Қарасу ауылдық округі әкімі А. Касимановтың 2015 жылғы атқарылған іс-шаралар туралы тезисі біз бүгін 2015 жылды артқа тастап отырмыз, осыған орай «Жергілікті жердің өзін-өзі басқару»



жүктеу 106.9 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі106.9 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Қарасу ауылдық округі әкімі А. Касимановтың 2015 жылғы

атқарылған іс-шаралар туралы ТЕЗИСІ
Біз бүгін 2015 жылды артқа тастап отырмыз, осыған орай «Жергілікті жердің өзін-өзі басқару» Заңына байланысты 2015 жылда Қарасу ауылдық округіміз бойынша атқарлыған іс-шаралар бойынша есеп беріп отырмын.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың облыс әкімі Д.Ахметовтың, аудан әкімі Н.Сыдықовтың бізге беріп отырған тапсырмаларын орындай отырып, округіміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында округімізде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Біз Елбасымыздың «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам», «Қазақстан-2050» стратегиялық бағытқа арналған жолдауларды, «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол», «100 нақты қадам Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды өсу реформалар даму атты Елбасының Қазақстан халқына жолдауларын басшылыққа ала отырып біздің ауыл адамдарымен бірлесе отырып біршама мәселелер шешімін табудамыз. Елбасының жолдауларын жүзеге асыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайдарын көтеріп 30 дамыған елдің қатарына кіру үшін бізге береке, бірлік қажет. Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз. Халқымызда «Бак берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген халық даналық сөзі бар. Елбасымыз айтқандай, «Біздің мақсатымыз елі бақытты, жері гүлденген, қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету үшін бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.

2015 жылдың қорытындысы бойынша округіміздің дамуына еңбек етіп, ауызбіршілік пен тұрақтылықтың арқасында жылдан жылға бір саты жоғары көтеріліп келеміз.

Қарасу ауылдық округінің жер көлемі – 105229 га. Округке қарасты екі ауыл бар: Кіші-Қарасу, Асқаралы ауылдары. Аула саны: 186 / Кіші-Қарасуда -145, Асқаралыда – 41/ қыстақтарда – 38 аула, жалпы 45 шаруа қожалық бар, рның қыстақта тұратындары: - 27 шаруа қожалық. Тұрғындардың жалпы саны 705 адам, 5 ұлт өкілдерінен тұрады. 2 мектеп, Кіші-Қарасуда – Қарасу орта мектебі, Асқаралы ауылында – Ә.Лекеров атындағы бастауыш мектеп. 1 дәрігерлік амбулатория бар. 2014 жылмен салыстырғанда адамдар саны -18 адамға кеміп отыр, оның себебі Асқаралы ауылында негізгі мектептің жабылуына байланысты 5 жанұя көшіп кетті. Жалпы балалардың тууы 2014 жылмен салыстырғанда 4 балаға артып 15 болып отыр, ал қайтыс болғандар саны 12, табиғи өсім. Жалпы балалар: 0-6 жасқа дейін 55 болса, 6-15 жас аралығында 95, оның 94-і оқушы және 8 бала даярлық тобында 47 бала кіші орталықта тәрбиеленуде. Ауылымызда 3 азық-түлік дүкені, 1 дөңгелек жөндеу цехы жұмыс істейді. Округімізде 57 автокөлік 75 трактор бар. Округ бойынша бюджеттің орындалуы жоспар бойынша 682,9 теңге, нақтысы 682,985 теңге 100 пайызға орындалды.

Әлеуметтік қорғау және округке бөлінген қаржы 150 млн теңге.

Ауылымыздың негізгі экономикалық саласы. Ауыл шаруалышығы саласында округ бойынша 45 шаруа қожалықтары бар, олардың иелігіндегі жер көлемі - 53834 га, оның 1765 га егістік, 1488 га жер бұрғынғы жылдары егілген көп жылдық шөп болса, 2015 жылы 240 га жерге бір жылдық шөп егілді, 35 га жерге көп жылдық шөп, 3,5 га жерге көкөніс егілді. Биылғы жылы ауыл шаруашылық техникасының біршама жаңара бастауы байқалуда. Жалпы шаруа қожалықтарда 62 трактор болса, соның 6 тракторы жаңаланды, оның 2 тракторы 2013жылы, 2014 жылы 1 трактор жаңаланды, 2015 жылы 7 шөп шабатын машинасы, 3 орамалы шөп жинайтын, 3 шөп тиейтін, 3 итергіш алынды. Жалпы осы сатып алынған техникалардың жалпы инвестициялық кірісі 22 млн 400 мың теңгені құрады. Ал сатып алынған бұқалар 6 млн 20 мың теңгені құрап, округ көлемінде атртылған инвестицияның құны 28 млн 430 мың теңге, округ көлемінде 2 мал сою алаңы халыққа қызмет көрсетуде.

Жалпы округ көлемінде 2015 жыл бойынша мал басы:

Жоспар нақты орындалуы

Ірі қара 3279 3325 100%

Ұсақ мал 15895 15208 96%

Жылқы 1122 1282 114%

Құс 1128 1128 100%
Өздеріңіз көріп отырғандай ұсақ мал саны жоспарға жетпей отыр, оның себебі шаруа қожалықтар ұсақ малдан гөрі ірі қара мал мен жылқыға қарай ауысуында. Себебі экономикалық өсуге осылай істеу тиімді деп санайды.

Өндірілген өнімдер:

Жоспар нақты орындалуы

ет 9713 9518 98%

сүт 24582 25019 102%

жұмыртқа 105 106 101%

жүн 363 366 101%
Мал тұқымын асылдандыру жұмысы біршама жолға қойылып келеді. Атап айтқанда 2015 жылы 19 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқалар сатып алынды. 75 бас қошқар сатып алынды. Жалпы 2015 жылы 18 шаруа қожалығында 20 бас бұқа, 75 бас қошқар асыл тұқымды малдар болып саналады және олардың 15 ірі қара малына сатып алынған 19 бұқаға және жалпы 28 бас асыл тұқымды бұқаға 787 бас сиырға 17 млн 485 мың теңге субсидиясын алса, ал 75 қошқар 2175 бас саулық қойға 3 шаруа қожалығы 3 млн 262 мың теңге субсидиясын алды. Ауылда мал дәрігерлік пункт жұмыс істеуде және эпизоотикалық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Атап айтқанда, Сібір жарасына ірі қара малдарға 2400, ұсақ малдарға 21500, жылқы малдарына 100 бас, ірі қара малдарына қарасаңға 1700 бас, аусылға ірі қара малдарына 3800 бас, ұсақ малдарға 22800 бас егілді. Сарып ауруына қарсы ірі қара малдарына 3100 бас, ұсақ малдарға 800 бас тексерілді. «Черногорка» шаруа қожалығының ірі қара малдарына сарып ауруы шыққаны анықталды. Ол шаруашылықтан басқа малдарға жұқпауын қатаң бақылауға алынып, жұмыстары жүргізілуде. Түберкулез ауруына 3700 бас ірі қара мал тексерілді. Оң нәтиже көрсеткен жоқ. Ауылда мал ауруын таратушы қаңғыбас иттердің көзін жою үшін арнайы адамдар шақыртылып 34 иттер атылды. Бірақ әлі де мал дәрігерлік жұмыстарында кемшілікте бар: мал қораларын дезинфекциялау болса 45 шаруа қожалығының 6 ғана оброботка жасалған. Бұл ауылдағы және меншік мал иелерін айтпағанда.

Білім саласына келетін болсақ, екі мектебімізде 94 бала оқиды. Ә.Лекеров атындағы бастуыш меткепте 5 оқушы, Қарасу орта мектебінде 89 оқушы, даярлық топта 8 бала, кіші орталықа 47 бала тәрбиеленуде. Мектептің білім сапасы ҰБТ оның қорытындысы бойынша біздің мектеп түлектері 74 балды көрсетіп отыр.

Кешенді бағдарламаларды орындау мақсатында оқу жылының басынан құрылған тәрбие жоспары бойынша жұмыстар атқарылып, аудандық білім бөлімінен келген іс-шаралар өткізіліп, ақпараттар жіберіліп отырды. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектеп ұжымының ұйымдастыруымен оқушылар мен ауыл адамдарын қосып кең ауқымды түрде денсаулық фестивалі өтті. Мектеп өз жұмыстарын ата-аналармен тығыз байланыста өткізіп отырды. Қандай іс-шара болса да ата-аналар комитетінің қатысуымен өткізіліп отырды. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында мектеп жанынан ашылған көкөніс учаскесінде жаз бойы балалар өздері еңбектеніп, одан түскен өнімді оқушылардың ыстық тамағына, қосымша дәрумен ретінде және балалардың демалыс уақытын өткізуге арналған іс-шараларға пайдалануда. Мектепте оқушыларға арналған жазғы лагерь ұйымдастырылды. 2 маусымда 50 бала тартылды. Аудан көлеміндегі оқушыларға арналған «Көктау» туристік орталығы ұйымдастырылып, аудан мектептерінің оқушыларын 3 рет біздің табиғаттың таңғажайыбымен таныстырып көрсетті. Мектепте 41 оқушыға ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. 2014-2015 оқу жылдарында оқушыларға қосалқы ыстық тамаққа 6 шаруа қожалығы меморандумға отырып сүт тағамдарына қаржылай көмек көрсетті.

Елбасымыздың жолдауына салауатты өмір салтын ұстау, халқымыздың ден саулығын нығайту мақсатында спорттың орны ерекше екенін атап айтты. Онда Қазақстандықтардың 30 пайызын Бұқаралық спортқа тарту жоспарланса, округіміз бойынша халқымыздың 30 пайызы спортқа тартылды десек артық айтпаған шығармыз. Әр мерекеге, спорттық ойындарұйымдастырлып, халықтың жаппай қатысуы қарастырылып отыр. Нәтижесінде ауданда өткен «Аудан әкімінің жүлдесіне арналған» халықтық спорт ойындарында Қарасу командасы жалпы командалық есепте әрқашан жүлделі 2 орын иеленіп келеді. Қарасу мектебінің түлектері сыйға тартқан хоккей кордында дайындаған оқушыларымыз хоккейден аудандық жарыстарда 1 орынды иеленсе, Өскемен, Семей қалаларына, Багратион ауылына хоккейден өтетін сайыстарға қатысып жүлделі орын алып жүр. Қарасу футбол командасы аудан көлемінде өтетін жарыстарда 1,2 орындарды иеленіп келеді. Қыздар воллейбол командасы қатарынан 2 орын жеңіс тұғырын қолдарынан шығарған жоқ. Ауылымыздың жастары ат спорты өтетін көкпар алаңын жасап, айына 2 рет көкпар ойынын өткізіп отырады. Соның нәтижесінде 2015 жылы облыстық спортакиадада Абай ауданының атынан барып 5 орынды иеленді. Қысқы уақытта мұз алаңында, жазда шағын футбол алаңында ауыл жастары мен оқушылардың спортпен шұғылданып жатқаны көз қуантады. Бір әттеген-айы бізде спорт залдың жоқтығы, жас дарындар үшін кедергі болып тұр, әйтпесе киелі Қарасудың жерінен шыққан талай спортшыларды көрер едік. Осы спорттық және мәдени іс-шараларға көктеп көмегімен тигізіп отырған шаруа қожалықтары және ауыл дамдары меморандум бойынша жыл басынан 1 млн 540 мың теңге үш жақты келісім шарт жасалғанның нақты орындалғаны 1 млн 640 мың теңге. 2015 жылы ауылымызда өз күшімізбен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы Жеңісіне арналған ескерткіш реконструкция жасалып, жаңартылды. Оны ауылдың тұрғындарының өз күшітерімен жаңаланды.Ұйымдастыру және негізгі жөндеу жұмыстарына мектеп ұжымы жүргізді. 2015 жылы ескі меткептің орны тазартылды. Ауылдағы түгелдей қыстан шыққан қалдықтар тазартылды. Көлемі 600 тоннадай қалдық шығарылды. Көктемгі, күзгі тазалық айлары өз деңгейінде өтті. 2015 жылы балалар ойын алаңының ашылуы қолға алынып, 2016 жылы 1 маусымға балаларға тарту етілмек. 2015 жылы дока ғимаратына ауданнан 2 млн 50 мың теңге бөлініп сатып алынды. Оны ауыл азаматтары өз қаражаттарына және өз күштерімен сылау, ақтау, бояу жұмыстарын жүргізді. Асқаралы ауылына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млн 200 мың теңге бөлініп көшесіне жарық жүйесі тартылды. Шығыс Жолы 60 км жолға тас төгіп жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қыс басталғаннан бері 6 рет қардан жолдарымыз тазаланды, көлік қатынасына кедергі болған жоқ.

Денсаулық саласына тоқталсақ 710 адам толық тексеруден өтті. Скринигтік тексеруден 197 адам, 2 адам қант диабетіне шалдыққаны анықталып, ем қолданылуда. 200 адам қатерлі ісік ауруына тексеріліп оң көрсеткіш болған жоқ. Ренген аппаратына 42 адам түсіріліп – барлығы туберкулез ауруынан таза екені анықталды. Жүктілік есепке 23 әйел тіркеліп, оның 17-сы босанды. 6 есепте тұр. Олардың 2 көшіп кетсе, 15 бала қатаң бақылауға алынған. 2 бала қолдан тамақтанады, оларға тегін сүт қоспасы беріліп отыр. 10 адам қант диабетімен ауырып есепте тұр, оларға қант құрамын төмендететін дәрілер тегін босатылады. 0-5 жас аралығына балаларға антибиотик дәрілер босатылды. 45 шаруа қожалықтарынан сарып ауруына қарсы қан алынып тексеруден өткізілді. Оң нәтиже болған жоқ. Айына 2 рет шаруа қожалықтарын аралап тексеру жүргізілді. 2015 жылы 32 адам қосымша диспасерлік есепке қойылып барлығы 118 адам болды.

Мәдениет. Округ бойынша әр бір мерекеге байланысты мәдени іс-шаралар өтті. Ең маңызды, әрі кең көлемде өткен мәдени іс-шараларға тоқталып өтсем. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен ұштастырып Наурыз мейрамы 2015 жылдың 22 наурызында Кіші-Қарасу ауылында бүкіл округ тұрғындарына арналған үлкен мереке ұйымдастырылды. Дока ғимаратында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, округ тұрғындарының қатысуымен әндер айтылып, билер билеп, Асқаралы ауылының мектеп оқушыларының қатысуымен концерт жалғасты. Кіші-Қарасу Дәрігерлік амбулаториясының мамандарының ұйымдастырылуымен Наурыз көже дайындалып, ауыл тұрғындарымен қонақтарына дастархан жайылды. Соңынан ат спорт жарыстары ұйымдастырылды. Әйелдер арасынан, қыздар арасынан жаяу жүгіруден, әйелдер мен ерлер арасынан арқан тарту, қыздар арасында, ұлдар арасында армрелингтар жарыс өтті. Көкпар тартылып, бәйгеден жарыс болды. Соңынан жеңімпаздарға сыйлықтар таратылып, марапатталды. Жалпы қатысушылардың саны – 136 адам



Бүгінгі таңдай Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқан батыр ардагерлерімізді ардақтау мақсатында Кіші-Қарасу ауылында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні кең көлемде аталып өтті. Бұл айтулы күнге Кіші-Қарасу ауылында орналасқан ескерткіш Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ұрпақтарының демеушілігімен, Қарасу орта мектебі мен әкімшілік қызметкерлерінің күшімен күрделі жөндеуден өтті. 9 мамыр күні мектеп оқушыларының қатысуымен салтанатты шеру ұйымдастырылып, патриоттық әндер айтылып, өлеңдер оқылды. Округ әкімі А.Касимановтың және жан жақтан келген қонақтар құттықтау сөздерін айтып, ризашылықтарын білдіріп жатты. Тыл еңбеккерлірінің арасынан М.Аширбеков құттықтау сөздерін айтып, болашақ ұрпаққа батасын берді. Кіші-Қарасу ауылының жеке кәсіпкері Н.Сагадиеваның демеушілігімен Ұлы Отан соғысының ардагерімен тыл еңбеккерлеріне сыйлықтарын ұсынды. Қарасу әкімшілігі, Қарасу орта мектебі және дірігерлік амбулатория мекемелерінің атынан гүл шоқтары қойылды. Салтанатты жиыннан кейін Қарасу орта мектебінің ұстазы Б.Н.Байсадыкованың ұйымдастыруымен әкімшілік ғимаратында орналасқан мұражай ашылып, қонақтарға ұсынылды. Келген қонақтар мен ауыл тұрғындарын әрбір мұражай жәдігерлерін қызықтап қарап, аралап шықты. Әкімшілік пен ветеринарлық қызметшілердің ұйымдастыруымен, ауыл тұрғындарымен және шаруа қожалықтарының демеушілігімен Ұлы Отан соғысының қайтыс болған ардагерлеріне Дока ғимаратында үлкен дастархан жайылып, ас беріліп, қатым түсірілді. Асқа жан жақтан келген қонақтар мен ауыл тұрғындары қатысты. Келген қонақтар арасынан осындай іс-шаралар ұйымдастырған үшін ризашылықтарын білдіріп, ауылдың ауызбіршілікпен бірлігінің бар екенін айтып жатты. Соңынан Жеңіс күніне арналған жастар арасында көкпар тартылды, футболдан жарыс өтті. Жарма аудандық Қалба тынысы газетіне «Ерлер есімі ұлықталды» деген мақалаға округ бас маманының мақаласы шықты.

Кіші-Қарасу ауылында 1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған Қарасу орта мектебінің жанынан құрылған балалар лагерінде атап өткізілді. Қарасу ауылдық округі жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен балаларға балмұздақтар таратылды. Шаруа қожалықтардың демеушілігімен балалар лагеріне ойыншықтар тарту етілді. 4 маусым күні сондай-ақ балалар лагерінде Мемлекеттік нышандарды насихаттау мақсатында суреттер көрмесі өткізілді. Мемлекеттік символдардың мән мағынасы жөнінде балалардың көзқарастары тыңдалды.

Қарасу ауылдық округіне қарасты Кіші-Қарасу ауылында 2015 жылдың 01 қазанында сағат 12/00- де округтегі барлық қарт адамдарға «Қарттар күні» мерекесіне арналған «Батыржан» шаруа қожалығының басшысы А.Сагадиевтың демеушілігімен, әкімшіліктің ұйымдастыруымен 80-ге жуық зейнеткерлерге мерекелік дастархан жайылды. Мектеп оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қарт адамдар ән айтып, мақал-мәтел айтып жарысты. Әуенді музыкада би билеп, көңілдерін көтеріп қайтты. Қарт адамдардың арасынан әкімшілікке, мектеп ұжымына, оқушыларға бата, тілектерін айтып жатты.

2015 жылдың 31 желтоқсанында Қарасу ауылдық округінде тұратын 0-2 жас аралығындағы Кіші-Қарасу мен Асқаралы ауылдарының кішкентай балаларына Жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. тәтті тағам иолтырылған пакеттер таратылды. 31 желтоқсан күні сағат 20/00де Кіші-Қарасу ауылында Дока ғимаратында бүкіл округ тұрғындарына бал маскарад ұйымдастырылды. Жаңа жылдық шыраш құрылып, тұрғындар арасынан неше түрлі кейіпкерлердің костюмдерін киіп қорғап шықты. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ең бірінші құттықтау сөздерін айтылып, ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтарын табыс етті. Кеш соңында әрбір жеңімпаздар мен костюм қорғағандарға сыйлықтар таратылды. Кеш өте қызықты әрі көңілді өтті. Сағат 01 кещінен бастап би кеші ұйымдастырылып, жаңа жылдық мейрам жалғасын тапты.

2015 жылдың жазында 12 рет дала өрті орын алды. Оның 4-ін арнайы өрт сөндірушілер шақырылды, негізінен Кіші-Қарасу мен Асқаралы ауылдарының тұрғындарының күшімен сөндірілді.

Негізінен былтырғы жылға жоспар боцынша:

1.Орталық көшенің ортасындағы көпірді ағымды жөндеу –оның тесігі бітедіп кішігірім жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2. Асқаралы ауылындағы көшелерді жарықандыру – 15 бақан орнатылып ауылға жарық жүргізілді.

3. Кіші-Қарасу ауылының маңайын қоқыс қалдықтарымен тазалау. Ауылдан 800 тонна қоқыс шығарылды.

4.Көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу – қаржы болған жоқ, орындалмады.

5.Ауылды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

6.Балалар ойын алаңын ашу – толық аяқталған жоқ.



Сөзімді аяқтай келе, біз бірлесе отырып 2015 жылғы атқарылған жұмысымызды баяндап өттім. Елбасының жолдауларын жүзеге асыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағадйларын көтеріп30 дамыған елдің қатарына кіру үшін бәзге береке бірлік қажет. Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Бүгінгі жиында мерейлі белестегі атқарған істерімізді қорытындылап, болашаққа бағдар жасадық. Ауылымыздың өсуі де өшуіде біздің қолымызда. Еліміздің дамуына зор үлес қосайық, ағайын! Ашық аспан аясында мерекелік күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын ағайын.

Назарларыңызға рахмет!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет