«Қаржы» мамандығы студенттері үшін



жүктеу 1.12 Mb.
бет1/4
Дата28.04.2016
өлшемі1.12 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейдегі СМЖ құжаттары

ОӘК

042-14-3-02.-1.12.-39/3-2010


«Мемлекеттік бюджет» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені




№2 баспа 30.09.2010 жыл




050509 «Қаржы» мамандығы студенттері үшін

«Мемлекеттік бюджет» ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2010





Мазмұны







Дәрістер






Практикалық сабақ






Курстық жұмыс






Студенттердің өздік жұмысы.





1. ДӘРІСТЕР: оқу сабағының формасы, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің ториялық сұрақтарын қарастыру болып табылады.
Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні. Мемлекеттің қолында бюджеттік ақшаларды орталықтандыру қажеттілігі. Ерекше бюджеттің арналымы.

Бюджеттің сипаттама белгілері қоғамдық тұрғыдағы ерекше категория ретінде.


  1. Мемлекеттік бюджет туралы ұғым, оның функциялары.


Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды
есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Бюджет қаражаттары есебінен өндірістің ұлғаюы, жалпы мемлекеттік көлемде резервті қорлардың пайда болуы, мемлекет шекарасы күзетіне шығатын шығындар, қарулы күштерді қамсыздандыру сияқты шығындар іске асырылады.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде екі функцияны атқарады: бөлу және бақылау.

Бюджеттік қатынастар аса көптүрлілігімен айқындалады және шаруашылықтың барлық деңгейлері республикалық және жергілікті бюджеттің, облыстық және қалалық бюджеттердің барлық деңгейлерін қамтиды.

Бақылау функциясы мемлекет қарамағына қаржы ресурстарының қаншалықты толық және қаншалықты тиімді қолданылатынын білуге мүмкіндік жасайды.


  1. Бюджеттің құрылымы.


Бюджеттің түсімдері - кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар болып табылады.

Бюджеттің шығыстары - шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Бюджет 7 бөлімнен тұрады:


  1. кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; ресми трансферттер;

  2. шығындар;

  3. операциялық сальдо = 1-2;

  4. таза бюджеттік кредит беру = бюджеттік кредиттер -
    бюджеттік кредиттерді өтеу;

  5. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо =
    қаржы активтерін сатып алу – мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер (заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алу);

  6. бюджет тапшылығы (профициті);

  7. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) =

(қарыздар түсімі + бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы) - қарыздарды өтеу.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет каражаты калдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.

  1. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу тәртібі.



Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті
бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс


жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның
колданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің колданылуы тоқтатыла тұрады.



Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың резервi қамтиды: төтенше резерв - Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады; шұғыл шығындарға арналған резерв - Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою, соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындау мақсатында ғана пайдаланылады; облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервтi.
     Кассалық алшақтықты жабуға қарыз беру қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң және жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң жалпы көлемi тиiстi бюджет түсiмдерi көлемiнiң 2 процентiнен аспауға тиiс.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген көлемдер шегiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын шешiмдерi бойынша жүзеге асырылады.
      Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi.

Тақырып 2. Бюджет жүйесі.

Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны және оның қалыптасуы. Бюджеттік қатынастар және бюджетаралық байланыстары. Бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері. Унитарлы және федералды мемлекеттердегі бюджет жүйесінің ерекшеліктері. Бюджет құрылысы. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік трансферттер. Бюджеттің құрылымы.


    1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылымы, құру принциптері.

Бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымын келесі суреттен көруге болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті







Республикалық

бюджет

Жергілікті



бюджеттер

ҚР-сының Ұлттық

қоры





НН

Облыс бюджеттері



Астана және Алматы қалаларының бюджеттері





Облыстық

бюджет

Қалалық

бюджет


Аудандық

бюджет

Сурет 1. ҚР-сының мемлекеттік бюджетінің құрылымы

Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер бекітіледі,


атқарылады және дербес болып табылады:

- республикалық бюджет;

- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;

- аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті.



Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:

  1. бірлік принципі – ҚР-сының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;

  2. толықтық принципі – ҚР-ның заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және ҚР-ның Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу;

  3. реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет
    көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және ҚР-сы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;

  4. транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;

  5. дәйектілік принципі - бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;

  6. тиімділік және нәтижелілік принципі - бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;

  7. басымдық принципі - бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

  8. жауапкершілік принципі - бюджет процесіне қатысушыларды ҚР-ның бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;

  9. бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі.




    1. Республикалық бюджеттің экономикалық мазмұны.


Республикалық бюджет - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердін міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруга арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналган республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Мемлекет республика көлемінде маңызы бар әлеуметтік-мәдени дамуды, экономика саласындағы шараларды осы республикалық бюджет арқылы қамтамасыз етеді.

Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға кызмет көрсету және күзету;

- Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;

- сайлаулар мен референдумдар өткізу;

- мемлекеттік каржы бақылауы;

- кеден қызметі;

- мемлекеттің сыртқы саяси кызметі;

- іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;

- мемлекеттің корғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы күрес;

- әділет саласындағы қызмет;

- сот жүйесінің жұмыс істеуі;

- республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу;

- жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар даярлау;

- жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

- сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу;

- ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру;

- зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

- мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;

- арнаулы мемлекеттік жердемақылар;

- жерлеуге жәрдемакы;

- баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, өнеркәсіп саласында республикалық маңызы бар бағдарламалар;

- облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне берілетін ресми трансферттер;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер;

- үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу;

- мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.

2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңда келесі негізгі көрсеткіштер бекітілген:



  • ең төменгі жалақы мөлшері – 7000 теңге;

  • ең төменгі зейнетақы мөлшері – 9200 теңге;

  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 971 теңге.

Республикалық бюджеттің тапшылығы жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) пайызбен шаққанда 1,7 пайыз мөлшерінде бекітілген.
3. Жергілікті бюджеттің экономикалық мазмұны.
Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджеті.

Облыстың бюджеті - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер, есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдарының міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған акша қоры болып табылады.

Мемлекеттік бюджет шығыстары тиімді пайдалану үшін оларды бюджеттер арасында дұрыс таратқаны жөн. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің шығыстары бюджеттер деңгейлері арасында бөлінген. Жергілікті бюджет шығыстары келесідей бөлінген.



Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- бастапқы кәсіптік білім;

- арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру;

- орта кәсіптік білім беру;

- республикалык бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналык көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;

- халықтың санитарлык-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

- жетім балаларды әлеуметтік камсыздандыру; мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту;

- арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру;

- бастауыш кәсіптік білім беру;

- орта кәсіптік білім беру;

- республикалык бюджеттен каржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;

- тұрғын үй көмегі;

- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

- белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;

- жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;

- мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;

- халыктың жұмыспен камтылуын камтамасыз ету;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;

- республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер;

- жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету;

- ҚР Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер.



Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттері мен функцияларын каржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Жергілікті бюджеттер тиісті мәслихатардың шешімімен бекітіледі.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;

- оқытудың кешкі (ауысымдық) нысанын және интернат үлгісіндегі ұйым арқылы міндетті тегін орта білім беруді қоса алғанда, мемлекеттік оқу орындарында азаматтарға міндетті тегін орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

- тұрғын үй көмегі;

- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

- белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;

- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер;

- облыстық бюджетке берілетін ресми трансферттер.

4. ҚР-ның Ұлттық қорын қалыптастыру тәртібі, оның функциялары.


Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері болып табылады.

ҚР-ның Ұлттық коры мемлекеттің тұрақты


әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің
және материалдык емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.

Ұлттық қордың функциялары:



  1. жинақтау функциясы - қаржылык активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді.

  2. тұрақтандыру функциясы - шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін
    төмендетуге арналған.

Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазакстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі.

Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері:


  1. республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

  2. жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;

  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

  4. өзге де түсімдер мен кірістер болып табылады.

Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер - шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін
түсімдердің жиынтығы:

  • корпорациялық табыс салығы;

  • қосылған қүнға салынатын салық;

  • үстеме пайдаға салынатын салық;

  • бонустар;

  • роялти;

  • жасасқан келісім-шарттар бойынша ҚР өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

5. Бюджетаралық катынастардың принциптері, нысандары.
Бюджетаралық қатынастар - жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары болып табылады. Бюджет процесінде республикалық бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен өзара қатынастарына жол берілмейді.

Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:



  1. облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің - республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі (равенство бюджетов областей, городов республиканского значения, столицы во взаимоотношениях с республиканским бюджетом, бюджетов районов (городов областного значения) во взаимоотношениях с вышестоящим областным бюджетом);

  2. түсімдерді тиімді бөлу;

  3. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру (выравнивание уровней бюджетной обеспеченности административно-территориальных единиц Республики Казахстан);

  4. жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет
    көрсетуін қамтамасыз ету (обеспечение предоставления местными исполнительными органами одинакового уровня государственных услуг);

  5. мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың барынша тиімділігі мен
    нәтижелілігі - мемлекеттік қызмет керсетудің неғұрлым тиімді жоие нәтижелі жүргізілуі мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекітіп беру (максимальные эффективность и результативность предоставления государственных услуг - закрепление государственных услуг за тем уровнем государственного управления, который может обеспечить наиболее эффективные и результативные производство и предоставление государственных услуг);

  6. мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін, оны алушыларға барынша жақындату - қызметтерді алушылардың қажеттерін жақсылап есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетілетін қьізметтерді атқаруды бюджет жүйесінің мүмкін болғанша неғұрлым төмен деңгейіне беру (максимальное приближение уровня предоставления государственной услуги к ее получателям - передача исполнения услуг на возможно более низкий уровень бюджетной системы с целью лучшего учета потребностей их получателей и повышения качества государственных услуг);

  7. бюджеттің әрбір деңгейінің алынған ресми трансферттер мен
    кредиттердің тиімді және нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы (ответственность каждого уровня бюджета за эффективное и целевое использование полученных официальных трансфертов и кредитов).

Бюджетаралық катынастарды реттеу нысандары:

  1. республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің арасында:

    • ресми трансферттермен;

    • бюджеттік кредиттермен;

2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер

арасында:



    • ресми трансферттермен;

    • бюджеттік кредиттермен;

    • кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.

2005 жылы келесі бюджеттер республикалық бюджетке ресми трансферттер (бюджеттік алулар – бюджетные изъятия) аударады: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Алматы және астана қалаларының бюджеттері.

Тақырып 3. Бюджеттік жіктелу.

Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні, оның құрылымы. Бюджеттік жіктелудің жалпы принциптері. Бюджеттік жіктелудің өзгертулері, жаңа бюджеттік жіктелудің құру принциптері.

Бюджет кірістерінің жіктелуі. Бюджет шығыстарының функционалдық жіктелуі. Бюджет шығыстарының экономикалық жіктелуі.



1.Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың анықтамасы

      Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырымдылығын қамтамасыз етедi.


      Бюджет процесi бiрыңғай бюджеттiк сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттердiң барлық деңгейлерi үшiн бiрыңғай және мiндеттi болып табылады.

Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының негiзiнде әзiрленедi.


      Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама:


      1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;
      2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
      3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
2.Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы

      Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.

     Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады.

     Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыру болып табылады.      Санаттар:



        1. салықтық түсімдер

        2. салықтық емес түсімдер

        3. капиталмен жасалынған операциялардан түсетін кірістер

        4. алынған ресми трансферттер

        5. несиелерді қайтару

        6. жалпы қаржыландыру

        7. бюджеттік қаражаттардың қалдықтары

Сыныптар мен iшкi сыныптар түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырады.

      Ерекшелiк бюджетке төленетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайды.




    1. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

     Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы – мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттiк саясатты iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы болып табылады.

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден:

функционалдық топтардан;

функционалдық iшкі топтардан;

бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнен;

бюджеттiк бағдарламалардан және iшкi бағдарламалардан тұрады.

Функционалдық топ - бюджет шығыстарын салалық белгiлер мен функционалдық бағыт бойынша бiрiктiру.

01 – Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

02 – Қорғаныс

03 – Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік

04 – Білім беру

05 – Денсаулық сақтау

06 – Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек

07 – Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

08 – Мәдениет, спорт және ақпарат кеңістігі

09 – Отын-энергетикалық кешені

10 – Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау

11 – Өнеркәсіп, құрылыс

12 – Көлік және байланыс

13 – Өзге

14 – Борышқа қызмет көрсету

15 – Ресми трансферттер

16 – Қаржыландыру – бюджет тапшылығын қаржыландыру көздреі көрсетіледі.

Функционалдық iшкi топ бюджет қаражатының функционалдық топ iшiнде жұмсалу бағытын нақтылайды.

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiн, функционалдық топтармен бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн.



100 – Органы власти и управления

101 - Администрация Президента Республики Казахстан

102 - Хозяйственное управление Парламента

103 - Аппарат местных представительных органов (маслихаты)

104 – Канцелярия Премьер-Министра РК

105 – Аппарат акимов



200 – Министерства

201 – Министерство внутренних дел

208 – Министерство обороны Республики Казахстан

212 – Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

213 – Министерство труда и социальной защиты населения РК

215 – Министерство транспорта, коммуникаций и туризма РК

217 – Министерство финансов РК

253 – Управление образования

254 – Управление здравоохранения и др.

300 – Комитеты, входящие в структуру Правительства

304 – Государственный комитет по приватизации РК

308 – Агентство по чрезвычайным ситуациям РК

400 – Комитеты, не входящие в структуру Правительства

401 – Государственный аттестационный комитет

406 – Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета

410 – Комитет национальной безопасности РК



500 – Суды и прокуратура

501- Верховный суд РК

502 – Генеральная прокуратура РК

600 – Другие ведомства

603 – Агентство РК по экономическому планированию

606 – Агентство РК по статистике

608 – Агентство РК по делам государственной службы

609 – Государственная комиссия РК по борьбе с коррупцией

665 – Народный банк РК

678 – Республиканская гвардия и др.


    1. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

      Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы - бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру болып табылады.

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады.

Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады.
    Сынып пен iшкi сынып шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастырады.
    Ерекшелiк бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды.
Тақырып 4. Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны.

Бюджеттің кірістері және олардың қайнар көздері. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы. Олардың республикалық және жергілікті бюджет кірістерінің құрамындағы алатын ролі мен мәні.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салықтар, алымдар және түсімдер сипаттамасы.

Ресми трансферттер. Бұрын берілген несиелерді өтеу – бюджет қаражаттарына түсім көзінің бірі ретінде.


1. Бюджет кірістерінің құрылымы.

Бюджет кірістері - салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, кайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес бюджетке есептелуге тиісті ақша болып табылады.

Салықтық түсімдер - ҚР Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер.

Салықтық емес түсімдер - ҚР Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, басқа да заң актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып
табылады:

  1. мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

  2. мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша;

  3. мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе
    оларды тұракты немесе уақытша жер пайдалануға беруден немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерін өзге құқықтық нысандарда өткізуден түсетін акша;

  4. мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша.


2. Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер.
Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер:

  1. корпорациялық табыс салығы;

  2. қосылған құнға салынатын салық,

  3. ҚР-ның заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акдиздер;

  4. газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға акциздер;

  5. үстеме пайдаға салынатын салық;

  6. экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы;

  7. бонустар;

  8. роялти;

  9. Қазақстан Республикасының жасалған келісім-шарттар бойынша өнімді
    бөлу жөніндегі үлесі;

  10. жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алынатын алымнан басқа,
    Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым;

  11. телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым;

  12. теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу
    үшін алынатын алым;

  13. дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

  14. азаматтық жеке кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

  15. радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды
    мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

  16. қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені
    үшін төлактін төлем;

  17. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

  18. республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
    пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

  19. жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

  20. кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

  21. республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем;

  22. әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;

  23. кеден бақылауын және кеден рәсімдерін жүзеге асырудан түсетін түсімдер;

  24. отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын
    баждар;

  25. консулдық алым;

  26. Ресми құжаттарға мемлекеттік органдардың апостил қойғаны үшін мемлекеттік баж;

  27. паспорттар мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж;

  28. жүргізуші куәліктерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;

  29. көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін
    алынатын мемлекеттік баж;

  30. мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін бергені үшін алынатын
    мемлекеттік баж;

  31. мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатыи мемлекеттік баж болып табылады.


3. Облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдердің құрылымы.
Облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер:

  1. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;

  1. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;

  2. қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем;

  3. облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым;

  4. облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төленетін төлем;

  5. жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үщін төленетін төлем;

  6. орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

  7. жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем болып табылады.


4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін

салықтық түсімдердің құрылымы.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салық түсімдері:

  1. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша
    жеке табыс салығы;

  2. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша
    өлеуметтік салық;

  3. жеке түлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды түлғалардың мүлкіііе
    салынатын салық;

  4. жер салығы;

  5. бірыңғай жер салығы;

  6. жеке және заңды түлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;

  7. акциздер спирттің барлықтүріне, алкоголь өніміне, темекі бұйымдарына, бекіре мен қызыл балық уылдырығына; атыс және газ қаруына, ойын бизнесіне, лотерея ойынын ұйымдастыруға және өткізуге, жеңіл автомобильдерге, бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына төленетін акциздер;

  8. жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

  9. жеке көсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

  10. қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын ли-
    цензиялық алым;

  11. занды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

  12. аукциондардан алынатын алым;

  13. механикалык көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені
    үшін алынатын алым;

  14. жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқық-
    тарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

  15. аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының
    бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем;

  16. консулдық алымнан жөне республикалық бюджеттің есебіне алынатын
    мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж болып табылады.

Тақырып 5. Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау.

Табыс салығын болжамдау әдісі мен тәсілдері. Меншік салығы, оның салық салу базасын анықтау. Тауарларға, қызметтер мен жұмыстарға ішкі салық бойынша түсімдерді болжауды қалыптастыру: ҚҚС, акциздер. Экономиканың жекелеген секторлары бойынша ҚҚС-ты төлеу ерекшеліктері. Табиғи ресурстар үшін төлемдердің түсімі. Әлеуметтік салық шектеулімін есептеу әдісі.

Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салық, оны есептеудің ерекшелігі мен тәртібі. Салық реформасы және жергілікті бюджеттің кіріс базасын нығайту проблемалары.

Мемлекеттік баж, ставка мөлшерін анықтау әдісі, төлеу механизмі. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс жоспарын құру.

Әкімшілік алымдар мен төлемдер, коммерциялық емес және ілеспе сауда табыстарымен және басқа да салықтық емес түсімдерді есептеу ерекшеліктері. Айып-пұл мен санкциялар бойынша түсімдер.

Тақырып 6.Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.

Мемлекеттік бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны. Бюджет шығыстарының жүйесі мен жіктелуі.

Бюджет түрлері бойынша шығыстардың қалыптастыру ерекшеліктері. Шығыстарды қаржыландырудағы сметалық тәртіп. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметасын құрутәртібі мен бекітілуі және оларға енгізілетін өзгертулер. Бюджет бағдарламасының әкімшілігі. Екінші деңгейдегі жиынтық смета.

Шоттар жоспарының біріккен стандарты, олардың мазмұны мен қолданылуы. Бюджет шығыстарының қайта құрылуының негізгі бағыттары.



1. Бюджет шығындары ұғымы, оның түрлері.
Бюджет шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. мемлекеттік мекемелердің кызметін қамтамасыз ететін шығындар;

  2. тұракты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

  3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттік саясатты
    іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлемі;

  4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке
    тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;

  5. заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық
    бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру.

  6. ресми трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ
    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;

  7. мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындардың өзге
    де түрлері.

Бюджеттiк бағдарлама - бюджеттiң мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шығыстары.

Бюджеттiк бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттiк бағдарлама шеңберiндегi бағыттарын нақтылайтын iшкi бағдарламаларға бөлiнуi мүмкiн.

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi болуға тиiс. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуге тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететiндей болуға тиiс.

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты жекелеген мiндеттерге бөлiнедi, олар бюджеттiк бағдарламаның мақсатына жетудiң жолдары болып табылады.

Бюджеттiк бағдарламаның атауы мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттiк функцияларды, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттік, салалық (секторлық) аймақтық бағдарламалармен айқындалған мақсаттарын көрсетуге тиiс.
2. Бюджеттiк бағдарламалардың түрлерi
  Экономикалық нәтижелерге байланысты бюджеттiк бағдарламалар:
     1) мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекет мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттiк бағдарламаларына жатпайтын бiржолғы шаралар өткiзудi көздейтiн ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар;


  1. бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған дамудың бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi.

Белгiлi бiр функцияларды атқаратын мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты бюджеттiк бағдарламалар:

    1. республикалық бюджетте бекiтiлетiн республикалық бағдарламалар;

    2. облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнде бекiтiлетiн облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бағдарламалары;

    3. аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнде бекiтiлетiн аудандық (қалалық) бағдарламалар;

    4. республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнде бекiтiлетiн қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi.

      Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық (қалалық), сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар болып табылады.

      Iске асыру тәсiлiне байланысты бюджеттiк бағдарламалар:

1)бiр әкiмші iске асыратын жеке бюджет бағдарламалары;

2) бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бюджетте бекiтiлетiн және бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар болып бөлiнедi.

Мұндай бюджеттiк бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен немесе жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi

3. Бюджеттiк кредиттің ұғымы, принциптерi
Бюджеттiк кредит - бюджеттен қайтарымды, мерзiмдi және ақылы негiзде бөлiнетiн ақша. Бюджеттiк кредиттеу - бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процесс.

Кредиттiк шарт - бюджеттік кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн, кредитор, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы келiсiм.

Бюджеттiк кредиттер:


  1. орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарының шеңберiнде бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға;

  2. мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiн iске асыруға;

  3. облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға;

  4. мемлекеттiң жүз процент қатысуымен қаржы агенттiктерiнiң (бұдан әрi - қаржы агенттiктерi) мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруына бағытталады.

Бюджеттiк кредиттеу принциптерi:

  1. кредит шартына сәйкес бюджеттiк кредиттi өтеу мiндеттiлiгiн көздейтiн қайтарымдылық принципiне;

  2. мiндеттемелердiң орындалуын Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәсiлдермен қамтамасыз ететiн жағдайының болуын көздейтiн қамтамасыз етiлу принципiне;

  3. бюджеттік кредиттi бергенi үшiн қарыз алушыға ақы төлеуiн көздейтiн ақылылық принципiне;

  4. бюджеттiк кредитті беру мерзiмiн белгiлеудi көздейтiн мерзiмдiлiк принципiне сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджеттiк кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушының шаруашылық қызметiнiң залалдарын жабуына, көрсетiлетiн қызметтер үшiн сенiм бiлдiрiлген тұлғаларға (агенттерге) ақы төлеуге берiлмейдi.

Бюджеттiк кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда берiледi:


1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң болмауы;
2) қарыз алушының бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ететiн жағдайының болуы;

3) қарыз алушының бұрын берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша берешегiнiң болмауы.

Қарыз алушы - бюджеттiк кредиттi алушы, негiзгi борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын кредит шартының тарабы (жеке тұлғалар, қарыз алушы банктер, жергiлiктi атқарушы органдар;шетелдiк мемлекеттер қарыз алушылар бола алады).

Бюджеттiк кредиттер берiлу мерзiмiне қарай мынадай түрлерге бөлiнедi:


      1) қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн;
      2) орта мерзiмдi - 1 жылдан 5 жылға дейiн;
      3) ұзақ мерзiмдi - 5 жылдан 30 жылға дейiн.

Сыйақы ставкасы тiркелген немесе құбылмалы болуы мүмкiн.   

   Тiркелген сыйақы ставкасы - мөлшерi бюджеттiк кредиттiң барлық мерзiмiне өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы.

Құбылмалы сыйақы ставкасы - қаржы рыногындағы конъюнктураға байланысты өзгерiп тұратын сыйақы ставкасы.


4. Бюджеттік инвестициялар ұғымы.
Бюджеттiк инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiкке жету мақсатымен мемлекет активтерiнiң құнын ұлғайтуға, адам ресурстарын дамытуға және табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру.

Бюджеттiк инвестициялар бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бюджеттiк инвестициялық бағдарламаларды iске асыру арқылы, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.

     Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) болып бөлiнедi.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады:

1) инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және iрiктеу;

2) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау және iрiктеу;

3) басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыpу және бекiту.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган экономикалық сараптама бойынша оң қорытындылар негiзiнде жүзеге асырады.

Ірiктелiп алынған бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жоспарланатын кезеңнiң бiрiншi немесе екiншi жылында iске асырылуы басталатын басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiне енгiзiледi.

Бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.

Бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асыру шеңберiнде көзделген құрылыс қызметiне ақы төлеу үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерден төлемдер белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
5. Грант ұғымы, түрлері.

Грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына беретiн өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмегi. Донорлар - шет мемлекеттер, олардың үкiметтерi мен агенттiктерi, халықаралық және шетелдiк мемлекеттiк ұйымдар, қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн шетелдердiң үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдары және қорлары.

      Гранттар берiлу шарттары бойынша былай бөлiнедi:

      1) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттiк бюджеттен қоса қаржыландыруды көздейтiн гранттар;
      2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттiк бюджеттен қоса қаржыландыру көзделмейтiн гранттар.

Гранттарды пайдалану жеке бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) құрайды және грант туралы келiсiмге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды мемлекеттiк ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады.



Гранттарды жоспарлау - гранттар тартуға өтiнiмдер қалыптастыру, ұсыным жасау және iрiктеу жөнiндегi қызмет. Гранттарды жоспарлаудың негiзi:

  1. республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары;

  2. донорлардың өтеусiз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстары болып табылады.

Өтеусiз техникалық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар жеткiзiп берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы.

Өтеусiз қаржылық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар жеткiзiп берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi қаржыландыру үшiн ақша беруi.
6. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі
Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне (F және G санаттары) еңбекақы төлеу жүйесi уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi:

- Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының тiзiлiмi;

- мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;

- қосымша ақылар, үстемеақылар мен өтемақылар негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды.

Ғ санатының тобы:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты;

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы;

Абай атындағы Мемлекеттiк академиялық опера және балет театры;

К. Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры;

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы.

G санатының тобы - Мемлекеттiк мекемелер және қазыналық кәсiпорындар

Лауазымдық жалақы (ставка) = Базалық лауазымдық жалақы * коэффициенттер

Базалық лауазымдық жалақы 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап 9200 теңгеге тең.


-------------------------------------------------------------------
Катего-!              Еңбек стажы
рия    !-----------------------------------------------------------
 !1 жыл!1 -2! 2-3!3 -5!5 -7!7- 9 !9-11 !11-14!14-17!17-20! 20
!ға ! ! ! ! ! ! ! ! !жо
!дейін!    !    !    !    !     !     !     !     !     !ға
!     !    !    !    !    !     !     !     !     !     !ры
-------------------------------------------------------------------
                             Категория F
-------------------------------------------------------------------
F-l     5,68 5,79 5,91 6,03 6,16  6,30  6,42  6,55  6,67  6,74 6,81

F-2     5,28 5,38 5,49 5,61 5,73  5,86  5,97  6,09  6,20  6,27 6,33

F-3     4,93 5,03 5,13 5,24 5,35  5,47  5,58  5,68  5,79  5,85 5,91

F-4     4,51 4,60 4,69 4,79 4,89  5,00  5,10  5,20  5,30  5,36 5,41

F-5     4,20 4,28 4,37 4,46 4,56  4,66  4,75  4,84  4,93  4,99 5,04

F-6     3,95 4,03 4,11 4,20 4,29  4,38  4,47  4,55  4,64  4,69 4,74

F-7     3,71 3,78 3,86 3,94 4,03  4,11  4,20  4,28  4,36  4,41 4,45

F-8     3,50 3,57 3,64 3,72 3,80  3,88  3,96  4,03  4,11  4,16 4,20

F-9     3,25 3,31 3,38 3,45 3,53  3,60  3,68  3,75  3,82  3,86 3,90

F-10    3,04 3,10 3,16 3,23 3,30  3,37  3,44  3,50  3,57  3,61 3,65

F-ll    2,81 2,86 2,92 2,98 3,05  3,12  3,18  3,24  3,30  3,34 3,37

F-12    2,62 2,67 2,73 2,78 2,84  2,91  2,96  3,02  3,08  3,11 3,14

F-13    2,45 2,50 2,55 2,60 2,66  2,72  2,77  2,82  2,88  2,91 2,94

F-14    2,27 2,31 2,36 2,41 2,46  2,52  2,57  2,62  2,67  2,70 2,72

F-15    2,11 2,15 2,20 2,24 2,29  2,34  2,39  2,43  2,48  2,51 2,53

F-16    2,01 2,05 2,09 2,14 2,18  2,23  2,27  2,32  2,36  2,39 2,41

F-17    1,89 1,93 1,97 2,01 2,05  2,10  2,14  2,18  2,22  2,24 2,27
-------------------------------------------------------------------
                           Категория G
-------------------------------------------------------------------
G-l     3,30 3,36 3,43 3,50 3,58  3,66  3,73  3,80  3,87  3,92 3,96

G-2     3,07 3,13 3,19 3,26 3,33  3,40  3,47  3,53  3,60  3,64 3,68

G-3     2,86 2,92 2,98 3,04 3,11  3,17  3,24  3,30  3,36  3,40 3,43

G-4     2,62 2,67 2,72 2,78 2,84  2,90  2,96  3,02  3,08  3,11 3,14

G-5     2,44 2,48 2,53 2,59 2,64  2,70  2,76  2,81  2,86  2,89 2,92

G-6     2,29 2,34 2,39 2,44 2,49  2,54  2,59  2,64  2,69  2,72 2,75

G-7     2,15 2,19 2,24 2,29 2,33  2,39  2,43  2,48  2,53  2,56 2,58

G-8     2,03 2,07 2,11 2,16 2,20  2,25  2,30  2,34  2,38  2,41 2,43

G-9     1,89 1,92 1,96 2,01 2,05  2,09  2,14  2,18  2,22  2,24 2,26

G-10    1,78 1,81 1,85 1,89 1,93  1,97  2,01  2,05  2,09  2,11 2,13

G-ll    1,65 1,69 1,72 1,76 1,80  1,83  1,87  1,91  1,94  1,96 1,98

G-12    1,55 1,58 1,62 1,65 1,69  1,72  1,76  1,79  1,82  1,84 1,86

G-13    1,45 1,48 1,51 1,54 1,57  1,61  1,64  1,67  1,70  1,72 1,74

G-14    1,36 1,39 1,42 1,44 1,48  1,51  1,54  1,57  1,60  1,62 1,63

G-15    1,27 1,29 1,32 1,35 1,38  1,41  1,44  1,46  1,49  1,51 1,52

G-16    1,19 1,21 1,24 1,26 1,29  1,32  1,34  1,37  1,39  1,41 1,42

G-17    1,10 1,12 1,14 1,16 1,19  1,22  1,24  1,26  1,29  1,30 1,31
-------------------------------------------------------------------
Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.

Білім беру шығынының құрамы мен құрылымы. «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» заңы. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері: бастапқы, және орта білім беру; кәсіби техникалық білім беру; орташа арнайы білім беру; жоғары білім беру. Оларды қаржыландыру көздері.

Кадрларды кәсіби дайындау. Жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі.

Бюджеттен білім беруге бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау.



      1. Мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру

Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда 2004 жылы мектепке дейiнгi ұйымдардың саны 12 бiрлiкке (1%), ал олардағы балалардың контингентi 25 421 балаға (18,7 %) өстi, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұраныстарының өсуi мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкiндiктерi арасындағы теңсiздiктi айғақтайды. Нәтижесiнде мектепке дейiнгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейiн баладан келдi. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшiн кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектепалды бағдарламаларымен қамтылуға тиiс.

Бала бақшаларды қаржыландыру келесі көрсеткіштерге байланысты есептеледі: балалардың ортажылдық саны, бала топтарының саны және балалардың мекемеде болу сағаты. Балалардың ортажылдық саны (контингенті) балалардың жыл басындағы және жыл аяғындағы санына айланысты есептеледі.

Шығыстардың ішінде жоғары үлесті еңбекақыға арналған шығыстар құрайды. Бұл шығыстар бекітілген штаттар және еңбекақының ставкалары негізінде белгіленеді. Штат бірлігі балалардың топтары мен балалардың мекемеде болу ұзақтығына байланысты айқындалады.

Мектепке дейінгі мекемелер жұмысшыларының нормативтік жүктемесі аптада 24 сағат құрайды. Еңбекақы ставкасы базалық оклад негізінде белгіленеді.

Тамаққа арналған шығындар тамақ нормалары мен бала-күн көрсеткішін көбейту арқылы есептеледі.

Бала-күн көрсеткіші = балалардың бала бақшада 1 жылда болу мерзімінің орта күні / жоспарланған жылдағы балалар саны
2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.
      Жалпы бiлiм беретiн мектептегi реформалардың шетелдiк тәжiрибесi оқытудың мерзiмiн 12-13 жылға дейiн ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетiстiктерi мен кәсiби оқытуды сыртқы бағалау жүйесiн енгiзудi көздейдi.

Қазақстанның жалпы орта бiлiмi жалпы бiлiм беретiн мектептер санының көбеюiмен әрi демографиялық және көшi-қон процестерiне орай жекелеген өңiрлерде шағын жинақталған мектептердiң өсуiне ықпал еткен оқушылар контингентiнiң азаюымен сипатталады.

Республикада 4272 жалпы бiлiм беретiн шағын жинақталған мектеп (ШЖМ) жұмыс iстейдi (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың бала (жалпы оқитындар контингентiнiң 14,1%-ы) оқиды. ШЖМ-нiң бiр оқушысын оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке қарағанда (өңiрлерге байланысты) 30-100%-ға жоғары. Мектептердiң тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған.
Республикада 614 интернат мекемелерi жұмыс iстейдi, оларда мемлекет есебiнен 75 мыңға жуық жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, девиантты мiнез-құлықты балалар тұрады, 18 балалар интернат-үйлерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде бiреуi дене бiтiмiнде кемшiлiгі бар балаларға арналған, онда толық мемлекеттік қамқорлыққа алынған 2,8 мың бала тәрбиеленуде.

Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi 722 оқу орнынан, оның iшiнде жалпы оқушылар контингентi 341,3 мың адам 307 кәсiптiк мектеп (лицейлер) пен 415 колледжден тұрады.

Кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн оқу орындарында оқитындардың контингентi 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейiн 10,3 мың адамға ұлғайды.

Жалпы орта бiлiм беруде үш сатыны көздейтiн 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.

I саты - жалпы бастауыш бiлiм беру, оқыту ұзақтығы - 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш мектептiң бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабiлетiн ашуға және дамытуға бағытталған.Бiлiм беру мазмұны шетел тiлiн және информатика негiздерiн ертерек (2-сыныптан бастап) оқытумен толықтырылатын болады.

II саты - негізгі жалпы бiлiм беру, оқыту ұзақтығы - 6 жыл, 5-10 сыныптар.      III саты - жалпы орта бiлiм беру, бейiндi оқыту, оқыту ұзақтығы - 2 жыл, 11-12-сыныптар.

Жалпы орта бiлiм беру мекемелерін шығындарын жоспарлаудың негізгі көрсеткіші – оқушылардың және сыныптардың ортажылдық саны (К орта)

2 К1 + К2

Корта. = 3

К1 - оқушылардың (сыныптардың) жыл басындағы саны;

К2 - оқушылардың (сыныптардың) жыл аяғындағы саны

Жыл басында білім беру басқармасы әр мектептегі сыныптар мен оқушылардың саны бойынша титулдық тізім құрады. Мектеп әкімшілігі осы бекітілген титулдық тізім негізінде 1-ші қыркүйекке тарификациялық тізім құрады№ Тарификациялық тізімде әр мұғалімнің аты-жөні, жүргізетін сабақтары, педагогикалық стажы, 1 аптадағы сағаттар саны, айлық ставкасы, қосымша төлемдер көрсетіледі.

Мұғалімдердің нормативтік оқу жүктемесі аптада 1-4 сыныптарда – 20 сағат, 5-11 сыныптарда – 18 сағат көлемінде белгіленген. Еңбекақыға қосымша төлемдер қолданылады.

Еңбекақы қоры педагогикалық ставкалардың саны және орташа еңбекақыға байланысты есептеледі. Педагогикалық ставкалардың саны тарификациялық тізімде белгіленген сағаттың санын мұғалімдердің апталық жүктемесіне бөлу арқылы есептеледі.




  1   2   3   4


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет