Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша



жүктеу 1.35 Mb.
бет5/6
Дата03.04.2016
өлшемі1.35 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 8 семестр


Әдебиеттер тізімі:
1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995

2. Мырзахметов М. М.Әуезов және Абайтану проблемалары. –А., 1982

3. Сыздықов К. Мұхтартанудың беймәлім беттері. – А., 1997

4. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1994

5. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000

6. Айтматов Ш. Ұстаз туралы сөз. -А., «Ғылым», 1997

7. Әуезов М. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998

8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. –А., 1985

9. Қабдол З. Әуезов -А., «Санат», 1997

10. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. -А., 1999

11. Бердібай Р. Мұхтар шыңы. -А., «Ғылым» 1997

12. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Абай дәстүрі және Шәкәрім. -А., «Қазақ университеті», 1992

13. Әкімов Т. Даналық мәйегі. -А., «Ана тілі», 1995

14. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы. -А., «Санат»,1977

15. Бердібай Р. Қазақ тарихи романы. -А., «Ғылым» ,1997

16. Жұртбай Т. Бесігіңді түзе. Ғұмырнама – толғау. -А., «Жазушы» 1997

17. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. -А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.

18. Әуезов М. Шығармаларының толық жинағы. 6-том. –А., 2000

19. Ерденбеков Б. Әріп – ақын. –А., 2001

20. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары. -А., «Жазушы», 1998

21. Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. -А., 1990

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті



«Филология» факулътеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

«Арнайы семинар: Абайдың ақын шәкірттері» пәні бойынша


050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері үшін

ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ
(ОБСӨЖ)


Жетісай – 2007 ж.


11. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі




Тапсырманың мазмұны мен мақсаты

Сағат

саны

Бақылау түрі


Беті көрсетіл

ген әдебиет

тер тізім

Орында

лу мерзімі

1

2

3

4

5

6

1

Мектеп бағдарламасы мен қазақ әдебиеті тарихы курсына сәйкес Абай шығармашылығына жалпы шолу.

  1. Абайдың өмірбаяны.

  2. Абайдың лирикалары.

  3. Ақынның қара сөздері

  4. Поэмалары, аудармалары.

1

Әңгіме-сұхбат

1. 14-24 б.

2. 67-98 б.

5. 3-7 б.

7. 5-17 б.




2 апта

(10-15.09)



2

Абай шығармашылығы бойынша кіріспе бақылау жұмысын өткізу.




1

Тестілік сауална-малар

1. 239-352 б.

5. 13-18 б.

20. 3-17 б.

21. 3-10 б.



2 апта

(10-15.09)



3

Абайдың ақын-шәкірттері.

  1. Абайдың әдеби ортасы.

  2. Абайдың ақындық мектебі.

  3. Абайдың өз тәрбиесінде болған шәкірттері.

  4. Абай өлеңдерінің үлгісінде жазған шәкірттері.

1

Пікір-сайыс

4. 21-48 б.

8. 128-134 б.

12. 16-37 б.

20. 18-52 б.

21. 10-22 б.


3 апта

(17-22.09)



4.

Шәкәрім шығармашылығына жалпы шолу

  1. Өмірі туралы мәлімет.

  2. Ақынның лирикалары.

  3. Поэмалары.

  4. Прозалық туындылары.

1

Трнеинг, ауызша сауалнама

4. 49-73 б.

8. 135-172 б.

12. 38-54 б.

20. 52-96 б.

21. 22-33 б.


4 апта

(24-29.09)



5.

Абай және Шәкәрім

  1. Лирикалық шығармаларындағы үндестік.

  2. Поэмалық туындыларындағы сабақтастық.

  3. Абай ықпалымен тарихи еңбектер жазу.




1

Реферат

4. 74-112 б.

8. 173-192 б.

12. 54-67 б.

20. 97-148 б.

21. 33-38 б.


5 апта

(1-6.10)


6

Көкбай шығармашылығына жалпы шолу

  1. Өмір жолы туралы мәлімет.

  2. Абай мұрасын жинауға сіңірген еңбегі.

  3. Абай ықпалымен тарихи тақырып бойынша дастандар жазу.




1

Тестілік сауална-малар

1. 312-319 б.

4. 113-128 б.

5. 18-29 б.




6 апта

(8-13.10)



7

Абай және Көкбай

  1. Абай мен Көкбай арасындағы айнымас достық.

  2. Абай өлеңдерінің Көкбай атымен жариялануы.

  3. Абай мен Көкбай арасындағы рухани жалғастық.

1

Дөңгелек стол

1. 220-229 б.

4. 129-137 б.

5. 29-36 б.

8. 248-261 б.


7 апта

(15-20.10)



8

Шәкәрім, Көкбай шығармалары бойынша аралық бақылау жұмысын жүргізу.



1

Реферат

1. 229-239 б.

4. 137-153 б.

5. 36-42 б.

18. 261-284 б.


8 апта

(22-27.10)



9

Ақылбай шығармашылығына жалпы шолу

  1. Өмірі туралы мәлімет.

  2. Ақылбайдың сазгерлік, домбырашылық өнері.

  3. Ақылбай поэмалары.

1

Тестілік сауална-малар

1. 239-254 б.

4. 153-186 б.

5. 42-50 б.

7. 14-33 б.


9 апта

(29.10-3.11)



10

Абай және Ақылбай

  1. Ақылбай тәрбиесіне әкесі Абайдың ықпалы.

  2. Абай берген тақырып бойынша классикалық поэмалар тудыру.

  3. Ақылбай – Абайдың өз тәрбиесінде болған ақын-шәкірті.

1

Пікір-сайыс

3. 12-29 б.

5. 50-66 б.

15. 8-41 б.

17. 1,2,3,4 т.

18. 19-44 б.



10 апта

(5-10.11)



11

Мағауия шығармашылығына жалпы шолу

  1. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығы.

  2. Көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері.

  3. Поэмалары.

1

Реферат

3. 29-36 б.

5. 66-71 б.

15. 41-62 б.

18. 19-44 б.


11 апта

(12-17.11)



12

Абай және Мағауия

  1. Мағауия – ұлы Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған ақын.

  2. Ол – Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы талантты шәкірті.

1

Тестілік сауална-малар

5. 71-79 б.

6. 17-48 б.

9. 55-114 б.

15. 62-90 б.

17. 1-т.


12 апта

(19-24.11)



13

Әріп шығармашылығына жалпы шолу

1. Өмірі туралы мәлімет.

2. Әріп шығармаларының тақырыбы.

3. Ауыз әдебиетін жинаудағы үлесі, аудармалары.



1

Коллоквиум

5. 79-81 б.

6. 17-48 б.

9. 115-132 б.

15. 90-113 б.

17. 2- т.


13 апта

(26.11-1.12)



14

Абай және Әріп

1. Абайға ой-санасы жақын ақын.

2. Абай дәстүрін жалғастыру ісі.

3. Шығармаларының Абай өлеңдерімен үндестігі.




1

Реферат

5. 81-93 б.

9. 115-123 б.

15. 113-124 б.

17. 3-т.


14 апта

(3-8.12)



15

Ақылбай, Мағауия, Әріп шығармашылығы бойынша аралық бақылау жұмысын жүргізу.



1

Тестілік сауална-малар

5. 93-109 б.

9. 123-148 б.

15.124-145 б.

17. 4-т.


15 апта

(10-15.12)





Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті




«Филология» факулътеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

«Арнайы семинар: Абайдың ақын шәкірттері» пәні бойынша


050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері үшін


Студенттердің білімін бақылау түрлері:
а) Тестілік сауалнамалар

б) Жазбаша бақылау

в) Коллоквиумдар

г) Сөзжұмбақтар

д) Глоссарий

е) Эссе

Жетісай – 2007 ж

12. Тестілік сауалнама

1. М. Әуезов шығармашылығының беймәлім тұстары

А) Абайдың ақындық мектебі

В) Абай өмірбаяны

С) Абай поэмалары

Д) Абайдың нәзиралық шығармалары

Е) Қарасөздері

2. Өзінің шығармашылық өмірінде бір тақырыпта екі жақты қызмет атқарған жазушы

А) М. Әуезов

В) Қ. Жұмаділов

С) С.Сейфуллин

Д) Ғ. Мұстафин

Е) Ғ. Мүсірепов

3. М. Әуезов Абай өмірі мен шығармасы туралы жұмыстарын қанша күрделі мәселе тұрғысынан жүргізіп отырған?

А) 8

В) 7


С) 3

Д) 2


Е) 9

4. М. Әуезовтің талантты шәкірті, аспиранты, Абайдың ақындық мектебін арнайы зерттеген ғалым?

А) Қ. Мұхамедханов

В) З. Қабдолов

С) В. Нұрғалиев

Д) Ә. Тәңірбергенов

Е) З. Бейсенғалиев

5. М. Әуезовтің “Абай ақындығының айналасы” атты мақаласы қай жылы жазылды?

А) 1934

В) 1939


С) 1935

Д) 1930


Е) 1944

6. М. Әуезовтің “Абайдың идеялық-мәдени ізденулері” атты мақаласы қашан жарық көрді?

А) 1939

В) 1934


С) 1935

Д) 1930


Е) 1944

7. М. Әуезовтің “Абайдың ақындық мектебі туралы” тезисі қашан шықты?

А) 1944

В) 1939


С) 1935

Д) 1930


Е) 1934

8. “Абайдың ақын шәкірттері” деп тұжымдалған концепция қай жылдары жоққа шығарылды?

А) 1950

В) 1949


С) 1940

Д) 1960


Е) 1930

9. Абайдың әдеби мұрасы жөнінде ғылыми айтыс қашан өткізілді?

А) 1951

В) 1941


С) 1952

Д) 1950


Е) 1961

10. Абайдың әдеби мұрасына арналған ғылыми айтыста кім баяндама жасады?

А) С. Мұқанов

В) Ғ. Мүсірепов

С) Ғ. Мұстафин

Д) Қ. Жұмаділов

Е) С. Бәйітов

11. “Абай мектебінің концепциясын” кім енгізді?

А) М. Әуезов

В) С. Мұқанов

С) Қ. Мұхамедханов

Д) М. Мырзахметов

Е) Қ. Жұмалиев

12. Абайдың тұңғыш өмірбаяны М. Әуезовтің зерттеуінде қашан жарық көрді?

А) 1933

В) 1934


С) 1918

Д) 1939


Е) 1944

13. “Абай” журналы қай жылдары шықты?

А) 1918

В) 1920


С) 1917

Д) 1930


Е) 1933

14. “Абай” журналы қай қалада шыққан?

А) Семей

В) Ақмола

С) Қызылорда

Д) Шымкент

Е) Орынбор

15. “Абай” журналына кімдер басшылық етті?

А) М. Әуезов, Ж. Аймауытов

В) М. Сералин, М. Жұмабаев

С) А. Байтұрсынов, И. Байзақов

Д) С. Мұқанов, М. Ізтөлин

Е) Ә. Тәңірбергенов, Ш. Құдайбердіұлы

16. “Абай” журналы қай жылдан бастап қайта шығарыла бастады?

А) 1992

В) 1993


С) 1991

Д) 1994


Е) 1990

17. М. Әуезов Абайдың толық мағынадағы шәкірттері деп қаншасын атайды?

А) 4

В) 5


С) 6

Д) 3


Е) 2

18. Абайдың ақын шәкірттері

А) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әріп

В) Көкбай, Ақылбай, Мухтар, Мағауия

С) Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Баймағамбет

Д) Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Әріп

Е) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия

19. Абайдың ақын шәкірттерін сынаған өлеңі

А) “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”

В) “Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы”

С) “Адамның кейбір кездері”

Д) “Келдік талай жерге енді”

Е) “Сен мені не етесің?”

20. ... Сөз айттым “Әзірет Әлі айдаһарсыз...” деп Абай қай шәкіртін сынаған?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

21. „... Мұнда жоқ алтын иек сара ала қыз...” деп Абай қай шәкіртінің өлеңін сынап отыр?

А) Әріп

В) Көкбай

С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

22. „... Кәрілікті жамандап, өлім тілеп...” деген Абайдың жыр жолдары қай шәкіртін сынауға арналған?

А) Шәкәрім

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Көкбай

23. “Қазақ елінің ескі өмірін жырлаушы ақын”,- деп Абайдың қай шәкіртін айтамыз?

А) Шәкәрім

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Көкбай

24. Абай шәкірттерінің ішіндегі ең көрнектісі, жасы үлкені әрі ұзақ жасағаны?

А) Шәкәрім

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Көкбай

25. Абайдың ақын, прозашы, аудармашы, философ, тарихшы шәкірті

А) Шәкәрім

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Көкбай

26. Қазақ тарихынан сюжеттік поэма жанрын дамытуға үлес қосқан қаламгер

А) Шәкәрім

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Көкбай

27. “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек” поэмаларының авторы

А) Шәкәрім

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Көкбай

28. Шәкәрімнің “Қалқаман-Мамыр” поэмасы қай жылы жарық көрді?

А) 1912

В) 1914


С) 1910

Д) 1913


Е) 1915

29. Шәкәрім шығармасының мына бір үзіндісі қай поэмадан алынды?

... Жігіттер, бұл өлеңді жазған мәнім,

Емес қой жастықпенен салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, жаза қайсы,

Аларсың көп ғибрат байқағаның...

А) “Еңлік-Кебек”

В) “Қалқаман-Мамыр”

С) “Нартайлақ-Айсұлу”

Д) “Ләйлі-Мәжнүн”

Е) “Жүсіп-Зылиқа”

30. Шәкәрімнің тікелей Абай ықпалымен жазған поэмасы

А) “Еңлік-Кебек”

В) “Қалқаман-Мамыр”

С) “Нартайлақ-Айсұлу”

Д) “Ләйлі-Мәжнүн”

Е) “Жүсіп-Зылиқа”

31. Тарих алдындағы еңбегі зор ақын?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

32. 1950 ж. Абайтану тарихында М. Әуезовті қай ақын шәкіртіне байланысты қаралады?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

33. “Саяси беті теріс, керітартпа, діндар ақын”, - деп Абайдың қай шәкіртін жаралады?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

34. “Сабалақ” поэмасының авторы

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

35. “Сабалақ” поэмасының негізгі идеясы

А) хандықты дәріптеу

В) еңбекке үндеу

С) адамгершілікті уағыздау

Д) махаббатты ту ету

Е) табиғатты қорғау

36. “Сабалақ” поэмасының негізгі кейіпкерлері

А) Абылай, Бөгенбай

В) Кенесары, Наурызбай

С) Жәңгір, Махамбет

Д) Абылай, Райымбек

Е) Абылай, Бұхар

37. Абай айналасындағы шәкірттердің ішінде өзгелерінен ұзағырақ өмір сүріп, бертінде қайтыс болған ақын?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

38. Абай өмірі мен шығарашылығына байланысты аса құнды деректер берген ақын?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

39. Абайдың ақын шәкірті, үзеңгілес досы

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

40. “Көкбайдың ақындығы” деген мақала жазған ғалым?

А) М. Әуезов

В) Қ. Мұхамедханов

С) М. Мырзахметов

Д) С. Мұқанов

Е) М. Мағауин

41. “Көкбайдың ақындығы” атты мақаласы қай жылы жазылды?

А) 1951

В) 1950


С) 1949

Д) 1944


Е) 1946

42. “Абайтанудан жарияланбаған материалдар” еңбегінің авторы?

А) М. Әуезов

В) Қ. Мұхамедханов

С) М. Мырзахметов

Д) Қ. Сыздықов

Е) С. Бекмырзақызы

43. “Абайтанудан жарияланбаған материалдар” еңбегі қай жылы жарық көрді?

А) 1988

В) 1980


С) 1989

Д) 1990


Е) 1994

44. “Абайтану дәрістері” атты кітап қашан шықты?

А) 1994

В) 1988


С) 1989

Д) 1990


Е) 1995

45. Абай кезінде өз өлеңдерін өзінің аса талантты қай шәкіртінің атынан шығарып отырған?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Шәкәрім

Д) Мағауия

Е) Ақылбай

46. Абай қай ақын шәкіртіне қарап өлең шығарған?

А) Көкбай

В) Шәкәрім

С) Әріп

Д) Ақылбай



Е) Мағауия

47. Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма импровизацияға ең жүйрік ақын

А) Көкбай

В) Шәкәрім

С) Мағауия

Д) Ақылбай

Е) Әріп

48. Абай қай жылдары жазған өлеңдерін Көкбай атынан таратады?



А) 1880-1886

В) 1878-1884

С) 1882-1888

Д) 1884-1892

Е) 1883-1891

49. Көп нүктенің орнына тиісті есімді қойыңыз?

Ән үйренген ырғалып,

Өлең жазған тырбайып.

Сорлы ... қор болды-ау

Осыншадан құр қалып.

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

50. Абайдың Көкбайға арнап шығарған өлеңі

А) “Бұралып тұрып”

В) “Адасқанның алды жөн”

С) “Сенбе жұртқа”

Д) “Сегіз аяқ”

Е) “Адамның кейбір кездері”


  1. Жәннатта жайың болғыр Абай құтып,

Қасыңда бос жүріппіз шатып-бұтып.

Осындай ен дарияны жайлағанда,

Тым болмаса алмаппын қана жұтып,-

деген жыр жолдарын Абайдың қай шәкірті шығарған?1

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім


  1. Дозаққа біреу кетсе, Дутім кетер,

Дүтілі кетсе, Көкшенің көбі кетер.

Кісінетіп қара айғырды байлап қойып,

Артынан тоғыз биді күпілдетер, - деген өлең жолдарының авторы?

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

53. “Семей саудагерлеріне”, “Мұсажанға” өлеңдері Абайдың қай шәкіртінікі?

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

54. Көкбайдың өлеңін көрсетіңіз

А) “Жақсылыққа”

В) “Жігіт сөзі”

С) “Қыз сөзі”

Д) “Алыстан сермеп”

Е) “Көңілім қайтты”

55. “Хафизге” деген өлең қай ақынның шығармасы?

А) Көкбай

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

56. М. Әуезовтің Көкбай жөніндегі пікірі “Абай жолы” эпопеясының қай кітабында берілген еді?

А) “Ақын аға”

В) “Абай аға”

С) “Абай”

Д) “Абай жолы”

Е) “Құнанбай”

57. Көкбай ақынның дастандары

А) “Қандыжол”, “Құлынды”

В) “Қалқаман-Мамыр”

С) “Ләйлі-Мәжнүн”

Д) “Еңлік-Кебек”

Е) “Нартайлақ-Айсұлу”

58.Сюжет құрудың шебері

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

59. Абайдың “Ата-анаға көз қуаныш” деген өлеңі кімге арналған?

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

60. Шебер домбырашы, әрі скрипкашы, ақын болған Абай шәкірті

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

61. Ақылбайдың қанша поэмасы болған?

А) 3


В) 4

С) 2


Д) 5

Е) 1


62. “Жаррах”, “Зұлыс”, “Дағыстан” поэмаларының авторы?

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

63. Абайдың 16 жасында дүниеге келген тұңғыш баласы

А) Ақылбай

В) Әбдірахман

С) Оспан


Д) Мағауия

Е) Күлбала

64. Абайдан кейін 40 күн ғана өмір сүріп қаза болған ақын шәкірті

А) Ақылбай

В) Әбдірахман

С) Көкбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім



  1. Сөкпе қалса сөзімнің шалалары,

Кітапта жазған орыс даналары.

Бұрын неше соғыста ойран болған,

Көрінді Дағыстанның қалалары, - деген шумақ қай ақынның жыр жолдары?

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

66. “Дағыстан” поэмасының жанры, ішкі құрылысы

А) романтикалық

В) реалистік

С) тарихи

Д) лирикалық

Е) эпикалық

67. Ақылбайдың жоғалып кеткен поэмасы

А) “Жаррах”

В) “Зұлыс”

С) “Медғат-Қасым”

Д) “Дағыстан”

Е) ”Еңлік-Кебек”

68. “Зұлыс” поэмасы туралы жаңа мәліметтер әкелген ғалым

А) М. Мағауин

В) Қ. Мұхамедханов

С) М. Мырзахметов

Д) К. Сыздыков

Е) М. Шаханов

69. Батыстың классик ақындары тәрізді шығармалар тудырған ақын

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

70. Классикалық поэзия үлгісін тудырған Абай шәкірті

А) Мағауия

В) Әріп

С) Ақылбай



Д) Көкбай

Е) Шәкәрім

71. Мағауия поэмаларының саны
А) 3

В) 4


С) 2

Д) 5


Е) 6

72. Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы

А) “Медғат-Қасым”

В) “Зұлыс”

С) “Абылай”

Д) “Дағыстан”

Е) ”Еңлік-Кебек”

73. “Медғат-Қасым” поэмасының оқиғасы қай елден алынған?

А) Африка

В) Дағыстан

С) Кавказ

Д) Еуропа

Е) Шығыс

74. “Медғат-Қасым” поэмасының ішкі жанрлық құрылысы

А) романтикалық

В) реалистік

С) тарихи

Д) лирикалық

Е) эпикалық

75. “Медғат-Қасым” поэмасының тақырыбы

А) қазақтан жырақ ел өмірі

В) тарихи оқиғалар

С) махаббат

Д) табиғат

Е) адамгершілік


  1. Қара сұрлау пішіні зәңгі затты;

Отты қара көзі бар ұзын бойлы;

Оқша өтеді насостың миға зәрі;

Дүркірейді керуен қойдай ығып,-

деген жыр жолдары қай шығармадан алынды?

А) “Медғат-Қасым”

В) “Зұлыс”

С) “Жаррах”

Д) “Дағыстан”

Е) ”Еңлік-Кебек”

77. Еңлік пен Кебекке поэма арнаған ақындар?

А) Шәкәрім, Мағауия

В) Мухтар, Ақылбай

С) Абай, Мағауия

Д) Шәкәрім, Ақылбай

Е) Әріп, Көкбай

78. Абайға ой-санасы жақын ақын?

А) Әріп

В) Көкбай

С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

79. Әріп Абайды қай жылдары кездестірген?

А) 1877-1881

В) 1870-1880

С) 1875-1885

Д) 1872-1882

Е) 1890-1900

80. Әріп Абайды қай жерде кездестіріп, ұстаз тұтқан?

А) Семейде

В) Шыңғыстауда

С) Орынборда

Д) Аягөзде

Е) Жиделіде

81. Әріптің Абайға идеясы жағынан мазмұндас өлеңі

А) “Еңбек туралы”

В) “Дүние туралы”

С) “Өлім туралы”

Д) “Ғылым туралы”

Е) “Жұбанға”

82. Әріп ақынның өмір сүрген кезеңі

А) 1856-1924

В) 1850-1920

С) 1857-1925

Д) 1854-1923

Е) 1845-1915

83. Адалды – адал, арамды-арам демей,

Қара жағил надансың, қасқыр түсті,-

деген жыр жолдары Әріптің қай өлеңінен алынды?

А) “Еңбек туралы”

В) “Дүние туралы”

С) “Өлім туралы”

Д) “Ғылым туралы”

Е) “Жұбанға”

84. Әріптің “Қалың мал туралы” өлеңі Абайдың қай өлеңімен сарындас?

А) “Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында”

В) “Сегіз аяқ”

С) “Сабырсыз, арсыз, еріншек”

Д) “Өлсе өлер”

Е) “Қор болды жаным”

85. Әріп ақын “Ғылым туралы” өлеңін қай жылы жазды?

А) 1906

В) 1900


С) 1895

Д) 1905


Е) 1890

  1. Абайдың ізін басқан данышпаным,

Аянбай надандықпен алысқаным

Орыс, қытай, арабтың тілін біліп,

Ғылымның шыңына өрлей ғарыштадың-

деген жыр жолдарын Абайдың қай ақын шәкіртіне арнаған?

А) Әріп

В) Көкбай

С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім


  1. Ғылымнан он екі пән хабардар боп,

Кеудеңе түсіп еді күн дидары –

деп ақын Ш. Әбенов қай ақынды сипаттайды?

А) Әріп

В) Көкбай

С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

88. Әріп ақын роман-эпопеяның қай кітабында эпизодтық ыңғайда көрінген?

А) үшінші

В) төртінші

С) бірінші

Д) екінші

Е) көрінбеген

89. “Абайтану” деп аталатын библиографиялық көрсеткіш қашан жарық көрді?

А) 1988

В) 1989


С) 1987

Д) 1986


Е) 1980

90. “Абайтану” библиографиялық көрсеткішін дайындаған ғалым?

А) М. Мырзахметов

В) М. Әуезов

С) Қ. Мұхамедханов

Д) М. Мағауин

Е) Қ. Сыздықов

91. Ұлы ақын жайлы тұңғыш көркем шығарма

А) “Татьянаның қырдағы әні”

В) “Абай” трагедиясы

С) “Абай жолы”

Д) “Ақын аға”

Е) “Абай аға”

92. “Татьянаның қырдағы әні” әңгімесі қашан жарық көрді?

А) 1937

В) 1939


С) 1940

Д) 1918


Е) 1933

93. М. Әуезов “Абай” атты трагедиясын кіммен бірігіп жазды?

А) А. Соболев

В) А. Курелла

С) Л. Арагон

Д) М. Мырзахметов

Е) М. Мағауин

94. Абай романының 1-кітабы қашан шықты?

А) 1942

В) 1944


С) 1945

Д) 1947


Е) 1950

95. “Абай” операсының либреттосы қашан жазылды?

А) 1944

В) 1942


С) 1945

Д) 1947


Е) 1950

96. Қай жылдары “Абай жырлары” атты көркем суретті фильмнің сценарийі жазылды?

А) 1945

В) 1939


С) 1942

Д) 1944


Е) 1947

97. “Абай” романының екінші кітабы қай жылы жарық көрді?

А) 1947

В) 1942


С) 1944

Д) 1945


Е) 1950

98. Абай жайлы романның үшінші кітабы қашан жазылды?

А) 1950

В) 1952


С) 1947

Д) 1945


Е) 1942

99. Абай жайлы романның үшінші кітабы қай жылы шықты?

А) 1952

В) 1950


С) 1953

Д) 1954


Е) 1949

100. Абай жайлы романның төртінші кітабы қай жылы шықты?

А) 1954

В) 1955


С) 1952

Д) 1951


Е) 1950

Арнайы семинар: «Абайдың ақын шәкірттері» пәнінен бақылау сұрақтары.


  1. Абайтану проблемасының салалары.

  2. М.Әуезов шығармаларының беймәлім тұстары.

  3. Абайдың ақындық мектеьі туралы концепцияның қалыптасуы.

  4. Қ.Мұхаметхановтың шығармашылығы жөнінде.

  5. Абай мұрасын танып, бағалауға үлес қосқан ғалымдар.

  6. Эпикалық роман „Абай” “...XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Әлемнің басқа елдерінде онымен тең түсетін шығарманы табу қиын” деп баға берген жазушы?

  7. “... Сіз әлі Абайды оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, керемет!” деген пікір айтқан жазушы?

  8. Ұлы ақын жайлы жазылған алғашқы көркем шығармалардың бірі – “Абай трагедиясы” қашан жазылды?

  9. М. Әуезов драмаларын жан-жақты зерттеген ғалым?

  10. М. Әуезовтің “Бала Мұхтар” деген еңбегінің деректік мәні

  11. Татьянаны қазақ тілінде сөйлеткен ақын

  12. Шәкәрім – қазақ елінің ескі өмірін жырлаушы ақын.

  13. Көкбай- суырып салма, импровизатор ақын.

  14. „Абай жолының” күрес жолы екендігін таныту.

  15. М.Әуезовтің Абай мектебі, ақын-шәкірттері жайлы ойлары мол көрініс тапқан көркем шығармалары.

  16. „Абай жолының” өнер жолы екендігін таныту.

  17. М.Мырзахметовтің Абайтану бойынша зерттеу еңбектері.

  18. К.Жанатаев – ұлы ақынның үзеңгілес жолдасы, шәкірті

  19. „Абай жолы” эпопеясына образдық талдау (1-кітап).

  20. „Абай жолы” эпопеясына образдық талдау (2-кітап).

  21. „Абай жолы” эпопеясына образдық талдау (3-кітап).

  22. „Абай жолы” эпопеясына образдық талдау (4-кітап).

  23. К.Сыздыковтың монографиялық туындылары.

  24. М.Әуезовтің Абайтану саласына сіңірген еңбегі.

  25. Абайдың Көкбайға арнап шығарған өлеңдері.

  26. Көкбайдың Абайға арнап шығарған өлеңдері.

  27. „Абай жолы” эпопеясындағы Абайдың әдеби ортасы.

  28. Абай шәкірттері М.Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектерінде.

  29. Ақылбайдың өмірі мен шығармашылық жолы.

  30. Мағауияның өмірі мен шығармашылық жолы.

  31. Көкбайдың өмірі мен шығармашылық жолы.

  32. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы.

  33. Әріптің өмірі мен шығармашылық жолы.

  34. Абайдың әдеби мұрасын талқылаған ғылыми айтыстың мәні.

  35. Ақылбайдың поэмалары.

  36. Мағауияның поэмалары.

  37. Шәкәрімнің поэмалары.

  38. Әріптің поэмалары.

  39. Шәкәрім – аудармашы.

  40. Шәкәрімнің прозалық туындылары.

  41. Әріп – ауыз әдебиетін жинаушы ғалым.

  42. „Абай жолы” эпопеясындағы көтерілген басты проблемалар (1-кітап).

  43. „Абай жолы” эпопеясындағы көтерілген басты проблемалар (2-кітап).

  44. „Абай жолы” эпопеясындағы көтерілген басты проблемалар (3-кітап).

  45. „Абай жолы” эпопеясындағы көтерілген басты проблемалар (4-кітап).

  46. Абай шығармашылығындағы өнер тақырыбы.

  47. Шәкәрім өлеңдеріндегі ағартушылық идея.

  48. Әріп өлеңдеріндегі ағартушылық идея.

  49. Әріп шығармаларындағы еңбек тақырыбы.

  50. „Абай жолы” эпопеясындағы әйелдер бейнесі (1-кітап).

  51. „Абай жолы” эпопеясындағы әйелдер бейнесі (2-кітап).

  52. „Абай жолы” эпопеясындағы әйелдер бейнесі (3-кітап).

  53. „Абай жолы” эпопеясындағы әйелдер бейнесі (4-кітап).

  54. Абайдың шәкірттеріне көркем сөз құдіретін түсіндіру жолдары.

  55. „Медғат-Қасым” поэмасындағы көркемдік әдіс.

  56. „Дағыстан” поэмасындағы романтизм.

  57. „Абай жолы” эпопеясындағы әке мен бала проблемалары (1-кітап).

  58. „Абай жолы” эпопеясындағы әке мен бала проблемалары (2-кітап).

  59. „Абай жолы” эпопеясындағы әке мен бала проблемалары (3-кітап).

  60. „Абай жолы” эпопеясындағы әке мен бала проблемалары (4-кітап).

  61. Шығармашылық процесс және ақын.

  62. „Абай трагедиясындағы” Абай бейнесі.

  63. „Абай трагедиясындағы” Айдар бейнесі.

  64. „Абай трагедиясындағы” Керім бейнесі.

  65. „Абай трагедиясындағы” Ажар, Зейнеп бейнелері.

  66. „Абай жолы” эпопеясындағы Абай сүйген арулар.

  67. Абай және Көкбай.

  68. Абай және Әріп.

  69. „Ақын аға” романының „Абай аға” болып өзгертілуі.

  70. Абай және Мағауия.

  71. Ұстаз бен шәкірт тағылымы.

  72. Ұлы ақын шәкірттерінің қозғаған тың тақырыптары.

  73. Абай шығармаларындағы ақынның өз бейнесі.

  74. Абай мұрасына Көкбайдың сіңірген еңбегі.

  75. Шәкәрімнің аударма саласындағы еңбектері.

  76. Шәкәрім шығармаларының ойлылығы.

  77. „Сабалақ” дастанының тарихи мағызы.

  78. Көкбай – эпик ақын.

  79. Мағауияның жастық. сүйіспеншілік туралы өлеңдері

  80. „Абай жолы” эпопеясындағы Абайдың ақын-шәкірттері.

  81. „Абай жолы” эпопеясындағы Абай айналасындағы өнерлі жастар.

  82. С.Бекмырзақызының Мұхтартану саласына сіңірген еңбегі.

  83. „Абайдың ақындық айналасы” мақаласының тарихи мәні.

  84. „Абай жолы” эпопеясындағы Әбіш бейнесі.

  85. „Абай жолы” эпопеясындағы Мағауия бейнесі.

  86. „Абай жолы” эпопеясындағы Көкбай бейнесі.

  87. Қазақ әдебиетінде сюжеттік поэма жанрын дамытушы ақын.

  88. „Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тарихи фон.

  89. „Еңлік - Кебек” поэмасындағы трагедиялық кейіпкер.

  90. Қазіргі әдеби процесс және Абай шәкірттері.

  91. Абайтану саласының алғашқы зерттеушілері.

  92. „Абай жолы” эпопеясына сюжеттік талдау (1-кітап).

  93. „Абай жолы” эпопеясына сюжеттік талдау (2-кітап).

  94. „Абай жолы” эпопеясына сюжеттік талдау (3-кітап).

  95. „Абай жолы” эпопеясына сюжеттік талдау (4-кітап).

  96. „Абай жолы” эпопеясына проблемалық талдау (1-кітап).

  97. „Абай жолы” эпопеясына проблемалық талдау (2-кітап).

  98. „Абай жолы” эпопеясына проблемалық талдау (3-кітап).

  99. „Абай жолы” эпопеясына проблемалық талдау (4-кітап).

100.Қазіргі қазақ әдебиеті және Абай шәкірттері.
13. Студенттердің академиялық білімін

рейтингтік бағалау жүйесі
Білім беру ісіндегі басты приоритет – студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық рөл оқытушыға емес, студентке берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай, ол өздігінен оқуы керек. Оқытудың негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқытудың негізгі формасы – студенттермен жұмыс істеу, дифференциялау.

Әрбір студент басқа студент пен салыстырылмайды, керісінше өзімен - өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды.

Студенттердің білімін бағалау – оның жіберген қатесіне жазалау емес, жетістігін мадақтау, көтермелеу құралына айналуы тиіс.

Студенттердің білімін бағалау кредиттік оқыту жүйесінің міндетті элементі болып кіреді.

Қорытынды бақылау-емтихан студенттің академиялық уақыт ішіндегі кәсіптік білім бағдарламасын меңгеру дәрежесін анықтау үшін өткізіледі.

Емтихан компьютерлі, жазбаша тестермен немесе ауызша, жазбаша түрде өтеді. Емтиханның өту формасын оқу-әдістемелік кеңес тағайындайды.

Студенттің білімін бағалау рейтингтік балл екі бөліктен тұрады: біріншісі – рейтинг балының 40% құрайды, оны студент күнделікті бақылау (ОБСӨЖ), СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін жинақтайды. (А1;А2-жетінші және он төртінші апталарда өткізілетін аттестаттау балдары), екіншісі – рейтинг балының 60% құрайды, ол қорытынды бақылау – емтиханның нәтижесі осы балдардың қосындысы студенттің білімінің рейтингтік көрсеткіші:

R=(А1+А2)x0,4 + Э x0,6

Рейтингтің жоғарғы мәні – 100 балл

Студенттің оқу жылындағы академиялық үлгерімі GPA мәні былайша есептеледі:

GPA =

И1 , И2 ,..., ИП – студенттің қорытынды балының сандық баламасы.

К1 , К2 ,..., КП – студенттің оқыған пәндер кредиті

1 курс студенті келесі курсқа көшу үшін GPA мәні «+Д» – 1,33 (55-59%) балдан кем болмауы керек, 2 курс студенті үшін – «+С» – 2,33 (70-74%), 3 курс студенті үшін «В-» – 2,67 (75-79%) кем болмауы керек.

Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілері мен кіріспе, ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің баллмен есептегенде білім градациясының кестесін беріп отырмыз:



Бағалаудың әріптік жүйесі

Баллдары


Бағалаудың %-тік мазмұны

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4.0

100

Өте жақсы



А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы


В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанғысыз

Пәннен F – деген баға алған студент деканат белгілеген мерзімде оны қайта тапсыру керек.






1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет