Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы



жүктеу 27.81 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі27.81 Kb.
ЖОБА

Арнаулы әлеуметтік қызметтер

көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті

лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңдарына және «Арнаулы әлеуметтік қызметті ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 336 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мынадай қызмет түрлері:

1) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

2) мүгедектерге, оның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

3) қарттар мен мүгедектерге жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

4) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға күндіз емделетін аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

5) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

6) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде күндіз күтім жасалатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.

2. «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №292 қаулысына («Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу және «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ережені бекіту туралы» Қызылорда облысының әкімдігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 398 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаның:

12 – тармағындағы:

20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«20) мынадай қызметтерді жүргізу құқығына лицензия беру:

медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

мүгедектерге, оның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер кґрсету;

қарттар мен мүгедектерге жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға күндіз емделетін аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде күндіз күтім жасалатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;».

3. «Қызылорда облысының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерінде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарында әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 тамыздағы № 221 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Қызылорда облысының

әкімі Б. Қуандықов


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет