Арал аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2014 жылдың 11 айында атқарған жұмыстарының есебі алдағы міндеттері туралы



Дата01.05.2016
өлшемі28.76 Kb.
Арал аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2014 жылдың 11 айында атқарған жұмыстарының есебі алдағы міндеттері туралы.
Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан салынатын құрылыс нысандарын орналастыруға, жобалауға жеке және заңды тұлғаларға 2014 жылдың 11 айына 35 сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) жасалып берілді.

Жеке тұрғын үй құрылысы саласында 14672,0 шаршы метр жеке тұрғын үй (132 үй) ауданның тұрғын үй қорына қосылды.

2014 жылдың 11 айында бөлімге тұрғын үй құрылысын салуға рұқсат сұраған 309, тұрғын үйдің реттік нөмірін анықтау жөнінде 82, сәулет жоспарлау тапсырмасын беру жөнінде 35, барлығы 426 өтініш түскен. Барлығы уақтылы орындалды. Осы арада айта кетер жайт СЖТ, реттік нөмір беру ХҚКО-ғы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету қатарында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, «Арал аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне, аудан әкімдігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Уәкілетті органды белгілеу туралы» №2 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бөлім тарапынан аудан аумағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат берілуде. Бүгінгі таңда «БТА Банк» АҚ Қызылорда филалының -1, «Халық Банк» АҚ Қызылорда филиалының -1, «Қазмұнайгаз» АҚ-1 дана сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне рұқсат беріліп, аудандық бюджетке қаржы түсуде.

Сонымен қатар, жылдан жылға қарқынды өсіп келе жатқан әлеуметтік, жеке құрылыс нысандарына жер белгілеп беру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Есепті кезеңде 87 нысандар, құрылыс объектілері үшін алдын-ала жер таңдау актілері жасалып, орындары белгіленіп берілді.

«Мекен жай тіркелімі» ақпараттық жүйесі мен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорындағы жылжымайтын мүлік объектілерін түгендеу мен сәйкестендіру жұмыстары аяқталып, жаңа объектілер «Мекен жай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізілуде.

Арал қаласының 2008 жылдың 25 желтоқсанында аудандық мәслихаттың №75 шешімімен бекітілген бас жоспарына сәйкес егжей-тегжей жоспарлау жобасын әзірлеуге аудандық бюджеттен 12 000,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда аталған жұмыстар толығымен орындалып, қараша айында облыс әкімінің жанындағы сәулет, қала құрылысы кеңесінде мақұлданып, аудан әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 515 қаулысымен бекітілді.

Аудан орталығы болып табылатын Арал қаласының аумағын абаттандыру мен көркейту жұмыстарына бөлім тарапынан біршама нобайлық жобалар ұсынылып, ол жобалар аудан әкімінің жанындағы сәулет, қала құрылысы кеңесінде мақұлданды. Сол нобайлық жобаларды жүзеге асыру мақсатында бюджеттен 287,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен атқарылды.

Сондай-ақ әлеуметтік және шағын кәсіпкерлік нысандарын түнгі жарықтандыру жұмыстарының нобайлық жобалары жасалды. Сәулеттік қадағалау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар облыстық бюджеттен 48000,0 мың теңге қаржы бөлініп, Арал ауданының мемлекеттік базалық деңгейдегі қала құрылысы кадастрын құру жұмыстары толығымен аяқталды. «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесінің облыстық орталығы» коммуналдық мекемесінің Арал ауданы бойынша өкілдігі ашылды. Өкілдікке «Арал қаласы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі ғимараттан кабинет беріліп 2 маман жұмыс жасауда.

Арал аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің алда тұрған міндеттері:

1. Аудан орталығы мен елді мекендерде қала құрылыстық регламенттерінің сақталуын бақылауда ұстау.

2. Арал қаласының бас жоспарына түзетулер енгізіп қайта дайындау.

3. Арал ауданының 7 елді мекенінің (Ақеспе, Аққұлақ, Үкілісай, Ерімбетжаға, Райым, Конту, Қосжар) даму сызбаларын әзірлеу.



4. Арал қаласының бас жоспары негізінде жалпы аумағы 150 га жер учаскесіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын дайындау.

5. Арал ауданы Сексеуіл, Жақсықылыш кенттерініңң бас жоспары негізінде жалпы аумағы 240 га жер учаскесіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын дайындау.
Каталог: img lib
img lib -> Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі
img lib -> Проект правового акта или вопросы, вынесенные на обсуждение
img lib -> Арал ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы анықтама
img lib -> «Сыбаға» бағдарламасымен бүгінгі күнге дейін, яғни. 05. 2015 жылға
img lib -> Ауыл шаруашылығы саласында 12 айда атқарылған жұмыстар туралы анықтама 2015 жылға «Сыбаға» бағдарламасы аясында
img lib -> Жарыс 2014 жылдың 25 қазан күні сағат 15-00 – 18-00 аралығында Арал қалалық ипподромында өткізіледі
img lib -> Қр конституциясы күніне орай, Астана қаласы бойынша өткізілетін спорттық іс-шаралар жоспары
img lib -> 2014 жылдың СӘуір айына арналған іс-шаралар жоспары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет