Қаржы және ақша айналымы



жүктеу 105.93 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі105.93 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Зайсан ауданының 2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама.

Қаржы және ақша айналымы.
2005 жылы аудандық бюджетке түскен барлық қаржы субвенциямен қоса есептегенде 693193 мың теңге болып 101,2 пайызға орындалып жоспардан 8295 мың теңге артық түсті, оның iшiнде ауданның өз кірісінің жоспары 4,2 пайызға немесе 8,2 млн.теңгеге асыра орындалды. Салықтар мен алымдардың барлық түрлерінің де жоспарлары 100 және одан жоғары пайызға орындалды. 2006 жылдың 1 қаңтарына салыққа берешектер көлемі 5088 мың.теңге болып 2005 жылдың 1 қаңтарындағыдан 24,5 пайызға немесе 1033 мың.теңгеге көбейді.Бюджеттiк қаржылардың шығыс бөлiгiнің жоспары 99,9 пайызға игерілді. Атап айтқанда 691120 мың.теңге жоспарланып 690711 мың.теңгесі игерілді, игерілмеген қаржы 8704 мың.теңге.

Бағалар мен тарифтер.
Аудандағы тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы 2005 жылдың басынан бері 7,8 пайызға өсті. Осының ішінде 2005 жылы азық-түлік тауарлары бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға, азық-түліктен басқа тауарлары бағасы 6 пайызға және халыққа қызмет ету түрлерінің бағасы 3 пайызға өсті. Басқа тарифтерден айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.

Өнеркәсiп.
2005 жылы аудандағы өнеркәсiп кәсiпорындары 244320 мың теңгенiң тауарлы өнiмдерiн өндiрді, өткен жылмен салыстырғанда 60,7 пайызға немесе 92277 мың теңгеге артық. Бұған үлес қосқандар iшiнде ЖШС “Сайхан” мекемесін және қосалқы шаруашылықтарды атауға болады. “Сайхан” ЖШС барлық бюджеттiк мекемелердi толық көмiрмен қамтамасыз етуде жақсы жұмыстар атқаруда. 2005 жылы аудандық КазПочта бөлiмi бойынша 19904,1 мың теңгенiң қызметi көрсетілді.

Ауылшаруашылық.
Ауданымызда 2006 жылдың 1 қаңтарына барлығы 996 шаруа қожалықтары арнайы тiркеуден өткен. Аудан көлемінде 1 қаңтарға мал бастарының саны: ірі-қара – 49376 бас, қой-ешкі – 124574 бас, жылқы – 8008 бас, түйе – 36 бас, құстар- 31683 бас болды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ірі-қара 2586 басқа, қой-ешкі – 14234 басқа, жылқы – 517 басқа, құстар – 929 басқа, түйе 4 басқа артық. Ауыл шаруашылығының 2005 жылы өндірген өнімінің көлемі 2928464 мың.теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 132385 мың.теңгеге, немесе 4,7 пайызға артық. Атап айтқанда 968506 мың.теңгенің 7389 тонна еті, 804116 мың.теңгенің 35988 тонна сүті, 22321 мың.теңгенің 3138 мың.дана жұмыртқасы, 17546 мың.теңгенің 180 тонна жүні, 1131 мың.теңгенің 67 кг пантасы және 72499 мың.теңгенің басқада мал өнімдері, 167761 мың.теңгенің 10012 тонна астығы, 66023 мың.теңгенің 2628 тонна күнбағысы, 428933 мың.теңгенің 20440 тонна картофелі, 169309 мың.теңгенің 10907 тонна көкенісі, 66547 мың.теңгенің 4287 тонна бақша өнімі, 143772 мың.теңгенің басқада өсімдік өнімдері өндірілген. 2005 жылы ауданда қоры 5471 мың.теңгелік ЖШС «Зайсан Несие» мекемесі ашылып, ауданның шаруа қожалықтарына несие беру жұмысын бастады. Мекеменің құрылтайшылары аудан шаруа қожалықтары мен Астана қаласының «Несиелік Корпорация» ААҚ. 2005 жылы «Несие Корпорациясы» ААҚ арқылы ауданға 21884 мың.теңгенің несиелік ресурстары бөлінген. «КазАгроФинанс» лизингтік мекемесі арқылы «Жасұлан» шаруа қожалығы, «Нұрасыл» шаруа қожалығы және «Шығыс» шаруа қожалығы құны 1700 мың.теңгелік Беларусь 82-1 маркалы тракторларын әкелді. Сондай-ақ Дайыр ауыл округіне қарасты «Атамекен» шаруа қожалығы құны 1700 мың.теңгелік Беларусь 82-1 тракторы мен құны 4700 мың.теңгелік СК-5 комбайнын әкелді. 2005 жылы сондай-ақ ауданның 142 азаматтарына жеке үй шаруашылығымен айналысып, кедейшілік шегін төмендету мақсатында шағын несиелер берілді. Барлық берілген несие сомасы 15810 мың.теңге. Берілген несиелер әрбір азаматқа 65000 және 130000 теңгенің деңгейінде болды. Жеке-жеке тоқталатын болсақ, 94 азаматқа 130000 теңгеден, 48 азаматқа 65000 теңгеден. 2006 жылы осындай шағын несие көлемі екі есе артып аудан халқына берілмек.Жеке кәсіпкер Келгенбаев Е. 2005 жылы ауданға арзан дизель отынын әкелу мақсатында 10400 мың.теңгенің несиесін алып, аудан шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық құрылымдарын арзан дизель отынымен қамтамасыз етті. Ауданымызға әкелінген дизель отынының көлемі 485,2 тонна болып толығымен таратылып берілді.

Күрделi құрылыс пен жөндеу жұмыстары.
Аудан бойынша 2005 жылы 3462 шаршы метрлiк 42 жеке меншiк тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3 тұрғын үйге көбейді. Таза су бағдарламасы бойынша 2005 жылы 24930 мың теңге қаржы Зайсан қаласының су құбырларын жөндеуге мақсатталып, қазіргі уақытта толық игерілді. Қала көшелері мен жергілікті автокөлік жолдарын қыс мезгілінде қардан тазалау және жолдың қауіпті жерлеріне шлак себу жұмыстарына 1482 мың.теңге, жергілікті жолдарды қыру жұмыстарына 815,2 мың.теңге, қала көшелерінің 3090 шаршы метр шұңқырлары жамалып 4000 мың.теңге, жергілікті жолдардың 582 шаршы метр шұңқырлары жамалып 868,6 мың теңге қаржысы жұмсалды. Сонымен қатар жергілікті жолдарға 57 дана жол белгілері қойылып 588,4 мың.теңге қаржы игерілді. Аудан көлемінде 2005 жылы ЖШС «Жеменей» мекемесі орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде құны 5000 мың.теңгенің сметалық құны 10500 мың.теңгенің жұмыстарын атқарды. 2005 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мекемелерде 9500 мың.теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер Қ.Амреновтың күшімен сметалық құны 4800 мың.теңгелік Дайыр ауыл округіне қарасты Мукарама мектебінің жылу қазандығы құны 800 мың.теңгелік Дауленов мектебінің 2 қазандығы құны 800 мың.теңгелік, Шілікті мектебінің қазандығы, құны 1000 мың.теңгелік Ауезов мектебінің 1-ші қабатының едені құны 1500 мың.теңгелік Сартерек мектебінің едені мен спорт зал төбесі жөнделді. Кенсай мектебінде жылу қазандығы ауыстырылып, 600 мың теңгенің жұмысы атқарылды.

Демографиялық жағдай.
2006 жылдың 1 қаңтарына дүниеге келген сәбилер саны 541 бала, бұл 2004 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5 балаға кеміді. 2006 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша 353 адам қайтыс болып, өткен жылмен салыстырғанда 18 адамға артып отыр, оның iшiнде 1 жасқа дейiнгi балалар 5, өткен жылдың осы кезiндегiден бұл 4 балаға азайған. Табиғи өсiм 188-ғе жеттi. Заңды түрде отау тiккендер саны 224 болса, ажырасқандар саны 33 болды. Ажырасқандар саны өткен жылға қарағанда 45,4 пайызға кеміді, отау тiккендер 9,3 пайызға азайған. Ауданға 2005 жылы 958 адам келдi, оның iшiнде 146 адам республикадан тысқары жерден, 223 адам облыстан тысқары жерден келген. Ауданнан басқа жаққа қоныс аударғандар саны – 1483 адам, олардың 10-ы республикадан тысқары, 635 адам облыстан тысқары жерлерге кеткендер, бұлардың барлығы тұрақты мекенiн ауыстырғандар. Сонда механикалық өсiм терiс таңбаға шығып, 2005 жылы аудандағы өзгерiс 525 адамға азайды, оның iшiнде 16-ға дейiнгi адам саны 10-ға өсiп отыр.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар.
Бөлім ауданда тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдармен, жұмыс іздеп жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған адамдармен, еңбек, соғыс ардагерлерімен, мүмкіндіктері шектеулі кемтар балалармен, жалғыз басты қараушысы жоқ қарттармен жұмыс істейді.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджетте аудан бойынша 2005 жалға 36697 мың теңге қаражат қаралған. 2005жылы аудан бойынша 918 жанұяның 3294 адамына 36697,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған 3294 адамның 2255-і 18 жасқа дейінгі балалар, 7 жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын аналар саны 593. Зайсан ауданы бойынша1 қаңтар 2005 жалға кедейшіліктің төменгі деңгейінде тұрып жатқан адамдар саны 4163 болса, 2006 жылдың 1 қаңтарында 2581 адам болды.Аудан бойынша кедейшіліктің төменгі деңгейінде тұрып жатқан адамдар санының азайуы - жаңадан жұмыс орындары ашылып, жергілікті халықты ақылы жұмыстарға тарту, мал басының көбеюі, халықтың бау бақша егіп, егіншілікпен айналысуының нәтижесі.Аз қамтылған, тұрмысы нашар отбасыларына жергілікті бюджет арқылы материалдық көмектер көрсетіліп тұрады. 2005 жылы аз қамтылған 427 адамға 2701 мың теңге материалдық көмек төленді.Аудандық жұмыспен қамту бөлімшесінде 2005 жылы жұмыс іздеп жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 682 адам болып былтырғы жылмен салыстырғанда 15,8 пайызға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 2005 жылдың 1 қаңтарына 2,1 пайыз болса, 2006 жылдың 1 қаңтарына 1,7 пайызды құрады немесе 0,4 пайызға төмендеді.Жыл басынан бері 450 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, әр түрлі мамандық бойынша жұмыспен қамту орталығына тіркелген 34 жұмыссыз адам оқуға жіберілді.Қазақстан республикасының 11 шілде 2002 жылғы №343 “Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік , дәрігерлік- педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы” Заңына сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) анықтамасы негізінде 110 бала әлеуметтік қамқорлыққа алынған, онда балаларға өз-өзіне қызмет көрсету, жүріп-тұру, өзін қадағалау және сөйлеу машықтарына үйретеді және 4 мүгедек балаға мүгедектер арбасы берілді. ПМПК қорытындысы негізінде аудан бойынша 33 балаға тоғыз айда 2669,3 мың теңге материалдық көмек облыстық бюджеттен төленді. Тұрғын үйлерін жөндеу үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 780 мың теңге көмек көрсетілді, сондай ақ 75 соғыс ардагерлеріне 30 мың.теңгеден Республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен 5 мың.теңгеден көмек берілді. Ұлы жеңістің 60 жылдығына байланысты соғыстан қайтпай қалған әскери адамдардың жесірлері 25 адамға 75 мың.теңге, 1941-1945 жылдары негізгі армия қатарында болған 20 адамға 60 мың.теңге, 1941-1945 жылдар аралығында тылда еңбек еткендері үшін медальмен парапатталған 115 адамға 345 мың теңге, барлығы жергілікті бюджеттен 855 мың.теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. 2005 жылы «Уба» емделу санаторийінде екі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, алты тыл ардагері, тоғыз еңбек ардагері, он зейнеткер демалып келді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және 1-ші топтағы мүгедектерге мүгедектер арбалары берілді. Риддер қаласындағы жүйке ауруымен ауыратын мүгедектер интернатына 4 адам, Шемонайха қаласындағы «Первомайка» қарттар үйіне 2 зейнеткер, Ақжар ауылындағы қарттар үйіне 1 адам, «Солнечный» қарттар үйіне 1 адам, Самардағы қарттар үйіне 1 жалғыз басты зейнеткер орналастырылды. Көзі көрмейтін зағип 1-ші топтағы мүгедек зейнеткерлерге облыстық соқырлар қоғамынан 19 қол сағат, 15 қол балдақ әкелініп таратылып берілді. 2005 жылдың қазан айында қарттар күнінде 82 зейнеткерге азық-түлік пакеттері таратылып берілді. Аз қамтылған ардагерлер 2005 жылғы газеттерге жазылуға 10 «Рудный Алтай», 10 «Дидар» газеттеріне тегін жазылды.

Денсаулық сақтау саласы.
Ауданда 2 аурухана , 8 жанұялық емхана, 2 ФАП, 10 фельдшерлiк пункт, 1 меншiк тiс емдеу кабинетi, 1-СЭС дәрiгерлiк нысандары жұмыс атқаруда. Ауданда 78 дәрiгер, 211 орта буынды мамандар қызмет атқаруда. 2005 жылы аудандық ауруханада сметалық құны 5000 мың.теңге күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп қазіргі уақытта толығымен игерілді. Дайыр ауыл округіне қарасты жанұялық емханада сметалық құны 10800 мың.теңге күрделі жөндеу жұмысы жоспарланып, қазіргі уақытта толығымен игерілді. Аудандағы тағы басқа денсаулық сақтау мекемелерінде 2005 жылы 2200 мың.теңгенің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша 2005 жылы 46084,5 мың.теңгенің тегін дәрі-дәрмегі берілді. Сонымен қатар 8129 мың.теңгенің тамағы берілді. Аудан халқының 2005 жылы 22674-і бірінші рет ауруға шалдыққан. Аурулардың жеке түрлеріне тоқталатын болсақ қатерлі ауыру – 51, жүйке ауыруы -61, бірінші рет туберкулезге шалдыққандар- 35, гонарея- 11, алкоголизм мен нашақорлық- 233, бруцелез- 7, жұқпалы ішек аурулары- 22. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi тарапынан ІІІ шақырылған Зайсан аудандық Мәслихатының 19 наурыз күні өткен кезекті он үшінші сессиясы отырысына “Жастармен жұмыс жөніндегі Зайсан ауданы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама” және “Зайсан ауданында 2005 жылға арналған ішкі саяси тұрақтылықты нығайтудағы және “Қазақстан-2030” Стратегиясын насихаттаудағы өңірлік бағдарлама” ұсынылып, бекітілді.Осы уақыт аралығында бөлім тарапынан Қазақстан Президентінің 18 ақпандағы Жолдауын насихаттау мақсатында барлық елді мекендерде ақпарат насихат топтары семинарлар өткізді. Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатында қала, ауыл округ әкімшіліктерінде, мәдениет үйлерінде, мекемелерде арнайы стендтер әзірленіп, тақырыптық сөрелер ұйымдастырылуда. Жыл көлемінде барлық даталы күндер атап айтқанда, Жеңіс күні, балалар күні, наурыз мейрамы тағы басқа мейрамдар бойынша іс шаралар өткізілді. Аудандық Достық газетінің арнайы айдарында «Ел игілігі, халық қамы үлкен мақсаттарға жетелейді», «Ұрпақ үшін еңбектенгенде ғана өмір мәнді болады», «Мағынасы терең», «Кездесу өтті», «Жақсылықтарымыз жалғаса берсін», «Жүрекке жол тапты» атты мақалалары жарық көрді. Аудандық кітапхана көпшілік шаралар ұйымдастыру барысында «Қазақстан- 2030» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, еліміздегі жетістіктер мен жаңалықтарды оқырман қауымына таныстыру мақсатында «Егемен- мемлекет даңқы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Айнабұлақ ауылдық кітапханасында «Қазақстан- 2030» тақырыптық сөресі ұйымдастырылып, үнемі оқырман назарында болуда. Сонымен қатар Қаратал ауылдық кітапханасында «Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранмен айбатты» атты бұрыш ұйымдастырылып, мектеп оқушыларына, оқырмандарға керекті мағлұмат алуларына көптен-көп көмегін тигізді. 2005 жылдың 4 – тоқсанында Елбасынсайлауға байланысты басты түрде аудандағы электоральді ахуалды зерттеу жұмыстарымен айналысып, елді мекендерде социалогиялық сауалнамалар жүргізді. Сонымен қатар, аудан көлемінде көпшілік- мәдени шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Республика күні, Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күні, Жаңа Жыл мерекесі аудан бойынша аталып өтілді. Бiлiм және спорт Аудандық бiлiм бөлiмiне қарасты 30 мектеп, 3 мектептен тыс мекеме, 2 бала бақша жұмыс iстейдi. Мектептердiң 21- орта, 4-орталау, 5-бастауыш мектеп, барлық мектептiң - 24-i ауылдық жерде. Оқушылар контингентiне байланысты аудан бойынша 5-бастауыш, 3-орталау, 9- аз комплектiлi орта мектеп мектептер. 2005-2006 оқу жылы оқушылар саны - 8004. Ауданда 918 мұғалiмдер, 45 тәрбиешiлер қызмет атқаруда.Негізгі мектеп курсын бітірген 814 оқушының 69-ы мектепті ерекше үлгідегі куәлікке бітірді. Орта мектеп курсын бітірген 653 мектеп бітірушінің 620-сы Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты. «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің 20-ның 17-сі өз білімдерін ақтады. Оқушылардың 34,5% 71-120 балл алды. Аудан бойынша орташа 63 балды көрсетті. Аудан бойынша оқу жылының бірінші жартыжылдығын аяқтаған 7972 оқушының 1107 – үздік, 2258 оқушы екпінділер қатарында болды. Білім сапасы 42,2%, үлгерім 99,7%. 2005жылы мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарында 1286 бала демалды. Бұл балалардың 343-і аз қамтылған отбасынан, 224-і диспансерлік есепте тұрған балалар. Аудан бойынша 2005 жылы балалардың демалуына 546 мың тенге бөлінген. Аудандық пән олимпиадасына 23 мектептен 384оқушы қатысып, оның 77-і жүлделі орындарды иеленді. Облыстық олимпиадаға 10 оқушы қатысып, соның ішінен 1 оқушы 3-ші орынды иеленді. Ғылыми жоба қорғау жарысында ауданда 8 жоба қорғалып, оның 3-еуі облыста 2 және 3 орынды иеленді. Облыстық, Республикалық интелектуалдық байқауларға ауданнан 1100 оқушы қатысып, 108-і жүлделі орындар алды, 7 оқушы Республикалық «Балдаурен» сауықтыру санаторийінде демалды. Білім саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 28926 мың.теңге бөлінді: оның ішінде Әуезов және Дауленов мектептерінің мультимедиалық кабинеттерін алуға 12014 мың.теңге бөлініп, 6022 мың.теңгесі немесе 50 пайызы игерілді; Ломоносов мектебінің химия кабинетіне жабдықтар алуға -1800 мың теңге бөлініп толық игерілді; білім бөліміне қарасты мекемелерді оқулықтармен қамтамасыз етуге 10270 мың.теңге бөлініп бүгінгі күнге 5852 мың.теңгесі немесе 57 пайызы игерілді; республикалық бюджеттен оқулықтар алуға 2848 мың.теңге бөлініп толық игерілді; аудандық білім бөліміне қарасты 3 мекемені Интернет жүйесіне қосуға республикалық бюджеттен бөлінген 1594 мың.теңге толық игерілді, сондай-ақ осы мекемелердің Интернет жүйесіне шығуға бөлінген 400 мың.теңгесі әр айда 100 мың.теңгеден орындалуда. 2005 жылғы жоспарланған 42 спорттық шаралардың барлығы орындалды, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 1200 адам әр түрлі спорт жарыстарына тартылды. Атап айтқанда, волейбол, футбол, күрес, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, баскетбол, хоккей түрлерінен жарыс өткізілсе, мамыр айында IХ аудандық халық ойыны және «Саулетай» балалар спорттық ойындары өткізілді. Жарыс қорытындылары бойынша ауыл округтерінің арасынан Шілікті, Қаратал, Қарабұлақ округтерінің, Ломоносов, Каратал, Дауленов мектептерінің командалары жүлделі орындарда көріне білді. Сонымен қатар ,Сәулетай балалар спорттық ойындарынан аудан құрама командасы 106 ұпаймен 5-орынға ие болса, ІХ облыстық халық ойындарында дойбыдан аудан командасы 3- орын алып, ат жарысынан 1-ші орынға иеленді. Жерлесіміз Ермекбаев Ернат тамыз айында Ташкент қаласында өткен армреслингтен Азия біріншілігіне қатысып, өз салмағында 1-ші орынды иеленіп, құрлық чемпионы атағына ие болып қайтты.

Заңдылықтар.
Зайсан аудандық iшкi iстер бөлiмi 2005 жыл көлемiнде қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртiптi сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан көлемiнде нақты шараларды iс жүзiне асырды. Зайсан ауданының ішкі істер бөлімі тарапынан «Құқық тәртібі, Топ, Қару, Всеобуч, Іздеу, Допинг, Мигрант, Аркан, Қадағалау» жалпы Республикалық операциялары және оперативтік іздестіру шаралары жүзеге асырылды. Аудандық ішкі істер бөліміне қатысты жыл көлемінде 174 қылмыстық іс тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,5 пайызға азайған. Биылғы жылы тіркелген қылмыстардың ішінде 28-і ауыр қылмыс, 7-і ауыр дене жарақатын салу, 2-і әйел зорлау, 2-і тонау, 34-і бұзақылық, 2-і әлімжеттілік, 79-і ұрлық. Өткен жылмен салыстырғанда ауыр қылмыс 4-ке (16,7 пайызға), ұрлық 28-ге (8,2 пайызға) көбейсе, ауыр дене жарақатын салу 1-ге (12,5 пайыз), бұзақылық 16-ға (45,2 пайыз) азайса, әлімжеттілік, тонау сол деңгейде қалуып отыр. Заңсыз оқпен атылатын қаруды сақтайтын адамдардың тізімін анықтау мақсатында біршама іс- шаралар жүргізіліп, 10 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде суық қару сақтағандар- 1, отты қаруды заңсыз сақтағандар-9. 2005 жылы нашақорлыққа қарсы күреске байланысты 8 қылмыстық іс қозғалған, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1-ге (11,1 пайыз) азайған. Жалпы 2005 жылы 815,13 гр есірткі заты тәркіленген. Қылмыскерлерді іздестіру, оларды заң алдында жауапқа тарту мәселесі бүгінгі күні қатал қадағалануда. Осы мәселе бойынша 2005 жылы іздестіру шараларының нәтижесі бойынша 16 қылмыскер ұсталып жауапқа тартылды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет