Қарғалы ауданы Бадамша ауылы



Дата02.11.2019
өлшемі21.95 Kb.


Эссе: «Тәрбиешінің бақыты-балалар әлемі»

Қарғалы ауданы

Бадамша ауылы

«Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы

тәрбишісі : Бактыгреева В.К.

Менің мамандығым-тәрбиеші. Тәрбиеші-алдымен баланы тәрбиелейтін адам, сосын білім беретін ұстаз. Тәрбиеші мамандығын таңдауым себебі, балаларды жақсы көремін. Балаларға арналаған уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым деп айта аламын. Мен бұл жағдайды былай көз алдыма елестетемін: тәрбиеші баланың екінші анасы, баланың досы, баланың көмекшісі,үлгі тұтар тұлға деп білемін. Тәрбиеші жұмысы күрделі де, қызықты да, жауапты.Тәрбиеші болу - айтуға оңай болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді. Мен балабақшада он бес жыл еңбек етудемін,бұл еңбектен жалыққан емеспін.Мен әрі суретші, әрі әртіс, әр баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде бүлдіршіндерімді тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Күнде таңертең жұмысқа келгенде, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге жетелегендей болады. Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Осы бір  «Балалар әлемнің» теңізіне бір бағыт алсаң ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын. Мен үшін қазіргі заманның тәрбиешісі-ол зерттеуші, бақылаушы, құрастырушы, суретші, мүсінші, әнші, биші, әртіс, сиқыршы, саяхатшы, ізденуші. Баланың әрбір сұрағына нақты дәлелмен жауап беру үшін ол үнемі білімі мен білігін көтеріп, жаңа заман ағымымен ілесіп отырушы.  Балаға  тек  тәрбиеші өз  деңгейінде ғана білім беріп қоймайды , баланың шығармашыл ойлай білуіне ықпал ету үшін көп ізденеді. Сол ізденіс арқылы бала жүрегіне жол тауып, оны өз қалауымен жетектей білуі де ұстаздық қасиет.  Бала өзін тәрбиешімен бірге жүргенде қауіпсіз, қамсыз сезініп, тәрбиешіге толықтай сенуі керек. Ал, ол сенімге ие болу үшін, тәрбиеші баланы өз баласындай жақсы көруі керек.



Осындай тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан – жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиешіде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте дер едім.

Қорытындылай келе, тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды айтқым келеді. Әр адам сүйікті мамандығы бойынша жұмыс жасағанда өз мамандығынан рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді деп ойлаймын. Ал, тәрбиеші болудың ең басты міндеті- өз еліміздің тұғырын биікке көтеретін азаматтарды тәрбиелеп шығару деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет