Қарқаралы ауданының әкімі Х. М. Мақсұтовтың 2013 жылдың ақпан айында елді мекендерде өткізген есепті кездесулерінің негізінде жасалған іс-шаралардың орындалысы туралы 25. 12. 2013жылға



жүктеу 228.16 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі228.16 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Қарқаралы ауданының әкімі Х.М.Мақсұтовтың 2013 жылдың ақпан айында елді мекендерде өткізген есепті кездесулерінің негізінде жасалған іс-шаралардың орындалысы туралы 25.12.2013жылға



Мазмұны

Ұсыныс – пікір білдірушінің тегі, аты мекен-жайы

Атқарылатын іс шара

Аяқталу түрі

Орындау мерзімі

Жауаптылар

Орындалысы жөнінде қысқаша ақпарат (негіздеме)



Едірей ауылын үзбеліксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету

Алиакбаров Дарилислам

Едірей ауылы



Бақылауға алу

Үзбеліксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

А.Жұмабеков

С.Сәркенов



Мәди селолық округіне қарасты Едірей елді мекенін электрэнергиясымен үзбеліксіз қамтамасыз ету мәселесі аудандық коммуналдық бөлім және Мәди селолық округі әкімінің күнделікті бақылауында. Бүгінгі күнге Едірей ауылына электрэнергиясы тұрақты беріліп тұр.

(Мәди с/округі әкімінің жауап хаты)



Айнабұлақ ауылындағы дәргерлік амбулаторияға ағымдағы жөндеу жүргізу

Айнабұлақ ауылының тұрғындары

Қаражат бөлу

Жөндеу жүргізу

қыркүйек

С.Әлиұлы

С.Жекеев к/бойынша

Ә.Нүркенова


Айнабұлақ ауылының дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 3 млн тенге қаражат бөлініп, ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

(Абай с/округі әкімінің жауап хаты)



Қаракөл ауылының иессіз жатқан күл-қоқысын шығару және көшелерді жарықтандыру

Сулешев Амантай

Қаракөл ауылы



Қаражат бөлу

Күл – қоқыс шығару, көшелерді жарықтандыру

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

Б.Әбдікәрімов


Қаракөл ауылының көшелерін жарықтандыруға «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы 2 млн 140 мың тенге және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы иессіз жатқан күл қоқыстарды шығаруға 391 мың тенге бөлінді. Осы қаржыларға көшеге 10 жарық шамы орнатылып, «Тазалық» коммуналық мекемесі 218 тн күл-қоқысты арнайы орынға шығарды.

(Қаракөл с/округі әкімінің жауап хаты)



Қоянды ауылындағы иессіз жатқан күл-қоқыстарды шығару

Набиянов Серік

Қоянды ауылы



Қаражат бөлу

Күл – қоқыс шығару

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

Е.Кәріпбаев


Қоянды ауылындағы иессіз жатқан күл қоқысты шығаруға 385 мың тенге бөлінді. Осы қаржыға 480 тн күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды.

(Қоянды с/округі әкімінің жауап хаты)



Бақты ауылының көшесін жарықтандыру

Ауыл тұрғындары

Қаражат бөлу

Көшелерді жарықтандыру

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

Б.Жәбдіков


Бақты ауылының көшелерін жарықтандыруға «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы 3 млн 890 мың тенге бөлінді. Осы қаржыға көшеге 30 жарық шамы орнатылды.

(Бақты с/округі әкімінің жауап хаты)



«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында округ тұрғындарын жылжымалы медициналық тексерістен өткізуді ұйымдастыру

Игіліков Қырымбай

Татан ауылы



Жоспарға енгізу

Дәрігерлік тексерістен өткізу

қыркүйек

С.Әлиұлы

С.Жекеев к/бойынша

Қ.Мұқтар


«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында облыстан арнайы жылжымалы медициналық бригада ауданға келіп, елді мекендерді аралап, аудан тұрғындарын медициналық байқаудан өткізді. Оның ішінде есепті кездесу кезінде өтініш білдірген Темірші селолық округінің да тұрғындары қамтылып, округтің 343 тұрғыны дәрігерлік байқаудан өткізілді.

(Аудандық орталық ауруханасының және (Темірші с/округі әкімінің жауап хаттары)





Томар ауылының дәргерлік амбулаториясына жөндеу жүргізу

Ауыл тұрғындары

Қаражат бөлу

Жөндеу жүргізу

қыркүйек

С.Әлиұлы

С.Жекеев к/ бойынша

С.Ильяшев


Томар ауылының дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 12 млн тенге қаражат бөлініп, ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысан тапсырылды.



Жарлы ауылын абаттандыру

Ауыл тұрғындары

Қаражат қарастыру

Ауылды абаттандыру

тамыз

А.Нөгербеков

Аудандық «Тазалық» мекемесінің және жекелеген шаруа қожалықтарымен жеке тұрғындардың техникаларымен 1400 тн күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды. Сонымен қатар ауылдағы әлеуметтік мекемелердің жанына 100 түп ағаш отырғызылды. Автомобиль көпіріне бояу және жаяу жүргіншілер көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Н.Әбдіров ескерткіш монументіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді

(Н.Әбдіров с/округі әкімінің жауап хаты)



Жаңатоған ауылының ауыз су құбырларын жөндеуден өткізуге қаражат бөлу, жөндеу жүргізу

Ақыжанов Оңдасын

Жаңатоған ауылы



Қаражат бөлу

Жөндеу жұмыстарын жүргізу

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

А.Бейсенбеков


Жаңатоған ауылының ауыз су құбырларына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 5 млн тенге қаражат бөлінді.

Осы қаржыға сәйкес аудандық коммуналдық «Тазалық» мекемесі ауыз су құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысан қабылданды.



(Жаңатоған с/округі әкімінің жауап хаты)



Ынталы ауылында иессіз жатқан күл қоқыстарды шығару, көшелерді жарықтандыру

Рақымбеков Жасұлан

Ынталы ауылы



Қаражат бөлу

Күл – қоқыс шығару, көшелерді жарықтандыру

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

А.Сәдуақасов


Ынталы ауылының көшелерін жарықтандыруға «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы 5 млн тенге және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы иессіз жатқан күл қоқыстарды шығаруға 661 мың тенге бөлінді. Осы қаржыларға көшеге 30 жарық шамы орнатылып, 188 тн күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды.

(Ынталы с/округі әкімінің жауап хаты)



Матақ ауылында иессіз жатқан күл қоқыстарды шығару, көшелерді жарықтандыру

Матақ ауылы тұрғындары

Қаражат бөлу

Күл – қоқыс шығару, көшелерді жарықтандыру

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

С.Омарбеков


Матақ ауылының көшелерін жарықтандыруға «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы 5 млн тенге және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы иессіз жатқан күл қоқыстарды шығаруға 319 мың тенге бөлінді. Осы қаржыларға көшеге 30 жарық шамы орнатылып, 75 тн күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды.

(Угар с/округі әкімінің жауап хаты)



Тегісшілдік ауылының көше жолдарына жөндеу жүргізу

Қырғызалин Әшім Тегісшілдік ауылы

Қаражат бөлу

Көше жолдарына жөндеу жүргізу

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

Ж.Ғимадиев


Тегісшілдік ауылының көше жолдарын жөндеуге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 1 млн 141 мың тенге бөлініп, осы қаржыға аудандық «Тазалық» мекемесі сметаға сәйкес көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді.

(Тегісшілдік с/округі әкімінің жауап хаты)



Көктас ауылына балаларға арналған ойын алаңын салу

Оразбаев Рахат Көктас ауылы

Қаражат бөлу

Балаларға арналған ойын алаңын салу

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

А.Шәкенұлы


Көктас ауылында балаларға арналған аулалық ойын алаңын орнатуға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 1 млн 438 мың тенге бөлініп, осы қаржыға Көктас ауылы мектебінің және клуб үйінің жанынан аулалық ойын алаңдары орнатылды.

(Қаршығалы с/округі әкімінің жауап хаты)



Талды ауылына балаларға арналған ойын алаңын салу

Тоғамбеков Сәбит Талды ауылы

Қаражат бөлу

Балаларға арналған ойын алаңын салу

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

М.Қабиев


Талды ауылында балаларға арналған аулалық ойын алаңын орнатуға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 1 млн 593 мың тенге бөлініп, Талды ауылы мектебінің жанынан аулалық ойын алаңы орнатылды.

(Қ.Аманжолов с/округі әкімінің жауап хаты)



Аппаз ауылының көше жолдарына жөндеу жүргізу

Аппаз ауылы тұрғындары

Қаражат бөлу

Көше жолдарына жөндеу жүргізу

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

М.Есенғабылов


Аппаз ауылының көше жолдарын жөндеуге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 1 млн 256 мың тенге бөлініп, осы қаржыға аудандық «Тазалық» мекемесі сметаға сәйкес көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді.

(Қайнарбұлақ с/округі әкімінің жауап хаты)



Селодағы иессіз жатқан күл қоқыстарды шығаруды ұйымдастыру

Село тұрғындары Егіндібұлақ селосы

Қаражат бөлу

Күл – қоқыс шығару

тамыз

С.Акимов

Р.Инербаев



Егіндібұлақ селосындағы қатты қалдықтарды шығаруға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 2 млн 267 мың тенге бөлініп, 1500 тн күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды.

(Егіндібұлақ с/округі әкімінің жауап хаты)



Теректі ауылына балаларға арналған ойын алаңын салу, көшесін жарықтандыру

Теректі ауылы тұрғындары

Қаражат бөлу

Балаларға арналған ойын алаңын салу, көшелерді жарықтандыру

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

М.Сәдуақасов


«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 5 млн қаражатты мемлекеттік сатып алу тәсілімен ойнатып, «Электромонтаж» ЖШС-гі 2 миллион 800 мың теңгеге ұтып алып, электр желісі арқылы көшені жарықтандыру бойынша 30 бағананы орнатты, қосу мәселесі бойынша желінің ақау жерлеріне жөндеу жұмыстары жасалынып, орнатылған отыз бағанға қосымша жарықтандыру жұмыстары жасалып, көше жарығы толық іске қосылды. Үнемделген 2 млн 200 мың теңге қаражатты мемлекеттік сатып алу тәсілімен «Инновация Тех» ЖШС-гі ұтып алып, Теректі ауылына 11 күн арқылы қуат алып сәуле беретін жарықтандыру бағанын орнатып іске қосты. 2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде бөлінген 780 мың теңгенің 500 мың теңгесі «Комерист» ЖШС-і арқылы игеріліп, балалар ойын алаңын Қазыбекби көшесіне орнаттылды. Қалған үнемделген сомаға қосымша келісім шарт арқылы жобаны жақсарту мақсатында жұмыстар аяқталды. (Шарықты с/округі әкімінің жауап хаты)



Кенттің бала бақшасына және №16 орта мектептің санитарлық жүйесіне жөндеу жүргізу

Жұмашев Әділ Қарағайлы кенті

Қаражат бөлу

Жөндеу жүргізу

тамыз

С.Әлиұлы

Т.Садуақасов

Қ.Исатаев


Қарағайлы кентінің №16 мектеп жанындағы балалар бақшасына жөндеу жүргізу үшін «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы 40 млн тенге қаржы бөлініп, сметаға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар мектептің санитарлық түйіншегін және септигін толық ауыстыруға 3 млн 952 мың тенге бөлініп, кестеге сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілді.

(Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жауап хаты)



Кенттің ауыз су құбырларына жөндеу жүргізу

Жагорова Валентина Қарағайлы кенті

Қаражат бөлу

Жөндеу жұмыстарын жүргізу

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

Қ.Исатаев


Қарағайлы кентінің ауыз су құбырлары жүйесіне жөндеу жүргізу үшін бюджеттен 2 млн 560 мың тенге және ауыз су мұнарасын жөндеуге «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы 5 млн 697 мың тенге бөлінді. Осы қаржыларға сметаға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды. Жалпы құны 18 млн тенге тұратын Талды су қоймасы – Қарағайлы байыту фабрикасы – Қарағайлы кенті бағытындағы су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Кент тұрғындарын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі кент әкімінің және аудандық коммуналдық бөлімінің күнделікті бақылауында.

(Қарағайлы кенті әкімінің жауап хаты)



Бүркітті ауылының көше жолдарына жөндеу жүргізу

Ауыл тұрғындары

Қаражат бөлу

Көше жолдарына жөндеу жүргізу

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

О.Қыстаубаев


Бүркітті ауылының көше жолдарын жөндеуге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 1 млн 469 мың тенге бөлініп, осы қаржыға мердігер мекеме сметаға сәйкес көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді.

(Қырғыз с/округі әкімінің жауап хаты)



Қарқаралы қаласының 190 жылдығына орай қаланы абаттандыру

Тохметов Тишбек

Қарқаралы қаласы



Қаражат бөлу

Қаланы абаттандыру

тамыз

С.Акимов

Н.Батырбеков



Қаланы абаттандыру мақсатында «Сарыарқа ұшқыштары» мемориалы мен «Қараала» көпір аумағын абаттандыруға аудандық бюджеттен екі жылға барлығы 65 млн. 203 мың 430 теңге қаражат қаралып (2013 жылға – 30 млн. теңге, 2014 жылға 35 млн. 230 мың 430 теңге), 2013 жылға жоспарлаған жұмыстары атқарылды. Биылғы жылы қала көшелеріндегі автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен 50 млн. теңге бөлініп, Ермеков, В.Рей, 78 Коммунарлар (жартылай), Ермеков көшесінен Байтұрсынов көшесіне (Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен жаяу жүретін көпірге) дейін, Құнанбай қажы, Қосыбаев көшелерінің аяқталмай қалған жерлеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Абай көшесіне 20 дана жарық бағаналарын орнату және 78 Коммунарлар көшесінің бойындағы жарық бағаналарына 16 дана жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілді.



(Қарқаралы қаласы әкімінің жауап хаты)



Қарқаралы қаласын толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Жарлы- Қарқаралы» топтық ауыз су жүйесін салуды жоспарға енгізу.

Қала тұрғындары

Жоспарға енгізу

Жобалау сметалық құжаттарын әзірлеп, облысқа бюджеттік өтінім жолдау

тамыз

С.Акимов

Б.Берниязов

Н.Батырбеков


Қаланы тұрақты түрде толығымен ауыз сумен қамтамассыз ету мәселесін шешу үшін «Жарлы Қарқаралы» топтық су жүйесін тарту мақсатында аудандық бюджеттен 11,0 млн.теңгеге жобалау сметалық құжаттары әзірленген. 2012 жылы облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Бүгінгі күні, аталған құжаттар ҚР су ресурстары комитетінде. Республикадан қаржылай қолдау көрсетілген жағдайда «Жарлы Қарқаралы» топтық су жүйесін тарту жұмыстары жүргізіледі.

(Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауап хаты)



Едірей бөлімшесіне спутниктік телефон жүйесін орнату

Алиакбаров Дарилислам

Едірей ауылы




Жоспарға енгізу

Спутниктік телефон байланысын орнату

қазан

С.Акимов

Д.Құдайбергенов к/бойынша

А.Жұмабеков


Едірей елді мекеніне спутниктік байланыс жүйесін орнату жоспарда бар. Бұл бағытта аудандық өндірістік телекоммуникациялар торабынан тиісті жұмыстар атқарылуда. (аудандық телекомторабының жауап хаты)



Ақтасты ауылын сапалы телефон байланысымен қамтамасыз ету

Бахриденова Батимаш

Ақтасты ауылы



Жоспарға енгізу

Сапалы телефон байланысымен қамтамасыз ету

қыркүйек

С.Акимов

Д.Құдайбергенов к/бойынша

С.Сәркенов


Ақтасты елді мекені бойынша ауыл іші кабельдері ауыстырылды. Ақтасты елді мекеніне 25 СДМА-450 телефоны, Шілдебай елді мекеніне 7 телефон нүктесі орнатылды.

(аудандық телекомторабының жауап хаты)



Қарабұлақ ауылына баратын 9 шақырым жолды жөндеу

Тажимуликова Құралай Бейсенбайқызы, Қарабұлақ ауылы

Қаражат бөлу

Жолға жөндеу жүргізу

қыркүйек

С.Акимов

С.Шажаров

Р.Смагулов


Қарабұлақ ауылына баратын 9 шақырым жолға жөндеу жұмыстары бойынша биылғы жылы республикалық бюджет есебінен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 25,0 млн.теңге қаралып, жолға жөндеу жұмыстары биылғы жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында жүргізілді. Бүгінгі күнге, жұмыстар толығымен аяқталды.

(Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауап хаты)



Ақжол ауылының көше жолдарына жөндеу жүргізу

Нұрмағанбетова Шынар, мұғалім

Қаражат бөлу

Көше жолдарына жөндеу жүргізу

қыркүйек

С.Акимов

С.Шажаров

Қ.Жантурин


Ақжол ауылының көше жолдарын жөндеуге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 855 мың тенге бөлініп, осы қаржыға аудандық «Тазалық» мекемесі сметаға сәйкес көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізді.

(М.Мамыраев а/округі әкімінің жауап хаты)



Томар ауылындағы ауыз су құбырларына жөндеу жүргізу

Сырбаев Елмағанбет

Томар ауылы



Қаражат бөлу

Жөндеу жұмыстарын жүргізу

тамыз

С.Акимов

С.Шажаров

С.Ильяшев


Томар ауылының ауыз су құбырларына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 740 мың тенге қаражат бөлінді. Осы қаржыға сәйкес аудандық коммуналдық «Тазалық» мекемесі ауыз су құбырларына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіп, 5 жаңа ауыз су колокаларын орнатты.

(Томар с/округі әкімінің жауап хаты)



Жарлы ауылында жүргізіліп жатқан ауыз су құбырларының құрылыс жұмыстарын аяқтау

Ауыл тұрғындары

Қаражат бөлу

Су құбырларының құрылыс жұмыстарын аяқтау

қазан

С.Акимов

Т.Омаров


А.Нөгербеков

Жарлы ауылының су жүйесінің құрылысын жүргізуге жалпы сомасы 144,9 млн.теңге қаржыға Фирма «Энергия» ЖШС-гімен келісім шарт жасалды. Құрылыс нысаны бойынша барлығы 22,4 км су құбыры тартылды, 234 үйге су жүйесі кіргізілді, 2 скважина бұрғыланды, насос станциясы орнатылды, электр жүйесі тартылды, 50 м3 су мұнарасын орнату, су тартылған орындарды тегістеу жұмыстары жасалды. Нысан бойынша барлығы 209,4 млн.теңге қаржы игерілді, Нысан пайдалануға берілді.

(аудандық құрылыс бөлімінің жауап хаты)





Айнабұлақ ауылындағы ауыз су құбырларына жөндеу жүргізу

Оразбеков Айтқазы,

Айнабұлақ ауылы



Қаражат бөлу

Жөндеу жұмыстарын жүргізу

қыркүйек

С.Акимов

С.Шажаров

Ә.Нүркенова


Айнабұлақ ауылының ауыз су құбырларына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 3 млн тенге қаражат бөлінді.

Осы қаржыға ауыз су құбырларының 8 жердегі үзіліп тұрған ақаулары жөнделіп, жаңадан құбырлар салынып, 5 ауыз су колонкасы ауыстырылып, боялды. Су жинайтын мұнара толық жөндеуден өткізіліп, сырты қоршалды. Жаңа насос орнатылды.



(Абай с/округі әкімінің жауап хаты)



Тұрғындарға газет – журналдарды уақытылы жеткізуді ұйымдастыру

Ақтасты ауылының тұрғындары

Бақылауға алу

Тұрғындарға газет – журналдарды уақытылы жеткізуді ұйымдастыру

наурыз

С.Әлиұлы

Ш.Аймағанбетова к/бойынша

С.Сәркенов


Аудандық пошта байланысы торабы мен жеке тұлға арасында Ақтасты ауылына газет журналдарды аудан орталығынан аптасына үш рет жеткізіп беріп тұру жөнінде келісім шарт жасалды.

Ақтасты ауылындағы пошта байланысы бөлімшесі баспасөз жазылымдарын алысымен тұрғындарға таратып беріп отыр. Бұл жұмыс күнделікті селолық округ әкімінің және аудандық пошта байланысы торабының жіті бақылауында.

(Тәттімбет ауылдық округі әкімінің және аудандық пошта байланысы торабының жауап хаттары)




Бастал ауылына баратын жолды қысқы маусымда қардан аршып отыру

Бастал ауылының тұрғындары

Техника және жағар май бөлу

Жолды қардан аршып отыру

сәуір

С.Акимов

С.Шажаров

К.Шайманов


Бастал ауылына келетін жолды қардан тазалау жұмыстары селолық округ әкімі арқылы жүргізілетін болады. Бұл мәселе ауылдық округ әкімінің тікелей қадағалауында. (Н.Нұрмақов ауылдық округі әкімінің жауап хаты)



Айнабұлақ ауылына баратын жолды қысқы маусымда қардан аршып отыру

Коскин Сейфолла

Айнабұлақ ауылы



Техника және жағар май бөлу

Жолды қардан аршып отыру

сәуір

С.Акимов

Р.Смагулов



Балқантау селолық округі әкімі тарапынан Айнабұлақ ауылына баратын жол қысқы маусымда шаруа қожалықтарының көмегімен қардан аршылып, жол қатынасы қамтамасыз етілді. Бұл мәселе ауыл әкімінің бақылауында болды.

(Балқантау селолық округі әкімінің жауап хаты)





Татан ауылына келетін жолды қысқы маусымда қардан аршып отыру

Хасенова Галина

Татан ауылы



Техника және жағар май бөлу

Жолды қардан аршып отыру

сәуір

С.Акимов

С.Шажаров

Қ.Мұқтар


Аудандық «Тазалық» мекемесі тарапынан Татан ауылына баратын жол қысқы маусымда қардан аршылып, жол қатынасы қамтамасыз етілді.

(Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауап хаты)



Жарлы ауылына жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық автокөліктің жұмысын бақылауға алу

Ауыл тұрғындары

Қоғамдық автокөліктің жұмысын бақылауға алу

Жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық автокөліктің уақытылы жүріп тұруын қадағалап отыру

мамыр

С.Акимов

С.Шажаров

А.Нөгербеков


Жарлы ауылына жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық автокөліктің жұмысы күнделікті селолық округі әкімі аппаратының бақылауында тұр. Аталған бағыт бойынша бүгінгі күні қоғамдық жолаушылар тасымалдау автокөлігі жолаушыларды күнделікті бекітілген кестеге сәйкес тасымалдауда.

Бұл жұмысты жеке кәсіпкер Қарағанды қаласындағы «Сапар» ЖШС келісім шарт негізінде атқарып отыр. Жоғарыда аталған мәселе селолық округі әкімі аппаратының үнемі бақылауында болады және бүгінгі күнге ауыл тұрғындары тарапынан наразылық туындаған жоқ.

(Н.Әбдіров селолық округі әкімінің жауап хаты)




Ынталы селолық округіне қарасты №5 разьездің жолын қардан аршып отыру

Алиасқаров Ерсін

№5 разъезд



Техника және жағар май бөлу

Жолды қардан аршып отыру

сәуір

С.Акимов

А.Сәдуақасов



Ынталы селолық округі әкімі аппараты тарапынан №5 разъездге баратын жол қыс маусымында қардан уақытылы аршылып отырылды.

(Ынталы селолық округі әкімінің жауап хаты)





Қызылту ауылына баратын жол уақытылы қардан тазалап отыру

Нығманов Құтжан, Қызылту ауылы

Техника және жағар май бөлу

Жолды қардан аршып отыру

сәуір

С.Акимов

С.Шажаров




Аудандық «Тазалық» мекемесі тарапынан Қызылту ауылына баратын жол қысқы маусымда қардан аршылып, жол қатынасы қамтамасыз етілді.

(Бесоба селолық округі әкімінің жауап хаты)





Селоның ішкі жолдарын қардан уақтылы аршып отыру

Село тұрғындары Егіндібұлақ селосы

Техника және жағар май бөлу

Көше жолдарын қардан аршып отыру

наурыз

С.Акимов

Р.Инербаев



Аудандық «Тазалық» мекемесі мен Егіндібұлақ селолық округі әкімі аппаратының арасында жасалған келісім шарт негізінде селоның ішкі жолдары қардан тазаланып отырылды. Қыс маусымында қардың мөлшерден тыс түсуіне байланысты қар тазалауда уақытша үзбеліктер болды. Мұндай уақыттарда селодағы мекемелерден қосымша қар тазалауға техникалар жұмылдырылды.

Селоның шет жағында тұратын жалғыз басты аналар мен жағдайы төмен отбасылардың үйлері селодағы мекемелерге бекітіліп, үй маңайларын қардан тазалауға көмек көрсетілді.

(Егіндібұлақ селолық округі әкімінің жауап хаты)




Қала басында иессіз иттердің көзін жою жұмыстарын жүргізу

Қала тұрғындары

Қаражат бөлу

Иессіз иттердің көзін жою

тамыз

Б.Тоқмурзин

А.Қасымов

Н.Батырбеков


«Аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» және «Қарқаралы аудандық ветеринариялық станциясы» КМК тарапынан тиісті жұмыстар ұйымдастырылып, қала басында және кент, селолық округтерде иессіз бос жүрген иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп, барлығы 344 бас ит ауланды. Оның ішінде қала басынан 70 бас ит ауланды.

(аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің жауап хаты)





Қарқаралы қаласында денешынықтыру – сауықтыру кешінін салуды жоспарға енгізу

Қала тұрғындары

Обылыстық басқармалармен жұмыс жасау

Құжаттарын әзірлеп бюджеттік өтінім жолдау

тамыз

С.Акимов

Б.Берниязов

Т.Садвокасов


Қарқаралы қаласында дене шынықтыру – сауықтыру кешінін салу үшін аудандық бюджеттен сметалық жобалау құжаттарын дайындауға 8 млн тенге қаржы бөлініп, жобалау сметалық құжаттарын дайындалды. Облысқа нысанды салуға бюджеттік өтінім жолданды.

(аудандық білім бөлімінің жауап хаты)



Республикалық маңызы бар Қарқаралы-Көктас аралығындағы 42 шақырым тас жолды күрделі жөндеуден өткізуді жоспарға енгізу

Қала тұрғындары

Обылыстық басқармалармен жұмыс жасау

Құжаттарын әзірлеп бюджеттік өтінім жолдау

тамыз

С.Акимов

Б.Берниязов

С.Шажаров


Республикалық маңызы бар Қарқаралы-Көктас аралығындағы 42 шақырым тас жолды күрделі жөндеуден өткізуді жоспарға енгізу жөнінде 2011 жылы ҚР Көлік және Коммуникация Министрлігінің автомобиль жолдары Комитеті арқылы жобалау сметалық қ ұжаттар әзірленген. Жобаның құны 6,0 млрд.теңгені құрайды. «ҚазАвтоЖол» АҚ Қарағанды облыстық филиалының 2013 жылдың қазан айындағы қатынас хатына сәйкес 2014 жылдың жоспарына аталмыш учаскеге күрделі жөндеу жүргізу жөнінде республикаға ұсыныс жолданатыны көрсетілген.

(Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауап хаты)



Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Сатыбалдин

Орын: Д.Әзімханов



32666



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет