Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!


﴿ وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولاً أَنِ اعْبُدُواْ اللَّهَ وَاجْتَنِبُواْ الطَّاغُوتَ ﴾



бет4/23
Дата22.03.2020
өлшемі4.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

﴿ وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولاً أَنِ اعْبُدُواْ اللَّهَ وَاجْتَنِبُواْ الطَّاغُوتَ ﴾

Біз әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер әрі тағуттан аулақ болыңдар!», - дейтін елші жібердік” («ән-Нәхл» сүресі, 36-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деген):

﴿ وَمَا أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولٍ إِلاَّ نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لا إِلَهَ إِلاَّ أَنَا فَاعْبُدُونِ ﴾

Сенен бұрын бір елші жіберсек, оған: «Күдіксіз, Менен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ендеше, Маған ғана құлшылық етіңдер», - деп қана уахи етіп, жібердік” («әл-Әнбия» сүресі, 25-аят).

Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында түрлі елшілерді атап өтіп, олардың барлығы шақыруын (дағуатын) таухидтен бастағандары туралы хабарлайды, мысалы, Нух (аләйһис-сәләм) өзінің халқына былай деген:

﴿ اعْبُدُواْ اللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَهٍ غَيْرُهُ ﴾

«Аллаһқа құлшылық етіңдер, өйткені сендердің Одан басқа құлшылыққа лайықты құдайларың жоқ» («әл-Әғраф» сүресі, 59-аят). Худ, Салих, Ибраһим және Шуғайб (пайғамбарлар да) (Аллаһтың оларға сәлемі болсын) өз шақыруын (дағуатын) тура осылайша бастаған болатын. Олардың өз қауымдарына айтқан алғашқы сөздері:

﴿ اعْبُدُواْ اللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَهٍ غَيْرُهُ ﴾

«Аллаһқа құлшылық етіңдер, өйткені сендердің Одан басқа құлшылыққа лайықты құдайларың жоқ» («әл-Әғраф» сүресі, 59-аят), - деген сөздер болатын. Тура сол сияқты пайғамбарлардың мөрі болған пайғамбарымыз Мухаммад та (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бауырлары, яғни өзіне дейінгі пайғамбарлар сияқты, өз дағуатын дәл таухидтен бастады. Оның ең бірінші шақырған нәрсесі Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ деген куәлік еді. Аллаһ Тағала былай деді:

﴿ وَعَجِبُوا أَن جَاءَهُم مُّنذِرٌ مِّنْهُمْ وَقَالَ الْكَافِرُونَ هَذَا سَاحِرٌ كَذَّابٌ (4) أَجَعَلَ الآلِهَةَ إِلَهًا وَاحِدًا إِنَّ هَذَا لَشَيْءٌ عُجَابٌ (5) وَانطَلَقَ الْمَلَأُ مِنْهُمْ أَنِ امْشُوا وَاصْبِرُوا عَلَى آلِهَتِكُمْ إِنَّ هَذَا لَشَيْءٌ يُرَادُ ﴾

Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да, кәпірлер: «Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт. Құдайларыңды бір-ақ құдай қылады ма? Әрине, бұл тым таңғажайып нәрсе», - деді. Олардың бастықтары: «Жүріңдер, өз құдайларың үшін сабыр ете тұрыңдар. Сөз жоқ, бұл бір мақсатты нәрсе», - деп, бұрылып кетті(«Сад» сүресі, 4-6 аяттар).

«Құдайларыңды бір-ақ құдай қылады ма?» - бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз дағуатын таухидтен бастағанына нұсқайды. Ол он үш жыл бойы Меккеде болып, адамдарды таухидке шақырды. Ол адамдарға: “«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!», - деп айтыңдар”, - дейтін. Оларға: «Аллаһқа құлышылық етіңдер және оған серік қоспаңдар!», - деп айтатын.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Му‘азды Йеменге дағуатшы, ұстаз, қазы ретінде жіберген кезде, оған: «Сен Кітап иелерінен болған халыққа келесің...», - деді. (Яғни) ол сол кезде Йеменде өмір сүретін яһудилер мен христиандарды меңзеген болатын. Яһудилер иудаизм дінін ұстанатындар болып табылады және өздерін Муса пайғамбарға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) телиді. Христиандар христиан дінін ұстанушылар болып табылады және өздерін Мәриям ұлы Исаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) телиді. Міне, осылайша Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Му‘азға: «Ақиқатында, сен Кітап иелерінен болған халыққа келесің. Ендеше, оларды шақыратын ең бірінші нәрсең «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» куәлігі болсын», - деді (Муслим, 19). Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дағуатты таухидтен бастауды өсиет еткеніне тікелей нұсқау болып табылады. Егер олар осы шақыруға жауап берсе, онда оларды намаз бен зекетке шақыру керек. Өйткені егер адам таухидты ұстанбаса, (оның) намазы да, зекеті де жарамды болмайды. Бұл дағуаттың басы әркезде таухидтен басталатынына Сүннеттің айқын дәлелі болып табылады. Бұл елшілердің (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мәнһажы! Әрбір дағуатшы осыдан бастауға тиіс. Ол өзінің шақыруын дәл осыған шоғырландыруы керек, өйткені таухид Исламның негізі болып табылады!

Кім өзінің дағуатын осыдан басқа нәрселерден бастап, осы мәнһажға қайшы келсе, сол елшілердің дағуатына қайшы келеді. Ал елшілердің дағуатына қайшы келетін нәрсе ешқашан пайда әкелмейді және оң нәтиже де бермейді. Шынайы болмыс осыны дәлелдейді. Таухидке де, ақидаға да бейқам адамдар қаншама?! Олар басқа бір нәрселерге қам жейді әрі өздерінің дағуаттарын соларға бағыттайды. Олардың дағуаты ешқандай жеміс бермеді! Ал олар осы жұмыстарын атқару барысында үлкен күш сарп еткен, ұзақ (уақыт бойы) ынта-жігер танытқан, көп жылдарын осыған бағыштаған, осының жолында шаршаған еді емес пе, бірақ дағуаты ешбір пайда бермеді. Өйткені олар елшілердің (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) бастаған нәрселерінен бастамады. Олар амалдарының барлығы дұрыс болуы үшін іргетас құрмады.

Аллаһ Тағала былай деп айтады:



﴿ إِنَّ اللَّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاء ﴾

«Аллаһ Өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзгесін қалаған кісісіне жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса, расында, жала қойып, зор күнәлі болды» («ән-Ниса» сүресі, 48-аят).

Бұл аят ширктің (серік қосудың) ең үлкен күнә болып табылатынына нұсқайды! Басқа күнәлардың барлығы осыдан кіші. Егер адам бірнеше аурумен ауыратын болса, онда емдеуді, әрине, олардың ішіндегі ең қауіптісінен бастау керек, өйткені дәл сол ауру оны өлімге алып келуі мүмкін. Ал басқа аятта Аллаһ Тағала былай деп айтады:



﴿ إِنَّهُ مَن يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدْ حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ وَمَأْوَاهُ النَّارُ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنصَارٍ ﴾

«Расында, кім Аллаһқа ортақ қосса, Аллаһ оған Жәннатты харам етеді. Оның орны Тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ» («әл-Мәида» сүресі, 72-аят).

Жәннат мүшрик (Аллаһқа серік қосушы) үшін харам етілген! Әрі оның жағдайы үлкен күнә жасаушылардан, мысалы, ұрының, зинақордың, маскүнемнің тағы да басқалардың жағдайынан нашар. Бұл күнәлар оларды жасайтындарға Жәннатты харам етпейді. Мұндай (Аллаһқа серік қоспайтын бірқұдайшыл болған) адам Отта жазалануы мүмкін, бірақ ең соңында ол бәрібір Жәннатқа кіреді. Аллаһ Тағала үлкен күнәларды жасаған бірқұдайшыл адамның бүкіл күнәларын кешіп те жіберуі мүмкін, сондай-ақ Ол оны Отта жазалап, кейіннен Жәннатқа кіргізуі де мүмкін.



«...Аллаһ оған Жәннатты харам етеді. Оның орны Тозақ оты», - бұл Аллаһқа серік қосудың (ширктің) жазасы. Басқа күнәлар адамға Жәннатты мәңгіге харам етпейді. Аллаһ Тағала не оны Өз рахымымен кешіріп, Жәннатқа кіргізеді, не алдымен жазалап, кейіннен бәрібәр Жәннатқа кіргізеді. Мұның барлығы бізге ширктің қауіптілігіне нұсқайды! Бұл (сондай-ақ) бізге ең қауіпті нәрседен бастау қажеттігіне де нұсқайды. Құран мен Сүннетте осыған нұсқайтын дәлелдер өте көп (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Алтыншы ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бастаған нәрседен бастайды»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلاَّ رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ ﴾

«ухаммад,) Біз сені бүкіл әлемдерге рахмет етіп қана жібердік» («әл-Әнбийя» сүресі, 107-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):



﴿ مَا يُقَالُ لَكَ إِلاَّ مَا قَدْ قِيلَ لِلرُّسُلِ مِن قَبْلِكَ إِنَّ رَبَّكَ لَذُو مَغْفِرَةٍ وَذُو عِقَابٍ أَلِيمٍ ﴾

«(Мухаммад,) саған сенен бұрынғы елшілерге айтылған ғана айтылды. Күдіксіз, Раббың жарылқау әрі күйзелтуші азап иесі» («әл-Фуссыләт» сүресі, 43-аят).

Әрі (былай деп те):



﴿ فَاسْتَقِمْ كَمَا أُمِرْتَ وَمَن تَابَ مَعَكَ وَلاَ تَطْغَوْا إِنَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ ﴾

«(Мухаммад,) Өзіңе бұйырылғандай тура жолда мығым бол! Және сенімен бірге тәубе еткен кісілер де! Және рұқсат етілгеннің шегінен шықпаңдар! Өйткені Аллаһ не істегендеріңді толық көруші» («Худ» сүресі, 112-аят).

Сондай-ақ (былай деп):



﴿ لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِّمَن كَانَ يَرْجُو اللَّهَ وَالْيَوْمَ الآخِرَ وَذَكَرَ اللَّهَ كَثِيرًا ﴾

«Расында, сендер үшін, Аллаһты және Ақырет күніне үміт еткен және Аллаһты көп еске алатын кісілер үшін Аллаһтың Елшісінде ең көркем өнеге бар» («әл-Әхзаб» сүресі, 21-аят).

Йусуф ибн Махактың былай дегені хабарланады: "Бірде мен мүминдердің анасы ‘Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) алдында болған кезімде, оған Ирактың бір тұрғыны келіп: «Қандай кебін жақсырақ?», - деді. Ол: «Қасірет саған. Кебін саған зиян тигізбейді», - деп жауап берді. (Сонда) әлгі (кісі): «Уа, мүминдердің анасы, өзіңнің мусхафыңды (Құран жазылған парақтар) көрсетші», - деді. Ол: «Не үшін?», - деп сұрады. Әлгі (адам): «Мен өзімнің мусхафымды ретке келтіріп аламын, әйтпесе ол ретсіз болуы мүмкін», - деді. (Сонда) ‘Айша былай деді: «Сен неден бастап оқысаң да, ол саған зиян етпейді. Құраннан алғаш болып оларда Жәннат пен Тозақ туралы айтылатын әл-Муфәссалә сүрелері түскен еді. Ал адамдар Исламға қарай ұмтылған кездерінде, хәлал мен харам туралы аяттар түсірілді. Егер де бірінші болып: «Шарап ішпеңдер!», - деп түсірілгенде, адамдар: «Біз шарапты ешқашан тастамаймыз», - деп айтар еді. Ал егер де алғаш болып: «Зина жасамаңдар!», - деп түсірілгенде, адамдар: «Біз ешқашан зинаны тастамаймыз», - деп айтар еді. Бірақ мен әлі қуыршақ ойнап жүрген қыз болған кезімде, Меккеде Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әлбетте, Сағат (Қиямет) – оларға уәде етілген бір мерзім, әрі сол Сағат (Қиямет) өте үрейлі, тым ащы» («әл-Қамар» сүресі, 46-аят), - деген аяттар түсті. Ал «әл-Бақара» және «ән-Ниса» сүрелері мен оның қолында болған кезде түсті», - деді" (әл-Бухари, 4993).

Сондай-ақ Жәбирден Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылық рәсімдері туралы хабарлап: «Мен Аллаһ бастаған нәрседен бастаймын», - дегені жеткізіледі (Муслим, 1218).

Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

─ Бұл ереже одан алдыңғы ереженің жалғасы болып табылады, әрі бізге негіз және іргетас таухид екені туралы айтады. Өйткені ең бастысынан, (яғни) іргетастан бастау керек. Пайғамбарлардың (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолы дәл осындай болған. Бұл ереже сондай-ақ бізге (дінге) шақыру (дағуат) біртіңдеп, ен маңыздысынан бастап, кейін маңыздысына өтіп, іске асырылатынына нұсқайды. Барлық нәрсе түп негізінен басталады, ал кейін ғана тармақтарына көшеді. Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Му‘азға (Аллаһ оған разы болсын) тура осыдан, яғни ең алдымен таухидке шақырудан бастауды, ал содан кейін ғана намазға, әрі одан соң зекетке шақыруды бұйырды. Дағуат біртіндеп іске асырылады! Бұған сондай-ақ мүминдердің анасы ‘Айша да (Аллаһ оған разы болсын) нұсқады. Әрі Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің дағуатын дәл таухидтен бастады да, тек содан соң таухид бекем орныққан кезде ғана Аллаһ Тағала хәлал мен харам туралы аяттарды түсірді. Ал Меккеде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таухидке байланысты Құран аяттары түсіріліп тұрды. Сондықтан да егер біз Меккелік сүрелерге назар салатын болсақ, оларда таухидтің түсіндірмесін көреміз. Ал Мәдиналық сүрелерді алар болсақ, олар негізінен шариғи үкімдер, халәл мен харам, адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы баяндайды. Меккеде болған кезінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таухидке шақыратын, ал ол Мәдинаға қоныс аударған соң, адамдар Аллаһтың дініне кіре бастағаннан кейін дін бекемдей түскенде, хәлал мен харам туралы аяттар түсірілді. Аллаһ Тағала былай деді:

﴿ وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ مِن بَعْدِ مَا أَهْلَكْنَا الْقُرُونَ الأُولَى بَصَائِرَ لِلنَّاسِ وَهُدًى وَرَحْمَةً لَّعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ ﴾

«Расында, бұрынғы ұрпақтарды жоқ еткеннен кейін Мусаға, адамдардың түсінулері үшін, Кітапты көрнеу дәлелдер, туралық және мархамет түрінде бердік» («әл-Қасас» сүресі, 43-аят).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) осы аятқа түсіндірме жасап, заң-ережелер тек діни негіздер нығайған соң ғана түсірілетініне нұсқады. Аллаһ Тағала Перғауынды және оның халқын жойған соң, Мусаның (оған Аллаһтың сәлемі болсын) дағуаты бекем орныққаннан кейін Ол кітапты (Тауратты) түсірді (Қз.: «ән-Нубууат», 1/168).

Құран мен Сүннетте осы ережеге нұсқайтын көптеген дәлелдер келген, олардың кейбіреулері осы тараудың басында келтірілген болатын. Дағуат бірте-бірте, ең маңыздысынан маңызды болғанға қарай жүргізіледі. Мысалы, сіз әлдебір адамның күнә жасап жатқанын әрі осы орайда ол серік қосушы екенін көріп тұрсыз. Сіз оған, ол серік қосушы болған күйінде: «Намаз оқы!», - деп айтасыз ба? Ол серік қосушы болған күйінде сіз оған: «Рамазан айында ораза ұста», - деп айтасыз ба? Жоқ, ол алдымен екі куәлікті айтып, Исламға кірсін, таухид оның жүрегінде орнықсын, тек содан соң ғана оған намаз оқуды бұйырыңыз. Ал егер сіз серік қосушы (мүшрикті) намазға шақырудан бастасаңыз, онда ол, басқаларды айтпағанның өзінде, сіздің үстіңізден ең бірінші болып күледі. Сіз қалайша мұсылман емес адамға намазды бұйырмақсыз?!

Немесе, мысалы, сіз темекі тартып тұрған көпқұдайшылды көрдіңіз делік. Сіз оған темекі шегуге тыйым салудан бастайсыз ба, әлде бірінші кезекте оған көпқұдайшылыққа тыйым саласыз ба? Әрине, сіз ең алдымен оған (Аллаһқа) серік қосуға тыйым салуыңыз қажет, өйткені бұл темекі шегуден әлдеқайда қауіптірек және қорқынышты.

Кейбіреулер ең алдымен өсімқорлық пен зинақорлыққа тыйым салудан, хиджаб киюді бұйырудан бастайды. Бұлардың барлығы шариғи бұйрықтар екендігіне күмән жоқ, бірақ ең бірінші кезекте іргетасты тұрғызып алу қажет. Олар адамдардың көпқұдайшылықта жүргенін, қабір-кесенелерге сиынып жүргендерін көреді, бірақ мұндай адамдарды халықтың осындай жағдайы мүлде алаңдатпайды, оларды тек билік мазалайды! Ал көпқұдайшылыққа (ширкке) келер болсақ, ол туралы ләм жоқ! Олар ширк туралы сөз етуді бір маңызды нәрсе деп санамайды. Дәл сондықтан да олардың дағуаты ешқандай жеміс бермейді. Олар өздерінің дағуатын Пайғамбарлар өздерінің дағуттарын аяқтаған нәрседен бастады. Олар өте салмақты күш пен қажыр жұмсағандарына және көп әңгімелер жүргізіп жүргеніне қарамастан, олардың шақыруы ешқандай нәтиже бермеді. Ал егер біз өз шақыруларын елшілер жүрген жолға сәйкес жүргізетіндерге қарайтын болсақ, онда сіз олардың керемет әрі айқын жемістерін көресіз. Олар – өз дағуатын дәл таухидтен бастап, елшілерге ілесетіндер. Олар таухид үшін қам жейді. Әрі тек осыдан кейін ғана адамдарға басқа күнәларды тыйым салады. Олардың дағуаты ұтымды әрі сан ғасырлар бойы жемісін беруде.

Мысалы, өзінің дағуатында пайғамбарлардың жолын таңдаған шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін). Ол таухидке шақырудан және ширктен тыюдан бастады. Оның шақыруы жемісті болды! Әрі осы күнге дейін адамдар (әлхамду лиЛләһ) оның білімін және оның жүрген жолын пайдаланып келуде.

Немесе дағуатының жемісі осы күнге дейін Сауд Арабиясы Королдігінде пайдаланылып келе жатқан шейхул-Ислам Мухаммад ибн ‘Абдул-Уаһһаб (Аллаһ оны рахым етсін). Бұл мемлекет оның берекелі дағуатының үстінде құрылған! Онда қауіпсіздік орнап, сенім-ақида да түзелген. Бұл жерлерде толық мағынадағы ислам мемлекеті пайда болды. (Әрі) ол, әлхамду лиЛләһ, әлі күнге дейін өмір сүруде.

Мұның барлығы дағуат мәселелерінде елшілердің (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мәнһажына ілесудің жемісі болып табылады (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).

Жетінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діннің барлық заң-ережелерін ұлықтайды және мүмкіншілігіне қарай Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шақырған барлық нәрсеге шақырады»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ ادْخُلُواْ فِي السِّلْمِ كَافَّةً ﴾

«Әй, иман келтіргендер! Исламды тұтас қабылдаңдар» («әл-Бақара» сүресі, 208-аят).

Ибн Кәсир былай деді: Аллаһ Тағала Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенетін Өзінің құлдарына діннің барлық заң-қағидаларын алуды және Аллаһтың барлық әмірлерін іске асыруды бұйырады. Ол оларға барлық тыйымдардан тыйылуды бұйырады. Мужәһид бұл аят туралы: «Барлық амалдарды, (яғни) ізгілік болып саналатын нәрсенің барлығын орындаңдар», - деп айтқан” (Қз.: «Тафсир Ибн Кәсир», 1/335).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

﴿ وَمَن يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقْوَى الْقُلُوبِ ﴾

«Ал кім Аллаһтың белгілерін ұлықтаса, күдіксіз, ол жүректің тақуалығынан» («Хаж» сүресі, 32-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ إِذْ تَلَقَّوْنَهُ بِأَلْسِنَتِكُمْ وَتَقُولُونَ بِأَفْوَاهِكُم مَّا لَيْسَ لَكُم بِهِ عِلْمٌ وَتَحْسَبُونَهُ هَيِّنًا وَهُوَ عِندَ اللَّهِ عَظِيمٌ ﴾

«Сол уақытта тілдеріңмен өтірік-өсек таратып, ешқандай білімдерің болмаған нәрсені ауыздарыңмен айта отырып, оны жеңілге сайдыңдар. Ал ол Аллаһтың алдында зор күнә» («ән-Нур» сүресі, 15-аят).

Ән-Ну‘ман бин Баширден (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Әй, Аллаһтың құлдары! Сендер міндетті түрде саптарыңды түзеулерін керек, әйтпесе Аллаһ жүректеріңді бөледі» (әл-Бухари, 717; Муслим, 436).

Сондай-ақ ‘Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны да жеткізілген: «Яһудилер сендерге (бір-біріңе) сәлем бергендеріңде және «Әмин» деп айтқандарыңда көре алмаушылық танытатындай басқа еш нәрседе осыншалықты көре алмаушылық танытпайды» (Ибн Мәжаһ, 856).

Әл-Азрақ ибн Қайс былай деп (баяндайтын): «Бірде Абу Римса деген кісі бізбен бірге имам ретінде намаз оқыды. Ол былай деді: «Мен тура осындай намазды Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге орындағанмын. Абу Бакр мен ‘Умар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оң жағында бірінші сапта тұрды. Сондай-ақ сол жерде ең бірінші тәкбірден бастап басқалармен бірге намаз оқыған адам да болды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оңға және солға солай сәлем берді – біз оның беттерінің аппақтығын көрдік, (ол) намазды аяқтаған соң, қазір Абу Римса (өзін меңзеп айтып тұр) сендерге қалай бұрылған болса, тура солай бұрылып (отырды). Сол кезде бірінші тәкбірден бастап намаз оқыған адам екі ракағат намаз оқу үшін орнынан тұрды. ‘Умар оның жанына келді де, иығынан ұстап: «Отыр! Ақиқатында, Кітап иелерін олар намаздарының арасында үзіліс жасамағандары ғана опат етті», - деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) назарын көтеріп: «Уа, Хаттабтың баласы, Аллаһ сен арқылы бағыт берсін», - деді» (Абу Дауд, 1007. Шейх әл-Әлбани алдын бұл хадисті әлсіз деп, «Да'иф Аби Дауд» (182) және «әл-Мишкат» (1/306-307) кітіптарында келтіреді, бірақ содан кейін оны растайтын екі хадисті тапқандықтан, өз пікірін қайта қарап шығып, «әс-Силсилә әс-сахихада" (3173) оны сахих деп атады).

Сүннеттерді тастау неге алып келетініне қараңызшы, Аллаһ сізді Өз рахымына бөлесін! Оларды тастау келіспеушіліктерге әрі тіпті опат болуға алып келеді. Яһудилер бізге осы нәрселер үшін қаншалықты көре алмаушылық танытатындарына қараңызшы.

Бірде Сәлманға (Аллаһ оған разы болсын) «Сонда Пайғамбарларың сендерге барлық нәрселерді, тіпті дәретті қалай сындыруды да үйретті ме?» деген сұрақ қойылған болатын, сонда ол: «Иә, әрине!», - деп жауап берді (Муслим, 262).



Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

─ Бұл ереже бізге біздің «бірқұдайшылықтан бастау керек және соған жұмылу керек» деген сөздеріміз «басқа амалдарға салғырт болумыз керек» дегенді білдірмейтініне нұсқайды. Біздің осыдан алдын айтып кеткен сөздерімізден «күнәлар бір жеңіл әрі мардымсыз нәрсе» деген тұжырым келіп шықпайды. Олар «Аллаһ Тағалаға мойынсұнбауға құнтсыз қарауға болады» дегенді меңземейді. Шариғатқа қатысты кез-келген қарама-қайшылық қауіпті, тіпті ол адамдардарға болмашы болып көрінсе де! Біз: «Ең бастысынан бастау керек», - деп айтқанымызда, «басқа амалдарды тастау керек» дегенді меңземеген болатынбыз. Маңыздырақ нәрселерден бастау керек, өйткені әу бастан діннің қалған басқа мәселелері соның үстіне құрылатын іргетас тұрғызып алу қажет. Біз дәл осыны меңзеген болатынбыз. Күнә атаудың барлығы қауіпті болып табылады! Олардың барлығы – жамандық. Күнәлар бір-бірін шақырады. Аллаһ Тағалаға мойынсұнбауды мардымсыз бір нәрсе деп санауға болмайды. Аллаһ Тағаланың бұйрық-әмірлерін елемеуге болмайды! Барлық күнәлар тыйым салынған! Бірак егер адамда қауіптірек болған күнәлары болса, онда дәл солардан бастау керек, ал содан соң ғана басқа амалдарды түзеу қажет. Егер адам мойынсұнбаушылықты болмашы нәрсе деп санаса, бұл оны басқа одан да жаманырақ болған (күнәларды) істеуге дейін алып барады. Ал егер адам күнәлардың қауіптілігін түсінсе, ол олардан алшақтауға тырысады. Аллаһ Тағала былай деп айтады:



﴿ ذَلِكَ وَمَن يُعَظِّمْ حُرُمَاتِ اللَّهِ فَهُوَ خَيْرٌ لَّهُ عِندَ رَبِّهِ ﴾

«Дәл осылай, кім Аллаһтың ардақтаған нәрселерін жоғары бағаласа, сол Раббысының алдында өзіне игілік жасады» («әл-Хаж» сүресі, 30-аят).

Ол сондай-ақ былай деді:



﴿ وَمَن يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقْوَى الْقُلُوبِ ﴾

«Ал кім Аллаһтың белгілерін ұлықтаса, күдіксіз, ол жүректің тақуалығынан» («Хаж» сүресі, 32-аят).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде-бір күнәлі істі: олардың кішісін де, үлкенін де - ескертпей қалдырмады. Ол бізді осының барлығынан сақтандырды. Тура сол сияқты ол бізге діннің негіздерін де, оның тармақтарын да бұйырды. Ол бізге мустахаб болған нәрселерді де, уәжіп болған нәрселерді де, сондай-ақ діннің тіректері (рүкіндері) болған нәрселерді де бұйырды. Ол тек Аллаһ Тағала ол арқылы Өзінің дінін толық (кемел) еткеннен кейін ғана қайтыс болды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үлкен күнәларды да, кіші күнәларды да тыйым салды. Ол пенделерді Аллаһқа жақындататын нәрселердің ешқайсысын түсіндірусіз және бұйырусыз қалдырмады. Ол пенделерді Аллаһтан алыстататын нәрселердің ешқайсысын түсіндірмей және тыйым салмай қалдырмады. Ол нұсқамай кеткен бірде-бір игілік жоқ, ол сақтандырып ескертпеген бірде-бір жамандық жоқ.

Сәлман (Аллаһ оған разы болсын) адамдарға дәрет сындыру ережелерін түсіндіріп жатқанда, бір яһуди оған: «Сонда Пайғамбарларың сендерге барлық нәрселерді, тіпті дәретті қалай сындыруды да үйретті ме?», - деді. Сәлман: «Иә, әрине!», - деп жауап берді. Кейін ол Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға дәретті қалай дұрыс сындыруды үйреткен хадисті айтып берді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне пайдалы болған бірде-бір нәрсені түсіндірмей кеткен жоқ. Ол өзіне зиянды қамтыған бірде-бір нәрсені де түсіндірмей қалдырмады (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Сегізінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а шариғи мәтіндерге қарсы келмейді және оларға өздерінің ақылдарын, көңіл қалауларын (әуестіктерін), әдеттері мен өздері сияқты адамдардың пікірлерін қарама-қарсы қоймайды»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ فَلِذَلِكَ فَادْعُ وَاسْتَقِمْ كَمَا أُمِرْتَ وَلا تَتَّبِعْ أَهْوَاءهُمْ وَقُلْ آمَنتُ بِمَا أَنزَلَ اللَّهُ مِن كِتَابٍ ﴾

(Мухаммад,) міне, сол үшін ақиқатқа шақыр да, өзіңе бұйырылғандай мықты тұр. Олардың ойларына ілеспе және оларға: «Аллаһ түсірген Кітапқа иман келтірдім», - де” («әш-Шура» сүресі, 15-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет