Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!


﴿ لا تُقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيِ اللَّهِ وَرَسُولِه ﴾



бет9/23
Дата22.03.2020
өлшемі4.81 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

﴿ لا تُقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيِ اللَّهِ وَرَسُولِه ﴾

«Аллаһтан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер» («әл-Хужурат» сүресі, 1-аят).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) өзінің бидғатшылармен болған пікірталасы туралы былай деп баяндайтын: "Маған бидғатшы: «Бидғат зина сияқты», - деді. Содан соң ол зинаны айыптайтын хадис келтірді. Мен оған бұл хадис Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын жабылған жала екенін айттым. Иә, зина күнә болып табылады, бірақ діндегі жаңалық (бидғат) күнәдан да жаман. Суфиян әс-Саури бұл туралы: «Ібіліс үшін бидғаттар күнәлардан сүйіктірек, себебі күнә үшін тәубеңе келе аласың, ал бидғат үшін жоқ!», - деп айтқандай. Кейбір бидғатшылар: «Біз арқылы адамдар тәубеге келіп жатады», - дейді. Мен оларға: «Не нәрсе үшін тәубеге?», - деп сұраймын. Олар: «Біз арқылы адамдар қарақшылықты, ұрлықты және басқа да көптеген нәрселерді тастайды», - деп жауап береді. Ал мен: «Олар осы тәубелеріне дейін сендерге ілескеннен кейінгі қазіргісіне қарағанда жақсы болатын. Осы тәубелеріне дейін олар харам нәрсе істеп жүргендерін білетін, Аллаһтың рахымына үміт ететін, Аллаһтың алдында тәубе ететін бұзақылар еді. Ал сендер болсаңдар оларды ислам шариғатынан шығып кеткен адасқан серік қосушылар еттіңдер! Енді олар Аллаһ жек көрген нәрселерді жақсы көреді, әрі Аллаһ жақсы көрген нәрселерді жек көреді», - деп айтамын.



Кейін мен олардың жетекшілеріне және сол жерде болғандардың барлығына қарап былай дедім: — Күнәхарға келер болсақ, онда ‘Умар ибн әл-Хаттаб Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде ‘Абдуллаһ есімді, лақап аты Химар деген бір кісі болғаны туралы баяндаған. Ол Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күлдіртетін, ал Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол оны шарап ішкені үшін ұруды бұйыратын жағдайлар болып тұратын. Бірде (сахабалар) оны Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдына алып келіп, оның бұйрығы бойынша ұра бастады. Сол кезде бір кісі: «Уа, Аллаһ, оны лағынетте! Оны нендей жиі алып келді!», - деп даустап жіберді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оны лағынеттемеңдер, өйткені, Аллаһпен ант етемін, мен оның Аллаһ пен Оның Елшісін жақсы көретінін білемін!», - деді (әл-Бухари, 6780).

Бұл адам шарапты көп ішетін, бірақ сонымен бірге оның ақида-сенімі дұрыс болатын, ол Аллаһты және Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көретін. Бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) куәлік берді, әрі оны лағынеттеуге тыйым салды.



Ал бидғатшыға келер болсақ, онда екі сахих (жинақтың) екеуінде де ‘Али ибн Аби Талибтың, Абу Са‘ид әл-Худридің және басқалардың сөздерінен былай деп жеткізіледі: бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олжа бөліп жатқанда маңдайы дөңес, қалың сақалды және басы қырылған, екі көзінің арасында сәжденің іздері бар бір кісі келіп айтқан нәрсесін айтады5. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бұл адамның ұрпағынан сондай бір адамдар шығады – олардың намаздарының алдында сендердің намаздарың бір мардымсыз нәрсе болып көрінеді, олардың оразаларының алдында сендердің оразаларың өздеріңе мардымсыз бір нәрсе болып көрінеді, олардың Құран оқығандарын естігенде, сендердің оқығандарың өздеріңе мардымсыз бір нәрсе болып көрінеді! Олар Құранды оқиды, бірақ ол олардың кеңірдектерінен төмен түспейді. Олар Исламнан жебе тесілген нысанадан қалай тесіп ұшып шығатын болса, солай ұшып шығып кетеді. Мен сол бір заманды көріп үлгерсем, оларды ‘Ад қауымы өлтірілгендей етіп өлтіремін» (әл-Бухари, 7432; Муслим, 1064). Басқа бір риуаятта былай делінген: «Егер адамдар олармен соғысу үшін Мухаммадтан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай сый-сауап уәде етілгенін білгенде еді, олар басқа амалдарды (осы үшін) тастар еді» (Муслим, 1066). Басқа бір риуаятта: «Олар аспан астында өлтірілгендердің ең жамандары, ал (аспан астында) өлтірілгендердің ең жақсылары – солардың қолынан қаза тапқандар», - деп айтылған (әт-Тирмизи, 3000. Шейх Муқбил хадисті хасан деген. Қз.: «Сахих әл-Муснад», 486).

Бұл адамдар көп-көп намаз оқитын, ораза ұстайтын, Құран оқитын, Аллаһқа құлшылық ететін, зуһд6 болатын. Осының барлығына қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды өлтіруді бұйырды. Олармен ‘Али ибн Аби Талиб және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сонымен бірге болған сахабалары соғысты. Әрі бұл олардың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінің және оның шариғатының шеңберінен шыққандығы себепті еді» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 11/472).

Осыда мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының «Ақиқатында, Аллаһ бидғатшыдан оның ешқандай амалын қабыл етпейді» деген ережесіне нұсқауы келіп шығады. Шейхул-Ислам ибн ул-Қаййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: «Ақиқатында, көңіл қалауы (әуестік) бір нәрсемен араласып кетсе, ол міндетті түрде сол нәрсені бұзады! Егер көңіл қалауы біліммен араласса, ол оны бидғатқа және адасушылыққа айналдырады, сол кезде сол білімнің иесі өз әуестіктерінің жақтаушысына айналады. Егер көңіл қалауы (әуестік) зуһдтықпен араласса, оны көзбояушылық пен Сүннетке қайшы нәрсеге айналдырады. Егер көңіл қалауы (әуестік) билікке араласса, билік ету әділетсіз болады да, билік иесін ақиқаттан бет бұрғызады. Егер көңіл қалауы (әуестік) мал-мүлікті бөліп-үлестіруге араласса, онда бұл бөліс әділетті болмайды. Егер көңіл қалауы (әуестік) ғибадатқа араласса, онда бұл ғибадат енді мойынсұнушылық болмайды және Аллаһқа жақындатпайды! Көңіл қалауы не нәрсеге араласпасын – ол міндетті түрде соны бұзады» (Қз.: «Раудату-л-Мухиббин», 1/474).



Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

─ Ақиқатында, шектен шығушылық (нысапсыздық) – өте қауіпті ауру! Шектен шығушылықтың кесірінің салдары өте нашар.

Біріншіден, шектен шығушылық серік қосуға алып келеді. Мысалы, белгілі бір адамдарға қатысты артық кетушілік Аллаһ Тағаладан бөлек оларға табынуға алып келеді. Бұл Нухтың халқымен, олар ізгі адамдарын шектен тыс құрметтей бастағанда орын алды. Бұл христиандармен, олар Иса Масихты (оған Аллаһтың сәлемі болсын) шектен тыс құрметтей бастағанда орын алды. Бұл осы үмметте қабірге табынушылармен (қубурилермен), олар өздерінің «әулиелері» мен ізгілерін шектен тыс құрметтей бастағанда орын алды. Олардың қабірлері көптеген елдерде Аллаһтан өзге құлшылық етілетін пұттарға айналды. Әрі істің жайы олардың осылары үшін сөгіс айтатындарды күпірлікте айыптаушылар (такфиршілер, шектен шығушылар) деп атауға дейін барды.

Екіншіден, шектен шығушылық мұсылмандарды күпірлікте айыптауға және олардың қанын (өмірін) хәлал етуге алып келеді. Бұл ең жақсы (адамдарды) өлтірген хауариждермен орын алды. Олар ‘Усман ибн ‘Аффанды, ‘Али ибн Аби Талибты және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа да көптеген сахабаларын өлтірді.

Үшіншіден, шектен шығушылық адамдарды мұсылмандардың әмірлеріне (елбасшыларына) қарсы қарулы көтеріліске, оларға бағынбауға, мұсылмандардың арасына бөлінушілік салуға ынталандырады. Бұл хауариждердің бүкіл Ислам тарихы барысындағы сипаты. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осындайды істеушілерді өлтіруді бұйырып (былай деді): «Егер сендер бір әмірдің (билеушінің) қоластында болған кездеріңде біреу жамағаттарыңды бөлуді қалап сендерге келсе, онда (осындай ниетпен) келгенді өлтіріңдер» (Қз.: «Сахих әл-Жәми‘» 5944).

Төртіншіден, шектен шығушылық – бұл Сүннеттен, орташылдықтан, әділдіктен бас тарту. Шектен шығушылыққа түскен адамдар Сүннетті діндегі осалдық (жеңілтек қатынас) деп санай бастайды. Бұл жайында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) амалдарын шамалы ғана бір нәрсе деп санаған үш кісі туралы сөз болатын хадисте айтылады 7.

Бесіншіден, шектен шығушылыққа түскен адамдар басқа адамдарда Аллаһтың мейіріміне деген үмітсіздік туғызады. Дәл осы нәрсе «Аллаһпен ант етемін, Аллаһ пәленді кешірмейді», - деген адаммен орын алған болатын 8.

Алтыншыдан, шектен шығушылық адамның ізгі амал жасаудан алыстауына себеп болады, ал кейіннен тіпті діннен де алшақтатады. Өйткені адамның жаны амалдағы шектен шығушылықтардан әлсірейді ғой. Сондықтан да хабарлардың (бірінде): «Кім (мініс) жануарын шектен тыс шаршатса, сол жануарын да өлтіреді, көздеген жеріне де жете алмайды», - деп айтылған 9. Әрі біз қазіргі кезде осының көптеген мысалдарын көрдік (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).


Он бесінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’аның дінге шақыруы (дағуаты) барлық адамдар үшін айқын (ашық) болып табылады, әрі онда қандай да бір құпия мен таңдаулы адамдарға ғана арналғандылық жоқ»
Аллаһ Тағала былай деді:

﴿ قُلْ هَذِهِ سَبِيلِي أَدْعُو إِلَى اللَّهِ عَلَى بَصِيرَةٍ أَنَاْ وَمَنِ اتَّبَعَنِي وَسُبْحَانَ اللَّهِ وَمَا أَنَاْ مِنَ الْمُشْرِكِينَ ﴾

(Мухаммад): «Менің жолым осы. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлел үстінде шақырамыз. Аллаһ пәк әрі мен көпқұдайшылдардан емеспін», - де” («Юсуф» сүресі, 108-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):

﴿ قُلْ يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنِّي رَسُولُ اللَّهِ إِلَيْكُمْ جَمِيعًا الَّذِي لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ لا إِلَهَ إِلاَّ هُوَ يُحْيِي وَيُمِيتُ فَآمِنُواْ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ النَّبِيِّ الأُمِّيِّ الَّذِي يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَكَلِمَاتِهِ وَاتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ ﴾

(Мухаммад): «Уа, адамдар! Мен барлығыңа (жіберілген) Аллаһтың елшісімін; Ол сондай Аллаһ, жер мен көктің иелігі Оған тән. Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол тірілтеді де, өлтіреді. Аллаһ пен Оның Елшісіне – Аллаһқа және Оның Сөздеріне иман келтірген сауатсыз Пайғамбарға иман келтіріңдер. Оған еріңдер, әрине, тура жол табасыңдар!», - де” («әл-Әғраф» сүресі, 158-аят).

Ибн ‘Умар (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) бірде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір кісі келіп, оған: «Уа Аллаһтың Елшісі, маған кеңес беріңіз», - деп айтқанын баяндаған. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген екен: «Аллаһқа құлшылық ет әрі оған ешнәрсені серік қоспа, намазды орында, зекет бер, Рамазан айында ораза ұста, Аллаһтың Үйіне қажылық, сондай-ақ умра жаса. Әмірге құлақ сал және мойынсұн, ашықтықты (жариялылықты) ұстан әрі жасырын болудан сақтан» (Ибн Аби ‘Асым «әс-Суннада», 1070 келтірген).

Саубанның сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Менің үмметімнен ақиқатты ашық ұстанатын бір топ болуын тоқтатпайды. Оларға оларды көмексіз қалдырғандар зиян тигізе алмайды, әрі олар осыны ұстанған күйінде Аллаһтың бұйрығы келмейінше осылайша (бола береді)» (Муслим, 1920).

‘Умар ибн ‘Абд ул-‘Азиз (Аллаһ оны рахым етсін) былай деп айтатын: «Егер сен дін мәселелерінде басқа мұсылмандардан бөлініп, бір-бірімен құпия түрде сөйлесетіндерді көрсең, олар (бір) адасушылықтың негізін салып жатқанын біл» (әд-Дарими «әс-Сунанда», 307).

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ وَلا تَعْدُ عَيْنَاكَ عَنْهُمْ ﴾

«(Мухаммад,) таңертең және кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап, назарыңды олардан бұрма» («әл-Каһф, 28-аят).

Са‘д ибн Аби Уақастың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Араларыңдағы әлсіз болғандардың себебімен ғана сендерге көмек көрсетіліп және ризық беріліп жатыр емес пе?» (әл-Бухари, 2896).

Имам әл-Бухари өзінің «әс-Сахих» кітабында «Білім қалай алып қойылады» деген тарауды енгізіп, содан соң былай деді: — ‘Умар ибн ‘Абдул ‘Азиз Абу Бакр ибн Хазмға былай деп жазып жіберген болатын: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен не бар екенін қара да, оларды жазып ал. Расында, мен діни білімдер бойынша сабақтар жойылып әрі ғалымдар өмірден өтіп кетеді ме деп қорқамын. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен басқа еш нәрсені қабылдама! Білім таратыңдар және білмейтінді оқыту үшін жиналыңдар, өйткені, ақиқатында, білім құпияға айналмайынша өлмейді». Қз.: «Сахих әл-Бухари», 1/49.

Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

─ Шариғи білімді оқыту, адамдарға дінді түсіндіру ашық түрде мешіттерде, адамдар жиналатын жерлерде жүргізілуі керек. Барша пайдаға қол жеткізу үшін, игілік таралуы үшін, адамдарға дінді түсіндіру қажет, оларға шариғи заң-ережелерді түсіндіру керек. Шақыру (дағуат) қалың бұқараға бағытталуға тиіс. Дағуат – бұл адамдарды игілікке үйрету, оларды дін мәселелеріне, ғибадат мәселелеріне оқыту, оларды дұрыс қарым-қатынастарға үйрету, оларды адамгершілік ережелеріне үйрету, жаман мінез-құлықтарды тыйым салу. Осының барлығы бұқаралық сипатта болуға тиіс, яғни осыдан келетін пайда баршаны қамтуы керек. Осы ашық түрде мешіттерде, адамдар жиналатын жерлерде орын алуы қажет. Өйткені осыда пайда қамтылған ғой. Дағуат тек әлдебір таңдаулы адамдарға ғана бағытталмауы керек. Мысалы, «Біз лагерге барып, адамдардан бөлініп, дағуатпен айналысуымыз керек», - деп айтатындардай. Бұл тыйым салынған! Егер сендер жақсылыққа шақыратын болсаңдар, егер сендер адамдарды игі нәрселерге үйрететін болсаңдар, онда неліктен сендер олардан бөлінесіңдер, әрі оларды осы игіліктен айырасыңдар?! Не үшін сендер осы игіліктен өздеріңнің әкелеріңді, бауырларыңды, көршілеріңді жұрдай етесіңдер?! Егер сендер жақсылық жеткізуші болсаңдар, онда ол туралы мешіттерде, адамдар арасында айтыңдар! Немесе біз бір-бірінен білім алу ниетімен әлдебір бөлмелерде (пәтерлерде) жиналатын адамдарды көреміз! Мұндай жасырын жиналыстар тыйым салынған! Егер бұда игілік болса, егер бұда зиян болмаса, онда осыны адамдар арасында таратыңдар! Адамдардан жақсылықты жасырмау керек! Өйткені Аллаһ Тағала мұны барша үшін түсірді ғой! Егер сендер адамдардан жасырынсаңдар, онда өздеріңе қатысты күдіктердің туындауына есік ашасыңдар. Адамдар мұндай адамдардан қорқады әрі: «Олар құпия түрде жиналып, бір жамандық ойластырады», - деп айтады. Ал егер сендер сабақтарды жария түрде адамдардың көздерінің алдында өткізсеңдер, онда күдіктер сейіледі. Аллаһ Тағала құпия әңгімелерге тыйым салды, өйткені мұндай әңгімелер басқа мүминдерді қапаландырады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Егер үш адам бірге болса, онда олар басқа адамдармен араласып кетпейінше, екеуі үшіншісінен жасырын түрде сұхбаттаспауы керек. Әйтпесе, олар оны ренжітіп қоюы мүмкін» (әл-Бухари, 6920; Муслим, 2184). Әрі осының себебі – үшіншісінде күдік тууы мүмкін екенінде. Яғни ол осы екеуі бір жаман нәрсе туралы сөйлесіп жатыр деп ойлап қалуы мүмкін. Егер сендер сабақтарды ашық түрде мешіттерде, адамдардың көз алдында өткізетін болсаңдар, онда күмәндар жойылады. Егер сендердің дағуаттарыңда игілік болса, онда ол баршаға тисін. Игілік мәселелеріндегі, дағуат мәселеліндегі құпия қоғамдар (жиналыстар) исламда тыйым салынған!

Бір адамға құпия түрде кеңес-насихат айту мен игілікке шақырудың, адамдарды шариғат заңдарына оқытудың арасында айырмашылық бар. Мұндай дағуат ашық (айқын) болуға тиіс. Ал кеңес-насихатқа келер болсақ, ол жасырын (оңаша) беріледі (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Он алтыншы ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мұсылмандардың жер бетінде мығым болуы – Аллаһтан берілетін сый екеніне, әрі Аллаһ оны Өзі парыз еткен нәрселерді, соның ішінде пайдалы білім мен ізгі амалды орындайтындарға сыйлайтынына нық сенеді»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَعَدَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنكُمْ وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَيَسْتَخْلِفَنَّهُم فِي الأَرْضِ كَمَا اسْتَخْلَفَ الَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ وَلَيُمَكِّنَنَّ لَهُمْ دِينَهُمُ الَّذِي ارْتَضَى لَهُمْ وَلَيُبَدِّلَنَّهُم مِّن بَعْدِ خَوْفِهِمْ أَمْنًا يَعْبُدُونَنِي لا يُشْرِكُونَ بِي شَيْئًا ﴾

«Аллаһ сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге олардан бұрынғыларды жер жүзінде мұрагер еткендей оларды да міндетті түрде жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Ол оларға міндетті түрде Өзі разы болған дінін ұстану мүмкіндігін береді, әрі олардың қорқуын қауіпсіздікпен алмастырады. Олар Маған құлшылық қылады әрі Маған еш нәрсені серік қоспайды» («ән-Нур» сүресі, 55-аят).

Аллаһ Тағала жеңіс пен қауіпсіздіктің шарты етіп екі нәрсені бекітті: таухидті ұстануды және амалдардың шариғатқа сәйкес болуын. Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:



﴿ الَّذِينَ إِن مَّكَّنَّاهُمْ فِي الأَرْضِ أَقَامُوا الصَّلاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ وَأَمَرُوا بِالْمَعْرُوفِ وَنَهَوْا عَنِ الْمُنكَرِ ﴾

«Егер оларға жер бетінде билік сыйласақ, олар намазды орындайды, зекет береді, жақсылық жасауды бұйырып, жамандықтан тыяды» («әл-Хажж» сүресі, 41-аят).

Мұсылмандар ең алғашқы ізгі халифаттың мәнһажына ілеспейінше, олардың арасында дұрыс халифалық пайда болуы мүмкін емес. Ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мәнһажы бойынша құрылған еді.

Ән-Ну‘ман ибн Баширдың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Пайғамбарлық Аллаһ қалағанға дейін дәуір сүреді, кейін Ол оны қалаған кезінде алып қояды. Содан соң пайғамбарлық қағидаларында құрылған халифалық орнайды. Ол Аллаһ қалаған кезге дейін дәуір сүреді, ал содан соң Ол оны қалаған кезінде алып қояды. Сонан соң Аллаһ қалағанынша тұратын патшалық болады да, содан кейін Ол оны қалаған кезінде алып қояды. Содан соң Аллаһ қалаған кезге дейін тұратын зорлық-зомбылық (тирания) болады әрі кейін Ол оны қалаған кезінде алып қояды. Ал содан кейін қайтадан пайғамбарлық қағидаларына құрылған халифалық болады» (Ахмад, 4/273. Қз.: «Силсилә әс-Сахиха», 5).

Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

─ Бұл ереженің мағынасы – мұсылмандардың жер бетінде мығым болуы тек қана пайдалы білім мен салиқалы амал арқылы орын алуы мүмкін екендігінде. Бұған Аллаһтың мына сөздері нұсқайды:

﴿ وَلَيَنصُرَنَّ اللَّهُ مَن يَنصُرُهُ إِنَّ اللَّهَ لَقَوِيٌّ عَزِيزٌ (40) الَّذِينَ إِن مَّكَّنَّاهُمْ فِي الأَرْضِ أَقَامُوا الصَّلاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ وَأَمَرُوا بِالْمَعْرُوفِ وَنَهَوْا عَنِ الْمُنكَرِ وَلِلَّهِ عَاقِبَةُ الأُمُورِ ﴾

«Кім Аллаһ жолына жәрдем етсе, Аллаһ міндетті түрде оған жәрдем етеді. Шәксіз, Аллаһ – Барлық нәрсеге Күші жетуші, Аса Құдіретті. Егер оларға жер бетінде билік сыйласақ, олар намазды орындайды, зекет береді, жақсылық жасауды бұйырып, жамандықтан тыяды. Негізінде, істердің соңы Аллаһқа тән» («әл-Хажж» сүресі, 40- 41 аяттар).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ وَعَدَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنكُمْ وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَيَسْتَخْلِفَنَّهُم فِي الأَرْضِ كَمَا اسْتَخْلَفَ الَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ وَلَيُمَكِّنَنَّ لَهُمْ دِينَهُمُ الَّذِي ارْتَضَى لَهُمْ وَلَيُبَدِّلَنَّهُم مِّن بَعْدِ خَوْفِهِمْ أَمْنًا يَعْبُدُونَنِي لا يُشْرِكُونَ بِي شَيْئًا ﴾

«Аллаһ сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге олардан бұрынғыларды жер жүзінде мұрагер еткендей оларды да міндетті түрде жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Ол оларға міндетті түрде өзі разы болған дінін ұстану мүмкіндігін береді, әрі олардың қорқуын қауіпсіздікпен алмастырады. Олар Маған құлшылық қылады әрі Маған еш нәрсені серік қоспайды» («ән-Нур» сүресі, 55-аят).

Сондықтан да жер бетінде мығым болудың себептері – бұл иман және ізгі амал. Ал иман өзіне ең алдымен біліміді қамтиды. Иман білімсіз дұрыс болуы мүмкін емес! Сондықтан да Аллаһ: «Аллаһ сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге .... уәде етті», - деп айтты. Ол осы жерде иман мен ізгі амалды атап көрсетті. Ал содан соң аятта Аллаһқа серік қоспай құлшылық етуге деген нұсқау келеді: «Олар Маған құлшылық қылады әрі Маған еш нәрсені серік қоспайды».

Ал бірінші аятта мығым болудың жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару, намаз, зекет беру сияқты себептеріне нұсқалады. Сондықтан да Аллаһ Тағаланың уәдесі орындалуы үшін, мұсылмандар осы амалдарды жүзеге асырулары керек. Ал егер адамдар осыдан бір нәрселерді жіберіп алса, онда жер бетіндегі олардың бекемдігінде кемшілік болады.

Ал Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде халифалық, патшалық, және тағы халифалық сатылары тізіп айтылады. Бұл - адамдардың кейіпінің өзгеруі себепті бірін-бірі ауыстыратын мерзімдер. Адамдар ізгі-салиқалы болған кезде, олар осы амалдарды іске асыратын кезде, олар үшін игілік, қауіпсіздік пен жер бетіндегі бекемдік жүзеге асады. Ал егер олар осы нәрселердің қайсыбірін болса да жіберіп алса, онда жер бетіндегі бекемдікті жоғалтады. Өйткені сый-жаза амалға лайық болады (әл-жәза мин жинси-л-‘амәл). Егер себеп бар болса, салдар да орындалады. Ал егер себеп болмаса, салдар да жоқ. Бұл – Аллаһ Тағаланың даналығы! (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).


Он жетінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а жақсылыққа бұйырып жамандықтан қайтаруды білімнің, жұмсақтықтың, сабырлықтың және түзетуге деген ұмтылыстың негізінде іске асырады»
Аллаһ Тағала былай деді:

﴿ وَلْتَكُن مِّنكُمْ أُمَّةٌ يَدْعُونَ إِلَى الْخَيْرِ وَيَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنكَر ﴾

«Сендерден жақсылыққа шақыратын, сондай-ақ дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тыятын бір топ болсын» («Әли ‘Имран» сүресі, 104-аят).

Абу Са‘ид әл-Худридің (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Сендерден кімде-кім айыпталатын нәрсені көрсе, соны қолымен өзгертсін (түзетсін), егер қолымен (өзгерте), онда тілімен (өзгертсін), ал егер тілімен (өзгерте) алмаса, онда жүрегімен (жек көрсін), әрі бұл иманның ең әлсіз көрінісі» (Муслим, 49).

Абу Бакрдің (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер адамдар айыпталатын нәрсені көре тұра, оны түзетпейтін болса, онда Аллаһ әні-міні дегенше олардың барлығына тиетін бір жаза жібереді» (Ахмад, 1/2, 5, 9; Қз.: «Силсилә әс-Сахиха», 1564).

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَمَا كَانَ لَنَا أَن نَّأْتِيَكُم بِسُلْطَانٍ إِلاَّ بِإِذْنِ اللَّهِ ﴾

«Аллаһтың бұйрығынсыз біздің сендерге бір мұғжиза келтіруіміз мүмкін емес» («Ибраһим» сүресі, 11-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):



﴿ وَلاَ تَقُولُواْ لِمَا تَصِفُ أَلْسِنَتُكُمُ الْكَذِبَ هَذَا حَلالٌ وَهَذَا حَرَام ﴾

Тілдеріңмен: «Бұл харам, бұл хәлал», - деп, өтірікті сөйлемеңдер(«ән-Нәхл» сүресі, 116-аят).

‘Абдуллаһ ибн әл-Муғафәлдің (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала – Ізгі және ізгілікті сүйеді. Ол ізгілік үшін қаталдық үшін бермейтін нәрсені береді» (Абу Дауд, 4807. Қз.: «Сахих әл-Жәми‘», 1771).

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَأْمُرْ بِالْمَعْرُوفِ وَانْهَ عَنِ الْمُنكَرِ وَاصْبِرْ عَلَى مَا أَصَابَكَ إِنَّ ذَلِكَ مِنْ عَزْمِ الأُمُورِ ﴾

«Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа түскен ауыршылыққа сабыр ет. Рас, бұл істерде батылдық таныту керек» («Луқман» сүресі, 17-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):



﴿ وَتَمَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ الْحُسْنَى عَلَى بَنِي إِسْرَائِيلَ بِمَا صَبَرُواْ ﴾



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет