Аршалы ауылдық округі әкімі М. Б. Мұстафиннің Аршалы ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері



Дата02.05.2016
өлшемі29.88 Kb.
Аршалы ауылдық округі әкімі М.Б. Мұстафиннің Аршалы ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының

орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасында Қазақстан халқына жасаған кезекті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы егеменді елдің басты мұратын айқындап отыр. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялаған Елбасы жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту, тамақ пен химия, машина жасау өнеркәсібі, қызмет көрсету саласы, сондай-ақ, банк секторын сауықтыру бағыты мен жаңа инвестициялар мен «ЭКСПО-2017» кешені құрылысын айрықша назарға алынды. Елбасы тапсырмасымен қайта қаралған 2015 жылғы республикалық бюджет параметрлері экономиканы қайта құрылымдап, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға зор мүмкіндік бермек.

Аршалы ауылдық округінде 2 елді мекен бар. Округ бойынша барлық тұрғындар саны – 504 адам, оның ішінде:

Аршалы ауылында – 455 адам,

Жарықтас ауылында – 49 адам,

Зейнеткер – 43 адам,

Негізгі мектеп - 1

Ауылдық клуб-1

Кітапхана-1

почта - 1

Фельдшерлік пункт - 2.

Жол бойындағы кемпинг пен дәмханалар - 7

Шаруа қожалығы - 26

Жасы 18-ге толмаған балаларға арналған жәдемақыны 10 отбасы алады, Демографиялық көрсеткіш - 8 балаға өсті.

Ауыл шаруашылығы саласы. Округтің әлеуметтік әлеуетін арттыру бағытында жүзеге асқан жобалар: «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Маккенм» шаруа қожалығы 15 млн. теңге несие алып, 60 бас ірі қара мал сатып алды. 50 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынды. 2014 жылы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жеңілдікпен ауыл тұрғындары Мусулманкулов Ержан және Маметеков Самат мал шаруашылығына 5 млн. теңге несие алды. «Болашақ» шаруа қожалығы 86 млн. теңге каржыға 320 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алып, 100 басқа арналған бордақылау алаңын салуды жоспарлауда. «КазАгроМаркетинг» бойынша шаруа қожалықтар 2-жаңа трактор, 2-КУН, 3-Пресс сатып алып техниканы 2 пайызға жаңартты. «Жайлау» бағдарламасы бойынша 300 бас ұсақ малды округ тұрғындары алды. Округті дамыту барысында 2014 жылы наубайхана, автокөлік саймандарын сату дүкені, ветеринарлық дәріхана және малды қолдан ұрықтандыру орталығы ашылды.

Округтің экономикасын қолдай отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің арттыру мақсатында Аршалы ауылдық округі әкімімен округтегі 25 шаруа қожалықтарымен және кәсіпкерлермен 2014 жылға өзара келісім ынтымақтастық меморандумдар жасалды. Меморандумдар бойынша әлеуметтік салаларға: ыстық тамақ, жол жөндеу және қардан тазалау, мәдениет, санитарлық тазалық, спорт, атаулы күндерге, тұрмыс деңгейі төмен жанұяларға 2 млн 340 мың теңгеге көмек көрсетіліп отыр. Округ шаруа қожалықтары облыс орталығындағы, аудан көлемінде өткізілетін демалыс күнгі жәрмеңкелерге белсене қатысып, өз өнімдерін арзандатылған бағамен сатты.



Округ бойынша 2015 жылдың 1 қантарына: ірі қара мал – 3457 бас, сиыр – 1648 бас, қой мен ешкі – 9006 бас, аналығы – 5084бас, жылқы – 771 бас, бие – 464 бас тіркелді. 2014 жылы ет - 5038 цн., сүт – 23130 цн, жұмыртқа – 90 мың дана ауыл шаруашылық өнімдер өндірілді.

Мал басының тұрақты дамуы оның эпизотиялық тазалығын сақтау мақсатында жоспарлы түрде аса жұқпалы ауруларға қарсы егіліп, сарып ауруларына тексерілді. Барлық мал басын бірдейлендіріп, компьютерлік базаға енгізіліп, қадағалануда. 2013 жылы бюджеттен 500 мың теңге бөлініп арнайы ветпункт үйі сатып алынды, мал дәрігерлері арнайы көлікпен қамтамасыз етілді. Ауылымыздың тазалығы және мал ауруларының алдын алу үшін малдың өлекселерін апарып тастайтын мал қорымы бар. Жұқпалы аурудың алдын алу үшін мал тұратын қоралар, баздар арнайы ДУК авто көлігімен дезинфекцияланды. Биылғы жылы ветеринарлық пункте ветеринарлық дәріхана және малды қолдан ұрықтандыру орталығы ашылып тұрақты жұмыс істеуде.



2015 жыл мерзіміне жоспар:

1. «Ауыз су» «Ақбұлақ» бағдарламасымен Аршалы елді мекеніне су жүйесін жүргізіп үй-үйге кіргізу алдағы жылдың еншісінде тұр.

2. Жарықтандыру мәселесін аяқтап көшелерге жарық беру.

3. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті және мал шаруашылықты дамытуға азаматтарға несие алуға көмектесу.

4. Көріктендіру және санитарлық тазалау жұмыстарын жалғастыру.

5. Тойхана салу мәселесін кәсіпкерлер арқылы қолға алу.



6. Орталықтағы клуб үйіне ағымды жөндеу жұмысын жүргізу.
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет