Қаратомар ауылдық округі әкімінің м а. А. Кісентаевтың халық алдындағы кезекті есеп беру жөніндегі баяндамасының тезистары



жүктеу 42.85 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі42.85 Kb.
: file -> im news
im news -> Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б. Ахметовтың округтің 2013 жылы әлеуметтік дамуы туралы есептік баяндамасының тезистері
im news -> Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б. Избастинның округтің 2015 жылы әлеуметтік дамуы туралы есептік баяндамасының тезистері
im news -> Баянауыл ауданының әкімі Е.Әйткеновтың 2012 жылдың І жартыжылдығы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы
im news -> Сайлау учаскелерінің шекаралары
im news -> Баянауыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 наурыздағы
im news -> Қызылтау ауылдық округінің әкімі Руслан Рахметоллаұлының тұрғындар алдында беретін есебінің жобасы
im news -> Күркелі ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі 2015 жылдың 30 қарашасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»
im news -> Қызылтау ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі
im news -> Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғыдарымен есептік кездесуіне дайындаған баяндамасы Елбасының 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдарды басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
im news -> Құрметті ауылдастар, жиналған қауым!
Қаратомар ауылдық округі әкімінің м.а. А.Кісентаевтың

халық алдындағы кезекті есеп беру жөніндегі

баяндамасының тезистары
Жылма-жыл дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және істелген істерге есеп беру, алға қойған мақсаттарды айқындап алу, олардың шешу жолдарын қарастырып, тұрғындардың пікірімен салыстыра отырып жоспарлау.

Ал енді осы есеп беру, тұрғындардың зор ырзашылық сезімін тудырып, қым-қуат істерге серпін беріп, атқарушы биліктің іске деген, орындаушылық жүгін арттырады.

Ал енді осы тұрғыдан келгенде Қаратомар ауылдық округі аумағында не істелді, не тындырылды, не істеу керек, алға қойған мақсаттардың жолдарын шешуді жергілікті әкім аппараты ұжымдарда ұйымдастыру дәрежесі қандай?

Ал әлеуметіміздің өсуі ауылды жерде, ауыл шаруашылығының дамуына тікелей байланысты, яғни мал басының өсуі, егін шаруашылығының өнімін жоғарлату, ауылға инвестиция тарту, адамдардың қажеті мен сұраныстарын қанағаттандыру, осының бәрі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Бұл жөнінде ұялмай айтатын жағдайлар бар:

2014 жылдың 1 қаңтарына мал басы төмендегідей:




Мал түрлері

Мал басы

1

Ірі қара -

3153 3216

3

Қой мен ешкі

3092

4

Жылқы

270

5

Құс

2402

Ауылымызда 11 шаруа қожалығы және МТС «Жайма» ЖШС-і бар.

Төрт шаруа қожалығы және МТС «Жайма» ЖШС-і егін егумен шұғылданады:


  1. МТС «Жайма» - 3600 га

  2. «Нұрлан» ш/қ – 200 га

  3. «Ерқанат» ш/қ – 30 га

  4. «Баянсұлу» ш/қ – 100 га

  5. «Жанболат» ш/қ – 50 га барлығы 398/0 га жерге егін салып, оны әрбір гектарынан 9-12 центнерден өнім жинады.

Тек биылғы жылы 5 жұмыс орны ашылды. Егін жинау мезгілінде 10 адам, кейбір үй шаруасындағы әйел адамдар уақытша жұмысқа тартылды.

2013-2014 жылдың қыстауына 10000 тонна шөп жоспар бойынша дайындалды. Қысқа жететін жем-азық қоймаға құйылып алынды. Ауылымызда әлеуметтік жәрдем ақы алатын бірде бір жанұя жоқ. Төрт адам жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрады.

Жылма-жыл жалғыз басты қарт-зейнеткерлерге және әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына «МТС Жайма» ЖШС-гімен қысқы мерзімде отынмен (көмір) көмек көрсетіледі.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020 бағдарламасы» бойынша 5 адам қайта даярлау курсында оқып, 4-уі тракторшы мамандығын иемденді, 1-уі бухгалтерлік есеп жүргізу мамандығының курсын өтті.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020 бағдарламасы» бойынша ауыл тұрындары Айтбаев Қылышбек - 3,0 млн.тенге, Хамиев Қайролла, Жакиманова Кұралай -1,0 млн.тенгеден мал өсіруге және кәсіпкер Бакаева Дардана - 3,0 млн.тенге микроавтобус алуға несие алды.

Қазіргі кезде ауыл мен аудан орталығына жүретін автобус бар.

3 кітапхана, 1 мәдениет үйі жұмыстарын бекітілген іс-шаралары бойынша өткізеді. Қаратомар ауылында 1-СДА, Белағаш ауылында –МП жұмыс істейді. Ауыл адамдары жаз айында медициналық қараудан өтті. Ауылға екі рет автопойыз қызмет көрсетті, оның ішінде УЗИ, ЭКГ, лаборатория, стомотолог, хирург, кардиолог т.б. мамандар болды. Ересек адамдар тобы 100 % флюрографиядан өтті. Күндізгі стационар арқылы ем алушылар да бар.

Мерзімді баспасөзге жазылу қараша айында толық аяқталды. Ауылда телефон нүктесімен толық қамтылған, байланыс өте жоғары деңгейде. Сандық теледидар қондырғыларын жанұялардын 70 пайызында орнатылған.

Ақпараттық және насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін топ құрылған, ол топты ауылымыздың кітапханашысы Нығыманов Жолдыбай басқарады.

Ауылымызда 520 адам тұрады, оның ішінде жұмысқа қабілеті бар адамдар саны-270, әр салада жұмыс істейтіндер саны-236 адам. Жоғары және арнайы оқу орындарында оқитын студенттер – 26 жасөспірім, әскер қатарында – 3 бала, зейнеткерлер – 42 адам, 3 – кәсіпкер дүкен ұстайды. Оқу жасына дейін 62 бала бар.

Ауылымызда жалпы орта білім беру мектебі біреу, онда бүгінгі күнде 103 бала білім алуда, 10- бала сыртта оқиды, оқуға тартылмаған жас өспірімдер жоқ. Мектепте 26 мұғалім сабақ береді. Дипломмен ауылға атты бағдарлама бойынша мектепке келген 5 жас мұғалімдерге толық оқу жүктемесі және тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 40 балаға арналған «Мөлдір» балабақша жұмыс істеп жатыр. Онда 30 бала тәрбиеленуде, балалар екі топқа бөлінген. 2013 жылдың желтоқсан айына 9 бала дүниеге келді.

Ауыл әкімі аппаратының жұмысы жылдық және тоқсандық жоспар бойынша жүргізіледі. 2013 жылға бекітілген бюджеттік қаражат толық игеріліп, жер мен мүлік салығын жинап тапсыру 100 пайызға орындалды.

Әлеуметтік саланы дамыту және адамдардың күнделікті сұранысын тындыру мақсатында істелген іс-шаралар:

Елді-мекендерді санитарлық тазалау және көшелерін жарықтандыру.

Ауыл ішіндегі жолдарға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Су құбырларының жарылған жерлері ағымды жөндеуден өткізілді.

Округ аумағындағы бюджеттік мекемелер қысқы отынмен толық

қамтылды.



Бір сөзбен айтқанда ауылыңның өркендегенін көріп, қызықтағаннан артық қуаныш болмайды адамда! Істелінген жұмыстан, істелетін жұмыстар көп.


Қаратомар ауылдық округі

әкімінің міндетін атқарушы: А. Кісентаев



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет