Қаржылық коэффициенттер



Дата20.11.2019
өлшемі481.48 Kb.

Қаржылық коэффициенттер


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

Орындаған: Тұрсынбай А. Т.

Тексерген: Жангирова Р. Н.


Қаржылық тұрақтылық

  • Қаржылық тұрақтылығы бұл тәуекелдердің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
  • Қаржылық тұрақтылықтың мәні  бұл қорлар мен шығындардың қалыптастыру көздерінен қамтамасыз етілу.
  • Нарық жағдыйында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен және тағы басқалар мен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті  дамытуға, оның материалдық- техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік жағдайды жақсартуға және басқаруға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Қаржылық тұрақтылық- бұл табыстардың шығындардан асу тұрақтылығы, оларды жүзеге асыру тиімділігі жолымен кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін қолдану.

Қаржылық коэффициенттер әдісі

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетіледі. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Қаржылық коэффициенттер

  • Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы қаржылық коэффициенттер жүйесімен сипатталады. Бұл коэффициенттердің талдауы оларды өткен жолмен салыстырғанда және олардың динамикасын оқуда қорытынды қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын көрсеткіштің ең бір маңыздысы мынадай коэффициенттік көрсеткіштер табылады.

Тәуекелділік коэффиценті

  • Тәуекелдік коэффициенті (меншіктік коэф.)- ол кәсіпорынның қызметін жүзеге асыру үшін авансталған барлық қаржылардың жалпы сомасы меншіктік қаржыларға үлесін көрсетеді. Ол кредиторларды қызықтырады. Бұл коэффициенттердің өсуі кәсіпорынның тәуелсіздігінің ұлғаюы туралы куәландырады және барлық міндеттемелер меншікті қаражаттармен жабылу мүмкін. Бұл коэффициентің теориялық мәні (0,5-0,6)-тең.

Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған

  • Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған
  • капиталға бөлу арқылы анықтайды (Формула 1):

    Ктс =Мк / Ак, (1.1)

  • мұндағы Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
  • Мк - меншікті капитал;
  • Ак - авансталған капитал (баланс валютасының жиыны).

Тәуелділік коэффициенті

  • Тәуелділік коэффициенті- бұл тартылған қаражаттардың барлық авансталған капиталға үлесін сипаттайды. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, оларды бақылайтын менеджерлердің де емес, меншікті компаниялардың да емес сыртқы қысымына ұруының потенциялды  тәуекелділігі жоғары болады. Мынаны есте сақтаған жөн: тартылған капитал бойынша төленетін үрді бұл компаниялардың пайда зиянының жоғары болса, шығындарды соғұрлым жоғары болады.

 Ол мына формуламен анықталады (Формула 2):

  •  Ол мына формуламен анықталады (Формула 2):
  • Кт = Қк / Қк, (1.2)

  • мұндағы Кт - тәуелділік коэффициенті;
  • Қк - сырттан тартылған (қарыз) капитал;
  • Қк - авансталған капитал (баланс валютасының жиыны).

Тартылған немесе меншікті қаражаттардың сәйкестілік коэффициенті

  • Тартылған немесе меншікті қаражаттардың сәйкестілік коэффициенті- бұл меншік қаражаттардың активіне салынған бір теңге кәсіпорынның қанша тартылған қаражат келетінен көрсетіледі.1:2
  • Бұл коэффициент тәжірибеде өте  тұрақсыз. Себебі, берілген коэффициент есептеуде ағымдағы активтердің, тауарлық материалдық қорлар, дебиторлық қарыздар айналым жылдамдығын толығырақ анықтаған жөн. Ағымдағы активтер мен дебиторлық қарыздардың жоғарлауы айналымдағы кезінде бұл коэффициенттер бірден асуы мүмкін.

Маневрлеу коэффициенті

  • Маневрлеу коэффициенті – бұл осы  қаражаттардың  еркін қолдануды үлкен немесе кіші рұқсат ететін мобильдік активтерге меншік қаражаттарының қай бөлігі салынғанын көрсетеді. Бұл коэффициенттің төменгі мәні қйын өтетін иммобильденген есептердің құндылығында меншік қаражаттардың белгілі бір бөлігі бекітілгенін көрсетеді. (>1=0,5).

 Келесі формула (3) арқылы анықталады:

  •  Келесі формула (3) арқылы анықталады:
  • Кж=Мақ/Мк (1.3)

  • мұндағы КЖ - маневрлеу (жұмсау) коэффициенті;
  • МАҚ- меншікті айналым капиталы;
  • МК - меншікті капитал.

Қаржыландыру коэффициенті

  • Қаржыландыру коэффициенті- бұл меншікті және тартылған капиталдың қатынасын сипаттайды, активтердің қай бөлігі меншік қаражаттарының есебінен қаржыланатыны көрсетіледі.

Ол формула (4) арқылы анықталады.

  • Ол формула (4) арқылы анықталады.
  • Кқ =Мк / Қк, (1.4)

  • мұндағы Кқ - қаржыландыру коэффициенті;
  • Мк - меншікті капитал;
  • Қк – сырттан тартылған (қарыз) капитал.

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті

  • Басқарманың тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы капиталдағы үлесін сипаттайды. Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеу қауіпті. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады.
  • Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлақ негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Басқарманың капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық ой-меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары ¼- ұзақ мерзімді қарыздар есебінен ¾- қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасуы керек.
  • Барлық қаржылық коэффициенттерді Халықаралық стандарттар бойынша төртке бөледі:
  • 1.Өтімділік және төлем қабілеттілік коэффициенті.
  • 2.Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.
  • 3.Іскерлік активтілік коэффициенттер.
  • 4.Рентабельділік (тиімділік) көрсеткіштер.

Қорытынды

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай ақ олардың меншік иелері, жұмыскерлер, коммерциялық серіктестер және басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет