Қарастырылатын мәселелер



Дата30.11.2019
өлшемі23.91 Kb.

ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР:

  • 1.Психологияның ғылым ретіндегі анықтамасы, мақсаты, міндеттері.
  • 2.Жан қуаттарының топтастырылуы.
  • 3.Тәлім – тәрбие психологиясы
  • 4.Жас кезендерінің психологиясы
  • 5.Арнаулы психология мен медицина психологиясы.
  • 6.Әлеуметтік психология т.б.
  • 7.Жанды зерттеу әдістері.Байқау әдісі.
  • 8.Тәжірибе (эксперимснт) әдісі.
  • 9.Әңгімелеу әдісі.
  • 10.Сауалнама (анкеттік) әдісі.
  • 11.Тест (сынак, сынау) әдісі.

ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ:

  • І. Психология - жан туралы ғылым
  • І. Психология - жан туралы ғылым
  • (дамуы Аристотельден басталады)
  • ІІ. Психология - сана туралы ғылым
  • (В.Вундт 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш экспериментальды психологиялық лаборатория ашты)
  • ІІІ. Психология-психика туралы ғылым
  • Психология - психикалық құбылыстардың (жан куаттарының) пайда болу,
  • даму және қалыптасу заңдылыктарын зерттейтін ғылым.
  • Гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - "псюхе" (жан), екінші - "логос" (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді.
  • Психология ғылымының мақсаты-психикалық феномендердің обьективті заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
  • Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
  • Психология ғылым ретінде өз алдына мынандай міндеттерді қояды:
  • а)теоретико-концептуалдық және эмпирико-тәжірибелік модельдерге, конструкцияларға, эталондар мен парадигмаларға бағыттала отырып психикалық құбылыстардың, факторлардың, үдерістердің құрылымдық-сапалық ерекшеліктерін танып зерттеу;
  • б) психикалық феномендердің, құбылыстардың, үдерістердің эволюциясын, құрылуын психиканың обективті кондициялары ретінде-адамдардың өмір формалары мен іс-әрекет белсенділігі арқылы детерминациялануын талдау;
  • в) психикалық құбылыстардың іргесін қалайтын нейрофизиологиялық және физиологиялық полимеханизмдерін зерттеу; г) психологияның концептуалды ғылыми білімдерін практикалық іс-әрекетке кіргізуді апробациялау.
  • Топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топка бөлінеді. Олардын бірі
  • -психикалык процестер деп аталса,
  • -екіншілері психикалык қалып,
  • -үшіншілері психикалық қасиетгер деп аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, кабылдау, елестеу, т. б) сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарың тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, киял т.б) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүние мен (объективтік шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.

ПСИХИКАЛЫҚ КЕЙІП

  • Психикалық кейіп (немесе қалып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б) тұрақты компоненттері.
  • Жан қуаттарының осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық зерттелінбеген.

ПСИХИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР

  • Психикалық қасиеттер — бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең түрлаулы ерекшеліктер.
  • Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.
  • Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, онын кейбір таптық, ұлттык, жас өзгешілік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.

ПСИХИКАЛЫК ПРОЦЕСТЕР

  • Психикалык процестер - сырткы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
  • Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымындап. бір өшіп, бір жанып түр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып ескен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, кейде әлсін - әлі құрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке сапалары сәулеленетін болса. қабылдауда олар тұтастай, біріккен сапаларымен бейнеленеді.
  • Тәлім - тәрбие (педагогикалық) психологиясы.
  • Жас кезеңдерінің психологиясы.
  • Арнаулы психология
  • Медициналық психология
  • Әлеуметтік психология
  • Салыстырмалы психология
  • Қылмыс психологиясы
  • Сауда психологиясы
  • Спорт психологиясы
  • Арнаулы психология
  • тармақтары бар:
  • 1.Олигофренопсихология
  • 2.Сурдопсихология
  • 3.Тифлопсихология
  • 4.Патопсихология
  • Әскери психология.
  • Психология салалары

ЖАНДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

  • Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар.
  • Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады.
  • І. Ұйымдастыру әдістері:
  • салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру);
  • Лонгитюдтік «генетикалық жол» әдіс (бір адамды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу-баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді);
  • кешендік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылым өкілдері қатысады, бір обьектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді
  • ІІ. Эмпирикалық әдістер: Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұқбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау, биографиялық (өмірбаян) әдістер енеді.
  • ІІІ. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
  • ІV. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.
  • Негізгі әдістер: бақылау (іштей, өзін-өзі бақылау; сырттай); Эксперимент (лабораториялық, табиғи)
  • Қосымша: анкета, тест, әңгімелесу, моделдеу, сұқбат, сұрақ, математикалық-статистикалық, конспект-анализ.
  • Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады:
  • Өзін -өзі бақылау.
  • Сыртқы, немесе объективтік бақылау

БАЙҚАУ ӘДІСІ

  • Байкау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
  • 1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зертгелуін қамтамасыз ету;
  • 2) Зерттелетін обьектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау обьектісі ретінде сабаққа нашар оқитын студентті алатын болсақ, мақсатымыз - оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;
  • 3) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұкият талдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу - осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.

ТӘЖІРИБЕ (ЭКСПЕРИМСНТ) ӘДІСІ.

  • Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуатгарының көлдененнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.
  • Лабораториялық тәжірибе XІX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.

ЛАБОРАТОРИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІ МЫНА ТӨМЕНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ:

  • 1. Байкалатын обьекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;
  • 2. Тәжірибе түрінде лайықты жүмыс жағдайын жасау (жазып отыру,инструкциялар т.б. жазу — сызу құралдарымен қамтамасыз ету).
  • 3. Тәжірибені күнілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге
  • сай жүргізу.
  • 4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандык және сапалық жағынан дербес талдау жасау.
  • 5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығара отырып, тәжірибе жүргізуде ашылған кейбір ғылым деректерді
  • (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу – тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл тәжірибенің негізгі
  • мақсатының орындалғаны болып табылады.

ТАБИҒИ ЭКСПЕРИМЕНТ

  • Табиғи эксперимент
  • Тәжірибенің екінші бір түрі - табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи экспериментті психологияға тұнғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский ( 1974 - 1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады.

САҮАЛНАМА ӘДІСІ

  • Саүалнама әдісі бойынша кісі күні бұрын арнаулы парактарға жазылып қойылған сұрактарға жазбаша жауап қайтарады. Осы әдіспен әр түрлі топтың, ұжымның, оның жеке өкілдерінің психологиялық ерекшеліктері (талап - тілегі, мақсат- мүддесі, талғам - мұраты, қызығуы, бейімділігі т.б.) ажыратылады. Мыс: адамның қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, оның сүйікті жазушылары мен әртіс, әншілерінің кімдер екендігін анғаруға болады. Анкеттегі сұрақтар ықшам, зерттеулінушілерге түсінікті, қарапайым тілмен тұжырымдалып, жалпы саны 5-8 ден аспауы тиіс.

ӘНГІМЕЛЕСУ ӘДІСІ

  • психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас жәнее дара ерекшелігіне, білім көлеміне карай күні бұрын әзірленген сұрактар кояды, зертгелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбіне жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі.
  • Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, соған орай тиісті қорытынды жасалады.

ТЕСТ ӘДІСІ

  • балалардын білімі мен икемділігі , бейімділігі, жалпы ақыл -ойының даму дәрежесін т.б. анықтауға болады. Тест арқылы бала өз жасына қарағанда дүрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезінен ауытқушылық (жоғары, төмен бар ма?) деген сұраққа жауап алынады.
  • Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға бірдей беріледі де (200 - дей) мүндағы жауаптардың орта есебі ( барлық бала бойынша ортақ балл) шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма белгілеу тестті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке кейін ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Баланың ақыл - ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тесттерді интеллектік тесттер дейді.

ТЕСТ

  • Психология гылымы - бұл:
  •  А)Адамның карым - қатынасы туралы ғылым.
  • В)Адам санасы туралы гылым.
  • С)Адам жаны туралы ғылым.
  • Д)Адамның мінез - күлқьт туралы ғылым
  • Е)Адам психикасы туралы ғылым.
  • «Психология» сөзінің шығу тегі - бұл:
  • А)Тебет медицинасы.
  • В)Грек мифологиясы.
  • С)Неміс философиясы.
  • Д)Религия (дің)
  • Е)Қытай мифологиясы.

ЕРТЕ ЗАМАНДАҒЫ ЖАН ДЕП АТАЛҒАН ТҮСІНІКТІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҒЫЛЫМИ АТАУЫ:  А)МІНЕЗ. В)САНА. С)ЛОГОС. Д)ПСИХИКА Е)ЭМОЦИЯ.

  • Психологиянын ғылым ретіндегі анықтамасы:
  •  
  • А)Адам өміріндегі құбылыстар жүйесі.
  • В)Адамды субъективті түрде бақылау.
  • С)Психиканың пайда болу, даму және көрініс беру запдылыктары туралы.
  • Д)Жануарлар туралы ғылым.
  • Е)Ағзалардың жеке - дара ерекшеліктерін зертгейді.

ПСИХИКА ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛИСТІК БАҒЫТТЫ АЙЫРЫҢЫЗ:  А)ПСИХИКА-МАТЕРИЯ. В)ПСИХИКА - АБСОЛЮТТЫ РУХ. С)ПСИХИКА - САНАСЫЗДЫҚТАРДЫҢ ЭСЕР ЕТІУ. Д)ПСИХИКАНЫ - ТУҒЫЗАТЫН МАТЕРИЯ. Е)ПСИХИКА - ДАҒДЫЛАНУ 

  • Эксперименттік психологияның лаборатория элемін алғаш рет Лейпциг қаласында В. Вундт қай жылы ашты:
  •  
  • А)1869.
  • В)1857.
  • С)1879.
  • Д)1889.
  • Е)1828.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет