9 мамыр Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған орталық алаңда «Майлангерлер айбынды ерлер» атты театрландырылған қойылым қойылып, мерекелік концерт берілді.

Сазгер К.Дүйсекеев атындағы «Туған жер» атты аудандық байқау өткізіліп, жеңімпаздар облыстық байқауға жолдама алды.

Аудандық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» атты қаладағы мектептерден қатысқан жанұялар арасында аудандық байқау болды.

Әнші М.Ералиеваның 60 жасқа толуына орай «Ақбаян» атты аудандық байқау ұйымдастырылып өткізілді.

21 мамыр мәдениет қызметкерлерінің күніне орай облыстық мәдениет басқармасы аудандық мәдениет үйіне «Зерде» автокөлігі берілді.


«Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-де алғашқы тоқсан бойынша өткізілген шаралар мәлімет \23.05.14ж \ \ сәуір-мамыр \

Мергенсай ауылдық кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050» Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты жолдауын насихаттау барысында «Болашақтық айқын бағдары» атты жолдауға талдау жасалды. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, оның қалың бұқараны сара жолға,  жарқын болашаққа апарар  тарихи құжат екендігін оқырмандарымызға  жеткізу, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясының материалдарымен таныстырып, тарихи маңыздылығын көрсету.  Талдау барысында кітапханашы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  Жолдауының басты бағыттары мен Ұлт Көшбасшысының Қазақстан үкіметі мен халқының алдына қойылған міндеттері жайында айтып, ХХІ ғасырдың жаһандық 10 сын-қатеріне тоқталды. Кітапхана тұрақты оқырманы Р.Шүкірәлиев – Мәңгілік ел болып қалу үшін Елбасы еңбек ету,тіліміз бен дінімізге берік болу,елдің тыныштығын сақтау,жас ұрпақты бабалар өсиетімен тәрбиелеу,оларға терең білім беру сияқты өзге де маңызды міндеттерді айта отырып,ұлы мұрағат жолындағ істі бастап та бергендігі туралы тоқталып өтті. Шараның соңында «Мұратымыз мәңгілік ел» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

2014 жылы 10 сәуір айында Қалалық № 4 кітапханада мектеп оқушыларымен бірлесіп «Дін жолында адасып қалмау» атты діни дәріс кеші өткізілді. Арал аудандық орталық мешіттің бас имамы М. Әбіштегіұлы:- Дін-үлкен ғылым,ислам діні қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулу,діни экстримизмннің алдын-алу бойынша жастардың діни сауаттарын ашу,қатер төндіретін жат ағымдардан сақ болуға.имандылық жолына тәрбиелеу мақсатында діни дәрістерімен таныстырылды. Орталық мешіттің найб иманы Н. Кеңесханов- Еліміздің тәуелсіздік алғалы халқымыз ата-баба дінімен қайта қауышып,имандылыққа бет бұра бастады. Қазіргі жастардың мұсылман атын жамылған ағымдар болса,енді біреулер Аллаһ Тағала деп сөйлеп,мұсылманға ұқсас кейіп танытқанымен,артынша ислам дініне қарсы уағыздаушы ағымдардың түсініксіз іс –әрекеттерінен аулақ болу туралы дәріс берілді.. Шара қатысқан № 64 мектептің 9 сынып оқушылары Е. Кенжесариев,Б.Жарылқасыновалар ислам діндегі жағымсыз қарекет жайында сұрақтар қойылып,өздерінің ислам дінін жамылып ислам құндылықтарын жоққа шығарып шет елден келген секта миссионерлері өздерінің қара ойларын іске асыру туралы ойларын ортаға салды. Шара соңында «Ислам ынтымақ бастауы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Абай атындағы орталық кітапханада 23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Жүрегіңнің жылуын кітапқа бер» атты кең көлемді ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қорына «Мәдени мұра», «Қазақтың 100 романы», «Қазақтың 100 поэмасы», «Алтын қалам», «Әдеби мемуарлар», «Мерейтойлық әдебиеттер», «Қазіргі қазақ поэзиясы», «Жас толқын», «Сырдария кітапханасы»т.б. атты айдарлармен келіп түскен әдебиеттермен таныса отырып,Оқырман қауым көрменің «Ақыл – ойдың алтын қоры» атты бөлімнен Ұлттық фольклорымыздың саласы эпостық шығармалар,хикаялық, діни, ғашықтық дастандар,тарихи ,батырлық жырлар топтастырылған «Бабалар сөзі» 100 томдығын,Мұхтар Әуезовтың 50 томдық шығармалар жинағын, «Кітап – ғасыр мұрасы»атты бөлімнен Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері»,Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй», Дулат Исабековтың 5 томдық шығармаларын әсіресе мәдениет саласының қызметкерлері жазушының драматургиясын ден қоя оқыды. «Жыр жүректің бұлағы» атты бөлімнен кеше ғана өмірден озған ақын Фариза Оңғарсынованың шығармаларын ,Иран Ғайыптың 13 томдық таңдамалы туындысы, Мұхтар Шахановтың шығармалары сұранысқа ие болды.

Қызылжар ауылдық кітапхана-филиалында оқырмандар арасында «Кітап – сарқылмас рухани әлем» атты флеш-моб өткізілді. Шара барысында флеш-моб мүшелері көпшілікке кітап-адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы,өмір айнасы,тарих шежіресі,өнер-білім бұлағы ,оқу тәрбие құралы екенін,ұлтжанды адамның кітаппен міндетті түрде дос болу керектігі жайлы насихат жүргізді. Шара барысында кітап туралы нақыл сөздер жазылған сыйлықтар таратылды.

Шевченко ауылдық кітапханада Қазақстанның Еңбек Ері, «Абзал и К» компаниясының директоры,кәсіпкер,облыстық мәслихат депутаты Абзал Ералиевтің еңбектерін насихаттау барысында «Кең кеуде,кемел тұлға,кенен жүрек» атты көрме жанындағы әңгімесі өткізілді. Шараның мақсаты: Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевтің өміржолымен,елге танымал кәсіпкерінің халыққа жасаған жетістіктерін оқырмандарға насихаттау. Кеш барысында Еліміз ұлықтап атап өткен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасы жарлығымен еліміщздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени ерекше үлес қосып жүрген халықтар арасындағы достық пен әріптестікті нығайтуға күш салып,елге танымал танытып белсенділік көрсеткен қызылордалық «Абзал и К» компаниясының директоры Абзал Ералиевтің халыққа жасаған ерлігі мен еңбек құндылықтары жайында мол мағұлматпен таныстырылды. Оның кәсіпкерлік қызмет атқарған уақытында ол жоғары ұйымдастыру және жетекшілік сапасын көрсетті,талапты басшы,адал,жауапты және білікті маман екендігін кейінгі жастарды еңбекке тәрбиелеп,үлгі-өнеге жайында сыр шертетін кітаптарымен баспасөз беттеріне шыққан материалдарынан мол мағұлматтарына тоқталып,кеш соңында кітапханада «Кең кеуде,кемел тұлға,кенен жүрек» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Аудандық орталық кітапхана мен қалалық М.Әуезов атындағы балалар кітапханасымен бірлесіп «Әзіл оспақ ханы-Оспанхан» атты әзіл-сықақ сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: Әзілдің шыңырау тереңі,сықақ сөздің шебері,белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіровтың туғанына 80 жыл толу барысында қаламгердің мерей тойын атап өту және оның сүбелі де,уытты шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттау. Кеш барысында халқымыздың аяулы перзенті,қазақ сатирасының классигі,ақын,Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының иегері О.Әубәкіровтың әзіл-оспақтарымен оқырмандарын жіпсіз байлап қоятын,күлдіргі әңгімелері күллі жұрттың «езуін екі құлағына шығаратын...» сатира саңлағының өмірі мен шығармашылығын кеңінен тоқталып,Әзілінің салмағы бар сатираның саңлағы О.Әубәкіров 1934 жылы 4 мамырда Алматы облысы,Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында дүниеге келгені,Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмамдағаны,мамандығы актер болса да,ол өзінің шығармашылығын сатирамен байланыстырғандығын айта келе,Оспанхан сатиралық жанрмен бірге балаларға арналған өлең-жыр,ертегі,пьеса,белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен аудармамен де айналысқандығын танытылды. Әзіл-сықақ сағаты барысында мерейтой иесінің сықақ өлеңдері мен интермедиялары және сөзіне жазылған әндерін орындауда Д.Меңдібаев «Қаз бен тауық», А.Нұржанқызы «Электрик»,Н.Шоманова «Өтірік күлкі»,И.Жұбан-ышбаев «Қоян»,А.Ермекова «Ой»,А.Отанова «Жеті ата» өлеңдері мен № 2 мектеп интернат оқушыларының сахналап орындауындағы «Бөтен дауыс» интермедиялық көрінісі көрермендерді шат-күлкіге кенелтсе,№ 83 орта мектебінің «Айгөлек» бишілер тобы Оспанханның «Мұнайма» әніне қойылған «Мұнайма» биі орындалып,сатириктің балаларымен достастығы мектеп қабырғасынан бастау алатындығын ескеріліп,мектеп бағдарламасына енген «Сурет сабағы», «Сүт қалай ұйықтады» өлеңін М.Әуезов балалар кітапханасының оқырмандары Бақтияр Қуанұлы мен Мырзатай Нұрайдың мәнерлеп оқылды. Кеш соңында «Сықақ сөздің шебері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Орталық Абай атындағы кітапхананың оқу залында Ұлы жеңістің 69 жылдық мерекесіне орай және Шығыстың қос шынарының бірі Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл толуына орай «Әлия оралған жоқ қан майданнан » атты ерлік сағаты өткізілд.Шараның мақсаты : Ел еркіндігін, бостандығын, тәуелсіздігін қанымен қорғаған Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова сынды тұлғаны жастарға үлгі ете отырып, батыр қыздың бойындағы адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру, жақсылыққа баулу. Кеш барысына №220 мектеп және №2 мектеп –интернат санитория оқушылар Кенжебаева А ,Құлмағанбетова А , Меңдібаев М, Мұратова Алтынай, Ахметова Қыздаргүл Қазақтың батыр қызының рухына бағышталған өлең – жырлары мен Әлияның майданда жазған хаттары оқылып ,«Әлия» атты сахналық көрініс қойылды. Кітапханашы: Тлеубаева А «Отан үшін от кешкен - Әлия » атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кеш сонында Қырымова А « Сарбаздар », «Әлия » әнімен патриоттық әндермен көркемделді. Айтулы шарада сөз алған Ақмырзаева Мәрия өз ойын ортаға салып , оқырман қауымды айтулы мерекемен құттықтап , Қазақстан Қарулы күштерінің тізгіні - бүгінгі әрбір жас ұрпақ екендігін жеткізді . Ендеше, бабалар ерлгін ұмытпау әрбірімізге парыз . Бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлеріміздің есімдері де, ерліктері де ешқашан ұмытылмайды .



Сексеуіл қыстақтық кітапханасында Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл толуына орай «Әлия ерлігі өшпес ерлігі» атты әдеби кеш өткізілді. Қазақ халқының ішінен шыққан батыр қыздарының бірі Әлия Молдағұлованың қайталанбас ерлігін, қайсар қасиеттерін және қажымас өшпес ерлік бейнесін жан-жақты ашып көрсету, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Кеш барысында кітапхана қызметкері батырдың өмірбаянын отбасын, партизан отрядындағы ерлігі жайлы тоқталып,кеш қонақтары Тілдер қоғамдастығы бөлімінің төрағасы Ж.Жолдасов, әкімшілік аппаратынан Ашықбаев Қ, және соғыс ардагері Жанысов Таужандар:- Бұл күн - қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Іс-шара барысында экраннан Ұлы Отан соғысы туралы, ардагер жазушылардың еңбектері, батыр қыздарымыз Әлия мен Мәншүкке арналған слайдтар көрсетілді. Әдеби кеш соңында кітапханаға келген қонақтар оқушыларға береке-бірлік, оқуларына жеміс пен шығармашылық табыс тілеп, көрермендер ерекше әсер алып қайтты. Мектеп 9 сынып оқушысы Әміреева А «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі » атты көріністен Әлия Молдағұлова ролін орындап тамашалады.Кеш соңында кітапханада Қайсар,қажымас қазақ қызы Әлия Молдағұлова туралы кітаптарынан ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет