«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты



жүктеу 436.73 Kb.
бет1/4
Дата17.04.2016
өлшемі436.73 Kb.
  1   2   3   4
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»


11.09.2012 ЕСЭДО ГО (версия 7.3.1) Копия электронного документа верна.



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «31»тамыздағы

№ 1119 қаулысымен

бекітілген

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ұйымдастырушылық-құқықтық, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан арнайы білім беру ұйымдары көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 16-бабымен реттеледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. Сайтында орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.

6. Аталған қызмет жеке тұлғаларға – 7-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

құжаттарды қарау өтініш түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

8. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күнделікті сағат 08.00-ден бастап 18.00-ге дейін көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетілетін бөлме көлемі, орналасуы және сырт пішіні жағынан сапалы қызметтерді ұсыну талаптарына сай келеді. Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшін бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) жолдамасы;

2) қабылдау туралы өтініш (еркін үлгіде);

3) туу туралы куәліктің көшірмесі;

4) білім алушының қорытынды аттестаттаудан өткенін куәләндыратын және тиісті білім беру деңгейі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат (куәлік, аттестат).

5) 3x4 көлеміндегі 2 фотосурет;

6) медициналық анықтама;

7) екпе паспорты

8) жылдың ортасында бір мектептен басқа мектепке ауысқан жағдайда мектептің мөрімен расталған және қол қойылған бағалар ведомосы мен мектептің психологиялық - медициналық - педагогикалық консилиумының шешімі (мамандардың жалпы пікірі).

12. Мемлекеттік қызметті алу туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының стендтеріне орналастыру қажет.

13. Толтырылған өтініштер, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар білім беру ұйымының жауапты тұлғасына (директор, мектеп директорының орынбасары) тапсырылады.

14. Өтініштің қабылдау нөмірі мен күні, құжатты қабылдап алған комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат болып табылады.

15. Мемлекеттің қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәсілі – мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуы болып табылады.

16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады.


3. Жұмыс қағидаттары
17. Білім беру ұйымының қызметі мына қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығының сақталуы;

2) қызметтік міндетті орындау барысындағы заңдылық;

3) әдептілік;

4) жан-жақты және толық ақпарат беру;

5) қорғау және құпиялықты сақтау;

6) мемлекеттік қызметті алушы дер кезінде ала алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері

18. Қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілі осы стандартқа 2-қосымшада мекенжайы көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне хабарласуына болады.

21. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

22. Егер заңды өкіл қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғарғы инстанцияның қарауын қажет етсе, заңды өкіл шағымын жазбаша түрде Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберуіне болады.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағымдану кезінде мемлекеттік қызметті алушының арызы қажет.

25. Қабылданған шағымдар уәкілетті органның кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.

Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
__________________________________

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және

арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

1-қосымша


Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні



Сапа мен тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тің нормативтік мәні

Көрсеткіш-тің кейінгі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіш-тің есеп беру жылдағы ағымдағы мәні




1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. Құжат тапсыру кезінен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі)










2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










2.2. Құжаттардың дұрыс рәсімделу жағдайларының % (үлесі) (есептелген сомалар, есептер ж.б.)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен қызмет көрсетудің реттілігі жөнінде ақпарат жайлы қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










3.2. Тұтынушы толтырған құжаттардың дұрыстығы және бірінші кезден ақ өткізілген жағдайларының % (үлесі)










3.3 Ғаламтор арқылы қолжетімді болған қызметтер, ақпараттар % (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы саны бойынша қызмет түрі жайлы дәлелді шағымдар % (үлесі)










4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған дәлелді шағымдар % (үлесі)










4.3. Қазіргі бар шағымдану тәртібімен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)










4.4. Шағымдану мерзімдерімен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)










5. Әдептілік

5.1. Қызметші персоналдың әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)










______________________________________

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша




«Қала (аудан) әкімдіктерінің білім бөлімдері»

мемлекеттік мекемелерінің тізімі


п/п

Бөлімдердің атауы

Орналасқан мекенжайы


Байланыс телефондары


  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет