Қарауына ЕҚта жататын мемлекеттік органның атауы 2015 жылғы «21»



бет1/3
Дата18.04.2016
өлшемі409.67 Kb.
  1   2   3

Маңғыстау облысының табиғи

ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасының

(қарауына ЕҚТА жататын мемлекеттік

органның атауы)
2015 жылғы «21» « 09 »

01-04/226-ВН бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің oрман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

(ЕҚТА саласындағы уәкілетті органның атауы)
2015 жылғы «28 » « 09 »

242 бұйрығымен тіркелген



МҚ-ж-17

(ЕҚТА тіркеу нөмірі)



ПАСПОРТ
Жергілікті маңызы бар «Көлеңкелі» мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы

(ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы)



2015 жыл

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы, оның түрi мен санаты


Меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар қаумал режиміндегі «Көлеңкелі» мемлекеттік табиғи қаумалы
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылған немесе кеңейтілген мемлекеттiк орган актiсiнiң атауы, нөмiрi және қабылданған күнi
«Көлеңкелі» мемлекеттік табиғи қаумалы Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.02.2015 жылғы №53 қаулысымен құрылды.
3. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттiк органның атауы

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жүктелген ұйымның атауы
Жергілікті маңызы бар «Көлеңкелі» мемлекеттік табиғи қаумалы
5. Туристiк инфрақұрылымы, шекарасының сипаттамасы, географиялық координаттары, аумағының көлемi және күзет аймағы көрсетiлген карта-схемасы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жерi:
5.1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жерi

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

(облыс, аудан, елді мекен)

5.2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақ шекарасының сипаттамасы
«Көлеңкелі» мемлекеттік жергілікті маңызы бар табиғи қаумалының шекарасы Атырау облысының шекарасында орналасқан координаттары 46º24'38" с.е. және 55º20'04" ш.б. №1 нүктеден басталады. Содан кейін Атырау облысының шекарасында солтүстік-шығысқа қарай №2 нүктеге дейін. №2 нүктеден оңтүстік-шығысқа бұрылып құрғақ өзен арнасына дейін. №3 нүктеден оңтүстікке бұрылып кадастірлік №006-008 жер пайдаланушының шекарасымен №5 нүктеге дейін, одан әрі шекара оңтүстік-шығыста №6 нүктеге дейін.№6 нүктеден оңтүстікке шың жиегіндегі зиратқа дейін, одан әрі шың жигімен №9 нүктеге дейін. №9 нүктеден солтүстікке қарай шаруа қожалықтары «Жиембетова Ж.» және «Таз-2» шекаралары арқылы көтеріліп №1 нүктеге дейін.

(заңды тұлға мәртебесі бар ЕҚТА шекарасының сипаттамасы ЕҚТА бұрылыс нүктелері бойынша және географиялық координаттары көрсетіле отырып беріледі, заңды тұлға мәртебесі жоқ ЕҚТА шекарасының сипаттамасы табиғи шектер бойынша беріледі)



(ЕҚТА карта-схемасына ЕҚТА-ның қазіргі және жоспарланып отырған инфрақұрылымы: ЕҚТА туристік маршруттары мен соқпақтары, шатырлы лагерьлер, жағажайлар, тамашалау алаңдары, уақытша құрылыстар (сауда нүктелері, дүңгіршіктер, жазғы дәмханалар, қайық стансалары, жалдау бекеттері, жылжымалы вагондар мен трейлерлер) енгізіледі. ЕҚТА туристік маршруттары мен соқпақтарының тізбесі (жол берілетін рекреациялық жүктеме көрсетіліп) және ЕҚТА аумағында орналастырылған қазіргі және жоспарланып отырған уақытша құрылыстардың тізбесі ( жол берілетін өткізу қабілеті көрсетіліпя) ЕҚТА карта-схемасына бөлек тіркеледі.

5.3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың алаңы -58 922,8 га;

(табиғат қорғау ұйымы аумағының алаңы тұрақты жер пайдалану құқығының мемлекеттік актілеріне сәйкес; мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорық аймақтарының алаңы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органының ЕҚТА құру туралы шешіміне сәйкес беріледі)


5.4. Қорғау аймағының алаңы қарастырылмаған

(ЕҚТА қорғау аймағын белгілеу туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы шешімінің атауы, нөмірі мен күні көрсетіледі)

5.5. ЕҚТА инфрақұрылымының сипаттамасы

Айналым нөмірі

Көлемі, га

Айналым шекарасының сипаттамасы

1

20 046,1

Айналым аумағында бір жылжымалы кордон (вагон-үй), 2-4 көлікке арналған тұрақ, биотуалет, ТҚ арналған контейнер, өртке қарсы қалқан және 5 аншлаг, оның 4 қаумал шекарасында орнатылған.

Қаумалдың оңтүстік-батыс бөлігінде екі шаруа қожалығы орналасқан.





2

15 968,2

Айналым аумағында бір жылжымалы кордон (вагон-үй), бақылау алаңы, 2-4 көлікке арналған тұрақ, биотуалет, ТҚ арналған контейнер, өртке қарсы қалқан және 2 аншлаг, оның 1 қаумал шекарасында орнатылған.

Қаумалдың солтүстік-батыс бөлігінде үш шаруа қожалығы орналасқан.



3

22 908,5

Айналым аумағында бір жылжымалы кордон (вагон-үй), бақылау алаңы, 2-4 көлікке арналған тұрақ, биотуалет, ТҚ арналған контейнер, өртке қарсы қалқан және 5 аншлаг, оның 3 қаумал шекарасында орнатылған.





6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тізбесі олардың сандық және сапалық сипаттамасымен бiрге паспорттың 1-қосымшасында келтіріледі.

6.1.1. «Көлеңкелі» мемлекеттік табиғи қаумалындағы өсімдік және жануарлар дүниесінің жай-күйін айқындайтын индикаторлық түрлер.

(ЕҚТА атауы)


Өсімдіктер:

Тіссіз катран

Сарапеттік селеу

Үстірт ақтаспасы

Парсы шырмауығы

Алтын түсті эфедра

Қара бүлдірген

Күмәнді долана

Андросов жыңғылы

Шығыс кавказ жуасы

Ақ сексеуіл

Қара сексеуіл

Әр түрлі жапырақты терек

Ақ тұт


Эйхвальда құм қарағаны

Үстірт ақшатауы

Лемана сексеуілі

Азиялық түйежапырақ

Шобер сораңы

Соғды қызғалдағы


Қызыл кітапқа енгзілген түрлері:

Тіссіз катран

Сарапеттік селеу

Үстірт ақтаспасы

Парсы шырмауығы

6.1.2. Жануарлар:

Ақбас күшіген

Тазқара


Қарсақ

Ақ тышқан

Дала күзені

Дала мысығы

А.Н.Северцов атындағы қосаяқ

Қосаяқ


Секіргіш қосаяқ

Каспий гекконы

Жолақты жылан

Сұр құр


Кірпі

Үстірт тау қойы (арқар)

Қабан

Қарсақ


Түлкі

Аққұлақ


Дала күзені

Саршұнақ


Қоян
Қызыл кітапқа енгізілген түрлері:

Төртжолақты қарашұбар жылан

Сары аққұтан

Жыланжегіш қыран

Дала қыраны

Қарақұс


Бүркіт

Ителгі


Дуадақ

Қарабауыр бұлдырық

Ақбауыр бұлдырық

Қылқұйрық бұлдырық

Үкі

Шұбар кұзен



Шағыл мысығы

Сабаншы


Қарақұйрық

Үстірт тау қойы (арқар)


6.2. Жануарлардың индикаторлық түрлерінің саны паспортқа 2-қосымшада келтірілді.


6. 3. «Көлеңкелі» табиғи қаумалы аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілері: 3-қосымшада келтірілді.
7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимiнің түрлерi, жер учаскелерiнiң аралас меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөнiндегi олардың мiндеттемелерi мен ауыртпалықтары туралы мәлiметтер.

7.1 Функционалдық аймақтары бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтың

күзет режимдері:


қ.с.

Функционалдық аймақтың атауы

Көлемі, га

Күзет режимі

1

Экологиялық тұрақтандыру аймағы

18 492,2

Тапсырыспен,

Шаруашылықтың жекелеген түрлеріне немесе кейбір қызметтерге толықтай тыйым салу немесе маусымдық шектеулер қою. Экологиялық тұрақтандыру аймағы сонымен қатар рекреациялық туристік қызметтер кіреді;



2

Туристік және рекреациялық қызметтер аймағы.

2 221,8

Реттелген шаруашылық түрлері, табиғи кешендерді пайдаланудағы шектеулер,жериеленушілер мен жер майдаланушылардың дәстүрлі шаруашылық түрлерімен айнаысудың әдістерімен тәжірибесінің табиғи кешендерге және мемлекеттік табиғи қорық қорына зиянды әсерінің болмауы.(бөлігі туристік және рекреациялық қызымет және шектеулі шаруашылық қызметі)

3

Шектеулі шаруашылық аймағы

38 208,8




Барлығы:

58 922,8






7.2 ЕҚТА-да және оның күзет аймағында орналасқан жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, олардың табиғат пайдалану жөнiндегi мiндеттемелерi мен ауыртпалықтары туралы мәлiметтер




қ.с.


Жер пайдаланушының атауы

Мақсаты

Кадастрлық номері

Участок көлемі,

га


Жер пайдалану құқы

Мекен-жайы

Үй жануарларының саны,*

бас.


сиыр

жылқы

түйе

қой

ешкі

1

Жарықбасов Киікбай

«Адай» шаруа қожалығы

13-196-006-008

1000

жалданған

Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы

10

40

10

300

180

3

__

«Есімбай» шаруа қожалығы

---------

500

жалданған

Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы

-

-

-

-

-

4

Мусиев

Жауынбай


«Алшибек» шаруа қожалығы

13-196-006-428

13-196-006-427



502

жалданған

Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы

11

1

4

20

15

(жер санаттары мен жер учаскелерінің алаңдары, сондай-ақ табиғат пайдалануда белгіленген міндеттемелер мен ауыртпалықтар көрсетіле отырып, ЕҚТА мен оның күзет аймағының шекараларында орналасқан жер учаскелерінің барлық иелері мен бөтен жер пайдаланушылардың тізбесі келтіріледі)


*Шаруа қожалықтарындағы үй жануарларының саны Бейнеу аудандық ауылшаруашылығы бөлімінен алынған.

8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтiң рұқсат етiлген және тыйым салынған түрлерi, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлерiне қойылған шектеулер:

Табиғат ресурстарын тұрақты қолдануды қамтамасыз ететін және экологиялық жүйелердің күйіне теріс әсер етпейтін жер пайдаланушылардың дәстүрлі шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат етіледі:


  • кәдесыйлар, шағын және халықтық кәсiпшiлiктер өнiмдерiн өндiру;

  • туристiк және рекреациялық қызмет;

  • ғылым, экологиялық ағартушылық;

  • биотехникалық шараларды өткізу;

  • санитарлық-сауықтыру және өрт-профилактикалық шараларды өткізу;

  • өрттерді сөндіру бойынша жер үсті және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

  • бұдан бұрын бүлiнген жерлердi рекультивациялау;

  • жабайы жануарлардың мекендеу ортасын және санын қалпына келтіру;

  • жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, мемлекеттiк табиғи қорық қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.

Қаумалдың экологиялық жүйесіне теріс әсер етуші табиғат пайдалану және шаруашылық қызметтерінің түрлеріне тыйым салынады немесе шектеулер қойылады:



  • радиоактивті материалдарды және өнеркәсіптік қалдықтарды көму;

  • уытты улы химикаттарды, тыңайтқыштарды және гербицидтерді сақтау;

  • ластаушы заттарды және ағынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздеріне тастау, қалдықтарды жайластыру;

  • пайдалы қазбаларды өндіру;

  • объекттерді жайластыру, жобалау және пайдалану, экологиялық жүйеге зиянды әсер ететін жаңа технологияларды енгізу;

  • өнеркәсіптік кәсіпорындарды және санитарлық-экологиялық қауіптілігі жоғары басқа объекттерді салу;

  • белгіленген лимиттен асыра және жануар әлемін қолдануға рұқсаттарда көрсетілген мерзімдерден тыс жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға;

  • аңшылық және балық аулау ережелерінде қарастырылмаған қару түрлерін, жануарларды олжалау әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға;

  • ландшафттардың өзгеруіне және нашарлауына алып келетін қызмет, топырақ жамылғысын жою, ластау, қоқсыту, сортаңдану;

  • сирек және Қызыл кітапқа енгізілген, жойылып бара жатқан өсімдіктер және жануарлар түрлерін жинау және табу;

  • ұяларды, індерді, апандарды және жабайы жануарлардың басқа мекендейтін жерлерін бұзу, жұмыртқаларды жинау және жануарлардың өліміне алып келетін басқа әрекеттер;

  • жабайы жануарлардың және жабайы өсетін өсімдіктердің бөгде түрлерін жерсіндіру;

  • қаумалдың экологиялық жүйесіне зиянды әсер етуі және қаумал аумағында орналасқан табиғат кешендеріне және тарихи-мәдени (археологиялық) объекттерге орны толмас залал келтіруі мүмкін кез келген басқа қызмет.

__________________________________________________________________

(ЕҚТА түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақтарға бөлінуіне байланысты қызметтiң рұқсат етiлген және тыйым салынған түрлерiнің сипаттамасы келтіріледі).

9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу, оның жұмыс режимі және рекреациялық жүктемесі

__________________________________________________________________

(ЕҚТА түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақталуына, рекреациялық және туристік бағыттағы объектілердің рекреациялық сыйымдылығына байланысты әрбір ЕҚТА-тың өзіндік ерешеліктерін ескере отырып, ЕҚТА-да болу және рекреациялық ресурстарын пайдалану ережесі, ЕҚТА-ның жұмыс режимі баяндалады)
Табиғатты қорғау ережелерін бұзушылар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жазаланады!

Қаумал аумағында тыйым салынған:



  • Топырақ жамылғысын ластауға

  • Ұяларды, індерді,апандарды және жабайы жануарлардың басқа мекендейтін жерлерін бұзуға

  • Жабайы жануарларды үркітуге және жемдеуге

  • Жабайы жануарларды рұқсатсыз олжалауға

  • Қаумал аумағын тұрмыстық қалдықтармен ластауға

Жергілікті маңызы бар «Көлеңкелі» мемлекеттік

табиға қаумалы паспортына

(ерекше қорғалатын табиғи

аумақтың атауы)

1-қосымша


Мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерінің

тізбесі

Жергілікті маңызы бар «Көлеңкелі» мемлекеттік табиға қаумалы

(ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы)




р/с

Мемлекеттік табиғи-қорық қоры

объектілерінің



атауы

Саны

1.

Өсімдік түрлерінің болуы – барлығы:

23




соның ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері:

4




Тіссіз катран







Сарапеттік селеу







Үстірт ақтаспасы







Парсы шырмауығы




2.

Жануар түрлерінің болуы – барлығы,

33




соның ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері:

17




Төртжолақты қарашұбар жылан







Сары құтан







Жыланжегіш қыран







Дала қыраны







Қарақұс







Бүркіт







Ителгі







Дуадақ







Қарабауыр бұлдырық







Ақбауыр бұлдырық







Қылқұйрық бұлдырық







Үкі







Шұбар күзен







Шағыл мысығы







Сабаншы







Қарақұйрық







Үстірт тау қойы (арқар)






3.

Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң болуы,

олардың атауы, орналасқан жері және қысқаша сипаттамасы:









тіркелмеген




Жергілікті маңызы бар «Көлеңкелі» мемлекеттік табиғи қаумалы паспортына

(ерекше қорғалатын табиғи

аумақтың атауы)

2-қосымша



Каталог: media -> uploads
uploads -> І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»
uploads -> МАҢҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер > «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
uploads -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> Элементы экологизации контроля вредителей агробиоценоза
uploads -> Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет