Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша



жүктеу 1.35 Mb.
бет4/6
Дата03.04.2016
өлшемі1.35 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 8 семестр

4. Бақылау сұрақтары:



  1. Ақылбай өмірі туралы мәлімет.

  2. «Абай жолы» эпопеясында Ақылбай туралы эпизодтар.

  3. Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш» деген өлеңінің Ақылбайға арналу мәні.

  4. Ақылбайдың домбырашылық, скрипкашылық, сазгерлік өнері.

  5. Ақылбайдың жазып шығарған поэмалары.

  6. «Жаррах», «Зұлыс» поэмаларының тағдыры.

  7. «Дағыстан» поэмасындағы кек, тартыс, оның романтикалық әуенмен жырлануы.


5. Студенттің үй тапсырмасы


  1. М.Әуезовтің «Абай Құнанбайұлы» атты монографиясындағы Ақылбай туралы деректер.

  2. «Абай жолы» эпопеясында Ақылбайдың суреттелуі.

  3. «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңін жаттау, талдау.

  4. Ақылбай поэмаларын тақырыптық, сюжеттік тұрғыдан талдау.

  5. Абай поэмаларымен салыстыру.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Ақылбайдың поэма саласындағы шығармаларына идеялық – тақырыптық, сюжеттік, композициялық, көркемдік тұрғыдан талдау жүргізу, поэма жанрында Абай дәстүрін таныту.

- салыстыру.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған

- баяндама;

- реферат;

- тестілік сауалнама.


7.Әдебиеттер тізімі

1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

2. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991

3. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

4. Ахметов З . Абайдың ақындық әлемі – А., 1995

5. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. -А., «Жазушы» , 1995

6. Абай. Энциклопедия. -А., «Ата мұра» , 1995

7. Әуезов М. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998

8. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы. -А., «Санат»,1977

9.Мұхаметханов Қ. Абай төңірегіндегі ақындар. Ф.ғ.к. ғылыми дәреже алу үшін ізденіп жазылған диссертация. -А., 1959

10. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. -А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.

11. XIX ғасырдағы қазақ ақындары. –А., 1988


8 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Мағауия Абайұлының өмірі мен шығармашылық жолы.
2. Сабақтың жоспары:



  1. Өмірі туралы мәлімет.

  2. Мағауия - ұлы Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған ақын.

  3. Ол Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы талантты шәкірті.

  4. Ақынның өлеңдері мен поэмалары.

  5. «Медғат-Қасым» – романтизм сарынындағы поэма.


3. Теориялық мәліметтер

М. Әуезовтің Абай жайлы монографиясындағы тағы бір тарау ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, талантты шәкірті Мағауияның шығармашылығына арналған.

Мағауия Әбішке арнаған көңіл шері, жастық, сүйіспеншілік, махаббат туралы өлеңдерінен басқа Абайдың ақыл-кеңесімен, берген материалдардың негізінде «Еңлік - Кебек», «Абылай» және «Медғат – Қасым» поэмаларын жазған.

М. Әуезов «Еңлік - Кебек», «Абылай» поэмаларының қолжазба күйде сақталып, оқушыларға тарамағандығын айтады. Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы «Медғат - Қасым» оның ақындық ерекшелігін анық, айқын көрсеткендігін атап өтеді де, поэмаға тақырыптық тұрғыдан образдар жүйесі бойынша және сюжеттік желісі негізінде тұтас талдау жасайды.

Мағауияның «Медғат -Қасым» поэмасының тақырыбы Ақылбайдың «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары тәрізді қазақтан жырақ алыс ел өмірінен алынған. Поэмада Африка елінің болмысынан алынған оқиғалар сөз болады. М. Әуезов Мағауияның да Ақылбай тәрізді Европа және орыс классик поэзиясынан үлгі алғандығын, оның «Медғат - Қасым» поэмасы Пушкиннің «Бақша сарай фонтаны», «Бастунжи ауылы», «Ашик - Кериб» сияқты түстік поэмаларын және Байронның шығыстық поэмаларын еске түсіретіндігін атап өтеді.

Зерттеуші поэманың қысқаша оқиға желісін баяндап өтеді де, «Медғат – Қасымда» оқиға құруда Европа және орыс классик поэзиясындағыдай нақтылық, дәлдік басым екендігін көрсетеді.

Өмірлік дәлдік демекші, поэма жалпы романтизм сарынындағы шығарма болғанымен, оның реалистік шындықпен өмірге жанасымды, қонымды тұстары да бар. Мысалы, Қасымның Мұрат бай мен Медғаттан кек алу мақсатымен қарақшылық жолға түсіп кеткеніне дейінгі оқиғалардың суреттелуінде реалистік сипаттар мол.

Поэмадағы романтизм бойын кек алу сезімі билеп алған бас қаһарман Қасымның ой-қиялынан, мінез-құлқынан, іс-әрекетінен жан-жақты көрінеді. Ол сезім Қасымды үнемі күтпеген іс-әрекетке, дағдыдан тыс оқиғаларға жетелеп отырады. Қасымды романтикалық қаһарман етіп тұрған да осы сезім.

М. Әуезов поэманы егжей-тегжей талдай отырып, оны анық классикалық поэзияның үлкен үлгісі деп бағалайды.

«Медғат - Қасымнан» бұрын Мағауия ақын ағасы Шәкәріммен жарысқа түскендей болып, «Еңлік – Кебекті» көркем шығарма ретінде жеті нұсқасы бар дейтін болса, оның екеуі поэма екен. Оның бірі - жоғарыда талданған Шәкәрімнің дастаны болса, екіншісі – осы Мағауиянікі. Бұл жолы да тақырыпты шәкірт достарына ұстаз ақын Абай берген болатын.

М. Әуеэов «Еңлік – Кебек» поэмасын жанрлық тұрғыдан алып қарағанда, махаббат драмасы болып табылатындығын айтады. Мағауияның махаббат трагедиясына, Еңлік пен Кебектің өліміне, жазықсыз сәбидің жетім қалуына себепкер болған адамдар тұлғасын жасағандығын, қатал заманның бет бейнесін ашқандығын атап көрсетеді.

Поэмадағы бас кейіпкерлер Кеңгірбай би, қос ғашық Еңлік пен Кебек және т.б. кейіпкерлер өмірде болған адамдар.

М. Әуезовтің шәкірті Қ. Мұхамедханов ұстазының осы пікірлерін жалғастырады.

М. Әуезовтің Мағауия шығармашылығы мен оның әдебиет тарихынан алатын орны жайлы пікірлері бойынша мынадай ғылыми тұжырымдар жасауға болады:

Мағауия – ұстаз берген ақыл – кеңес, тақырып бойынша көп ізденген, өзінің қоғамдық идеяларын ірі мәдениетпен үлестірген білімдар ақын.

Мағауияның «Медғат - Қасым» поэмасы қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың соңында туған Пушкин, Лермонтовтың түстік, Байронның шығыстық поэмалары тәрізді романтизм үлгісіндегі озық идеялы, көркемдігі зор соны шығарма. Поэманың құндылығы, ең әуелі, оның негізгі кейіпкері Қасым бейнесінің сомдалуынан көрінеді.

«Медғат – Қасым» - ішкі мазмұны жәнінен ғана емес, сондай-ақ сыртқы пішіні, стилі, тіл көркемдігі жөнінен де нағыз классикалық поэзияның үлгісі бола алатын шығарма.

Сонымен Мағауияны М. Әуезов айтқандай, ұлы Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған, оның ақындық дәстүрін жалғастырушы талантты шәкірті деп айтуға толық хақылымыз.


4. Бақылау сұрақтары:

1. Мағауия өмірі туралы мәлімет.



  1. «Абай жолы» эпопеясында Мағауия туралы эпизодтар.

  2. Мағауияның Әбішке арналған көңіл шері, жастық, махаббат туралы өлеңдері.

  3. Абайдың ақыл кеңесімен, берген материалдары негізінде жазылған поэмалары.

  4. Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы.

  5. «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы.

  6. Мағауия – классикалық поэзия үлгісін тудырушы ақын.


5. Студенттің үй тапсырмасы

  1. М.Әуезовтің «Абай Құнанбайұлы» атты монографиясындағы Мағауия туралы деректер.

  2. «Абай жолы» эпопеясында Мағауияның суреттелуі.

  3. Мағауияның Әбішке арналған көңіл шері, жастық, махаббат туралы өлеңдеріне талдау жасау.

  4. Мағауия поэмаларын тақырыптық, сюжеттік тұрғыдан талдау.

  5. Абай, Ақылбай поэмаларымен салыстыру.


6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Мағауияның поэма саласындағы шығармаларына идеялық – тақырыптық, сюжеттік, композициялық, көркемдік тұрғыдан талдау жүргізу, поэма жанрында Абай дәстүрін таныту.

- салыстыру.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған

- баяндама;

- реферат;

- тестілік сауалнама.


7.Әдебиеттер тізімі

1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

2. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991

3. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

4. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. -А., «Жазушы» , 1995

5. Абай. Энциклопедия. -А., «Ата мұра» , 1995

6. Әуезов М. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998

7. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Абай дәстүрі және Шәкәрім. -А., «Қазақ университеті», 1992

8. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы. -А., «Санат»,1977

9.Мұхаметханов Қ. Абай төңірегіндегі ақындар. Ф.ғ.к. ғылыми дәреже алу үшін ізденіп жазылған диссертация. А., 1959

10. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. -А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.

11. XIX ғасырдағы қазақ ақындары. –А., 1988


9 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Әріп Тәңірбергенұлының шығармашылық өмірбаяны.
2. Сабақтың жоспары:


  1. Ақынның шығармашылық өмірбаяны.

  2. Әріп – Абайдың талантты шәкірттерінің бірі.

  3. Өлеңдерінде еңбек пен ғылымның пайдасын насихаттауы.

  4. Шығармаларындағы Абай поэзиясының ағартушылық және сыншылдық бағыттары


3. Теориялық мәліметтер

Әріп Тәңірбергенұлы (1856-1924) – ақын. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі. Жастайынан мұсылманша мектеп, медреселерде оқыған. Семейдегі миссионерлік мектепті бітірген. Шығыс мәдениетінен хабары мол, араб, парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1882-83 ж. Аякөз маңында, ал 1884-87 ж. Шәуешек қаласында (ҚХР) орыс консулының тілмәші. 15-16 жасынан айналасына ақындығымен таныла бастайды. Өлеңдерінде араб, парсы әдебиеттерінің ықпалы байқалады. Қыздың сұлулығын шектен тыс романтик бейнеде суреттегені үшін Әріп кезінде ұстазы Абайдың қатаң сынына ұшыраған. Бұл жас ақын үшін үлкен сабақ болды. Ол өзінің ақындық жолында Абайды үнемі ұстаз тұтып отырды. Дастандарында Абайдың өлең кестесіне ден қояды. Әріп әсіресе, Абай поэзиясының ағартушылық және сыншылдық бағыттарына жиі назар аударған. «Серікбай қажыға», «Байларға», «Қабдолла биге», «Тәрібек болысқа» т.б. өлеңдерінде Әріптің Абай үлгісіндегі сыншылдық қасиеті айқын көрінеді. Жастарда оқу-білімге, еңбекке шақыру тақырыбына жазылған «Ғылым туралы», «Еңбек туралы», «Шәкірттеріме», «Шұғбанға» сияқты өлеңдерінде Абайдың ағартушылық идеялары жалғасын тапқан. «Қалың мал туралы» өлеңінде ақын әйел теңдігі мәселесін көтереді. Мұнда да әлеумет, теңсіздік, әр адамның бас еркі деген сияқты мәселелерге келгенде ұстаз ақынның ұлағатты ойларымен сабақтастық сезіледі. Абай үлгісі Әріп шығармашылығының бүкіл табиғатынан танылып жатады. «Абайдай болмасам да атақты ақын» деп, ақын салған дәстүрлі жолды өзіне бағдар тұтатынын айтады. Осы үлгіде туған Әріп еңбектерінің бірі – орыс ақыны А.С.Пушкиннен аударған «Евгений Онегин» романының үзінділері. Өзінен бұрын Абай аударғанын, Абай барған тақырыпқа қайталап қалам тартуы Әріптің ақындық қарымын, батылын аңғартады. Аудармада, тіпті оның жекелеген шумақтарында Абай өлеңінің кесте-бояулары байқалып тұрады. Әріп қаламынан лирик шығармаларымен қатар шығыстық оқиғалар желісімен жазылған «Зияда-Шамырат», «Қожа Ғафан», «Нұрғозарұн», «Таһір» сияқты бірқатар хисса-дастандар туды.

Әріп – Абай шәкірттерінің ішіндегі өткір тілді, терең ойлы, табиғи дарынды, білімді, мәдениетті ақындардың бірі. Ақын туралы осы айтылған пікіріміздің шындығын дәлелдеу үшін ең алдымен, оның өмір тарихын бұлжытпай, барынша дұрыс баяндауымыз керек.

Әріп Тәңірбергенұлы 1856 жылы Семей облысы, қазіргі Жарма ауданында туған. Руы – найман, найман ішіндегі сыбан. Сыбанның бес баласының бірі – Жанкөбек. Жанкөбектен нар дауысты Нарынбай. Нарынбай он жетінші ғасырда Ташкенттің бегі болған. Нарынбайдан қу дауысты Құттыбай би, онан Байғара би, Байғараның бес баласының екеуін ғана айтамыз. Олар – атақты ақын әрі Ақтайлақ және Байсал онан әрі Әлі, Әліден Тәңірберген. Тәңірбергеннің баласы - Әріп.

Ауызша мәліметтерге қарағанда, Әріп 11-12 жасынан бастап ауыл медресесінде оқып, одан кейін бастауыш мектебінде оқыған. Мұсылманша және орысша сауатын ашып алған соң, туысынан зерек, зейінді, сергек сезімді талапты жастың өнер-білімге құштарлығы күшейе түседі. Ол енді өз бетімен ізденіп, білімін толықтыруға барынша жігерімен беріліп, мұсылманша, орысша кітаптарды құныға оқумен болады. Одан арғы жылдардағы яғни жасы 20-дан асқан кезіндегі өмірі туралы архивтерде сақталған нақтылы тарихи деректі мағлұматтар бойынша баяндаймыз.

Қазақстан мемлекеттік архив қорында: «Дело штатного смотрителя Семипалатинских училищ на 1878 год, на 626 листах» деп аталатын тарихтық мағлұмат сақталыпты.

Осы мағлұматтың 186 бетінде «экзаменационный мест по арифметика для 3-го класса на 1877 и 1878 учебный год» деген мәліметте оқушылардың тізімі және емтиханда алған бағалары көрсетілген. Үшінші кластағы оқушылардың саны – 24. Олардың 17-сі орыс, 7-еуі қазақ балалары.

Әріптің ең алғаш Абайды көріп-біліп, ұлы ұстаз ретінде таныған уақыты, оның Семей училищесінде оқып жүрген жылдары болатын.

Әріптің алғашқы ақындық қадамында жазғандары не болмаса қолма-қол суырып айтқандары әзіл-қалжың, айтыс, жастық, махаббат тақырыбындағы өлеңдері болып келеді.

Араб, парсы тілдерін жетік білген соң Шығыс әдебиетін көп оқып, өз шығармаларында Шығыс әдебиетіне еліктейді.

Әріптің 1890 жылдардан былайғы негізгі өлеңдерін нағыз сыншыл релаизм бағытында жазады. Өлеңдерінің идеялық мазмұны тереңдей түседі. Халықты қанаушыларды әшкерелеп жырласа, еңбек елін дәріптеп жырлайды.

Әріп шығармашылығы қазақ халқының саяси қоғамдық өмірімен тығыз байланыста дамып, өсіп отырады. Ақынның саяси сана-сезімі өскен сайын, оның өлеңдерінің идеялық мазмұны да тереңдей түседі.

Әріптің ақындық өмірі ерте басталғаны белгілі. Оның шығармаларының тақырыбы сан алуан. Ақынның шығармалары өзінің ой-өрісінің, өз басынан өткізген өмір белестеріндегі көзқарастарының көлемін айқын көрсетіп отырады.
4. Бақылау сұрақтары:


  1. Ақынның шығармашылық өмірбаяны туралы мәлімет.

  2. Өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік дәрежесі.

  3. Сыншылдық бағыттағы өлеңдері.

  4. Еңбек пен ғылым туралы шығармалары.

  5. Дүние, өмір жайындағы өлеңдері.

  6. Абай өлеңдері мен үндестігі.

5. Студенттің үй тапсырмасы


  1. Абайдың тұңғыш өмірбаянында Әріп есімінің айтылуы туралы.

  2. Әріп шығармашылығының Абай өлеңінде сыналуы.

  3. Әріп шығармаларының тақырыбы.

  4. Әріптің Абайды көріп-біліп, ұстаз ретінде таныған уақыты.

  5. Абай мен Әріп арасындағы шығармашылық сабақтастық..


6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Әріптің Абайды ұстаз тұтып, оның реалистік әдісін тақырыптық тұрғыдан жалғастыру дәстүрін таныту. Оның шығармаларына идеялық – тақырыптық, сюжеттік, композициялық, көркемдік тұрғыдан талдау жүргізу. Ақынның Абай мектебінің көрнекті өкілі екендігіне көз жеткізу.

- салыстыру.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған

- баяндама;

- реферат;

- тестілік сауалнама.


7.Әдебиеттер тізімі

1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

2. Сыздықов К.. Мұхтартанудың беймәлім беттері. – А., 1997

3. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991

4. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

5. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. -А., «Жазушы» , 1995

6. Әуезов М. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998

7. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы. -А., «Санат»,1977

8. Мұхаметханов Қ. Абай төңірегіндегі ақындар. Ф.ғ.к. ғылыми дәреже алу үшін ізденіп жазылған диссертация. -А., 1959

9. Ерденбеков Б. Әріп – ақын. –А., 2001

10. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. –А., 1966
10 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Абайдың ақын шәкірттері М. Әуезовтің көркем туындыларында.
2. Сабақтың жоспары:
1.М. Әуезов-ұлы ақын жайлы тұңғыш көркем шығарма жазған жазушы.

2. «Абай» атты трагедиясы (1939)

3. «Абай» операсының либреттосы (1944)

4. «Абай» жырлары атты көркем суретті фильмнің сценарийі.

5. «Абай жолы » эпопеясы.
3. Теориялық мәліметтер

Әдебиеттану ғылымында абайтану проблемалары бойынша талмай ізденіп, еңбек еткен, оның ғылым саласы ретінде қалыптасуына ат салысып, бірегей зерттеуші атанғанымен, М. Әуезов бұл салада бағымызға қарай жалғыз емес еді.

Оның алдында XX ғасыр басындағы ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілдері, ірі қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов бастаған оқымыстылар, зиялылар тұрды. Олар ұлы ақынның өмірі, шығармашылығы жөнінде арнайы монографиялық зерттеулер жазбағанымен, Абай жайлы аз да болса қалам тартып, келелі ой-пікірлер айтқан болатын. Әсіресе кейінгі кезеңде Абайды зерттеушілердің өзі жаңбырдан кейінгі дүркіреген көктей бір қауым ел болды. 1988 жылы «Ғылым»баспасынан М. Мырзахметовтың авторлығымен жарияланған «Абайтану» деп аталатын библиографиялық көрсеткіште шамамен 1889 – 1985 жылдарда жарық көрген жүздеген автордың мыңдаған еңбегінің аты аталады.

Ақын шығармалары тек әдебиеттану ғылымының ғана емес, сондай-ақ тіл білімі, тарих, философия, педагогика ғылымдарының да зерттеу объектісіне айналды.

Абайтану ғылым ретінде ғалымдардың жан-жақты зерттеуінің, қыруар еңбегінің жемісі болғанымен, ол Абайды, Абай өмір сүрген дәуірді, ол өскен ортаны халыққа таныту үшін жеткіліксіз болған болар еді. Өйткені онда ақынның жанды бейнесі жоқ, өмірлік деректер құрғақ баяндалады. Осы тұрғыдан қарағанда, ғылым көркем өнерімен бәсекеге түсе алмайды. Мыңнан тұлпар таланттарға ғана тән сөз өнерінің құдіретіне ешкім шек келтіре алмаса керек. М.Әуезовтің «Абай» романын тамсана отырып оқып шыққан неміс жазушы Альфред Курелланың: «Сіз сол (Абай өмір сүрген – С. Б.) дәуірді көзіңізбен көргендей айна-қатесіз танисыз. Ешбір ғылыми еңбек мұндай дәл жеткізіп бере алмайды...» - деген сөздерінің шындығына иланбасқа болмайды.

Ғылыми тұрғыдан Абайды әр қырынан танытушылар едәуір болғанымен, оның ұлы ақын, азамат, қайраткер ретіндегі жанды бейнесін көркемөнердің құдіреті арқылы туған халқына, шет жұрттықтарға таныту тек М. Әуезовтей сөз зергерінің еншісіне ғана тиген еді.

Өзінің терең білімдарлығымен, асқан ақындығымен дүниежүзілік мәдениеттегі Фирдоуси, Пушкин, Толстой, Гете, Байрон тәрізді ұлы классиктермен терезесі тең суреткер, кемеңгер ойшыл Абай тұлғасын көркем әдебиетте кемеліне келтіре суреттеп сомдау М. Әуезов үшін творчестволық жүгі ауыр, жауапты міндет болатын. Ол өзінің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясын жазбас бұрын қыруар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар үлкен көркемдік ізденіс сатыларынан да өтті.

Егер М. Әуезовтің Абай жайлы тұңғыш ғылыми еңбегі 1918 жылы жазылып, «Абай» журналында жарияланса, оның ұлы ақын жайлы тұңғыш көркем шығармасы «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі 1937 жылы жарық көрді. Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің қаза болуының 100 жылдығы қарсаңында жазылған бұл әңгіме кейін Абай жайлы романдарының екінші томының соңғы тарауы болып ендіріледі.

1939 жылы Л. Соболевпен бірігіп «Абай» атты трагедиясын, 1942 жылы «Абай» романының 1-кітабын, 1944 жылы «Абай» операсының либреттосын, 1945 жылы «Абай жырлары» атты көркем суретті фильмнің сценариін жазды. 1947 жылы «Абай» романының екінші кітабы, 1950 жылы Абай жайлы романдарының үшінші кітабы «Ақын аға» деген атпен шықты да, 1952 жылы қайта басылымында «Абай жолы» деп өзгертілді, 1954 жылы осы атпен төртінші кітап жарық көрді. Үш түрлі атпен жарияланып келген бұл шығармалар 1961 жылы тұтас «Абай жолы» деген атпен жарияланды.

Жоғарыдан көріп отырғанымыздай, М. Әуезов өзінің ұлы ақын жайлы көркем шығармаларына, бас кітабы «Абай жолы» дәуірнамасына ширек ғасырдай өмірін арнаған екен. Сол ширек ғасырдағы жазушының инемен құдық қазғандай ұшан-теңіз еңбегі босқа кеткен жоқ. Роман-эпопея қазақ әдебиетінің шоқтығын көтеріп, даңқын дүние жүзіне шығарды.

Есімдері бүкіл әлемге әйгілі, айтулы қаламгер, оқымысты ғалымдар роман-эпопеяны аса үздік шығарма деп танып, жоғары баға берді. Мысалы, француз жазушысы Луи Арагон: «Эпикалық роман «Абай», менің ойынша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі... әлемнің басқа елдерінде онымен тең түсетін шығарманы табу қиын». Камерун жазушысы Бенжамен Матип: «Шынында, бұл қазақтар неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген!»

Шыңғыс Айтматов: «Өз халқына тән парасаттық, ғұрып пен рухтың кескін-кейпі ретінде «Абай», сөз жоқ, дүниежүзілік дәрежедегі ұлттық жеңістік. Әуезовтің қазақ халқына, оның әдебиетіне сіңірген орасан еңбегінің бірі осы деп білген жөн».

Альфред Курелла (неміс жазушысы): «Сіз әлі Абайды» оқыған жоқпыз?! Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, бұл – керемет! Далаға жан бітіп, дүние алғаш жаралғандағы мөлдір табиғатымен, бар тіршілік-тынысымен, тәуелсіз тұлғалы жандармен сіздің көкірегіңізге кеп орнайды. Олардың бойындағы қызулық пен құмарлық қандай, дәл Шекспир суреттеген бейнелердің өзі».

Зейнолла Қабдолов: «Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов,» - деген пікірлер айтты.

М. Әуезовтің ұзақ жылдар бойғы қажырлы да шабытты еңбегінің жемісі болған «Абай жолы» роман-эпопеясы «...көркемдіктің барша қасиетті сырын бойына жинаған XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің өмір тіршілігі мен болмыс, тұрмысының бар қырынан жан-жақты суреттейтін шын мәніндегі энциклопедиялық» туынды болатын.

Осы шығармалар арқылы әдебиетте жарты ғасырлық қазақ

өмірінің көркем белгісі жасалды, халықтың ардақты перзенті данышпан ақын Абайдың өлмес те өшпес жарқын бейнесіне лайық саф алтыннан зәулім ескерткіш соғылды.
4. Бақылау сұрақтары:


  1. Ұлы ақын Абай жайлы тұңғыш көркем шығарманың жазылу тарихы.

  2. М.Әуезовтің «Абай» атты трагедиясында көтерілген мәселелер.

  3. Трагедияда Абайдың ақын-шәкірттерінің суреттелуі.

  4. «Татьянаның қырдағы әні» «Абай жолы» романының «қарлығашы» атануы.

  5. «Абай жырлары» атты көркем суретті фильмнің сценарийі.

  6. «Абай жолы» романының жазылу тарихы.

  7. «Абай жолы» романыныдағы Абайдың ақын-шәкірттері.


5. Студенттің үй тапсырмасы


  1. М.Әуезовтің көркем туындыларында суреттелетін Абайдың ақын-шәкірттерін іріктеу:

  • «Абай» трагедиясы;

  • «Ақын аға» романы;

  • «Абай жолы» роман-эпопеясы.


6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. М.Әезовтің ұлы ақын жайлы жазылған көркем туындыларына анализ жасау. Ондағы Абайдың ақын-шәкірттерін көрсету. Абайдың ақын-шәкірттері туралы жазылған зерттеу еңбектерімен

- салыстыру.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған

- баяндама;

- реферат.


7.Әдебиеттер тізімі

1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

3. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991

4. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

5. Айтматов Ш. Ұстаз туралы сөз. А., «Ғылым», 1997

6. Әуезов М. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998

7. Қабдол З. Әуезов -А., «Санат», 1997

8. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. -А., 1999

9. Бердібай Р. Мұхтар шыңы. -А., «Ғылым» 1997

10. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Абай дәстүрі және Шәкәрім. -А., «Қазақ университеті», 1992

11. Әкімов Т. Даналық мәйегі. -А., «Ана тілі», 1995

12.Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы. -А., «Санат»,1977

13.Мұхаметханов Қ. Абай төңірегіндегі ақындар. Ф.ғ.к. ғылыми дәреже алу үшін ізденіп жазылған диссертация. -А., 1959

14.Бердібай Р. Қазақ тарихи романы. -А., «Ғылым» ,1997

15. Жұртбай Т. Бесігіңді түзе. Ғұмырнама – толғау. -А., «Жазушы» 1997

16. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. -А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.

17. Әуезов М. Шығармаларының толық жинағы. 6-том. –А., 2000
11 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Абайдың ақын шәкірттері М. Әуезовтің «Абай» трагедиясы пьесасында суреттелуі
2. Сабақтың жоспары:
1. Пьесада суреттелген шытырман тартыстың оқиғалық желісі.

2. «Абай» трагедиясының идеялық-көркемдік мәні.

3. Пьесаның негізгі кейіпкерлері –Абайдың ақын - шәкірттері.

4. Айдар – Абайдың бірегей ақын-шәкірті.


3. Теориялық мәліметтер

М. Әуезовтің Л. Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясы – ұлы ақын жайлы алғашқы көркем шығармалардың бірі.

Драматургия - Әуезов творчествосының орасан бай саласы, қазақ әдебиетінің аса құнды асыл қазынасы десек, драмашының «Еңлік - Кебек», «Қаракөз», «Айман - Шолпан», «Түнгі сарын», «Қара Қыпшақ Қобыланды» секілді пьесаларымен бір қатарда «Абай» трагедиясы да бұрынғы бүкілодақтық драматургияның дүниежүзілік дәрежедегі классикалық үлгілерінің қатарынан орын алатын шығарма екендігін барша оқырман қауым мойындап отыр. 1939 жылы жазылған бұл шығарманың жазушының кесек туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясын жазар алдындағы үлкен бір көркемдік ізденіс сатысының қызметін атқарғаны белгілі.

М. Әуезовтің «Абай» трагедиясын, ұлы ақын жайлы романдар жазуына оның Абай туған топырақтан нәр алып, жастайынан ақын өлеңдерін жаттап өсуі, есейген шағында үнемі қайталап соғып, Абай өмірбаянының бірнеше нұсқасын жазуы, сондай-ақ жалпы абайтанудан ұлан-ғайыр зерттеушілік жұмыстарын жүргізуінің көп пайдасы тигені даусыз.

Дүние жүзіндегі әдебиеттер тарихына қарап отырсақ, ең таңдаулы шығармалардың бәрі әрқашан терең тартысқа құрылады. «Абай» трагедиясында да едауір шындығының сан иірім сырлары ең әуелі қым-қуыт тартыс арқылы көрсетілген. Драмадағы тартыс, шындық пен образ тек қана кейіпкердің монологы мен диалогына негізделеді, әр сөз , әр сөйлем шындықты ғана емес, сол сөзді айтқан кейіпкердің мінезін де аңғартады. Әр адамның сөзі өзін танытуы шарт. Трагедиядағы Абайдың Айдарға қатысты айтқан қысқа, тұжырымды сөздері оның ұстаз ақын екенін айқын көрсетумен қатар, Айдардың кім екенін танытады.

Трагедияда Айдар Абайдың бірегей ақын шәкірті болып суреттелуімен қатар, ол Абай айналасындағы адамдардың ішінде озбырлардан қуғын көріп , басы шырғалаңға түскен, Абайдың жанкештілікпен күресуінің арқасында тірі қалса да, бәрібір кейін іштен шалған зұлымдықтың құрбаны болып мертіккен жан ретінде суреттеледі. Айдардың алыстағы жаудан емес, жақындағы бауыр Керімнің зұлымдығынан қаза болуы Абай үшін қаншалықты қасірет болғаны түсінікті. Айдар көзі тірісінде ұстазы Абай үшін қаншалықты қасірет болғаны түсінікті. Айдар көзі тірісінде ұстазы Абайға мінезімен, ісімен, асқан ақындық дарынымен қуаныш, жұбаныш әкелген, көп үміт күттірген, сүйеніш, медеу болған шәкірт.

Абай Айдарды шәкіртім ғана демейді, оны жас та болса өзімен тең қойып, ең сүйікті досым деп есептейді. Айдардың да ұстаз ағаға деген ілтипаты ерекше, сезімі кіршіксіз.

Пьесада бастан-аяқ көрінетін Абай шәкірті атанып жүрген тағы бір кейіпкер –Керім. Ол пьесаның алғашқы суреттерінде Айдар мен Ажарға арашашы топ Әйгерім, Көкбай, Мағауиялардың қатарында көрінеді. Айдарға шын жанашыр дос тәрізді.Абай алдында Керім өзінің Айдар туралы пікірін жасырын ұстағанымен, былайғы жерде оның ол жөніндегі шын пиғылы аңғарылып қалып отырады. Керім өзінің ойын жымын білдірмей, жан адамға сездірмей жүзеге асыруға шебер. Бұл жағына келгенде өзімен жең ұшынан жалғасып жүрген Оразбай тобындағылардан да оқ бойы озып кетеді. Драмалық шығармадағы тартысты күшейту, оқиғаларды шиеленістіру мақсатында қаламгер бұл кейіпкерді ойдан қосқан. Трагедиядағы ойдан алынған негізгі кейіпкер Айдар өмірде Абай айналасында ғұмыр кешкен ақын шәкірттерінің жинақты бейнесі.

Ғылыми тұрғыдан Абайды әр қырынан танытушылар едәуір болғанымен, оның ұлы ақын, азамат, қайраткер ретіндегі жанды бейнесін көркемөнердің құдіреті арқылы туған халқына, шет жұрттықтарға таныту тек М. Әуезовтей сөз зергерінің еншісіне ғана тиген еді.

Өзінің терең білімдарлығымен, асқан ақындығымен дүниежүзілік мәдениеттегі Фирдоуси, Пушкин, Толстой, Гете, Байрон тәрізді ұлы классиктермен терезесі тең суреткер, кемеңгер ойшыл Абай тұлғасын көркем әдебиетте кемеліне келтіре суреттеп сомдау М. Әуезов үшін творчестволық жүгі ауыр, жауапты міндет болатын. Ол өзінің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясын жазбас бұрын қыруар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар үлкен көркемдік ізденіс сатыларынан да өтті.



4. Бақылау сұрақтары:


  1. Трагедиядағы Абайдың ұстаз ақын ретіндегі бейнесі.

  2. Трагедиядағы өнерлі жастардың шәкірт ақын ретіндегі бейнесі.

  3. Зейнеп ақынның әйелдер атынан айтқан базына назы.

  4. Айдардың сом тұлғасының жасалу жолы.

  5. Драмадағы тартыс, шындық пен образ.

  6. Драмадағы кейіпкер монологы мен диалогтары.

  7. Керім - зұлым ойлы, іші қырық қыртыс күрделі тип.


5. Студенттің үй тапсырмасы
1. Ғалым Р.Нұрғалиевтің М.Әуезовтің драмалық шығармалары жайлы пікірі.

2. Абай шығармаларындағы ақынның өз бейнесі мен драмадағы Абай бейнесі.

3. Драмадағы Абайдың әдеби ортасы.

4. Абай айналасындағы өнерлі жастар.

5. Пьесадан Абайдың өзекті өртер ащы монологтарына анализ жасау.
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. М.Әезовтің ұлы ақын жайлы жазылған драмалық туындысына анализ жасау. Ондағы Абайдың ақын-шәкірттерін көрсету. Абайдың ақын-шәкірттері туралы жазылған зерттеу еңбектерімен және Абайдың өз шығармаларындағы ақын бейнесімен

- салыстыру.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған

- баяндама;

- реферат;

- тестілік сауалнама.


7.Әдебиеттер тізімі
1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

2. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991

3. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі – А., 1995

5. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. -А., «Жазушы» , 1995

6. Абай. Энциклопедия. -А., «Ата мұра» , 1995

7. Айтматов Ш. Ұстаз туралы сөз. -А., «Ғылым», 1997

8. Әуезов М. Абай метиебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998

9. Қабдол З. Әуезов -А., «Санат», 1997

10. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. -А., 1999

11. Бердібай Р. Мұхтар шыңы. -А., «Ғылым» 1997

12. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Абай дәстүрі және Шәкәрім. -А., «Қазақ университеті», 1992

13. Әкімов Т. Даналық мәйегі. -А., «Ана тілі», 1995

14. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы. -А., «Санат»,1977

15.Мұхаметханов Қ. Абай төңірегіндегі ақындар. Ф.ғ.к. ғылыми дәреже алу үшін ізденіп жазылған диссертация. -А., 1959

16.Бердібай Р. Қазақ тарихи романы. -А., «Ғылым» ,1997

17. Жұртбай Т. Бесігіңді түзе. Ғұмырнама – толғау. А., «Жазушы» 1997

18. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.

19. Әуезов М. Шығармаларының толық жинағы. 6-том. –А., 2000
12 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші кітабындағы Абайдың азаматтық - ақындық жолы
2. Сабақтың жоспары:


  1. «Абай жолы» романының 1-кітабында көтерілген негізгі мәселелер.

  2. 1-кітаптың оқиғалық жүйесіне сюжеттік талдау жасау.

  3. Абайдың азаматтық, ақындық жолының қалыптасу сатысы.


3. Теориялық мәліметтер

М. Әуезов Абай жайлы романдарын жазу барысында ұлы ақынның әдеби ортасы мен ақындық мектебі жайлы мәселеге оралып, көп жылдар бойы зерттеу үстінде жинақталған ойларын, өзінше екшеп алған танымдарын көрсетуді мақсат етеді. Осыған байланысты ол 1944 жылы қараша айында Абайдың ақындық мектебі туралы тақырыпқа арналған 9 бөліктен тұратын тезис жазады. М. Әуезовтің бұл тезисті жазудағы мақсаты болашақ эпопеяның сюжеттік желісіне арқау боп өрілер Абайдың әдеби ортасы мен Абай маңына топтасқан өнерлі жастардың озық өкілдері ретінде ақын шәкірттер бейнесін жасауды жоспарлау еді.Абайдың ақындық мектебі туралы М.Әуезовтің ғылыми ой-пікірлерінің негізгі бағыттары осы тезистен айқын көрінеді.

М.Әуезовтің осы тезистегі ғылыми ой тұжырымдарын көркем шығармаларында қалай жүзеге асырғандығы жөнінде М. Мырзахметов: «... Бұрынғы зерттеулерінде көбірек қарастырып, ойға түйген Абай ақындығының айналасы жайлы ойлар төркіні соңыра эпопея желісіне әр қилы көркемдік тәсілдер арқылы сіңісе бастады. Әсіресе Абай мектебі немесе ақын шәкірттері жайлы ой тұжырымдары әуелі «Ақын аға» романында мол көрінді».

Ғалымның осы пікірлері кең түрде таратып айтуды қажет етеді. Шындығында Абай ақындығының айналасы жайлы мәселе М. Әуезовтің көркем шығармаларның желісінде орын алған .

Төрт томдық эпопеяны оқытудың (санаулы сағаттар ішінде ) ерекше маңызды әрі, қиын мәселе екендігі түсінікті. Сондықтан суденттерге, ең алдымен, эпопеяны өзін оқытуды ұйымдастыра білу керек.

Үлгі:


«Абай жолы» - І кітап

Бөлімдер : «Қайтқанда ». Басты оқиғалар:

а) Абай Семейден елге оралады.

ә) Қодар мен Қамқа өлімі

б) Абайдың ауырып қалуы, ақын Байтастардың Ұлжан мен Зереде қонақта болуы.

Негізгі кейіпкерлер: Абай, Ұлжан, Зере, Құнанбай, Қодар, Қамқа, Майбасар, Бөжей, Сүйіндік.

Эпопеяны қалай талдау керек. Эпопеяны талдау барысында кейіпкерлерді жеке дара қарастырмай, бас кейіпкер, эпопеяның алтын тұғыры-Абай мен оның заманы-феодалдық қоғаммен байланыстыра талдау шығарманың негізгі мәні, қасиеті, құдіретін сақтай отырып, түсіндіруге жол ашады. Талдауға былай келуідің басты себебі, эпопеяда сөз болатын барлық мәселелер Абайға келіп тіреледі, барлығы Абай айналасында, олар өмір сүріп отырған замана қайнауында жүріп жатады:


  1. Абай жолының қалыптасу сатысы.

  2. Абай, феодалдық қоғам және Құнанбайлар.

  3. Абай, феодалдық қоғам және Дәркембайлар, т.с.с., деп жүргізудің, білімділік, танымдық жағынан болса да, маңызы зор болмақ.Себебі не ? Біріншіден, «Абай»- тарихи роман. Бас кейіпкер- тарихи тұлға . Оның сомдалуы, ұлы ақын, демократ, гуманист, ағартушы дәрежесіне жетуі сол өзі өмір сүрген қоғаммен, оның өкілдерімен күресте қалыптасады, күресте толысады.

Эпопеяның әр кітабындағы негізгі оқиғаларды теріп жазып пайдаланудың тиімді жағын : төрт кітаптың негізгі-негізгі оқиғаларынан хабардар ету, естеріне түсіру, әсіресе, кейіпкерді талдау барысында оның көмегі зор болмақ.

Жазушының «Абай жолы» романында көтерген күрделі проблемалардың бірі-жер дауы. Романдыға барлық оқиға осы проблема маңында өрбіп, топталып, түйнделіп келеді. Романдағы оқиғалардың байланысы болып есептелінетін Қодар мен Қамқаның өлімі де, басқа даулар да жер мен қонысқа байланысты.

Жазушы осы оқиғалардың бәрін де өз орнына қойып, көркемдікпен баяндай отырып, тіршілік тұрмысы тікелей малмен байланысты болған қазақ халқының өткен өмірінің толық қанды әсем картинасын жасайды.
4. Бақылау сұрақтары:



  1. «Абай жолы» романындағы көтерілген күрделі проблемалар.

  2. Романның 1-кітабындағы оқиға желісі.

  3. Жер дауы проблемасының суреттелу тәсілі.

  4. Абайдың азаматтық жолының қалыптасу сатысы.

  5. Абайдың әкесі Құнанбайға қарсы келіп, алғашқы азаматтық көрсетуі.

  6. Абайдың ақындық жолының қалыптасуы.


5. Студенттің үй тапсырмасы


  1. «Абай жолы» романының 1-кітабындағы әр тарауға сюжеттік талдау жасау:

  • «Қайтқанда»;

  • «Қат-қабатта»;

  • «Жолда»;

  • «Шытырманда»;

  • «Бел-белесте»;

  • «Өрде»;

  • «Қияда»


6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. М.Әезовтің ұлы ақын жайлы жазылған «Абай жолы» эпопеясының 1-кітабына анализ жасау. Ондағы Абайдың азаматтық ақындық жолының қалыптасу сатыларын көрсету. Абайдың ақын-шәкірттері туралы жазылған зерттеу еңбектерімен және Абайдың өз шығармаларындағы ақын бейнесімен

- салыстыру.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған

- баяндама;

- реферат;

- тестілік сауалнама.


7.Әдебиеттер тізімі
1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

2. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991

3. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі – А., 1995

5. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. А., «Жазушы» , 1995

6. Абай. Энциклопедия. А., «Ата мұра» , 1995

7. Айтматов Ш. Ұстаз туралы сөз. -А., «Ғылым», 1997

8. Әуезов М. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998

9. Қабдол З. Әуезов. -А., «Санат», 1997

10. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. -А., 1999

11. Бердібай Р. Мұхтар шыңы. -А., «Ғылым» 1997

12. Бердібай Р. Қазақ тарихи романы. -А., «Ғылым» ,1997

13. Жұртбай Т. Бесігіңді түзе. Ғұмырнама – толғау. -А., «Жазушы» 1997

14. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. -А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.


13 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» романындағы Абай шәкірттері (2-кітабы бойынша)
2. Сабақтың жоспары:


  1. «Абай жолы» романының 2-кітабында көтерілген мәселелер.

  2. Романның оқиғалық желісі.

  3. Абай және оның айналасындағы өнерлі жастар.

  4. Абайдың әдеби ортасы.


3. Теориялық мәліметтер

М. Әуезов айтып отырған Абай творчествосының рухы, оның әсер етушілік қуаты әсіресе оның ақын шәкірттеріне қатысты ой толғамдары „Абай жолы” эпопеясында айқын көрінеді. Абайдың ақын, творчество адамы ретінде бейнесі жеке-дара емес, ақын шәкірттерімен тығыз байланыста, олармен қоян-қолтық қарым-қатынаста берілген.Абайдың ақындығы аз суреттелген деп пікір айтушылар бұл мәселені ескермеген. Алдымен, жазушының „Абай жолы” романында Абайдың айналасына көптеген ақын шәкірттерін топтастырған, әдебиет мектебі болған ұстаз ақын екендігін қаншалықты дәрежеде көрсете алғандығын сөз етелік. Кез-келген үйретуші ұстаз өз ісінің шебері болуы үшін ең алдымен, білімдар, екіншіден, адамшылық қасиеті зор, үшіншіден, шәкірт жүрегіне жол таба алатындай жан болуы керек. Бірақ бұл қасиеттердің бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің дауы жоқ. Оған қоса Абай жастарға сөз өнерінің құдіретін ұғындырушы, ақындық өнерге баулушы ұстаз ақын еді. Романның алғашқы эпизодында-ақ Абайдың ұстаз ақынға тән сипаттары байқалып қалады. Ең әуелі, ол өнерлі жастардың қоршауында көрінеді. Үйренсем, білсем деген талапты жастарға ұстаздары Абайдан өткен білімдар, одан өткен ақын, одан өткен әділ қазы жоқ. Бұл Абайдың атақ-даңқына көзсіз табынған соқыр сенімнің жетегінде кету емес, жастардың әлденеше рет көздері жеткен шындық. Мысалы, „шоң” сөзінің түп төркінін түсіндіру тұсында Абай асқан білімдарлық танытады. Ол сөзге қатысты екінің бірі біле бермейтін жайттардан шәкірттерін хабардар етеді. Бұл –бір. Екіншіден, үш ақын айтқан төрттік шумақтың өлеңдік қасиетінің қаншалықты екенін тап басып көрсету арқылы шәкірттерінің ақындық шеберлігін ұштай түседі.

Әңгіме орайына қарай жол-жөнекей ат үстінде айтылған Абайдың зілсіз сөздерінің өзінде ойлы жас үшін үлкен мағына, астар бар. Ол әзілдеген болып тұрып-ақ өнерлі, талапты жастарды менмендіктен, мақтаншақтықтан сақтандырады. Абайдың ұғымынша, шынайы өнер еш уақытта олармен қоңсы қона алмайды. Жас ақындардың төрттік өлең жарысына Абай төрелік айтады. Кейін Еңлік пен Кебек моласы басындағы әңгімеге байланысты оқиға баян етіледі. Бұл оқиға романнан басқа кинодрамада ғана кездескен еді. Романда зират басындағы Абай сөзі тереңдетіле түскен.

Шығарма негізінде тек шындық жатсын. Сонда ғана ол өміршең болады. Бұл-Абайдың да, оны жазып отырған Әуезовтің де өнердегі өмірлік кредосы. Еңлік пен Кебек басындағы трагедияға байланысты шындық әр жанрдың ерекшеліктеріне қарай берілуі заңды. Трагедия , либретто, сценарийлерде ол шындықтың беті Айдар мен Ажар дауының үстінде ашылса, романда ол Еңлік пен Кебек зиратының басында айтылады. Шындық та біреу, айтушы да біреу. Айтушы Абай болғанда, ол шындық Еңлік пен Кебектің жендеті- бүкіл тобықты аруағына сыйынып келген Кеңгірбай.

Абай осы талап тұрғысынан шәкірттеріне Еңлік пен Кебекті жыр етуді тапсырды. Бағыт айқын, бағдар біреу.Ол- „Еңлік-Кебек” оқиғасын өмір шындығына сай жырлап беру. Ұстаз талабы қатал әрі әділ. Жазушы суреттеуіндегі Абай халық басынан өткен тарихи оқиғаларды жай ғана біліп қоймайды, сол оқиғаларға өзінің көзқарасын, позициясын батыл әрі айқын танытып отырады. Осы айқындық пен батылдықты ол шәкірттерінен де талап етеді. Ұстаз қойған міндеттің зорлығына қарамастан, Еңлік пен Кебекті дастан етіп жазуға екі шәкірт бірден тілек білдіреді. Дәрмен мен Шұбар арасында үлкен талас туып кетеді. Оқиға бұдан ары кинодрамадағыдай дамиды. Абай осы эпизодта талапшыл принципінен айнымайтын жан ретінде көрінеді. Ол Шұбар мен Дәрменге нағыз ақындықтың қатал шартын қояды. Мұның қасында Көкбай ұсынған қаршығалар таласы ақындыққа, өлең-жырға қатысы жоқ нәрседей ғана. Жарыс болған соң біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Біреу үшін сәттілік, екінші біреу үшін сәтсіздік. Шұбар Дәрмен орындаған екі шарттың екеуін де орындай алмай қалады. Ұстаз ақынның талап үдесінен шыққан шәкірті Дәрменге ризашылығы да табиғи берілген. Шәкірт жеңісі ұстазын өлшеусіз қуанышқа бөлейді. Жазушы Абайдың ұстаз ақын ретіндегі жан жомарттығын, адамдық қасиетін айқындай түсетін эпизодтарды сәтті таңдап ала білген.

Абай жолы эпопеясының 2-кітабына сюжеттік талдау үлгісі.


  1. ” Тайғақта.тарауындағы басты оқиғалар:

  • Құнанбайдың Меккеге аттануы;

  • Дәрменді ертіп келіп, Дәркембайдың бала қарызын талап етуі;

  • Абайдың Дәркембайды арашалауы, т.с.с.


4. Бақылау сұрақтары:


    1. «Абай жолы» романындағы көтерілген күрделі проблемалар.

    2. Романның 2-кітабындағы оқиға желісі.

    3. Абай және Абайдың айналасындағы өнерлі жастар.

    4. Абайдың ақындық жолының қалыптасу сатысы.

    5. Абайдың ұстаз ретінде қалыптасуы.

    6. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас.


5. Студенттің үй тапсырмасы


  1. «Абай жолы» романының 2-кітабындағы әр тарауға сюжеттік талдау жасау:

  • «Тайғақта»;

  • «Жайлауда»;

  • «Еністе»;

  • «Оқапта»;

  • «Асуда»;

  • «Биікте».


6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. М.Әезовтің ұлы ақын жайлы жазылған «Абай жолы» эпопеясының 2-кітабына анализ жасау. Ондағы Абайдың азаматтық, ақындық жолының қалыптасу сатыларын көрсету. Абайдың ақын-шәкірттері туралы жазылған зерттеу еңбектерімен және Абайдың өз шығармаларындағы ақын бейнесімен

- салыстыру.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған

- баяндама;

- реферат;

- тестілік сауалнама.


7.Әдебиеттер тізімі
1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

2. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991

3. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі – А., 1995

5. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. А., «Жазушы» , 1995

6. Абай. Энциклопедия. А., «Ата мұра» , 1995

7. Айтматов Ш. Ұстаз туралы сөз. -А., «Ғылым», 1997

8. ӘуезовМ. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998

9. Қабдол З. Әуезов. -А., «Санат», 1997

10. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. -А., 1999

11. Бердібай Р. Мұхтар шыңы. -А., «Ғылым» 1997

12. Бердібай Р. Қазақ тарихи романы. -А., «Ғылым» ,1997

13. Жұртбай Т. Бесігіңді түзе. Ғұмырнама – толғау. -А., «Жазушы» 1997

14. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. -А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.


14 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» романындағы Абай шәкірттері (3-кітап бойынша «Ақын аға» романының тағдыры).
2. Сабақтың жоспары:


  1. 1950 жылдағы романның 3-ші кітабының айналасындағы тартыс.

  2. Романнан Шәкәрім, Көкбай бейнелерінің алынып тасталуы.

  3. 1952 ж. романның қайта жазылуы.

  4. Абайдың ақын-шәкірттері.


3. Теориялық мәліметтер

Ендігі сөз жазушының „Ақын аға ” романы туралы. 50- жылдардың басында абайтану тарихында М.Әуезовті қаралаудың жаңа бір кезеңі туғаны. Ондағы айтыс, негізінен, М. Әуезов ғылыми еңбектерінде тұжырымдаған Абайдың ақындық мектебі және 1950 жылы жарық көрген „Ақын аға” романындағы Көкбай Жанатаев бейнесінің төңірегінде болды.

Абай айналасында болған шәкірттерінің ішінде ұзағырақ өмір сүріп, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты ғылымға аса құнды деректер берген Көкбайды М: Әуезов „Ақын аға” романында Абайдың жүйрік ақын шәкірті, адал досы, сенімді жолдасы ретінде бейнелейді.

М.Әуезов осы үшін Көкбайды діндар , хандық дәуірді көксеуші, орыс пен қазақтың достығына сына қағушы, жат пиғылды ақын деп білген ұр да жық сын соққысына ұшырайды.

Осыған байланысты эпопея желісіндегі Көкбай жайлы мәселеге тоқтала келіп, М. Әуезов 1951 жылы „Знамя” журналында „Абай жолы” деп жаңадан ат қойып, түзеп жазып шыққан романына сегіз баспа табақ өзгеріс енгізгенін атап өтеді. Және жазушы әрі ғалым ретінде әділетсіз сынға сын айтады. Осы сарындағы солақай пікірлер „Ақын аға” романының екінші нұсқасы „Абай жолы” деп өңделіп, қайта жарық көрді.

М. Мырзахметов өзінің „Мұқтар Әуезов және абайтану проблемалары” деген кітабында жазушының „Ақын аға” романын „Абай жолы” деген атпен қайта жазып шыққанын, жаңа нұсқада Көкбайға, оның Абылай жайлы шығармаларына байланысты өзгерістер ендіргенін атап өтті. Зерттеушінің : „Жаңа жазылған „Абай жолы” романында жазушы „Сабалақ” дастаны мен шығарма авторы Көкбай дүниетанымының келеңсіз жағын өз болмысына сай суреттеп берді ”.

Романның екі нұсқасының соңғы тарауларында М: Әуезовтің Көкбай туралы бір-біріне кереғар екі позициясы анық көрінеді. Өкінішке орай, жазушы Көкбай ақын, оның „Сабалақ” дастаны туралы екі нұсқада бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас ұстанды. Екі нұсқада да соңғы тарау „Қоршауда ” деп аталады. „Ақын ағадағы” бұл тарауда әдеби жыл қорытындысы іспеттес Абай алдындағы ақын шәкіріттерінің мәжілісін суреттеуге жазушы „Абай жолындағы” сәйкес бөлімнен екі еседей аз көлем алты-жеті беттей ғана арнаған. Жазушының суреттеуінше, басы адамға да, малға да жайлы боп басталған биылғы қыс шәкірт ақындар үшін мейлінше жемісті болғанға ұқсайды. „Ақылбай Африка өмірінен „Зұлыс” әңгімесін дастан етіп әкепті. Бейсенбай „Қозы-Көрпеш ” жырын Абайдың арнап тапсыруды бойынша бір үлкен ерлік істі жыр етіпті... ”Жазушы бұдан кейін „ Тағы бір табыспен келген ақын Көкбай”, деп, соның жайын ілтипатпен баян етіп кетеді.

„Ақын аға” романында Көкбайдың Абай мектебінің басты ақыны, ұстаздының сүйікті шәкірті болып суреттелгендігі авторға үлкен айып болып тағылды.

Азуы алты қарыс сыншылар Көкбай түгілі, Абайдың бүкіл ақындық мектебін жоққа шығарғысы келгені жасырын емес. Әуезов қалай болған күнде де Абайда ақындық мектеп болды деген тұжырымдаманы аман сақтап қалуы үшін, „бастан құлақ садаға” дегендей аздаған құрбандықтарға барды. Романның жаңа нұсқасындағы құрбандық жазушының Көкбай туралы позициясын өзгертіп беруі еді.

„Абай жолы” романының 3-кітабына сюжеттік талдау үлгісі:



  1. Абай аға.

- Абай аулы мен көрші ауылдардың көшіп бара жатқандағы көрінісі.

- Абай жастармен жол жағасындағы Еңлік-Кебек моласына тоқтап, Дәрменнің құран бағыштауы.

- Дәрмен мен Шұбардың «Еңлік-Кебек» дастанын жазуға таласуы.

- Әзімбайдың кедей жатақтарының пішеніне қол созуы.

- Жастар Мағаштың отауына жиналып, «Еңлік-Кебек» жыры жайлы ой қозғауы.

- Базаралының айдаудан қашып келуі.

- Болыстыққа сайлануда Оспан жеңіліп Күнтудың болыс болуы.

- Абай жіберген жастардың Базаралының хал-жағдайын сұрауы.


4. Бақылау сұрақтары:
1..«Абай жолы» романындағы көтерілген күрделі проблемалар.

  1. Романның 3-кітабындағы оқиға желісі.

  2. Абай және Абайдың айналасындағы өнерлі жастар.

  3. «Ақын аға» романының тағдыры.

  4. Романнан Шәкәрім, Көкбай бейнелерінің алынып тасталуы.

  5. Әке мен бала, ұстаз бен шәкірт арасындағы сабақтастық.


5. Студенттің үй тапсырмасы


  1. «Абай жолы» романының 3-кітабындағы әр тарауға сюжеттік талдау жасау:

  • «Абай аға»;

  • «Кек жолында»;

  • «Қарашығын»;

  • «Өкініште»;

  • «Қақтығыста»;

  • «Қоршауда».


6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. М.Әезовтің ұлы ақын жайлы жазылған «Абай жолы» эпопеясының 3-кітабына анализ жасау. «Ақын аға» романының өзгертілуі, ондағы Абайдың азаматтық, ақындық жолының қалыптасу сатыларын көрсету. Абайдың ақын-шәкірттері туралы жазылған зерттеу еңбектерімен және Абайдың өз шығармаларындағы ақын бейнесімен

- салыстыру.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған

- баяндама;

- реферат;

- тестілік сауалнама.


7.Әдебиеттер тізімі
1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

2. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991

3. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі – А., 1995

5. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. -А., «Жазушы» , 1995

6. Абай. Энциклопедия. -А., «Ата мұра» , 1995

7. Айтматов Ш. Ұстаз туралы сөз. -А., «Ғылым», 1997

8. Әуезов М. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998

9. Қабдол З. Әуезов. -А., «Санат», 1997

10. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. -А., 1999

11. Бердібай Р. Мұхтар шыңы. -А., «Ғылым» 1997

12. Бердібай Р. Қазақ тарихи романы. -А., «Ғылым» ,1997

13. Жұртбай Т. Бесігіңді түзе. Ғұмырнама – толғау. -А., «Жазушы» 1997

14. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. -А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.


15 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» романындағы Абай шәкірттері (4-кітап бойынша)
2. Сабақтың жоспары:


    1. «Абай жолының» 4-кітабындағы көтерілген өзекті мәселелер.

    2. Эпопеяның жазылу тарихы.

3. Шығармашылық процесс және ақын.

4. Дәстүр жалғастығы- ұрпақтар жалғастығы.




  1. Теориялық мәліметтер

Абайдың артында ешқандай эпистолярлық мұра қалмағандықтан, М. Әуезов, негізінен, тірі архив иелеріне қол артқан еді. Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу үстінде ол даланың естігенін ұмытпайтын, сақ құлақ, әңгіменің майын тамызатын жез таңдай, көне көз шежірелерімен, әңгімелесу, сұхбаттасу, естеліктер жазып алу сияқты әдістерді жиі қолданып, көл-көсір деректер жинады. Ақын мен оның замандастары, дала өмірі жайлы ұлан-ғайыр деректер мен мағлұматтарды талдап отырып алған ой тұжырымдарын жазушы көркем шығармаларының желісіне үлкен суреткерлік шеберлікпен ендіріп отырды. Суреткер сол арқылы өлі дүниені қайта тірілткендей, далаға жан бітіп, сан алуан адам образдарын бар тіршілік-тынысымен құлпыртып, көз алдыңыздан өткізеді. М. Әуезовтің көркем творчестводағы осы ерен еңбегінің өзі оның жазушылық лабораториясының құпия сырын ашуға арналған ғылыми зерттеуді қажет етеді.

Қайсыбір суреткер болмасын, ол шығармалары арқылы өзінің ой-өрісін, ақыл парасатын, білім деңгейін, сезім толғаныстарын, дүниеге көзқарасын, жалпы өзінің алуан түрлі қырлары мен сырларын танытатыны белгілі.

Абайдың бар байлығы, ең асыл қазынасы-оның қазақ поэзиясында бұрын-соңды болып көрмеген теңдесі жоқ, ғаламат жырлары десек, ол өзінің парасатқа тұнған інжу-маржандай төгілген өлең сөзімен сан мыңдаған оқушысы мен тыңдаушысының жүрегін сырлас, мұңдас жанашыр дос ретінде жаулап алған еді.

Ғұламалардың ұғымынша, суреткер тек талант иесі ғана емес, ол ең алдымен, адам, адамдық жолындағы күрескер де болуға тиіс. Сонымен Абай шығармаларында ақынның өз бейнесі қалай сомдалған?

Көзі қарақты оқушы ақын жайлы көркем шығармаларды, ғылыми зерттеулерді оқымай тұрып-ақ, тек Абай шығармаларын зерделеп оқып шыққанның өзінде мынаған көз жеткізер еді: Абай өмір бойы адамдықтың, әділеттің туынт көтерген жаны жомарт ізгілік жыршысы, қалың елі қазағын емірене сүйген, оның келеңсіз қылықтарына жаны күйген үлкен жүректі патриот ақын, заманының, замандастарының кемістік міндерін, олқылықтарын бүкпесіз көрсеткен шыншыл ақын, имандылық пен жақсылықтың қас жауы, зұлымдықпен алысып өткен күрескер ақын, қоғамды да адамды да сауықтырушы, айықтырушы, емші ақын.

Бұған қоса Абайдың біреу, біреу байқамас үлкен бір қасиеті бар. Ол оның ұстаз ақын екендігі. Бұл жерде әңгіме Абайдың жастарды оқуға үндеген ғылым, білім тақырыбындағы өлеңдері туралы емес. Олар Абайдың озық дүниетанымынан туған өлеңдер. Оқу, өнер-білім тақырыбындағы өлеңдер Абайдың алдында Ы. Алтынсаринде, кейін ХХ ғасыр басындағы ақындардың барлығыда да болған. Абайдың ғылым, білім туралы өлеңдерінде ешкімге ұқсамайтын ерекшелік болғанымен, мұндай тақырыпта шығарма жазған барлық ақындарда мотив-біреу. Ол- ағартушылық идеядан туған халықты оқуға, өнер-білімге шақыру.

Енді Абайды ұстаз ақын деген пікірімізге оралайық. Абайтанушы ғалым. Ж. Ысмағұлов ұлы суреткерді барлық өлеңдерінде ұстаз ақын тағылымы бой көрсететіндігін, оның өнер әсемдігін түсіндіретін эстетикалық мектебі болғандығын атап өтеді. “... Ұстаздық тәлімгерлік борыш та, сол борышты атқарудың құралы ретінде өлең сөз де ақынның өмір бойы арқалаған жүгі,”- деген ой айтады. Шындығы да солай. Абайдың ақындық мектебі нағыз эстетика мектебі болатын.

Ақын мен ақындық, өлең мен ән, жалпы өнер тақырыбының Абай шығармаларында үлкен орын алуы да сондықтан болса керек. Өлең мен әннің, ақындықтың не екенін, ақын мен әншінің қандай болуы керектігін Абай шәкірттеріне, ең алдымен, көркем сөз құдіреті арқылы түсіндіреді. Шығыс, батыс әдебиетінің , өзіне дейінгі қазақ әдебиетінің інжу-маржандарын зерделеп оқу, әдебиетінің халықтық негіздерін зерттеу Абайды өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап, ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы жаңа көзқарасқа алып келеді. Абай сөз өнерін, ең алдымен, үлкен қоғамдық күш , әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. “Өлең-сөздің патшасы, сөз сарсы” атты өлеңі бұл тұрғыда ақынның бағдарламасы тәрізді. Ақын жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғады да, реалистік поэзияның сыр-сипаты қандай болатындығын терең ашып береді. Абай поэзиясында мазмұн мен түрдің үйлесіміне айрықша зер салады, соның ішінде, әсіресе, көркем шығарма мазмұнын бірінші орынға қоятынын ашық айтады.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы?

Осылайша іші-сырты үйлесіп келген сөз-жақсы сөз. Абай жақсы сөз деген тіркесті реалистік поэзия деген мағынада қолданды.

Абай бірде қазақ ортасында өлеңнің қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынап, бұндай сөз қадірін кетірушілерге өз мақсатын да қарсы қояды.

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,

Сендерге де келейін енді аяңдап,-дейді.

Ақын, ақындық міндеті туралы терең ойлар айтқан “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” атты өлеңінде Абай өз шәкірттері Ақылбай, Көкбай, Әріп, Шәкәрімдердің шығарманың мазмұнынына қатысы жоқ сөзуарлығын сынайтындығын айтып өттік.

Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге

Жалынамын мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге,-деген өлең шумағынан көп жайды аңғаруға боларлықтай. Ең алдымен, Абай-өз дәуірінің ақыны. Оның үстіне ол еріккен, ермек қуған жыршы емес, әлеуметтік мұрат-мүдделердің ақыны. Сонымен бірге ол-ұстаз ақын.

Өмірде Абайдың айналасына көптеген ақын шәкірттерді топтастырған ұстаз ақын болғандығы даусыз шындық. Әдебиеттану ғылымында Абайдың ақындық мектебі туралы ғылыми концепцияны негіздеген М. Әуезов.

Әдеби орта деген өте ауқымды тақырып. Абайдың жастайынан нәр алған ақындық өнерінің тербетілген творчестволық бесігі ретіндегі әдеби ортасы бар да ақындығының кемеліне келген кезінде айналасына жас ақындарды топтастырып, өзі рухани нәр бере бастаған шақтағы әдеби ортасы бар.

„Абай жолы” романының 4-кітабына сюжеттік талдау үлгісі:

«Түн-түнекте» тарауы


  1. Абай мен Баймағамбет Дәмежанның үйіне келеді.

  2. Мұқаметжан Абайға қалада ауру таралып жатқанын айтады.

  3. Ф. И. Павлов келеді.

  4. Оразбай Сармолаға қарсы сөз айтады. Жақып дүкеншінің әжесі қайтыс болады.

  5. Жәбікен қаза болады.

  6. Әбіш пен Мағыш келеді.

  7. Сағатшы Савелий, Павлов үйі.

  8. Мағышты Афтаб киіндіріп тұрғанда Абай келеді.

  9. Сармоланы жаулары өлтіреді.


4. Бақылау сұрақтары:
1. «Абай жолы» романындағы көтерілген күрделі проблемалар.

  1. Романның 4-кітабындағы оқиға желісі.

  2. Абай және Абайдың айналасындағы өнерлі жастар.

  3. Абайдың әдеби ортасы.

  4. Шығармашылық процесс және ақын.

  5. Әке мен бала, ұстаз бен шәкірт арасындағы проблемалар.

  6. Дәстүр жалғастығы – ұрпақтар жалғастығы.


5. Студенттің үй тапсырмасы


  1. «Абай жолы» романының 4-кітабындағы әр тарауға сюжеттік талдау жасау:

  • «Түн-түнекте»;

  • «Құз қияды»;

  • «Қапада»;

  • «Қастықта»;

  • «Шайқаста»;

  • «Жұтта».


6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. М.Әезовтің ұлы ақын жайлы жазылған «Абай жолы» эпопеясының 4-кітабына анализ жасау. Ондағы Абайдың азаматтық, ақындық жолының қалыптасу сатыларын көрсету. Абайдың ақын-шәкірттері туралы жазылған зерттеу еңбектерімен және Абайдың өз шығармаларындағы ақын бейнесімен

- салыстыру.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған

- баяндама;

- реферат;

- тестілік сауалнама.


7.Әдебиеттер тізімі
1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

2. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991

3. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі – А., 1995

5. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. -А., «Жазушы» , 1995

6. Абай. Энциклопедия. -А., «Ата мұра» , 1995

7. Айтматов Ш. Ұстаз туралы сөз. -А., «Ғылым», 1997

8. Әуезов М. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998

9. Қабдол З. Әуезов. -А., «Санат», 1997

10. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. -А., 1999

11. Бердібай Р. Мұхтар шыңы. -А., «Ғылым» 1997

12. Бердібай Р. Қазақ тарихи романы. -А., «Ғылым» ,1997

13. Жұртбай Т. Бесігіңді түзе. Ғұмырнама – толғау. -А., «Жазушы» 1997

14. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. -А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті



«Филология» факулътеті


«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

«Арнайы семинар: Абайдың ақын шәкірттері» пәні бойынша


050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері үшін

Студенттің Өзіндік жұмысының жоспары

ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ

(СӨЖ)


Жетісай – 2007 ж.

10. Студенттің өзіндік жұмысының жоспары және орындау кестесі




Тақырыбы мен мазмұны

Сағат

саны

Бақылау түрі

Әдебиеттер тізімі

Орындалу

мерзімі

1.

Абайтану проблемалары

  1. Ұлы жазушы мұрасын танып, бағалауда әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі.

  2. Абайдың әдеби ортасы.

  3. Ақындық мектебі.

4. Ақын-шәкірттері.

1

Дөңгелек стол

1. 14-24 б.

2. 67-98 б.

5. 3-7 б.

7. 5-17 б.




1 апта

(3-8.09)


2.

М.Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» мақаласы.

1. Мақаланың сонылық мәні.

2. Абайдың шығыс, батыс сияқты екі жағадан алған нәр қорегін көрсетуі.

3. Абайдың төрт ақын-шәкіртін атауы.





1

Пікір-сайыс

1. 239-352 б.

5. 13-18 б.

20. 3-17 б.

21. 3-10 б.



2 апта

(10-15.09)



3.

М.Әуезовтің «Абайдың идеялық-мәдени ізденулері» еңбегі.

1. Еңбектің ғылыми-танымдық мәні.

2. Абайды тану мәселесіне тоқталу.

3. Ақынды өзге жұртқа таныту мәселесін сөз ету.




1

Конспектілеу

4. 21-48 б.

8. 128-134 б.

12. 16-37 б.

20. 18-52 б.

21. 10-22 б.


3 апта

(17-22.09)



4.

М.Әуезовтің «Абайдың ақындық мектебі туралы» тезисі.

1. Тезистің тарихи мәні.

2. Абайдың ақындық мектебі туралы пікірді қорғау.

3. Абайдың ақын-шәкірттері деген концепцияны тудыру.




1

Реферат

4. 49-73 б.

8. 135-172 б.

12. 38-54 б.

20. 52-96 б.

21. 22-33 б.


4 апта

(24-29.09)



5.

М.Мырзахметовтің «М.Әуезов және Абайтану проблемалары» кітабы.

1. Еңбектің тарихи мәні.

2. Абайтану проблемаларын көрсетуі.

3. М.Әуезовтің Абайтану саласының негізін қалаушы бірегей ғалым екендігін танытуы.




1

Коллоквиум

4. 74-112 б.

8. 173-192 б.

12. 54-67 б.

20. 97-148 б.

21. 33-38 б.


5 апта

(1-6.10)


6

К.Сыздықовтің «Мұхтартанудың беймәлім беттері» кітабы.

1. Кітаптың танымдық маңызы.

2. Социологиялық идеологияға байланысты Мұхтартанудың ақтаңдақ тұстарын көрсетуі.


1

Конспектілеу

1. 312-319 б.

4. 113-128 б.

5. 18-29 б.




6 апта

(8-13.10)



7

С.Бекмырзақызының «Мұхтартануға кіріспе» еңбегі.

1. Кітаптың екі бөлімнен тұруы:

- Абайдың ақын-шәкірттері М.Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектерінде;

- Абайдың ақын-шәкірттері М.Әуезовтің көркем туындыларында.




1

Пікір-сайыс

1. 220-229 б.

4. 129-137 б.

5. 29-36 б.

8. 248-261 б.


7 апта

(15-20.10)



8

М.Әуезов «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесінің тарихи рөлі.

1. Әңгімеде «Абай жолы» романының түпкі мақсатының берілуі.

2. «Абай жолы» эпопеясының хабаршысы.


1

Коллоквиум

1. 229-239 б.

4. 137-153 б.

5. 36-42 б.

18. 261-284 б.


8 апта

(22-27.10)



9

«Абай трагедиясы» - ұлы ақын жайлы алғашқы көркем шығармалардың бірі.

  1. Пьесаның шытырман тартысқа құрылуы.

  2. Трагедияның идеялық-көркемдік мәні.




1

Инсцинировка құру

1. 239-254 б.

4. 153-186 б.

5. 42-50 б.

7. 14-33 б.


9 апта

(29.10-3.11)



10

«Абай жолы» эпопеясының 1-кітабы

  1. Тараулар бойынша сюжеттік талдау.

  2. Абайдың азаматтық жолының қалыптасу сатысы.




1

Пікір-сайыс

3. 12-29 б.

5. 50-66 б.

15. 8-41 б.

17. 1,2,3,4 т.

18. 19-44 б.



10 апта

(5-10.11)



11

«Абай жолы» эпопеясының 2-кітабы

1. Тараулар бойынша сюжеттік талдау.

2. Абайдың ақындық жолының қалыптасуы


1

Коллоквиум

3. 29-36 б.

5. 66-71 б.

15. 41-62 б.

18. 19-44 б.


11 апта

(12-17.11)



12

«Абай жолы» эпопеясының 3-кітабы

1. Тараулар бойынша сюжеттік талдау.

2. Абай айналасындағы өнерлі жастар.

3. Абайдың әдеби ортасы.




1

Әңгіме-сұхбат

5. 71-79 б.

6. 17-48 б.

9. 55-114 б.

15. 62-90 б.

17. 1-т.


12 апта

(19-24.11)



13

«Абай жолы» эпопеясының 4-кітабы

1. Тараулар бойынша сюжеттік талдау.

2. Абайдың ақындық мектебі.

3. Абайдың ақын-шәкірттері.



1

Коллоквиум

5. 79-81 б.

6. 17-48 б.

9. 115-132 б.

15. 90-113 б.

17. 2- т.


13 апта

(26.11-1.12)



14

Әке мен бала, ұстаз бен шәкірт проблемалары.

  1. Абай - әке.

  2. Абай – ақын.

3. Абай – ұстаз.

1

Дөңгелек стол

5. 81-93 б.

9. 115-123 б.

15. 113-124 б.

17. 3-т.


14 апта

(3-8.12)



15

Дәстүр жалғастығы – ұрпақтар жалғастығы.

  1. Өмір шындығын саралау және көркемдік процесс.

2. Шығармашылық процесс және ақын.

1

Коллоквиум

5. 93-109 б.

9. 123-148 б.

15.124-145 б.

17. 4-т.


15 апта

(10-15.12)




1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет