«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі»



жүктеу 96.77 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі96.77 Kb.
: sites -> default -> files -> files
files -> Дополнение 1 Исчезнувшие
files -> Аббревиация и дезаббревиация собственных имен как активные процессы в жаргонной фразеологии
files -> «биологическое образование» Выпускник по направлению подготовки 050100 педагогическое образование с квалификацией
files -> Программа занятие Для тех, кому интересен автоспорт 16 октября 2012 года, 19. 00. Ауд. 120 2-го корпуса юурГУ
files -> Партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыру бойынша АҚпарат астана қалалық филиалы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 05.11.2013 10:54:08
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі»,

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самғау» АҚ) «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» (бұдан әрі - «Арна Медиа» АҚ), «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» (бұдан әрі - «Парасат» АҚ), «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» (бұдан әрі - «Зерде» АҚ) акционерлік қоғамдарына бөлу нысанында қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) «Арна Медиа» АҚ-ның, «Парасат» АҚ-ның, «Зерде» АҚ-ның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалар - «Самғау» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының тізбесі;

2) акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) «Арна Медиа» АҚ-ның және «Парасат» АҚ-ның, «Зерде» АҚ-ның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.

3. Қызметінің негізгі мәні мыналар болып белгіленсін:



1) «Арна Медиа» АҚ - акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Арна Медиа» АҚ-ның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару;

2) «Парасат» АҚ - Қазақстан Республикасын ғылыми-технологиялық дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Парасат» АҚ-ның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару;

3) «Зерде» АҚ - акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) инфокоммуникациялық саланың бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау, инфокоммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту, инфокоммуникациялар саласындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру мақсатында «Зерде» АҚ-ның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен акциялардың мемлекеттік пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқығын:



1) «Арна Медиа» АҚ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне;

2) «Парасат» АҚ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне;

3) «Зерде» АҚ - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен бірлесіп:

1) «Арна Медиа» АҚ, «Парасат» АҚ, «Зерде» АҚ жарғыларын бекітуді;

2) «Арна Медиа» АҚ-ны, «Парасат» АҚ-ны, «Зерде» АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тізбеде белгіленген заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін «Арна Медиа» АҚ-ның, «Парасат» АҚ-ның, «Зерде» АҚ-ның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Арна Медиа» АҚ, «Парасат» АҚ жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тізбеде белгіленген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) беру жолымен орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді қамтамасыз етсін.

8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен бірлесіп, екі апта мерзімде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулыға сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің



2008 жылғы 3 шілдедегі

668 қаулысымен



бекітілген

 

 

Акцияларының пакеттері (қатысу үлестері)

«Арна Медиа» АҚ-ның, «Парасат» АҚ-ның, «Зерде» АҚ-ның

орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін

заңды тұлғалар - «Самғау» АҚ еншілес және тәуелді

ұйымдарының тізбесі

 

Р/с



Атауы

Акцияларының пакеті

(қатысу үлестері)

 

«АрнаМедиа» АҚ

 

1.

«Қазақстан телекоммуникациялары» акционерлік қоғамы

(КАТЕЛКО)

37,36%

2.

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы

100%

3.

«Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы

49,9999%

 

«Парасат» АҚ

 

4.

«Ғылым қоры» акционерлік қоғамы

100%

5.

«Жер туралы ғылымдар, металлургия және байыту орталығы» акционерлік қоғамы

100%

6.

«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» акционерлік қоғамы

100%

7.

«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік

қоғамы

100%

 

«Зерде» АҚ

 

8.

«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

100%

9.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы

100%

10.

«Ұлттық процессинг орталығы» акционерлік қоғамы

66,85%

11.

«Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100%

12.

«Электронды коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100%

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің



2008 жылғы 3 шілдедегі

668 қаулысымен

бекітілген

 

 

Акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері)

«Арна Медиа» АҚ-ның және «Парасат» АҚ-ның орналастырылатын

акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың

тізбесі

 

Р/с



Атауы

Акцияларының мемлекеттік пакеті

 

«АрнаМедиа» АҚ

 

1.

«Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы»

акционерлік қоғамы

100%

2.

«Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы

50,0001%

3.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті»

акционерлік қоғамы

100%

4.

«Казахстанская правда» республикалық газеті»

акционерлік қоғамы

100%

5.

«Қазақ ақпараттық агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

100%

6.

«Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100%

7.

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100%

«Парасат» АҚ

8.

«Фитохимия» ғылыми-өндірістік

орталығы» акционерлік қоғамы

100%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет