Қарауына ЕҚта жататын мемлекеттік органның атауы 2015 жылғы «21»



жүктеу 0.69 Mb.
бет1/4
Дата03.05.2016
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4
: media -> uploads
uploads -> І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»
uploads -> МАҢҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер > «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
uploads -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> Элементы экологизации контроля вредителей агробиоценоза
uploads -> Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі

Маңғыстау облысының табиғи

ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасының

(қарауына ЕҚТА жататын мемлекеттік

органның атауы)
2015 жылғы « 21 » « 09 »

01-04/226-ВН бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің oрман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

(ЕҚТА саласындағы уәкілетті органның атауы)
2015 жылғы « 28 » « 09 »

242 бұйрығымен тіркелген



МҚ-ж-18

(ЕҚТА тіркеу нөмірі)




ПАСПОРТ
Жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы

(ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы)



2015 жыл

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы, оның түрi мен санаты


Меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар қаумал режиміндегі «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалы.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылған немесе кеңейтілген мемлекеттiк орган актiсiнiң атауы, нөмiрi және қабылданған күнi
«Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалы Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.02.2015 жылғы №53 қаулысымен құрылды.
3. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттiк органның атауы

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жүктелген ұйымның атауы
Жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалы
5. Туристiк инфрақұрылымы, шекарасының сипаттамасы, географиялық координаттары, аумағының көлемi және күзет аймағы көрсетiлген карта-схемасы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жерi:
5.1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жерi
Маңғыстау облысы, Маңғыстау, Бейнеу аудандары

(облыс, аудан, елді мекен)


5.2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақ шекарасының сипаттамасы

«Манашы» мемлекеттік табиғи кешенді қаумалының шекарасы жер учаскелерінің, кен орындарымен, елдімекендердің шекаралары арқылы жүргізілген. Қаумалдың шығыс шекарасы координаттары 45º08'52"с.е. және 54º47'26" ш.б. Бейнеу ауданының жерінің солтүстік бұрышында орналасқан №1 нүктеден басталады. №1 нүктеден құрғақ өзен арнасымен шекара оңтүстік-шығысқа кадастірлік №009-083шаруа қожалығының шекарасындағы жолбойымен №2 нүктеге дейін, одан ары №2 нүктеден жол жиегімен «Каменный» елдімекенін айналып өтіп елді мекен шекарасына дейін. Одан ары шекара Маңғыстау және Бейнеу аудандарының шекараларын кесіп өтіп ЖШС «Қарақұдықмұнай» кен орнын айналып өтеді,шекара №12,13 нүктелерде шаруа қожалықтарының шекаралары арқылы өтеді. №13 нүктеден оңтүстік-батысқа қарай шың жиегіндегі №16 нүктеге дейін,. №16 нүктеден солтүстік-батысқа ,шыңға тіреледі, шың бойымен солтүстік-шығысқа қарай №18нүктеден№1нүктегеде




5.3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың алаңы – 228,028,2 га


Манғыстау ауданында-153 269,5га және Бейнеу ауданында 74 758,7 га.

(табиғат қорғау ұйымы аумағының алаңы тұрақты жер пайдалану құқығының мемлекеттік актілеріне сәйкес; мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорық аймақтарының алаңы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органының ЕҚТА құру туралы шешіміне сәйкес беріледі)


5.4. Қорғау аймағы - қарастырылмаған

(ЕҚТА қорғау аймағын белгілеу туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы шешімінің атауы, нөмірі мен күні көрсетіледі)



5.5. ЕҚТА инфрақұрылымының сипаттамасы

Айналым №

Көлемі, га

Айналым аймағының сипаттамасы

1

17 961,2

Қаумалдың солтүстік бөлігінде орналасқан.Батыстағы шыңның солтүстік шеті кіреді.Айналымның солтүстік – шығыстағы шекарасы қаумал шекарасы болып есептелетін Манашы өзені арқылы өтеді.Солтүстік-батыстағы шекарасы Өліқолтық сорының шекарасы арқылы өтеді. Оңтүстік-шығыстағы шекарасы Маңғыстау-Бейнеу темір жолы шекарасы арқылы өтеді.

2

19 310,8

Қаумалдың солтүстік-шығыс бөлігіне орналасқан. Айналымның солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс шекарасы қаумал шекарасы болып есептеледі.№3 айналымның шекарасы «Сабыр», «Ақбұлақ» және «Жадыра» шаруа қожалықтарының шекараларымен сынық сызықпен жалпы бағыты Өліқолтық сорынан оңтүстік-шығыста темір жолға дейін. Аймақта арқарлар, қарақұйрықтар,ақбөкендер мекендейді және маусымдық көші-қон кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі. Айналым аймағының оңтүстік-шығыс бөлігінде жылжымалы кордон вагон-үй, 2-4 көлікке арналған тұрақ,биотуалет, өрткеқарсы қалқан, ТҚ арналған контейнер, 3 аншылаг оның 2 қаумал шекарасында орнатылған.

3

19 905,1

Қаумалдың солтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс шекаралары қаумал шекарсы болып есептеледі. №4 айналым шекарасы Өліқолтық сорынан оңтүстік-шығысқа қарай Қойсу құдығының батысындағы белгісіз зират арқылы , шығысында Қойсу-6 зираты «Тау» шаруа қожалығының шекарасымен Үстірт теміржол бекетіне баратын қаражолмен қаумал шекарасына дейін. Аймақта арқарлар, қарақұйрықтар,ақбөкендер мекендейді және маусымдық көші-қон кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі. 49 жылға жалға екі шаруа қожалығына жер телімі берілген.Айналым аймағында 5 аншылаг қаумал шекарасымен қилысатын қаражолдар бойна орнатылған.

4

17 581,6

Қаумалдың солтүстік-шығыс бөлігіне орналасқан . Жоғарғы жазық және батыс Үстірттің төменгі бөлігінің солтүстік шеті кіреді. №3 айналым шекарасы жоғарыда сипатталған . Солтүстік және оңтүстік шекарасы қаумал шекарасы болып есептеледі. №5 айналым шекаралары Маңғыстау және Бейнеу аудандарының шекараларымен өтеді. Аймақта арқарлар, қарақұйрықтар,ақбөкендер мекендейді және маусымдық көші-қон кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі. 49 жылға жалға екі шаруа қожалығына жер телімі берілген.Айналым аймағына жылжымалы вагон-үй кордон,бақылау алаңы, 2-4 көлікке арналған тұрақ, үш палатка орнатуға арналған алаң, биотуалет, ТҚ арналған контейнер, 4 аншылаг оның үшеуі қаумал шекарасында орнатылған.

5

19 009,5

Қаумалдың орталық бөлігінде орналасқан. Жоғарғы жазықтықпен шыңның төменгі тегістігін қамтиды. №4 айналым шекарасы жоғарыда көрсетілген. №6және №7 айналымдар шекаралары Өліқолтық сорынан оңтүстік-батысқа Ақбұлақ-2 зиратының батысында шыңның төменгі тегістігіндегі содағы №157 биктік белгісіне, аты белгісіз ащы бұлаққа дейін. Аймақта арқарлар, қарақұйрықтар,ақбөкендер мекендейді және маусымдық көші-қон кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі. 49 жылға жалға екі шаруа қожалығына жер телімі берілген.Айналым аймағына жылжымалы вагон-үй кордон,бақылау алаңы, 2-4 көлікке арналған тұрақ, үш палатка орнатуға арналған алаң, биотуалет, ТҚ арналған контейнер, 2 аншылаг оның біреуі қаумал шекарасында орнатылған.

6

16 782,7

Қаумалдың орталық бөлігінде ораласқан. Аймақ толықтай экологиялық тұрақтандыру аймағына кіреді. Жылдың жаңбырлы мезгілдерінде бару мүмкіндігі жоқ. Негізгі бақылауға алынатын үстірттің тау қойлары ,киіктер, және қарақұйрықтар мекендейтін , маусымдық көшу кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар бар Жаманайрақты тауы.

7

19 383,3

Қаумалдың орталық бөлігінде ораласқан.№5 және 6 егерлік айналымдардың шекаралары жоғарыда көрсетілген. №8 герлік айналым аймағының шекарасы Қайдақ сорынан 171 биіктік белгісінен басталып қаражолмен қаумалдың шекарасына дейін. Аймақта арқарлар, қарақұйрықтар,ақбөкендер мекендейді және маусымдық көші-қон кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі. Айналым аймағына жылжымалы вагон-үй кордон,бақылау алаңы, 2-4 көлікке арналған тұрақ, үш палатка орнатуға арналған алаң, биотуалет, ТҚ арналған контейнер, 4 аншылаг оның үшеуі қаумал шекарасында орнатылған.

8

20 239,6

Қаумалдың орталық бөлігінде орналасқан. Шыңның төменгі тегістігісен, жоғарғы жазық кіреді. №5 және 6 егерлік айналымдардың шекаралары жоғарыда көрсетілген. Аймақта арқарлар, қарақұйрықтар,ақбөкендер мекендейді және маусымдық көші-қон кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі. Айналым аймағына жылжымалы вагон-үй кордон,бақылау алаңы, 2-4 көлікке арналған тұрақ, үш палатка орнатуға арналған алаң, биотуалет, ТҚ арналған контейнер, 4 аншылаг оның үшеуі қаумал шекарасында орнатылған. Сонымен қатар айналым аумағында шаруа қожалығы орналасқан.

9

17 988,4

Қаумалдың батыс бөлігінде орналасқан. Шыңның опырылған бөлігі және жоғарғы жазықтық кіреді. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс шекаралары қаумал шекарасы болып саналады. Оңтүстік шекарасы №10 айналым Қайдақ сорынан оңтүстікке Қосмола зираты арқылы «Ерсариев С.» шаруа қожалығының шекарасына дейін.Одан әрі қаражолмен Аранжон зиратының солтүстігімен қаумал шекарасына қилысқанға дейін. Айналым аймағына 1 аншылаг қаумал шекарасында орнатылған. Сонымен қатар айналым аумағында бір шаруа қожалығы орналасқан.

10

19 293,2

Қаумалдың батыс бөлігінде орналасқан. Шыңның тік қуламалармен жоғарғы жазықтық кіреді. №9 егерлік айналым шекарасы жоғарыда көрсетілген. Шығыс және батыс шекаралары қаумал шекарасы болып табылады. №11 егерлік айналым шекарасы Қайдақ сорынан оңтүстіктегі Сисемата зираты арқылы оңтүстікке қарай қаражолмен Қаратөрткіл құдығымен қаумал шекарасына дейін. Аймақта арқарлар, қарақұйрықтар,ақбөкендер мекендейді және маусымдық көші-қон кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі. Айналым аймағында 5 аншылаг оның үшеуі қаумал шекарасында орнатылған. Сонымен қатар айналым аумағында бір шаруа қожалығы орналасқан.

11

19 619,9

Қаумалдың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Шыңның тік құлаулары және жоғарғы тегістік кіреді. №10 егерлік айналымның шекарасы жоғарыда көрсетілген. Шығыс және батыс шекаралары қаумал шекарасы болып есептеледі. №12 егерлік айналымның шекарасы Қайдақ сорынан бастап батыстағы 207 биіктіктгі Ермак құдығына дейін және оданәрі қаумал шекарасына дейін.Аймақта арқарлар, қарақұйрықтар,ақбөкендер мекендейді және маусымдық көші-қон кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі. Айналым аймағына жылжымалы вагон-үй кордон,бақылау алаңы, 2-4 көлікке арналған тұрақ, үш палатка орнатуға арналған алаң, биотуалет, ТҚ арналған контейнер, 4 аншылаг оның үшеуі қаумал шекарасында орнатылған. Сонымен қатар айналым аумағында төрт шаруа қожалығы орналасқан.

12

20 952,9

Қаумалдың оңтүстік-батысында орналасқан. Шыңның тік құлауларымен жоғарғы жазықтық кіреді. №11 егерлік айналымның шекарасы жоғарыда көрсетілген. Шығыс және батыс шекаралары қаумал шекарасы болып табылады. Аймақта арқарлар, қарақұйрықтар,ақбөкендер мекендейді және маусымдық көші-қон кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі. Айналым аумағында он шаруа қожалығы орналасқан.Айналым аумағына жылжымалы вагон-үй кордон,бақылау алаңы, 2-4 көлікке арналған тұрақ, үш палатка орнатуға арналған алаң, биотуалет, ТҚ арналған контейнер, 4 аншылаг оның екеуі қаумал шекарасында орнатылған.



6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тізбесі олардың сандық және сапалық сипаттамасымен бiрге паспорттың 1-қосымшасында келтіріледі.

6.1 «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалындағы өсімдік және жануарлар дүниесінің жай-күйін айқындайтын индикаторлық түрлер.

(ЕҚТА атауы)

6.1.1.Өсімдіктер:

Тіссіз катран

Сарапеттік селеу

Үстірт ақтаспасы

Парсы шырмауығы

Алтын түсті эфедра

Қара бүлдірген

Күмәнді долана

Андросов жыңғылы

Шығыс кавказ жуасы

Ақ сексеуіл

Қара сексеуіл

Әр түрлі жапырақты терек

Ақ тұт


Эйхвальда құм қарағаны

Үстірт ақшатауы

Лемана сексеуілі

Азиялық түйежапырақ

Шобер сораңы

Соғды қызғалдағы



Қызыл кітапқа енгзілген түрлері:

Тіссіз катран

Сарапеттік селеу

Үстірт ақтаспасы

Парсы шырмауығы

6.1.2 Жануарлар:

Ақбас күшіген

Тазқара


Қарсақ

Ақ тышқан

Дала күзені

Дала мысығы

А.Н.Северцов атындағы қосаяқ

Қосаяқ


Секіргіш қосаяқ

Каспий гекконы

Жолақты жылан

Сұр құр


Кірпі

Үстірт тау қойы (арқар)

Қабан

Қарсақ


Түлкі

Аққұлақ


Дала күзені

Саршұнақ


Қоян
Қызыл кітапқа енгізілген түрлері:

Төртжолақты қарашұбар жылан

Сары аққұтан

Жыланжегіш қыран

Дала қыраны

Қарақұс


Бүркіт

Ителгі


Дуадақ

Қарабауыр бұлдырық

Ақбауыр бұлдырық

Қылқұйрық бұлдырық

Үкі

Шұбар кұзен



Шағыл мысығы

Сабаншы


Қарақұйрық

Үстірт тау қойы (арқар)

6.2. Жануарлардың индикаторлық түрлерінің саны паспортқа 2-қосымшада келтірілді.

6. 3. «Манашы» табиғи қаумалы аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілері: 3-қосымшада келтірілді.


7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимiнің түрлерi, жер учаскелерiнiң аралас меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөнiндегi олардың мiндеттемелерi мен ауыртпалықтары туралы мәлiметтер.


қ.с.

Функционалдық аймақтың атауы

Көлемі, га

Күзет режимі

1

Экологиялық тұрақтандыру аймағы

86 563,0

Тапсырыспен,

Шаруашылықтың жекелеген түрлеріне немесе кейбір қызметтерге толықтай тыйым салу немесе маусымдық шектеулер қою. Экологиялық тұрақтандыру аймағы сонымен қатар рекреациялық туристік қызметтер кіреді;



2

Туристік және рекреациялық қызметтер аймағы.

6 258,7

Реттелген шаруашылық түрлері, табиғи кешендерді пайдаланудағы шектеулер,жериеленушілер мен жер майдаланушылардың дәстүрлі шаруашылық түрлерімен айнаысудың әдістерімен тәжірибесінің табиғи кешендерге және мемлекеттік табиғи қорық қорына зиянды әсерінің болмауы.(бөлігі туристік және рекреациялық қызымет және шектеулі шаруашылық қызметі)

3

Шектеулі шаруашылық аймағы

135 206,5




Барлығы:

228 028,2



7.1 Функционалдық аймақтары бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтың күзет режимдері:


7.2 ЕҚТА-да және оның күзет аймағында орналасқан жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, олардың табиғат пайдалану жөнiндегi мiндеттемелерi мен ауыртпалықтары туралы мәлiметтер



п.п.


Жер пайдаланушының аты

Мақсаты

Кадастрлық номері

Көлемі,

га


Жер пайдалану құқы

Мекен-жайы

Үй жануарларының саны,* бас.

сиыр

жылқы

түйе

қой

ешкі

1

Абдигулов Каржау

«Еламан»

шаруа қожалығы



13-196-009-010

1200

жалдау

Бейнеу

ауданы


-

10

5

30

10

2

Онайбай

«Толеке»

шаруа қожалығы



---------

500

жалдау

Бейнеу

ауданы


-

15

18

58

-

3

Макыбаева Жибек

«Тенге»

шаруа қожалығы



13-196-008-181

500

жалдау

Бейнеу

ауданы


-

-

-

-

-

4

-

«Колканат»

шаруа қожалығы



----------

500

жалдау

Бейнеу

ауданы


-

-

-

-

-

5

Жумагазин Ж.

«Тау»

шаруа қожалығы



13-198-009-057

250

жалдау

Бейнеу

ауданы


-

-

-

-

-

6

-

«Жадыра»

шаруа қожалығы



----------

1000

жалдау

Бейнеу

ауданы


-

-

-

-

-

7

Атиганов Базарбай

«Сабыр»

шаруа қожалығы



13-196-009-356

1000

жалдау

Бейнеу

ауданы


-

-

-

-

-

8

Отайберген

«Жанасу»

шаруа қожалығы



13-196-009-362

500

жалдау

Бейнеу

ауданы


-

-

-

-

-

9

-

«Акболак» кен орыны

13-196-009-390

1000

жалдау

Бейнеу

ауданы

















10

ЖШС «Строй и К»

Солтүстік Сегизбай кен орыны

13-198-015-229

39,5

жалдау

Манғыстау

ауданы


-

-

-

-

-

11

Издибаев Б.

«Ата-баба»

шаруа қожалығы



13-198-015-024

2300

жалдау

Манғыстау

ауданы


12

28

4

270

38

12

ЖШС «Строй и К»

Құм-шебен карьері

13-198-015-145

1,9

жалдау

Манғыстау

ауданы


-

-

-

-

-

13

Узакбай

ш/қ «Есет» 13

ш/қ«Есет» 13а



13-198-016-130

13-198-016-131



500/245,3

1000/782,7



жалдау

Манғыстау

ауданы


5

10

4

70

15

14

Байтуров С

«Абылай»

шаруа қожалығы



13-198-016-129

979

жалдау

Манғыстау

ауданы


-

-

-

-

-

15

Надиров К.К.

«Асем» шаруа қожалығы

13-198-013-033

1000/

956,4


жалдау

Манғыстау

ауданы


12

27

8

270

35

16

Бижанов Н.

«Мустафа»

шаруа қожалығы



13-198-013-024

950

жалдау

Манғыстау

ауданы


15

30

5

170

25

17

Мукарбаев

Б.Н.


«Шобык» уч.

2 шаруа қожалығы



13-198-014-003

2000

жалдау

Манғыстау

ауданы


-

-

-

-

-

18

Байболатов Ч.

«Ляззат»

шаруа қожалығы



13-198-023-113

5,0

жалдау

Манғыстау

ауданы


-

-

-

-

-

19

Ерсариев А.

Шаруа қожалығы

13-198-023-490

1000

жалдау

Манғыстау

ауданы


-

-

-

-

-

20

Соуисбаев Б.

«Коныр» уч. 2

шаруа қожалығы



13-198-014-009

500

жалдау

Манғыстау

ауданы


10

15

6

60

25

21

Далжанов Тущибек

«Максат»

шаруа қожалығы



13-198-015-275

500

жалдау

Манғыстау

ауданы


-

-

-

-

-

22

Турарбеков Т.

«Жанасу»

шаруа қожалығы



13-198-014-015

606,5

жалдау

Манғыстау

ауданы


6

11

4

50

11

23

Косай Ордалы

«Ассаламалейкум»

шаруа қожалығы



13-198-015-013

3463

жалдау

Манғыстау

ауданы


-

-

-

-

-

24

-

«Жетти»

шаруа қожалығы



13-198-016-133

600/

433,4


жалдау

Манғыстау

ауданы


8

18

9

80

25

25

Муханов А.А.

«Толыбай»

шаруа қожалығы



13-198-016-053

1144/

806,6


жалдау

Манғыстау

ауданы


-

-

-

-

-

*Шаруа қожалықтарындағы үй жануарларының саны Бейнеу аудандық ауылшаруашылығы бөлімінен алынған.

7.3. Дәстүрлі шаруашылық қызметті жүргізу кезіндегі шектеулер.

Дәстүрлі шаруашылық қызметті жүргізу кезінде тыйым салынады:


  • улы химикаттарды, тыңайтқыштарды және гербицидтерді қолдану арқылы ауыл шаруашылығының қарқынды түрлерін жүргізу;

  • радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;

  • өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіру;

  • ұяларды, індерді, апандарды және жабайы жануарлардың басқа мекендейтін жерлерін бұзу, жұмыртқаларды жинау және жануарлардың өліміне алып келетін басқа әрекеттер;

  • жануарлардың мекендеу ортасын жою, мал азығы өсімдіктерін, қорғаныс көшеттерін, сортаңдарды, жануарларға арналған астауларды, көрсеткіш белгілерді зақымдауға;

  • белгіленген лимиттен асыра және жануар әлемін қолдануға рұқсаттарда көрсетілген мерзімдерден тыс жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға;

  • аңшылық және балық аулау ережелерінде қарастырылмаған қару түрлерін, жануарларды олжалау әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға.

(жер санаттары мен жер учаскелерінің алаңдары, сондай-ақ олардың шаруашылық қызметіне белгіленген шектеулер көрсетіле отырып, жер учаскелерінің барлық иелері мен басқа жер пайдаланушылар тізбесі келтіріледі)

8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтiң рұқсат етiлген және тыйым салынған түрлерi, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлерiне қойылған шектеулер:

Табиғат ресурстарын тұрақты қолдануды қамтамасыз ететін және экологиялық жүйелердің күйіне теріс әсер етпейтін жер пайдаланушылардың дәстүрлі шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат етіледі:


  • кәдесыйлар, шағын және халықтық кәсiпшiлiктер өнiмдерiн өндiру;

  • туристiк және рекреациялық қызмет;

  • ғылым, экологиялық ағартушылық;

  • биотехникалық шараларды өткізу;

  • санитарлық-сауықтыру және өрт-профилактикалық шараларды өткізу;

  • өрттерді сөндіру бойынша жер үсті және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

  • бұдан бұрын бүлiнген жерлердi рекультивациялау;

  • жабайы жануарлардың мекендеу ортасын және санын қалпына келтіру;

  • жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, мемлекеттiк табиғи қорық қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.

Қаумалдың экологиялық жүйесіне теріс әсер етуші табиғат пайдалану және шаруашылық қызметтерінің түрлеріне тыйым салынады немесе шектеулер қойылады:



  • радиоактивті материалдарды және өнеркәсіптік қалдықтарды көму;

  • уытты улы химикаттарды, тыңайтқыштарды және гербицидтерді сақтау;

  • ластаушы заттарды және ағынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздеріне тастау, қалдықтарды жайластыру;

  • пайдалы қазбаларды өндіру;

  • объекттерді жайластыру, жобалау және пайдалану, экологиялық жүйеге зиянды әсер ететін жаңа технологияларды енгізу;

  • өнеркәсіптік кәсіпорындарды және санитарлық-экологиялық қауіптілігі жоғары басқа объекттерді салу;

  • белгіленген лимиттен асыра және жануар әлемін қолдануға рұқсаттарда көрсетілген мерзімдерден тыс жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға;

  • аңшылық және балық аулау ережелерінде қарастырылмаған қару түрлерін, жануарларды олжалау әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға;

  • ландшафттардың өзгеруіне және нашарлауына алып келетін қызмет, топырақ жамылғысын жою, ластау, қоқсыту, сортаңдану;

  • сирек және Қызыл кітапқа енгізілген, жойылып бара жатқан өсімдіктер және жануарлар түрлерін жинау және табу;

  • ұяларды, індерді, апандарды және жабайы жануарлардың басқа мекендейтін жерлерін бұзу, жұмыртқаларды жинау және жануарлардың өліміне алып келетін басқа әрекеттер;

  • жабайы жануарлардың және жабайы өсетін өсімдіктердің бөгде түрлерін жерсіндіру;

  • қаумалдың экологиялық жүйесіне зиянды әсер етуі және қаумал аумағында орналасқан табиғат кешендеріне және тарихи-мәдени (археологиялық) объекттерге орны толмас залал келтіруі мүмкін кез келген басқа қызмет.

__________________________________________________________________

(ЕҚТА түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақтарға бөлінуіне байланысты қызметтiң рұқсат етiлген және тыйым салынған түрлерiнің сипаттамасы келтіріледі).


9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу, оның жұмыс режимі және рекреациялық жүктемесі

__________________________________________________________________

(ЕҚТА түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақталуына, рекреациялық және туристік бағыттағы объектілердің рекреациялық сыйымдылығына байланысты әрбір ЕҚТА-тың өзіндік ерешеліктерін ескере отырып, ЕҚТА-да болу және рекреациялық ресурстарын пайдалану ережесі, ЕҚТА-ның жұмыс режимі баяндалады)
Табиғатты қорғау ережелерін бұзушылар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жазаланады!

Қаумал аумағында тыйым салынған:



  • Топырақ жамылғысын ластауға

  • Ұяларды, індерді,апандарды және жабайы жануарлардың басқа мекендейтін жерлерін бұзуға

  • Жабайы жануарларды үркітуге және жемдеуге

  • Жабайы жануарларды рұқсатсыз олжалауға

  • Қаумал аумағын тұрмыстық қалдықтармен ластауға


Жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік

табиға қаумалы паспортына

(ерекше қорғалатын табиғи

аумақтың атауы)

1-қосымша



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет