«Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің регламенті Жалпы ережелері «Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»



жүктеу 116.93 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі116.93 Kb.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы


Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрiнiң міндетін атқарушының

2015 жылғы « » _______

№ бұйрығына 7- қосымша

«Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын
беру» мемлекеттік қызметінің регламенті



  1. Жалпы ережелері



  1. «Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің үлгісі: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (сертификаттың телнұсқасын) беру болып есептеледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінде құрылымдық
    бөлімшелердің (қызметкерлердің) іс-әрекеті тәртібінің
    сипаттамасы

3. 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бұйрығымен бекітілген № 499 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11349 болып тiркелген) «Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» Стандартының


9 – тармағына сәйкес Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ресімдері (әрекеттері):

1) 30 минут ішінде қызмет берушінің кеңсе қызметкерімен өтінімінді қабылдау күнін мне тіркеу нөмрін берілу;

2) 1 күнтізбелік күн ішінде өтінімді қарастыратын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшені және құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) қызмет берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары тағайындайды;

3) 7 күнтізбелік күн ішінде жауапты орындаушы мәлеметтің дұрыстығына және толықтығына тексеру жүргізеді;

4) 1 күнтізбелік күн ішінде қызмет берушінің қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) тіркейді және 15 минут ішінде аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын ресімдейді;

5. Келесі ресімді (әрекетті) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі ресімнің (әрекеттің) нәтижесі:

1) қызмет берушінің кеңсесінде өтінімінді тіркеу (егер өтінімінді қағаз жұзіндегі берсе электронды өтінімінді көшіру);

2) басқарма басшысының қарауына берілетін қызмет беруші басшысының қарары;

3) құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын ресімдеуі және оған қол қою үшін қызмет берушінің басшысына беруі;

4) Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (сертификаттың телнұсқасын) қызмет алушыға беру.



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде құрылымдық
    бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібінің
    сипаттамасы

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қызмет берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (жұмысшылары) қатысады:

1) қызмет берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары;

2) атқаратын қызметіне сәйкес қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысы;

3) атқаратын қызметіне сәйкес қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы);

4) қызмет берушінің кеңсе қызметкері.

7. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы ресімдер (әрекеттер) жүйелілігінің сипаттамасы:

1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері 30 минут ішінде қызмет алушыдан келген өтінішті, қабылдауды жұзеге ассырады, ашуды және Бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесiнде өтінішті тіркеу, оны электронды жұзіне көшіру және қызмет берушінің басшысына жібереді;

2) қызмет берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары 1 күнтізбелік күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды қызмет берушінің құрылымдық бөлімшеге жібереді;

3) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысы 1 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісіне (орындаушына) жібереді;

4) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісіне (орындаушына) мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған көшірмесін құжаттарын тіркеген сәттен бастап күнтізбелік 5 күнтізбелік ішінде аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының нормаларға сәйкестігін бағалау және пайдалану құжаттамасын сараптау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін аса жеңіл авиация әуе кемелерін тексеру бойынша тұрақты түрде жұмыс істейтін техникалық комиссияға (бұдан әрі – техникалық комиссия) жібереді;

Техникалық комиссия 20 күнтізбелік күн ішінде аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін бағалау және пайдалану құжаттамасын сараптау бойынша жұмыстарды жүргізгеннен кейін, оның нәтижесі бойынша аса жеңіл авиация әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі (бұдан әрі – Акт) түзіліп, қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісіне (орындаушына) жібереді

5) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) 3 күнтізбелік күн ішінде аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын рәсімдейді және қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына қол қою үшін жібереді

6) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатына қол қойганан кейін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) береді;

7) қызмет берушінің құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) 15 минут ішінде аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатына қызметті алушы өзі келген жағдайда берілген рұқсатаманы есепке алу және тіркеу журналына қызметті алушының қолын қойғызып береді.

Сертификат телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде беріледі.





  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық
    жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

8. Портал арқылы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы және көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы (1, 2 - диаграмма) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

Портал арқылы өтініш беру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде қызмет беруші ресімдерінің (әрекеттерінің) жүйелілік тәртібі:

      көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамды іс-қимылдар:

1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық-цифрлық қолы тіркеу куәлігінің көмегімен (бұдан әрі – ЭЦҚ) порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады):

2) 1- процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда пайдаланушының пароль енгізу процесі (авторландыру процесі);

3) 1-шарт – логин (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

4) 2-процесс – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтардың болуы жағдайында авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталды қалыптастыру;

5) 3-процесс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, пайдаланушының нысанды толтыруы (деректер енгізуі);

6) 4-процесс – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзында ұызметтке төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - МДҚ АЖ ) түседі;

7) 2-шарт «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілген қызметке төлеу фактісін тексеру;

8) 5-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілген қызметке төлеу болмаған жағдайда сұратылған қызметен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

9) 6-процесс -сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

11) 7-процесс – пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмаған жағдайда сұратылатын қызметтерден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру.

12) 8-процесс – қызметтер көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландыру (қол қою);

13) 9-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МДҚ АЖ) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ сұрау салуды өңдеу;

14) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамды іс-қимылдар мынадай түрде жүзеге асырылады:

15) процесс 1 – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ логин мен пароль енгізуі (авторландыру процесі);

16) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ Логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

17) 2-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтардың болуы жағдайында авторландырудан бас тарту туралы хабарламасын қалыптастыру;



  1. 3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

19) 4-процесс – сұрау салуды электрондық үкімет шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «Заңды тұлға» (бұдан әрі – ЗД МДҚ) мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесіне жіберу;

20) 2-шарт – ЗД МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеру;

21) 5-процесс – ЗД МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болмауы жағдайында деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру ;

22) 6-процесс – сұрау салу нысанын қағаз нысанда құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеу және оларды сұрау салу нысанына бекіту ;

23) 7-процесс – «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ қызметті өңдеу;

24) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ қалыптастырылған қызметтің (электрондық лицензия) нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

9. «Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметті көрсетудегі процессінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) жүйелілігінің толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне 2 - қосымшаға сәйкес бизнес - процесс анықтамасында көрсетілген.

«Аса жеңіл авиация әуе

кемесінің ұшуға жарамдылығы

сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің

регламентіне 1-қосымша       
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы №1



Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы №2

Шартты белгілер:





Бастапқы хабарлама



Аяқтау хабарламасы



Аралық хабарлама



Аяқтаудың қарапайым оқиғасы



Қате



Ақпараттық жүйе



Процесс



Шарт



Басқару ағыны



Хабарламалар ағыны



Түпкі пайдаланушыға ұсынылатын электрондық құжат

«Аса жеңіл авиация әуе кемесінің


ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік қызметінің регламентіне
1-қосымша        

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесс

Анықтамасы



«Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификат беру»








1. 30 минут ішінде қызмет берушінің кеңсе қызметкерімен өтінімінді қабылдау күнін мне тіркеу нөмрін берілу

2. 1 күнтізбелік күн ішінде қызмет берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары құрылымдық бөлімшеніге жібереді

3. 1 күнтізбелік күн ішінде құрылымдық бөлімше басшысы құрылымдық бөлімше қызметшісіне (орындаушына) жібереді

4. құрылымдық бөлімше қызметшісіне (орындаушына) 5 күнтізбелік күн ішінде тұрақты түрде жұмыс істейтін техникалық комиссияға жібереді

Техникалық комиссия 20 күнтізбелік күн ішінде аса жеңіл авиация әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі дайындайды










5. 1 күнтізбелік күн ішінде аса жеңіл авиация әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы сертификаты береді



6. құрылымдық бөлімше басшысы аса жеңіл авиация әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы сертификат беруіне қол қойганан кейін құрылымдық бөлімше қызметшісі (орындаушы) береді









7. 15 мининут ішінде аса жеңіл авиация әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы сертификаты береді




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет