Қаратал ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының



жүктеу 26.29 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі26.29 Kb.
: images
images -> Ақпараттық анықтама: Қр электрондық үкіметі Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті»
images -> Бюллетень «Новые книги» Вып. 3 Павлодар 2013 Құрастырушылардан
images -> Реферата: «Творчество Алвара Аалто»
images -> Программа с заездом суббота-суббота: 1 суббота // милан
images -> Jewish. Msk. Ru согласно еврейскому обычаю родители (папа и мама) произносят следующие благословения на рождение детей
images -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
Қаратал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қыркүйекте кезектен тыс елуінші сессиясында қабылданған № 50-214, шешімі. 2015 жылдың 8 қазанында Алматы облысы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Реестірдегі тіркеу нөмірі 3472.

Қаратал ауданы бойынша

пайдаланылмайтын

ауыл шаруашылығы мақсатындағы

жерлерге жер салығының және

бірыңғай жер салығының

мөлшерлемелерін

жоғарылату туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қаратал ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

2. «Қаратал ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша С. Қосжанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихаттың «Жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, құрылыс, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы

_______________Р. Жапарқұлов _____________Б. Смаилов

Қаратал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қыркүйектегі «Қаратал ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 50-214 шешіміне келісім



«КЕЛІСІЛДІ»



«Қаратал ауданының жер

қатынастары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы


Сабыр Сейдахметұлы

Қосжанов


4 қыркүйек 2015 жыл






«Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Мемлекеттік кірістер

комитеті Алматы облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасы» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы


Алтынхан Кемелшанұлы Нұрланов

4 қыркүйек 2015 жыл






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет