Арал ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы анықтама



жүктеу 124.46 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі124.46 Kb.
: img lib
img lib -> Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі
img lib -> Проект правового акта или вопросы, вынесенные на обсуждение
img lib -> «Сыбаға» бағдарламасымен бүгінгі күнге дейін, яғни. 05. 2015 жылға
img lib -> Ауыл шаруашылығы саласында 12 айда атқарылған жұмыстар туралы анықтама 2015 жылға «Сыбаға» бағдарламасы аясында
img lib -> Жарыс 2014 жылдың 25 қазан күні сағат 15-00 – 18-00 аралығында Арал қалалық ипподромында өткізіледі
img lib -> Қр конституциясы күніне орай, Астана қаласы бойынша өткізілетін спорттық іс-шаралар жоспары
img lib -> 2014 жылдың СӘуір айына арналған іс-шаралар жоспары
img lib -> Спорт күніне орай, Астана қаласы бойынша өткізілетін спорттық іс-шаралар жоспары
Арал ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

туралы анықтама

Аудан бойынша 2015 жылы - 3660 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген, олардың – 324 заңды тұлғалар және 391 шаруа қожалықтары мен 2945 жеке кәсіпкерлер. 5369 адам жұмыспен қамтылды. 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субьектілері 183 бірлікке, жұмыспен қамтылғандар саны 593 адамға артты.



«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер арқылы пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағыты бойынша. «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы (Мекенжайы Қызылорда қаласы  Қазыбек би көшесі №5. Тел: 8 (724) 259077,  8 8000 8000 59)

Атап айтқанда:

1. Жеке кәсіпкер «Б.Жандәулетов» «Сервистік қызмет көрсету орталығын ашу» жобасы бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесімен мақұлданып, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы арқылы шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында 4 пайыздық мөлшерлемемен 60,0 млн. теңге несие алуға қол жеткізді. Қазіргі таңда Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі бойында «В» категориялы жол бойы сервис кешенін салу» жобасы бойынша 4 гектар жерге, құрылыс жұмыстарын аяқтап пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны – 200,0 млн теңге.

2. Сексеуіл кентінен «Ернұр -Дин» ЖШС-і Смағұлова Ләззат «Жеке балабақша ашу» жобасы бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесімен мақұлданып, «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы 12,0 млн. теңге несие алуға қол жеткізді.

3. «Жомарт» ШҚ «Көлік тасымалын ұйымдастыру» жобасы бойынша «Халық Банкі» арқылы 10 млн. теңге несие алды.

4. ЖК «Шашауова» «Нан өнімдерін өндіру» жобасына «Халық Банкі» арқылы 12,0 млн. теңге несие алды.

5. ЖК Еділбаева Анар «Автотранспорт алу» жобасы бойынша 7,5 млн. теңге несие алды.

6. ЖК Н.Әлиевтің «Жылжымайтын мүлікті, жабдықтарды сатып алу және жөндеу» жобасы – 35,0 млн.теңге несие алды.

7. ЖК А.Абдуалиевтың «Мейрамхана және азық–түлік өнімдерін жеткізу қызметтері» жобасы – 15,0 млн.теңге несие алды.

Қазіргі таңда алынған несиелердің пайыздық мөлшерлемесі субсидиялануда.

Сонымен қатар ЖК Т. Абибуллаевтың «Көтерме және бөлшек сауда, автокөлік және мотоцикл жөндеу» (жоба құны-22,0 млн.теңге)жобасы, ЖК У.Жетпісбаеваның «Арнайы емес дүкендерде әр түрлі бөлшек сауда жасау» (жоба құны-6,0 млн.теңге) жобасы және ЖК Б.Көлдеевтің «Ет және ет өнімдері жобасы» (жоба құны - 4,6 млн.теңге) жобасы пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша «Өңірлік үйлестіру кеңесімен» мақұлданып, 2015 жылдың аяғына дейін қаржыландырылатын болады.


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Гранттық қаржыландыру бойынша» 1 жоба - жеке кәсіпкер Р.Шынахметов құрылысқа қажетті «пеноблок өндіру» бизнес-жобасы бойынша конкурсқа қатысып, нәтижесінде 2 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грантты жеңіп алды. Қазіргі таңда кәсіпкер пеноблок, брусчатка, бордюр құрылыс өнімдерін шығаруда.
Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы қаржыландырылған жобалар - барлығы 47,4 млн.теңге (Мекенжайы Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі №32 тел:8 (7242) 40-11-56)

Оның ішінде:

1. Жеке кәсіпкер «И.Жұмашева» тігін цехын кеңейту мақсатында 3 млн. тенге жеңілдетілген несие алып, жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 10 адамды жұмыспен қамтып отыр.

2. «ЖК Жолдасбаева П» «Амбулотория ашу» жобасына 8,5 млн. теңге несие алды.

3. ЖК Джубаниязова Сайлаштың «Қонақ үй кешенін дамыту» жобасы 10 млн. теңге,

4. ЖК Саянов Серикбайдың «Көкініс қоймасын дамыту» жобасы 4,9 млн.теңге

5. ЖК Ж. Сагынбаевтың «Шағын маркетті жабдықтау» жобасы 10 млн. теңге

6 Т.Ибраеваның « Жеке балабақшы ашу» жобасы 10 млн. теңге

7. ЖК Ж.Байназаров 1 млн. теңге несиеге қол жеткізді.

Сонымен қатар Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы (РИЦ) мамандарымен бірлесе отырып, Сексеуіл кенті, Қамбаш, Октябрь, Ақирек ауылдық округтері елді мекендері бойынша бизнес-бастамаларын қаржыландыру, жобаларды қолдау бойынша ауыл кәсіпкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



Кәсіпкерлік сұрақ бойынша
Өткен жылы Арал аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен кәсіпкерлер палатасы арқылы 1487 кәсібін енді ашушы және кәсіпкер келіп 3712 түрлі кеңестер алған. Бизнес-мектебі арқылы өз кәсібін енді ашуды жоспарлап жүрген 131 бастамашыл тұрғындар мен оны әрі қарай дамыту ниетіндегі кәсіпкерлерге арналған кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқытылып сертификаттар табысталды. Сонымен қатар кәсіпкерлердің арыз-өтініштеріне сәйкес заңдылығына сай қызмет көрсетілуде. Несиеге ынталы кәсіпкерлерге сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Аудан кәсіпкерлері тарапынан жие қойылатын сұрақтар: 1) Екінші деңгейлі банктер тарапынан кепіл заттың төмен бағалануы. 2) Жер мәселесі бойынша. 3)Екінші деңгейлі банктердің несиеге тапсырылған құжаттарының ұзақ қаралуы.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 257,1 млн. теңгеге 27 қожалық несиелендірілген. Оның ішінде:

1. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 18,1 млн. теңге несие алды. ( 3 жоба)

2. «Құлан» бағдарламасы бойынша – 15,9 млн. теңге несие алды. ( 2 жоба) 1.

3. «Ауыл шаруашылығы өңдеу өнеркәсібін кредиттеу » бағдарламасы бойынша – 112,6 млн. теңге несие алды. ( 22 жоба)



«Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ы арқылы барлығы 120,7 млн. теңге, барлығы 39 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде:

1. «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша – 51,5 млн. теңге несие алды. (16 жоба)

2. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша –29,0 млн. теңге несие алды.(13 жоба)

3. Біріккен Ұлттар Ұйымының « Эко-даму» бағдарламасы бойынша –

33,4 млн. теңге несие алды.(8 жоба)

4. Мурабаха Исламдық дамыту бағдарламасы бойынша құны 6,7 млн. теңге несие алды.(2 жоба)



«Қаз агроқаржы» АҚ-ы арқылы «Берекет» шаруа қожалығының «Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын салу» жобасы бойынша 36,2 млн. теңгеге лизингпен қаржыландырылды.
Арал ауданы территориясынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында жол маңы сервистік қызмет көрсету нысандарының орналасуы жөніндегі ақпарат

Арал ауданы территориясынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында жол маңы сервистік қызмет көрсету объектілерін салу үшін 4 жоба орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде:



1-ші жоба: 1358 шақырымында орналасқан жеке кәсіпкер Б. Жандаулетов құрылыс жұмыстарын аяқтау үстінде. «Облыстың және ауданның туристік имиджін қалыптастыру мақсатында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Арал қаласына кіре беріс тұсында «В» санатты жол бойы сервис кешенін салу» жобасы эксперттік комиссияда мақұлданып, облыс әкімі жанындағы Аймақтық үйлестіру кеңесінің оң шешімін алған. Әкімдік тарапынан қажетті 4 га жер бөлінді. Қазіргі таңда сервистік кешеннің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.

2-ші жоба: 1343 шақырымында орналасатын жеке кәсіпкер М. Ұзақованың «С» санатты сервистік қызмет көрсету жобасы. Жеке кәсіпкер М. Ұзақованың эскиздік жобасы сәулет-қала құрылысы Кеңесінде мақұлданып, қажет етілетін 2 га жер учаскесі табысталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2016 жылдың басында іске қосу жоспарлануда.

3-ші жоба: 1358 шақырымының сол жақ бетінде орналасатын жеке кәсіпкер Г. Жұмағазиеваның жобасы. Жеке кәсіпкер Г. Жұмағазиеваның «С» санатты сервистік қызмет көрсету жобасының жер телімі «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС-нің жанар-жағар май құю стансасының жанында орналасатындықтан тиісті мекемелерден анықтама және келісім құжат алынды. Эскиздік жобасы облыстық сәулет-қала құрылысы Кеңесінде мақұлданған, әкімдік тарапынан тиісті жер учаскесі бөлінді. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде.
4-ші жоба: 1358 шақырымында орналасқан «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-нің жанар-жағар май құю стансасының жобасы құрылыс жұмыстарын бастау үшін рұқсаттама құжаттарын әзірлеуде.
Туризм саласы бойынша

«Арал ауданында Арал теңізі және Қамбаш көлінің орналасуы аудан көлемінде туризм саласының дамуына зор мүмкіндік береді. Облыс көлемінде туристік кластерін дамытуға басымдық беріліп отырған «Байқоңыр» ғарыш айлағына аудан арқылы теміржол және автокөлік жолдары жүргізілген. Аудан экономикасын дамытудың басты бір көзі болып табылатын, жалпы көлемі 494 гектар жерді құрайтын «Қамыстыбас» демалыс аймағын құру жұмыстары жасалуда. Осыған орай, Қамыстыбас демалыс аймағын дамытуға қатысты арнайы іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Бұл шаралар туристер үшін көл жағалауына салынатын құрылыстарға инвестиция тарту, демалыс аймағына қажетті инфрақұрылымды жеткізу жолдарын қарастыру, ұйымдастырылатын жұмыстарға қатысты тиісті құжаттарды әзірлеу, туристер санын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, демалыс аймағына келіп тынығушылардың қауіпсіздігін және көл жағалауы мен демалыс аймағының тазалығын қамтамасыз ету т.б. ауқымды жұмыстарды қамтиды. Қамыстыбас демалыс аймағынан талапқа сай туристік объектілер салынып, қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда аудан әкімдігінің қаулысымен демалыс аймағына берілген 494 гектар жер телімі «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінен Арал ауданы «Қамыстыбас ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне табысталды. Осы жер телімінің «Аққұмшық» жерінен аукцион арқылы Қамыстыбас селолық тұтыну кооперативіне заңдылығына сай 2 гектар жер учаскесі 2 жыл мерзімге жалға берілді. СТК басшылығы демалыс аймағының бас жоспарына сәйкес орналасатын құрылыс жобаларына Арал, Қазалы ауданының 27 кәсіпкерлерімен келісім-шартқа отырған . Қазіргі таңда кәсіпкерлер демалыс аймағына 80-ге жуық нысанның құрылысын жүргізіп, 30,0 млн. теңгеден аса инвестиция құйып отыр. Көл жағалауында катер, үрлемелі қайық, катамаран, гидроцикл сынды жүзу құрылғылары тынығушыларға қызмет көрсетті. Құрылыс жұмыстарына 350-ден астам жергілікті жұмысшылар тартылып, 150-ден астам адам маусымдық жұмыспен қамтылды. Жалпы жазғы демалыс маусымында демалыс аймағында 70 мыңнан астам демалушылар келіп тынықты.

2015 жылы үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан бойынша жалпы құны 4,429 млрд. теңге құрайтын 4 жоба 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік индустрияланру картасына енгізілді. Оның ішінде«Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің (жоба бастамашысы-М.Жұмашев) «Күйдірілген кірпіш өндірісі» жобасы іске қосылды. Жалпы жобаларды жүзеге асыру барысында құрылыс кезінде 162 жұмыс орны және іске қосылғанда 196 жұмыс орны құрылатын болады. Аталған жобалар:

1. «Берекет» ШҚ (жоба бастамашысы - К.Жайназаров ) «Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын салу» құны 38,3 млн. теңге жобасы. Жұмыспен қамтылатын адам саны-27, Қуаттылығы: жылына 1800 тонна ет, 96 тонна тұшпара өнімдері. 2014 жылы 24 қаңтарында Аймақтық үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алған. Индустриялық аймақтан 1 гектар жер телімі берілді. 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілді. Қазіргі таңда кешеннің негізігі бөлігі «Ет және ет өнімдерін өндіру» цехының құрылысы аяқталып, қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылға наурыз айында іске қосу жоспарлануда.

2. «Аралым» ЖШС-нің (жоба бастамашысы–А.Шүйіншәлиев) «Диверсификацияланған көпсалалы ауыл шаруашылық кешені» жобасы.

Жоба құны – 4,0 млрд. теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 70 адам, іске қосылу кезінде 78 адам қамтылатын болады. Қуаттылығы 180 000 тонна. Іске асыру мерзімі 2016 жыл.

Зауыт іске қосылған жағдайда Қызылорда облысының заңды және жеке тұлғаларды сапалы ұн өнімімен қамтамасыз ететін болады. Сонымен қатар түрлі формадағы нан өнімдерін өндіреді. Аймақтық үйлестіру кеңесінде инвестициялық жоба ретінде оң қорытындысын алған. Жоба бастамашысы тарапынан индустриялық аймақтан қажетті 5 гектар жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде.


3. «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің (жоба бастамашысы-М.Жұмашев) «Күйдірілген кірпіш өндірісі» жобасы Жобаның құны 30,8 млн. теңге, жоба толыққанды іске қосылғанда 45 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Облыстық аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралып, жер қойнауына рұқсат беру үшін тиісті шешім қабылданды. Қазіргі таңда геологиялық- барлау жұмыстарына ю-10-10-2476 санды «Оңқазжерқойнауы» ӨД геологиялық бөлінісі алынды. 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген. Жоба қазан айында іске қосылды.

4. «Жаңа Арал» ЖШС-нің (жоба бастамашысы-М.Жұмашев) «Жүн және теріні алғашқы өңдеу» жобасы

Жоба құны – 360,0 млн. теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 50 адам, іске қосылу кезінде 46 адам қамтылатын болады. Қуаттылығы күніне 30 тонна жем шығару. Жобаны іске асыру мерзімі 2015-2016 жылдар . 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген. Индустриалдық аймақтан 4 гектар жер телімі бөлінді.

ҮИИДМБ бірінші бес жылдығының қорытындысы бойынша 2010-2014 жылдары Өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген «Аралтұз» АҚ-ның «Техникалық және ас тұзын өндіру» жобасы (жоба құны 1540 млрд.теңге) 2014 жылдың 22 желтоқсанында іске қосылды. Бүгінгі күнге бұл кәсіпорын «Жоспарлы қуаттылықта» 106 % орындады.

Сонымен қатар Республикалық Индустрияландыру картасына енгізу үшін «Арал Сода» ЖШС-нің «кальцилендірілген сода өндіру» жобасы республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін уәкілетті органға және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі комиссия қарауына ұсынылды. Жоба құны – 37,2 млрд.тенге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 350 адам, іске қосылу кезінде 700 адам қамтылатын болады. Қуаттылығы жылына 200 мың тонна кальцилендірілген сода өндіру. Жобасы іске асыру мерзімі 2016-2018 жылдар .Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру үшін ауданның солтүстік- батыс бетінен жалпы көлемі 100 гектар жер учаскесі табысталды.

Ақпарат ретінде жолданды.



Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы бағдарламасының орындалуы туралы
2015 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015 – 2019 жылдарға арналған өңірлік Индустрияландыру картасына 4 жоба енгізілді.

1. «Берекет» ШҚ (жоба бастамашысы - К.Жайназаров ) «Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын салу» құны 38,3 млн. теңге жобасы. Жұмыспен қамтылатын адам саны-27, Қуаттылығы: жылына 1800 тонна ет, 96 тонна тұшпара өнімдері. 2014 жылы 24 қаңтарында Аймақтық үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алған. Индустриялық аймақтан 1 гектар жер телімі берілді. 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілді. Қазіргі таңда кешеннің негізігі бөлігі «Ет және ет өнімдерін өндіру» цехының құрылысы аяқталып, қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаны жыл аяғына дейін іске қосу жоспарлануда.

2. «Аралым» ЖШС-нің (жоба бастамашысы–А.Шүйіншәлиев) «Диверсификацияланған көпсалалы ауыл шаруашылық кешені» жобасы.

Жоба құны – 4,0 млрд. теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 70 адам, іске қосылу кезінде 78 адам қамтылатын болады. Қуаттылығы 180 000 тонна. Іске асыру мерзімі 2016 жыл.

Зауыт іске қосылған жағдайда Қызылорда облысының заңды және жеке тұлғаларды сапалы ұн өнімімен қамтамасыз ететін болады. Сонымен қатар түрлі формадағы нан өнімдерін өндіреді. Аймақтық үйлестіру кеңесінде инвестициялық жоба ретінде оң қорытындысын алған. Қазіргі таңда индустриялық аймақтан қажетті 5 гектар жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде. 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілді.



3. «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің (жоба бастамашысы-М.Жұмашев) «Күйдірілген кірпіш өндірісі» жобасы Жобаның құны 30,8 млн. теңге, жоба толыққанды іске қосылғанда 45 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. 2014 жылдың 2 қазанында облыстық аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралып, жер қойнауына рұқсат беру үшін тиісті шешім қабылданды. Қазіргі таңда геологиялық- барлау жұмыстарына ю-10-10-2476 санды «Оңқазжерқойнауы» ӨД геологиялық бөлінісі алынды. 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген. Жүзеге асырылу мерзімдері 2016 жыл.

4. «Жаңа Арал» ЖШС-нің (жоба бастамашысы-М.Жұмашев) «Жүн және теріні алғашқы өңдеу» жобасы

Жоба құны – 360,0 млн. теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 50 адам, іске қосылу кезінде 46 адам қамтылатын болады. Қуаттылығы күніне 30 тонна жем шығару. Жобаны іске асыру мерзімі 2015-2018 жылдар . Индустриалдық аймақтан 4 гектар жер телімі берілді.

Республикалық Индустрияландыру картасына енгізу үшін «Арал Сода» ЖШС-нің «кальцилендірілген сода өндіру» жобасы облыстық аймақтық үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алып, республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін уәкілетті органға және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі комиссия қарауына ұсынылды. Жоба құны – 37,2 млрд.тенге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 350 адам, іске қосылу кезінде 700 адам қамтылатын болады. Қуаттылығы жылына 200 мың тонна кальцилендірілген сода өндіру. Жобасы іске асыру мерзімі 2016-2018 жылдар .Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру үшін ауданның солтүстік- батыс бетінен жалпы көлемі 100 гектар жер учаскесі табысталды.

Индустриялық аймақ туралы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында индустриялық аймақ құру үшін қаланың солтүстік-шығыс бетінен 10 га жер бөлінді. Аталған аймаққа инфрақұрылым жүйелерін жеткізу үшін (Су жүйесі, электрэнергия және автокөлік жолы) 2013 жылдың күз айында жергілікті бюджеттен 4,2 млн теңге қаражат бөлініп, «СКА СтройПроект» ЖШС жобалық сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 2014 жылдың сәуір айында инфрақұрылым жүйелерін жеткізу үшін республикалық бюджеттен 191,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 16,6 млн. теңге, барлығы - 208,6 млн. теңге қаржы бөлінген. Облыстық құрылыс басқармасымен тендер жарияланып, нәтижесінде «Қазалықұрылыс» ЖШС-і жеңімпаз аталып, инфрақұрылым салу жұмыстарын аяқтады.



Қазіргі таңда индустриялық аймақта 3 жоба орналасқан.

1. «Берекет» ШҚ (жоба бастамашысы - К.Жайназаров ) «Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын салу» құны 38,3 млн. теңге жобасы. Жұмыспен қамтылатын адам саны-27, Қуаттылығы: жылына 1800 тонна ет, 96 тонна тұшпара өнімдері. 2014 жылы 24 қаңтарында Аймақтық үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алған. Индустриялық аймақтан 1 гектар жер телімі берілді. 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілді. Қазіргі таңда кешеннің негізігі бөлігі «Ет және ет өнімдерін өндіру» цехының құрылысы аяқталып, қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2016 жылы наурыз айында іске қосу жоспарлануда.

2. «Аралым» ЖШС «Диверсификацияланған көпсалалы ауыл шаруашылық кешені» жобасы. Жоба құны – 4,0 млрд. теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 70 адам, іске қосылу кезінде 78 адам қамтылатын болады. Қуаттылығы 180 000 тонна. Іске асыру мерзімі 2016 жыл. Зауыт іске қосылған жағдайда Қызылорда облысының заңды және жеке тұлғаларды сапалы ұн өнімімен қамтамасыз ететін болады. Сонымен қатар түрлі формадағы нан өнімдерін өндіреді. 2015 жылы мамыр айында Аймақтық үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алған. Жоба бастамашысы тарапынан қажетті 5 гектар жер телімін рәсімдеу жұмыстары кешеуілдеуде.

3. «Жаңа Арал» ЖШС-нің «Жүн және теріні алғашқы өңдеу» жобасы. Индустрияландыру картасына енгізу үшін өңірлік сараптама комиссиясына ұсынылып, Аймақтық үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алған.

Жоба құны – 360,0 млн. теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 50 адам, іске қосылу кезінде 46 адам қамтылатын болады. Қуаттылығы күніне 30 тонна жем шығару. Жобаны іске асыру мерзімі 2015-2018 жылдар . Қазіргі таңда 4 гектар жер телімі берілді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет