«Ардақтайық ананы!» ( ертеңгілік ) Тәрбиешілер: Жармуханбетова А. М



Дата17.05.2020
өлшемі61.28 Kb.
«Ардақтайық ананы!»

(ертеңгілік)



Тәрбиешілер: Жармуханбетова А.М.

Курманова А.Н.

Музыка жетекшісі: Доғай Е.

Хореограф: Алпысова А.Ж.

11 «Мөлдір бұлақ» ересектер тобы



Мақсаты: Көктемнің ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру. Көктемнің қызығы, оның алуан түрлілігі туралы айтып, әңді дауыс ырғағын келтіре отырып айту. Көркем сөйлеу тілін дамыту, қол қимылдарын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: Әдемі безендірілген зал, шарлар,балалардың киімдері, гүлдер,т.б.

Жоспары:

1. Ұлдардың кіруі

2. Балалардың тақпақтары

3. Би:«Анаға.........»

4.Ән: «Ақ мамам»

5. Балалардың тақпақтары

6.Әзіл: «Әжелер»

7.Ән: «Жақсы көрем»

8. Балалардың тақпақтары

9.Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды».
10.Ән: «Тәтті»

11. Ағылшын тілінде көрініс: «Шалқан»

12. Балалардың тақпақтары

13. Би: «Гүлдер вальсі»

14. Ән: «Ақ тілек»

Барысы:

Көңілді әуенмен балалар шығып, жарты шеңбер болып тұрады.


Алижан: Жігіттер мұнда не болып жатыр? Арыстан: Неге ата-аналар жиналды екен?
Ерасыл: Бүгін не мереке ме?
Ағзам: Әрине, Аналар мерекесі ғой, қыздар қайда? 
Нұрәлі: Ой, қыздарды қайтесіндер, Олардың бәрі бұзық қой. 
Ельдар: Қыздар бұзық емес, олар ерке. 
Еламан: Қыздар бізге керек. 
Нұрболат: Онда қыздарымыз қайда екен? 
Ерсайын: Дүкенде жүрген шығар?
Абдулахад: Қыздарымыз сәнденіп жатқан шығар?  Аспандияр: Мерекеге дайындалып жатқан шығар? Мансұр: Қыздар әдемі көйлектерін киіп жатқан шығар?
Жангир: Олай болса жігіттер, сұлу қыздарымызды мерекелік кешімізге шақырып келейік! Ұлдар қыздармен жұптасып билеп кіріп,орындарына тұрады. Алижан: Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық, Аналарды құрметтеп, Ән маржанын ашайық. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты, сүйікті аналар, әжелер,қыздар! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар! Тақпақтар: Мадина, Аспандияр, Абдулахад, Лаура.

Би: «Анаға..........».
Айжар: -Білесің бе, Алижан? Ана деген керемет асыл жан, менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып шырын беретін. Алижан: -Ал, менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Айжар: - Ән демекші бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әнмен жалғастырайық.

Алижан: - Дұрыс айтасың Айжар.

Мейірімді де, сүйкімді аналар мен әжелерге арнап ән айтайық.



Ән: «Ақ мамам» қабыл алыңыздар. Жүргізуші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған.

Келесі өлең шумақтары сіздерге арналады құрметті әжелер.


Тақпақтар: Нұрәлі, Ерсайын, Ельдар, Ясмин Әзіл: «Әжелер»

1 әже: (Арыстан)

Немерем менің блатной

Күндіз тыным таппайды

«Телефонмен ойнайм » деп

Кешкі ұйқыға жатпайды

2 әже:(Нұрболат) Немерем менің кір-кір боп Үйдің бетін көрмейді

«Киндр» сатып әпер деп

Еш тыныштық бермейді

3 әже: (Абдулахад)

Немерем менің ән салса

Махаббат деп айтады

Қызың бар ма деп едім

«Жоқ» деп басын шайқады.

4 әже. (Ағзам) 

Келіндер келіп қапты ғой

Біз де үйге кетейік

Немере шіркін тәтті ғой

Барына шүкір етейік

Жүргізуші: Немере деген балдай ғой

Тәттілігі шайдай ғой

Осы ақжаулықты әжелеріміз аман болсын. Немерелеріңіздің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер. Ән: «Жақсы көрем»

Тақпақтар: Жангир, Еламан, Арыстан, Айжар.

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды».
Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады.

Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады.

Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Ән: «Тәтті» (Айжар, Мадина, Лаураның орындауында)

Ағылшын тілінде көрініс: «Шалқан»

Жүргізуші: Ана – біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз, -деп аналарға арналған тақпақтарға кезек берейік. Тақпақтар: Ағзам, Нұрболат,Ерасыл, Мансұр, Малика Жүргізуші: 


Қандай бала болмайық
Анамызға балдаймыз, 
Көтерейікші көңілін,  Би билейік бәріміз қошеметпен ұл-қыздарыңызды қарсы алыңыздар
Би: «Гүлдер вальсі». Жүргізуші: -«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы,

Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларыңыздың аналарына дайындаған кішкентай сыйлықтарын қабыл алыңыздар!



Ән: «Ақ тілек». Жүргізуші: Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға -дей отыра бүгінгі «Ардақтайық ананы!» атты ертеңгілігіміз осымен өз мәресіне жетті. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!  


Каталог: arc -> attach -> 843
attach -> Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2018-2019 учебном году
attach -> Методическое письмо ǀ 2017-2018 учебный год
attach -> Тілім- тірегім, соғып тұрған жүрегім
attach -> Сабақ тақырыбы: Астана таза қала
attach -> Қатысты: 25 адам Кездесу жұмысына қатысты: Ә. Кауметов – Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі»
attach -> 22 наурыз мерекесіне арналған «Ана мен бала» сайысы
attach -> «Сыр- сұхбат» Өтілу барысы: 1-жүргізуші


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет