Аса қамқор, ерекше мейрмді Аллаһтың атымен бастаймын. Ислам діні туралы қысқаша түсініктеме



жүктеу 98.66 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі98.66 Kb.
: data
data -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
data -> Книга о человеческих достоинствах
data -> Программа дисциплины «уголовное право»
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Меңдігүл Бұрханқызы Шындалиева
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету орындары Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мекенжайы
data -> МЕҢдігүл шындалиева қазақ очеркінің поэтикасы (монография)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2012 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
Аса қамқор, ерекше мейрмді Аллаһтың атымен бастаймын.
Ислам діні туралы қысқаша түсініктеме.
Барлық мадақ-мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Елшілердің имамы,пайғамбарымыз,оның үй-ішіне,барлық сахабаларына 1сәлем-салауаттар болсын2.

Ислам діні деп – Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты Тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен және дене мүшелерімен куәлік беруді айтады.

Бұл дегеніміз иманның алты шартына иман келтіруді,исламның бес парызын орындауды және ондағы ихсан3 амалын өзіне қамтығын.Сонымен қатар, ислам діні пайғамбарлар мен елшілірдің ең ақырғысы Абдуллаһ ұлы Мұхаммедке (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірген Аллаһтың тарапынан соңғы пайғамбарлық жолдамасы.

Ислам – Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғызғана дін.Аллаһ Тағала Ислам дінін жеңіл әрі қолайлы қылды,онда ешбір қиыншылық немесе машақат4 жоқ.Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-әрекет міндеттелмеген.

Ислам дінінің негізі – таухид5 , ұраны – шыншылдық, айналасы - әділет , құндылығы – хақиқат,рухы – мейірімділік .Және де ол (Ислам діні) пенделерін дінінде және дүниесіндегі барлық пайдалы нәрселерге бағыттап, оларды дінінде және тіршілігіндегі барлық зиянды нәрселерден сақтандырады. Ислам – Аллаһ Тағала ол арқылы сенімдермен ахлақтарды және діндегі дүние тіршілігін жөндеп дұрыстаған, бөлініп кеткен жүректерді қосып, әртүрлі ойларды біріктірді. Және оларды жалғандық қараңғылықтарынан босатып, шындықпен тура жолға нұсқады.

Ислам – барлық хабарларымен, үкімдерімен берік және мықты болған тура дін. Хабарларының бәрі шындық әрі хақиқат, үкімдерінің барлығы игілікпен әділет!

Ислам дінінің жіберілуі төмендегі мәселелердің жүзеге асырылуын мақсат етеді:

Бірінші, адамдарға Раббысы әрі Жаратушысы болған Аллаһты, есімдерінде теңдесі болмаған көркем есімдерімен, сипаттарында ұқсасы болмаған жоғары сипаттарымен, істерінде серігі болмаған даналы істеріменен, хақыларында ортағы болмаған Өзіне ғана тиісті хақтарыменен таныстыру.

Екінші, пенделерді ешбір серігі болмаған Аллаһқа ғана ғибадат қылуға шақыру. Өз кітәбімен пайғамбарының сүннетінде бекіткен бойынша, адамдарды дүниесіндегі және ақыретіндегі ізгілігі мен бақыты болған бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан аулақ болу арқылы ғибадатына шақыру. Яғни, адамдарды олардың дүние ақыретте ізгілікке жетіп бақытқа бөленуіне себепкер болатын Аллаһтың кітабімен, Оның пайғамбарының сүннетінде келген бұйрықтарды атқарумен тыйымдардан тыйылуға шақыру.

Үшінші, адамдарға өлгендерінен кейін болатын халдері, барар жерлері, қабірлерінде және қайта тіріліп, есеп бергендерінде, сондай-ақ осы дүниедегі жасаған амалдарына қарай жаннатқа немесе тозаққа барар кездегі кездестіретін жағдайларды ескерту.


Исламның ең маңызды қағидаларын төмендегідей қысқаша атап өтсек болады;

Біріншіден: Иманның рүкіндері.

1 – рүкін: Аллаһқа иман келтіру.

Бұл рүкін иманның мына мәселелерін өзіне қамтиды:

а)Аллаһ Тағаланың раббылығына яғни, Оның Раббылығы – Жаратушы, жаратылысындағы істердің Меңгерушісі әрі ондағы Өз әмірін жүргізуші екендігіне сену.

ә)Аллаһ Тағаланың – Иляһи6 яғни, Оның шынайы Құдай екендігіне, ал Одан өзге құлшылық қылынатындарды бекер екендігіне сену.

б)Аллаһтың есімдерімен сипаттарына иман келтіру. Бұл дегеніміз – Аллаһ Тағаланың Өз кітәбімен Оның пайғамбары Мұхаммедтің (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінде келгені бойынша Аллаһтың көркем есімдерімен жоғары сипаттарының бар екендігіне сену.

2 – рүкін: Періштелерге иман келтіру.

Періштелер – Аллаһтың құрметті құлдары. Аллаһ Тағала оларды жаратқанда, олар Аллаһтың ғибадатына беріліп, тағатына7 бой ұсынған еді. Аллаһ Тағала оларға әр түрлі қызметтерді тапсырды. Періштелердің ішінде Жебрейіл періште бар, Аллаһ Тағала оған Өзі қалаған пайғамбарына уахиды8 жеткізуді тапсырды. Ал, Микаил періште болса, жаңбырдың жаууымен өсімдіктердің шығуына міндеттелген. Сол сияқты, олардың арасында Исрафил періште бар, ол қиямет күні адамдар қайта тірілерде сүр9 үруге міндеттелген. Және періштелерден малакул-Маут яғни, «өлім періштесі» бар. Ол адамдардың жанын алуға міндетті.



3 – рүкін: Кітаптарға иман келтіру.

Аллаһ Тағала Өз елшілеріне тура жол, жақсылыққа және ізгілікке толы кітәптарды түсірген еді. Түсірілген кітәптардың кейбірі бізге белгілі, олар:

1)Таурат – Аллаһ Тағала оны Мұса пайғамбарымызға түсірді. Бұл Исраил ұрпақтарына түсірілген кітәптардың ең ұлысы еді.

2)Инжил – Аллаһ Тағала оны Иса пайғамбарымызға түсірді.

3)Забур – Дәуіт пайғамбарымызға берілді.

4)Ибраһим пайғамбарымыздың нұсқалары.

5)Қасиетті Құран Кәрім. Аллаһ Тағала Құранды елшілердің ақырғысы, пайғамбарымыз Мұхаммедке (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсіріп, бұрынғы түскен кітәптардың барлығының үкімін жойды. Өйткені Құран Кәрім барлық жаратылыстарға қиямет күніне дейін айғақ ретінде қалуы үшін Аллаһ Тағала бұл кітәбінің сақталуын Өз міндетіне алды.

4 – рүкін: Пайғамбарларға иман келтіру.

Аллаһ Тағала Өз пенделеріне елшілерін жеберген еді. Олрдың алғашқысы Нұх пайғамбар болса, ақырғысы Мұхаммед (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз . Барлық пайғамбарлар, Мәриям ұлы Иса болсын, Узейір болсын, барлығы Аллаһтың жаратқан пенделері. Және де оларда Раббыға тән ерекшеліктердің біреуі де болмаған. Олар тек пайғамбарлық берілген Аллаһтың құлдары.

Аллаһ Тағала Мұхаммед (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымызды барша адамзат баласына ақырғы пайғамбар қылып жіберіп, одан кейін бірде-бір пайғамбар келмейтінін хабарлады.

5 – рүкін:Ақырет күніне иман келтіру.

Ақырет күні – Аллаһ Тағала адамдарды мәңгі рахат немесе мәңгі азапқа қалулары үшін қабірлерінен қайта тірілтіп, барлық жаратылыстарды алдына жинайтын қайта тірілту күні. Яғни, ақырет күніне иман келтіру дегеніміз - өлімнен кейін болатын қабір сынағы, оның рахатымен азабына және қабірден кейінгі қайта тірілу, махшарға10 жиналып есеп беру, одан кейін жаннат және тозақтың бар екендігіне сену.

6 –рүкін:Тағдырға иман келтіру.

Тағдыр дегеніміз – Аллаһ Тағала білімінің озғаны мен даналығын жүргізуі бойынша барлық болмыстарды өлшеп, мақлұқтарды жаратқанына иман келтіру. Бұның барлығы Аллаһтың біліміне белгілі, Оның қасындағы «лаухуль махфузда»11 жазылған. Сондықтан болмыстағы бар әрбір нәрсе Оның қалауы мен ұйғаруы және жаратуы бойынша бар болады.




Екіншіден: Исламның рүкіндері.
Ислам діні бес рүкінге негізделген. Сол үшін адам баласы оның барлығына иман келтіріп, орындамаса немесе тиісті амал істемесе шынайы мұсылман бола алмайды.

1 – рүкін: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру.

Бұл куәлік Ислам дінінің кілті, Ислам дінінің негізі осы болып табылады: «Ля иляһа иллаллаһ» аудармасы «Аллаһтан басқа тәңір жоқ» ал, мағынасы «Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ». Яғни, Аллаһ Тағала шынайы Құдай, ал Одан өзге құлшылық қылынатын «құдайлардың» барлығыда бекер немесе жалған деп білу. «Иляһ»-деп араб тілінде құлшылық қылынатынды айтады. «Мұхаммадар-расулул-лаһ»-куәлігінің аудармасы «Мұхаммед Аллаһтың елшісі» ал, мағынасы «оның хабарлағаны рас деп білу, бұйырған нәрселеріне бағынып, қайтарғандарынан аулақ болу және оның көрсеткені бойынша Алаһқа құлшылық-ғибадат ету».



2 – рүкін: Намаз оқу.

Тәулігіне бес рет оқылатын бес уақыт намазды Аллаһ Тағала Өзінің пенделеріне Өз хақысының өтелуі үшін, берген нығметтеріне шүкірлік қылуы үшін және мұсылманмен Раббысы арасында байланыс болсын деп бекітті. Сонымен қатар намаз – арсыздықпен жамандықты тыюшы. Аллаһ Тағала намаз оқыған адамға дінінің көркемдігімен иманының ізгілігін және сауабын реттейді. Мұсылман адам бес уақыт намаз арқылы бұл дүниеде де, ақыретте де оны бақытты қылатын рухани және дене рахатына ие болады.



3 – рүкін: Зекет беру.

Зекет дегеніміз – байлығы, мал-дүниесі белгілі нысапқа жеткен дәулетті мұсылманнан кедей, кембағалдарға жылына бір рет беріліп тұратын садақаны айтады. Ал, малы, байлығы зекет берілетін мөлшерге жетпеген пақыр-кембағалдарға зекет беру міндетті емес.

Зекет садақасы діндерімен мұсылмандығы толық болуы үшін, халдерімен ахлақтарының дамуы үшін, сол сияқты өздері мен малдарын түрлі апаттардан сақталуымен және күнәларынан тазаланулары үшін беріледі. Сондай-ақ зекет садақасы мұқтаж адамдарға және пақыр, кедейлерге қарайласуларымен олардың жалпы пайдалары үшін демеу ретінде болады. Негізінде зекет садақасы бай, дәулетті адамдарға ғана уәжіп болады.Соған қарамастан Аллаһтың оларға берген малы және рызығымен салыстырар болсақ,бұл дегеніміз дүниелерінің азғантай бөлігі болып табылады.

4 – рүкін: Ораза тұту.

Барлық мұсылмандар һижра есебімен жылдың тоғызыншы айында ораза тұтады12 . Бұл айда барлық мұсылмандар ішіп-жеу, жыныстық қатынастар жағы сияқты өздерінің табиғи құмарлықтарымен шәһауаттарынан таң атқаннан күн батқанша тиылады. Оның есесіне Аллаһ Тағала Өз пенделерінің дінін толық әрі мықты етіп, оларды Өз рахымына алады және оларға Өзінің құрметімен көптеген сауаптар жазады. Сондай-ақ олардың иман байлықтарын арттырып, күнәларын жарылқайды да, дәрежелерін көтеріп қояды. Және де ораза тұтқандары үшін дүниемен ақыреттің көптеген жақсылықтарынан береді.



5 – рүкін: Қажылық қылу.

Ислам шариғатында мәлім болғандай қажылық деп – белгіленген уақытта ниет қылып, белгіленген ғибадаттарды орындау үшін Меккедегі Аллаһтың үйі – қасиетті Қағбаны зиярат қылуды атайды.

Аллаһ Тағала қажылықты жағдайы келген әрбір мұсылманға өмірінде бір рет орындауын парыз етті. Қажылықты орындау үшін мұсылмандар әлемнің әр түкпірінен жер бетіндегі ең қасиетті мекенге жиналып, бәріне бірдей ортақ, жалғыз Раббылары – Аллаһқа құлшылық қылып, бірдей киім киеді. Сондықтан, қажылықта басшы мен бағынышты, бай мен кедей, ақ пен қараның араларында ешбір айырмашылық болмайды. Олардың барлығы Арафат тауында тұру, мұсылмандардың қыбласы Қағбаны тауаф13 ету, Сафа мен Маруа арасында жүру тәрізді қажылық амалдарын орындайды.

Мұсылмандар үшін, қажылықта екі дүниесінде де пайдалы, санауға ешкімнің есебі жетпейтін көптеген сауаптар жатыр.


Үшіншіден: Әл-Ихсан.

Ихсан дегеніміз – Аллаһ Тағалаға бүтіндей беріліп, барлық сенімімен Оны көріп тұрғандай құлшылық қылу. Өйткені, сен Оны көре алмасаңда, Ол яғни,Аллаһ Тағала сені көріп тұрғанын біліп, естен шығармау керек. Сонымен қатар, ғибадат-құлшылықта Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне еш қарсылық білдірместен, мейлінше сәйкес амал қылу «ихсан» деп аталады.

Ислам діні жоғарыда айтылғанның барлығын өзіне қамтыған. Бұл дін адамдармен жалпы қоғамның өмірін бір жүйеге келтіріп, оларға бұл дүниеде де, ақыретте де бақытты болуларына толық мүмкіндік береді.

Мәселен, Ислам діні неке сияқты ер мен әйелдің арасындағы адал қарым-қатынастарды рұқсат етіп, ойнастық, қорлық, зина қылу сияқты тағы басқа да күнәлі, әрі ұятсыз адамзат қоғамына жат және ерсі қылықтарға тыйым салады. Сонымен бірге Ислам діні көркем мінез-құлықтарды үндеп, жалпы әдепке қайшы келетін мінездерден аулақ болуды міндеттейді және де туысқандармен байланыстарды үзбеуге, бейшара-кембағалдарға мейірімді болып, оларға қамқорлық көрсетіп қарайласуды міндеттейді. Сауда және жалға беру арқылы мал жинаудың адал түрлерін рұқсат етіп, өсімқорлықпен сауда-саттықтың арам етілген түрлеріне тыйым салады.

Демек, сатылайын деп немесе алынайын деп тұрған заттарда немесе әрбір саудада өтірік, қиянат, тұрақсыздық орын алған болса – ондай сауда-саттықтарға шариғат үкімі бойынша рұқсат етілмейді.

Ислам діні адамдардың дінді ұстануларындағы деңгейлерінің бірдей еместігін ескеріп, өзгелердің тыныш әрі кәдімгі өмірлерін қамтамасыз ету үшін және өзгелердің хақылары сақталуы үшін кейбір қылмыстарға өзіне сай келетін жазаларды үкім ретінде бекітті. Егерде бұл қылмыстар күпірлік, ойнас, арақ ішу сияқты Аллаһтың хақыларына тиісті қылмыстар болса немесе адам өлтіру , ұрлық, жекеменшікке қол сұғу, жала жабу, денеге зақым келтіру, қинау, ақша немесе біреудің мүлкін зорлықпен тартып алу және тағы басқа адамдардың ар-намысына байланысты яғни, адам хұқықтарына тиісті қылмыстар болса – Ислам діні солардың барлығына ешбір шектен шығушылық немесе салақтық жіберместен жасалған әрбір қылмыстың өзіне лайық жазаларды заң үкімдерінде орнатты. Және де Ислам діні басқарушылармен бағынушылардың арасында тығыз байланыстарды реттестірді, бағынышты болған адамдар күнәлі емес істерде ғана басшыларға бағынуға міндетті. Және қоғамдық тәртіпсіздіктерге апаратын болғандықтан Ислам шариғаты елді басқарушы үкіметке қарсы шығуды да тыйым салды.

Сөз соңында айтарымыз, Ислам діні пенделермен олардың Раббысы Аллаһ Тағала арасындағы қарым-қатынасты және жеке адаммен қоғам арасында болатын барлық салалардағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып реттеуді өз міндетіне қамтыған. Әрі адамдарды өмір сүрудің ең көркем жолдарына бағыттайтынын атап өткеніміз жөн. Сонымен қатар, қарым-қатынастардың мәдениеттілігіне қайшы келетін қылықтарды зияндылығын ескертіп кетуді ұмытпастан, Ислам діні салауатты қоғамның әдептілігіне жат барлық нәрселерге тыйым салды. Бұның бәрі дініміздің кәміл әрі жан-жақты шырайлығын білдіреді.
Барлық мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән!

Кейбір түсіндірмелер:

1-Сахабалар деп Пайғамбарымызды тірі кезінде көріп, оған иман келтіріп мұсылман халінде дүниеден өткен адамдарды атайды.

2-Пайғамбарымызға және оның ерушілеріне Аллаһтың салауатымен сәлемі болсын деген мағынада.

3-Ихсан – дініміздің үшінші мәртебесі. Аллаһ Тағаланы көріп тұрғандай немесе Аллаһ оның өзін көріп тұрғандай құлшылық ету.

4-Машақат – қиыншылық,ауыртпашылық.

5-Таухид – Аллаһ Тағаланы бір деп білу.

6-Иляһи – Тәңір, Құдай.

7-Тағат – Аллаһ Тағаланың әмірлеріне бой ұсыну.

8-Уахи – Аллаһ тарапынан пайғамбарларға түсірілетін хабар.

9-Сүр – Қиамет күні үрленетін сырнай іспеттес зат.

10-Махшар – Қиямет күні адамдар есеп беру үшін жиналатын орын.

11-«лаухул-махфуз» - бүкіл жаратылыстың тағдыры жазылған кітәп.

12-Мұсылман күнтізбегінің тоғызыншы айы-қасиетті Рамазан айы.



13-Қағбаны тауаф ету – айналу деген мағынада.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет