Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен Әһлю-Сунна уәл-жама’а “әл-жама’а” терминін қалай түсінеді



бет2/4
Дата16.04.2016
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4

 

6. Кіші әмірлік туралы

 

Түрлі жамағаттарды құрушылар өздеріне осы жамағатқа кірушілер орындауға міндетті болатын бұйрықтарды шығаратын әмірлер сайлап алады. Осы әмірсымақтардың белгілі бір нәрселерді тыйым салатыны және рұқсат ететіні осы жамағаттың негізінің дұрыс емес екендігіне нұсқайды, бұл туралы шейх әл-Әлбани айтқанындай. Қз.: “Сильсиләтуль-худа уә-ннур” 736.

Олар кіші әмірліктің Исламда орынға ие екендігін туралы мәлімдеп, дәлел ретінде халифа мен мұсылман әмірлеріне қатысты хадистерді келтіреді. Мысалы, «Маған мойынсұнушы Аллаһқа мойынсұнады, ал кім маған мойынсұнбаса, Аллаһқа мойынсұнбайды. Кім әмірге мойынсұнса, маған мойынсұнушылық танытады, ал кім әмірге мойынсұнбаса, сол маған мойынсұнбаған болады». Әл-Бухари 2957.

Немесе мына хадис: «Кім имамы жоқ болған күйде өлсе, жәхилиет өлімімен өлген болады». Ахмад 4/96, Ибн Хиббан 4573. Хадис сахих.

Алайда осы және осы сияқты хадистерде сөз мұсылмандардың әмірлері туралы болуда, әрі Аллаһ Тағала: «Әй мүміндер. Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған билік иелеріне бой ұсыныңдар» (ән-Ниса 4: 59), – деп, оларға да мойынсұнуды бұйырды.

Ибн ‘Аббас  былай деген: «Билік иелері» – бұл ғалымдар”, – ал Абу Хурайра: “Бұл әмірлер”, – деген. Ибн әл-Қайим осы екі пікірді біріктіріп, былай деп айтқан: “Іс жүзінде әмірлерге олар білімге сүйеніп әмір еткен кезде бағынады, сондықтан да оларға бағыну ғалымдарға бағынудың нәтижесі болады». Қз.: “И’ләмуль-мууақи’ин” 1/99.



Имам Ахмадқа «Кім имамы жоқ болған күйде өлсе, жәхилиет өлімімен өлген болады» деген хадис туралы сұрақ қойылғанда, ол былай деген екен: “Имам кім екендігі туралы сендерге мәлім бе?! Ол – айналасына барлық мұсылмандар жиналған, әрі оны имам деп айтатын  (адам)”. Қз.: Аби Я’лә  “әл-Ахкам” 1/23.

Олардың дәйектерінің қатарына сондай-ақ ‘Умардың кең таралған мына сөзі де жатады: “Жамағатсыз Ислам жоқ, әмірсіз жамағат жоқ, бағынусыз әмір жоқ”.

Біріншіден, имам әд-Дарими 1/91 келтіретін бұл хабар сахих емес. Оның жеткізушілерінің тізбегінде Сафуан ибн Рустум бар, ал оны әз-Захаби және басқа имамдар белгісіз (жеткізуші) деп айтқан. Сондай-ақ бұл хадистің басқа бір нұсқасы да бар, алайда оның тізбегінде ‘Абдур-Рахман ибн Майсара аталған, ал оны ешкім сенімді деп айтпаған. Бірақ бұл асар

Екіншіден, жамағатта әмірдің болуы оның бар болуының шарты болып табылмайды. Әл-жама’аның бар болуы әмірге ешқандай байланысты емес, әрі халифа болмаған тұста бағынуға тиіс адамдар  жамағаттардың өздері  сайлап алған әмірлер емес, ғалымдар болып табылады! Бұл аз болса, егер адам сахабалар ұстанған жолда болса, оның өзі жама’а, тіпті егер айналадағы барлық адамдар бұл жолдан ауытқыған болса да. Ибн әл-Қайим  былай деген: “Әрі имам Ахмадтың кезінде жама’а болған азғантай бөлігінен басқа барлық адамдар ауытқыды! Әрі сол кезде (Құран жаратылған деп есептеген) қазылар да, муфтилер де, халифа да және олардың іздерінен ілесушілер де ауытқығандардың қатарында болды. Ал имам Ахмад сол кезде әл-жама’а еді!” Қз.: «әл-Хауадис уәл-бида’» 1/22.

Ибн Мас’уд  былай деген: “Жама’а – бұл ақиқатқа сәйкес келетін нәрсе, тіпті сен жалғыз болсаң да!” әл-Ләликаи, Ибн ‘Асакир, иснады сахих. Қз.: “әл-Мишқат” 1/61.

Сондай-ақ олардың дәлелдеріне имам Ахмад өзінің “Муснадында” ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдың сөздерінен келтіретін мына хадис те жатады: «Қандай да бір жер телімінде өмір сүруші үш адамға олардың біреуін әмір етіп сайламауына рұқсат етілмейді». Алайда бұл хадис сахих болып табылмайды. Толығырақ “әс-Сисльсилә әд-да’ифа уәл-мауду’аны” 589 қараңыз. Бірақ тіпті осы хадис сахих болғанның өзінде де, одан әрбір жеке топтың әмірін емес, мұсылмандардың әмірін сайлаудың маңыздылығын және қажеттілігін түсіну керек, өйткені мұндай мазмұндағы хадистерді осылайша түсіну саләфтардан келмеген!

Ал Абу Дауд (2608) келтіретін «Егер үш адам сапарға шықса, олардың біреуі әмір болсын!» деген хадиске келер болсақ, ол сахих болып табылады, алайда бұл хадис тікелей сапарға байланысты бұйрықтарға қатысты, сапар кезінде келіспеушіліктер туындамауы үшін (мысалы, қалай жүру, немен жүру, қай жерде тоқтау т.с.с., бірақ бұдан артық емес), өйткені  сапар аяқталған соң бұл әмірлік тоқтайды.  Имам әл-Хаттаби  былай деген: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан сапарда әмір сайлау бұйырылған, олардың істері біртұтас болуы және олардың көзқарастары бөлінбеуі үшін және олардың арасында келіспеушіліктер болмауы үшін”. Қз.: “Мухтасар «Сунан» Аби Дауд” 3/414.

Шейх Ибн ‘Усаймин  былай деген: “Бұл хадисте қалада және ауылда әмірлік жоқ екендігіне дәлел бар, өйткені қалада және ауылда әмір (мемлекет басшысы) тағайындаған өз әмірлері бар”. Қз.: “Шарху сиясати-шшар’ия” 462.



Бұл ислам елдеріне қатысты!

Ал кейбір ғалымдардың осы хадиске қатысты айтқан сөздеріне, мысалы  имам  әш-Шауканидің “Бұл хадисте саны үш және одан да көп адамға жеткен кез келген топқа олардың біреуін әмір ету керек дегенге дәлел бар, өйткені осыда (әмір сайлауда) келіспеушіліктен құтылу бар» (Қз.: “Найлюль-аутар” 8/265) деген сөздеріне немесе  олар кіші әмірліктің рұқсат етілгендігіне дәлел келтіретін Ибн Таймийяның “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сапардағы шағын топ адамның арасындағы біреуіне әмір болуды бұйырды, әрі бұл бұйрық мұсылмандардың басқа қауымдастықтарына да қатысты” (Қз.: “Сиясату-шшар’ия” 161) деген сөздеріне келер болсақ, бұл ғалымдардың сөздерінің шынайы мағынасында мұсылмандардың кез келген тобы, олар қай жерде болса да, әрі саны қанша болса да, өздерін басқаратын немесе олар оған ант беретін әмір сайлап алуы қажет дегенге нұсқамайды. Олардың сөздері мұсылмандардың жаппай әмірінің болуының маңыздылығына және қажеттілігіне нұсқайды.  Шейх Ибн ‘Усаймин Ибн Таймийяның сөздері туралы  былай деген: “Шейхуль-Ислам сопылардың әмірлерін де, әртүрлі топтардың әмірлерін де меңзеп тұрған жоқ.  Шейхуль-Ислам мұсылмандардың жаппай әмірін меңзеп тұр”. Қз.: “Шарху сиясати-шшар’ия” 464.

Бұған сондай-ақ Ибн Таймийяның өзінің былай деп айтқан бір мағыналы сөздері нұсқап тұр: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) билікке ие әрі сол арқылы олар адамдарды басқаратын, іс жүзінде бар болған белгілі әмірлерге бағынуды бұйырды. Әрі өз негізінде билікке де, күшке де ие емес, өзі жоқ әмірге бағыну жоқ». Қз.: «Минхажжу-с-Сунна» 1/115.

Ал кәпірлердің жерлерінде өмір сүретін әмірлер мұсылмандарды емес, өздерін де қорғай алмайтын болса, олар қандай билік пен күшке ие?!  Олар шынайы билікке де, күшке де ие емес. Осы әмірсымақтар өздеріне халифалардың өкілеттерін жүктеп алған, бірақ өздерінің қарамағындағыларға қарапайым көмек те, қорғау да көрсете алмайды! Ендеше олар қалайша әмір болып табылмақ?!

Уа, мұсылмандар! Сендерге келтірілетін кейбір жанама дәлелдерге алданбаңдар, өйткені олар ғалымдардың жалпы түсініктері мен пікірлерінің мәтіндерінен жұлып алынған үзінділер ғана!

Шейх Ахмад ән-Нажми  былай деген: “Әмірлікке келер болсақ, ол сапардан және мемлекеттен өзге басқа жағдайда шариғат тарапынан бекітілмеген, әрі бұл елде мұсылмандардың әмірінен басқа кімді болсын әмір етіп сайлауға рұқсат етілмейді! Ал «Әмірлік сапар мен мемлекетте ғана емес, өзге жағдайларда да рұқсат етілген!» деп айтатындарға келер болсақ, олар дәлел келтірсін, алайда олар оны таба алмайды!” Қз.: «әл-Маурид» 195.

Алайда “имаратуль-идария” рұқсат етіледі, бұл «әкімшілік басқару» дегенді білдіреді, мысалы, мектептің, компанияның немесе қандай да бір мекеменің директоры. Шейх әл-Әлбаниге: “Бірнеше бала бір үйде тұрады, олар өздерінің арасынан біреуін үлкені немесе әмірі етіп сайлап алуына болады ма?», – деген сұрақ қойылды.  Шейх әл-Әлбани  былай деген: “Болады, егер ол оларға көмектесетін адам болса; егер олар оған ант бермейтін болса және білім иесі ретінде сұрақтарымен жүгінбейтін болса”.

“Ал оны әмір деп атауға болады ма?” деген сұраққа ол: “ «Әмір» деген сөзді қолданбау керек, мұның ізінен осы терминді бұрыс түсіну жалғаспауы үшін”, – деп жауап берді. Тыңдаңыз: “Сильсиләту худа уа-ннур” № 224.

Ал мұсылмандардың әмірінің бұйрықтарына келер болсақ, егер олар тыйым салынған болмаса, онда оларды орындау уәжіп (міндетті) болады, бұл аға (үлкен) ретінде сайланған немесе бастық болып табылатын адамның айтқандарын орындаудан айырықша, өйткені оларға бағыну уәжіп емес, әрі мойынсұнбау күнә болмайды!

 

7. Ант беру туралы

 

Әмірлік туралы жоғарыда айтылғанның барлығы жоғарыда аталған осындай партиялар мен жамағаттардың арасында кең таралған ант беруге де қатысты. Олар осы мәселеде тереңдеп кеткені соншалықты – осы антты тек әмірсымақтың өзіне ғана емес, оның жергілікті тағайындаған әкімсымақтарына да беру керек деп есептейді.  Олардый дәйегі мына хадис: «Кім ант бермеген күйде өлсе, жәхилиет өлімімен өлген болады». Муслим 3/240.



Ал шын мәнінде бұл ант тек халифаға немесе мұсылман мемлекетінің әміріне ғана беріледі. Шейх әл-Әлбани  былай деген: “Хадистерде айтылатын ант мұсылмандардың халифасына қатысты екенін, бірақ бұл қандай да бір партия мен сектаның жетекшісіне ант беретін әртүрлі ағымдардың істеп жүргеніндей емес екенін біл!  Міне осы – Құран тыйым салған  бөліну мен бытыраңқылықтың нағыз өзі!” Қз.: “әс-Сильсилә әс-Сахиха” 2/677.

Шейх Бакр Абу Зайд та “Хукмуль-интимада”  былай деген: “Мұсылман әміріне емес (басқаға) берілген кез келген анттың шариғатта ешқандай негізі жоқ!”

Үмметіміздің саләфтарынан мұсылмандардың әмірлерінен басқа кімге болсын ант беру туралы келмеген. Ал керісін айтатын адам дәлел келтірсін!

 

8. Кәпірлердің елдердерінде тұратын мұсылмандарға не рұқсат етіледі?



 

Кәпірлердің елдерінде өмір сүретін мұсылмандар қандай да бір маңызды мәселелер бойынша ғалымдарға жүгініп, олардың айтқандарына ілесуі қажет. Олар дін істерінде бір-біріне көмектесуі керек және бірге болуы қажет, бұл туралы Аллаһ Тағала: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар әрі шыншылдармен бірге болыңдар!» (әт-Тауба 9: 119), – деп бұйырғанындай. Аллаһ сондай-ақ былай деген: «Біріңе бірің жақсылық пен тақуалықта көмектесіңдер де, күнә мен жауласуда көмектеспеңдер» (әл-Мәидә 5: 2).

Ал олардың әмір сайлауына келер болсақ, бұл сұраққа шейх Ибн ‘Усаймин тамаша жауап берді! Оған: “Кәпірлердің жерінде өмір сүріп жатып әмір сайлауға болады ма?», – деген сұрақ қойылды.

Ол былай деп жауап берді: “Егер ол адамдар оған өз мәселелерімен жүгінетін адам болса, онда мұның еш жамандығы жоқ. Бірақ бұл маңызды жалпы мәселелер (умуруль-‘амма) болса, онда болмайды. Егер олар өздеріне осы кәпір елінің көлеңкесінде бола тұра, осы мемлекетпен жауласуға түсіп, шариғатты іске асыратын әмірді сайлайтын болса, онда бұл рұқсат етілмейді, өйткені ол өзін опат етуге тастайды! Алайда егер ол мұсылмандардың мәселелерін шешсе, мұндайдың еш жамандығы жоқ, мысалы, олар сайлайтын муфти”. Қз.: «Шарху сиясати-шшар’ия» 465.



 

9. Кейбір жамағаттардың опат етуші адасушылықтары

 

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: «Сендердің істерің бір адамның айналасында біртұтас болған тұста біреу келіп, сендерді қақ айыруды және жамағаттарыңды бөлуді қаласа, оның басын шауып тастаңдар!» Муслим 3/1479.

Кейбір мұсылмандар тантыққа жеткені соншалықты – олар бұл хадисті өздерінің тобының  ыңғайына бұрмалап, өздеріне қайшы келетін кез келген адамды осы хадистің үкіміне түсіріп, әрі «оны өлтіруге болады, тіпті ол мұсылман болса да» деп есептейді!!! Алайда іс жүзінде бұл жерде мұсылмандардың халифасы туралы сөз болуда, бұл туралы ғалымдар айтқандарындай. Имам ән-Науауи  былай деген: “Бұл хадисте әмірге (мемлекет басшысына) қарсы шығып, мұсылмандарды бөлгісі келген адамды өлтіру туралы бұйрық бар, әрі ол ескертуден кейін тоқтамаса, оны өлтіру керек». Қз.: “Шарху «Сахихи» Муслим” 12/241.

Имам әс-Сан’ани да  былай деген: “(Пайғамбардың) бұл сөздері төңірегіне мұсылмандар жиналған әмірге (мемлекет басшысына) қарсы шыққанды өлтіруге рұқсат етілетініне нұсқайды, Аллаһтың құлдарын зияннан құтқару үшін”. Қз.: “Субулю—с-Саләм” 3/506.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде; өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу дінінен шығып жама’аны тастап шыққан кезде». Әл-Бухари 6878, Муслим 1676.

Басқа бір елге өмір сүру үшін көшіп барған мұсылманды осы хадистің негізінде, ол олардың жамағатынан бөлініп шыққандығын сылтауратып, өлтіргісі келген жағдай да болған! Бұл да терең адасушылық, өйткені хадисте сөз діннен шыққан адам немесе мұсылмандарға және олардың әміріне қарсы шыққан адам туралы болуда! Имам ән-Науауи  былай деген: “ «Дінінен шығып жама’аны тастап шыққан» деген сөздер Исламнан ауытқыған әрбір діннен шыққан адамға қатысты, әрі егер ол Исламға қайта оралмаса, оны өлтіру уәжіп (міндетті болады). Ғалымдар сондай-ақ бұл діндегі жаңалықтың немесе (қарулы) бүліктің немесе тағы да бір нәрсенің көмегімен жамағатқа қарсы шыққанның әрбіріне қатысты деген. Әрі бұл сондай-ақ хауариждерге де қатысты”.

 

Қандай да бір ғалым немесе білім талап етуші мұндай топтардың адасушылықтарын атап айтса немесе оларға нұсқаса, олардың жетекшілері оны бұзақы-пасық деп атап, ол  жама’аны теріске шығарады деп айыптай бастайды.  Олар тіршілік көзін тек жамағатта ғана көретін өз қарамағындағыларға «әлгілер жама’аны теріске шығарады» деп айтады, әрі осы бейхабар мұсылмандар көптеген хадистерде, соның ішінде орыс (қазақ) тіліне аударылған әдебиеттерде жама’а туралы жиі айтылатындығын біле тұра, қалайша оны теріске шығаруға болады деп аң-таң болып абдырап таңданып,  олардан өздерін шеттете бастайды.  Ал шындығында ешкім жама’аны теріске шығарып жатқан жоқ, бірақ жамағаттың осындай бұрмаланған түсінуін теріске шығарып сөгуде, міне бар болғаны осы-ақ!



 

Тұжырым

 

Жоғарыда баяндалғаннан мынандай қорытынды шығады:



1.         Бүкіл ислам үмметі – міне осы жамағат, ал одан ауытқығандардың барлығы жамағатқа ешқандай қатысы жоқ!

2.         Әл-жама’а – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының ұстанғаны, әрі әл-жама’а – бұл Аллаһ Тағаланың дінін баршадан жақсы білетін ғалымдардан ұстану дегенді білдіреді, өйткені Аллаһ Тағаланың өзі түсінбеушілік туындаған кезде оларға жүгінуді бұйырып: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» (ән-Нахль 16: 43), – деп бұйырған адамдар дәл солар.

3.         Біз айтып кеткеніміздей, сахабалардың түсінуіндегі Құран мен Сүннетке ілескен және түсінбеушіліктер туындаған кезде не істеуді және қалай істеуді  өздері шеше салмай, ғалымдарға жүгінетін барша мұсылмандар – міне солар жамағатқа ілеседі, тіпті егер әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатса да!

4.         Жама’аттың болуы үшін әмірдің болуы шарт емес!

5.         Ал әмір тек мемлекетте және сапарда ғана болуы мүмкін (осы әмірлік әкімшілік басқарумен ғана шектелу шартымен, бұл туралы жоғарыда айтылғандай)!

6.         Ислам жерінде өмір сүретін адамдар мұсылман әмірінің (мемлекет басшысының) көлеңкесінде кімді болсын әмір етіп сайлап алуға құқықты емес!

7.         Кәпір елдерінде өмір сүретіндерге келер болсақ, олар өздерінің біреуін жауапты етіп сайлап алуына болады, егер осыған деген қажеттілік және мұсылмандар үшін пайда болса. Бірақ ол дінді білуі, өзін және сол жерде өмір сүретін мұсылмандарды кәпірлер тарапынан қауіпке салатын мәселелерге араласпауы шартымен! Өкішінке орай, қазіргі кезде көп жағдайда осыған керісінше болуда! Сондай-ақ ол бұйрықтар бермеуге, бір нәрселерге тыйым салмауға, ант беруді талап етпеуге т.с.с. тиісті.  Алайда ол ары кетсе насихат бере алады, ал адамдар оған құлақ асады ма, әлде жоқ па – бұған ол жауапты емес, бұл туралы Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ал егер олар бет бұрса, онда саған уахиді жеткізу ғана жүктелген» (Әли Имран 3: 20), – деп айтқанындай. Мұндай адам ол жерде мұсылмандардың талақ, сауда, фиқх секілді т.с.с. мәселелерін шешетін адам сияқты.

 

Қорытынды

 

Біз барлық мұсылмандарды дінді дұрыс түсінуге және оның негіздеріне шақырамыз. Уа, мұсылмандар! Ешкім және адамдардың арасындағы ешқандай бедел мен атақ иесі оған соқыр түрде ілесуге және оның сөздерін сөзсіз қабылдауға лайықты емес! Ибн ‘Аббас  былай деген: “Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге сөздері бұлтартпай қабылдануы қажет ешбір адам жоқ!» әт-Табарани “әл-Кәбирде” 11/229. Иснады жақсы (хасан).



Имам Ахмад былай деп айтатын: “Дініңді адамдардың ешқайсысынан соқыр түрде қабылдама! Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларынан, ал содан соң табиғиндерден келгенді ал”. Қз.: “әл-Масаиль Аби Дауд” 1793.

Дәлел талап етпей соқыр түрде білім алатындар туралы имам әш-Шафи’и былай деп тамаша айтқан: “Кім дәлелсіз білім талап етсе, сол түнделетіп отын жинайтын, отынға қоса оны шағып алатын жыланды да ұстап алған адам секілді!“ әл-Байхақи “әл- Мәдхальда” 1/211.

Өз діндеріңізді алатын адамға қараңыздар! Мухаммад ибн Сирин былай дейтін: “Ақиқатында, бұл білімдер – дін; ендеше діндеріңді кімнен алып жатқандарыңа қараңдар!” Муслим 1/23.

Араб тілін немесе діннің қарапайым негіздерін білетін кез келген адам мұсылмандардың әлемдік мәселелерін шешуге құзырлы бола бермейді! Әрі араб елінде бес, не он жыл өмір сүрген кез келген адам да ғалым болып табыла бермейді! Ол туралы басқа ғалымдар оның ғалым екендігін айтқан адам ғана ғалым болып табылады.  Имам әш-Шатыби  былай деген: “Ғалымдар «ғалым» деп танымаған ғалым, басқа ғалымдар ол туралы: «Ол – ғалым», – деп куәлік бермейінше, ғалым болып табылмайды!” Қз.: “әл-И’тисам” 2/738.

Имам Абу Шама былай деп ақиқатты айтты: “Көп жағдайда адамдар белгілі бір адамды білім иесі және тақуа деп санай бастағандықтарынан (ал ол ондай болып табылмаса) бидғаттарға түседі. Және мұндай адамдар оның сөздері мен амалдарына (үлгі ретінде) қарай бастайды. Олар осы нәрселерде оның соңынан ілеседі де, сөйтіп өз істерін күйреуге алып келеді!” Қз.: “әл-Ма’рифа уа-ттарих” 1/670.

Имам әш-Шатыби былай деді: “Адамдардың қиыншылдықтары өздері ғалым деп санайтын надандардың себебінен орын алады”. Қз.: “әл-И’тисам” 1/145.

Имам әл-Ауза’и былай дейтін: “Саләфтардың іздерінен ілес, тіпті адамдардың барлығы сенен бас тартса да. Және адамдардың пікірлерінен сақ бол, тіпті олар пікірлерін өз сөздерімен әдемі етіп көрсетсе де”. Қз.: “әш-Шари’а” 1/193.

Абу әд-Дарда, Ибн Мас’уд және Убай ибн Қа’б (Аллаһ оларға разы болсын)  былай деген: “Аз болса да, бірақ Сүннетке сәйкес іс істеу, дінге жаңалық енгізуде ыждағат танытудан жақсырақ”. Әд-Дарими 1/72, әл-Байхақи 3/19, Ибн Наср 102, Ибн Батта 232. Иснады сахих.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер менен кейін ұлы келіспеушіліктерге түсесіңдер», – деп айтатын. ‘Абдур-Раззақ 20818, әт-Табарани “әл-Кәбирде” 3/146. Хафиз әл-Хайсами “Мажму’у-ззауаидте” 5/7,  бұл хадистің барлық жеткізушілері «Сахихта» аталатынын айтқан, ал шейх әл-Әлбани хадисті сахих деген.

Әрі Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құтылатындарға нұсқап, осы топтың ерекшеленетін сипаттарын атап:  «Бұл – әл-жама’а, - немесе: - Бұл – мен және менің сахабаларымның ұстанғанын ұстанатындар!», – деп айтқан.

Үмметіміздің алғашқы буындарынан да, кейінгі ұрпақтардан да шыққан имамдарының ақидасында жама’а нені білдіретіні – міне осы. Бұл жай ғана Құран мен Сүннетке ілесу емес, бұл Құран мен Сүннетке оларды сахабалар (саләфтар) қалай түсінген болса, дәл солай ілесу! Міне сондықтан да біз барша мұсылмандарды жамағат құру, әмір сайлау, ант беру, бағыну, сондай-ақ діннің басқа да барлық мәселелерінде үмметіміздің саләфтарының ұстанған түсінігіне қайтуға және Құран мен Сүннеттің мәтіндерін өзінше түсінумен шектелмеуге шақырамыз!

Уа, мұсылмандар! Кіші адасушылық үлкен адасушылыққа айналатынын біліңіздер! ‘Амр ибн Саләма баяндаған оқиғаны еске алыңдар: “Әркез таң намазынан бұрын біз ‘Абдуллаһ ибн Мас’удтың есігінің алдында, онымен бірге мешітке бару үшін, оны күтіп отыратынбыз. Бірде Абу Муса әл-Аш’ари келді де: “Абу ‘Абдур-Рахман шығып қойды ма?”, - деп сұрады. Біз: “Жоқ”, – деп жауап бердік. Сонда ол отырды да, ол үйінен шыққанға дейін күтті. Ал ол шыққан кезде, біз барлығымыз оған жақындадық, әрі Абу Муса  былай деді: “Уа, Абу ‘Абдуррахман, мен қазір ғана мешітте өзіме ұнамайтын бір нәрсе көрдім, бірақ Аллаһқа шүкір, игіліктен басқа еш нәрсе көрмедім», – деді.  Ибн Мас‘уд: “Не ол?” – деді.  Абу Муса оған: “Егер барсаң, оны өзің де көрерсің. Ал мен мешітте шағын шеңберлер құрып алып отырған адамдарды көрдім, олардың әрқайсысының ортасында өзінің айналасындағыларына: «Осынша рет «Субхан-Аллаһ» деп айтыңдар, “Әлхамду ли-Лләһ” деп осынша рет айтыңдар, “Аллаһу Әкбар” деп осынша рет айтыңдар», – деп айтып отырған  бір адамнан отыр. Және әрбір отырған адамның алдында ол тасбих, такбир және тахмид

Содан соң біз онымен мешітке бет алдық, әрі ол осындай үйірмелердің біріне жақындап келіп тоқтап, сол жердегі адамдардан: “Сендер немен айналысып отырсыңдар?», - деп сұрады. Олар: “Уа, Абу ‘Абдур-Рахман, осы тастар арқылы біз “Аллаху Әкбар”, “Лә иләһә иллә-Ллаһ”, “Субхана Аллаһ” және “Әл-хамду ли-Лләһ” сөздерін қанша рет айтқанымызды санаймыз», - деп жауап берді. Ибн Мас’уд  сонда: “Мұның орнына күналарыңды санағандарың жақсырақ болар еді, ал ізгі істеріңе келер болсақ, олардың ешбірі есептелмей қалмайтынына кепілдік беремін. Қасірет сендерге! Уа, Мухаммадтың үмметі! Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары әлі сендердің араларыңда, оның киіп жүрген киімі әлі тозып үлгермеді, ал сендер қалай опат болуға қарай тез ұмтылдыңдар?! Жаным Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, не сендер Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дінінен басқа туралау дін алып келдіңдер, не адасушылықтың есігін ашудасыңдар!», - деді.  

Ал олар сонда былай деп айтты: “Уа, Абу ‘Абдуррахман, біз игіліктен басқа еш нәрсе қаламадық”

Имам әл-Барбахари: “Амалдардағы кіші бидғаттардан сақтаныңдар, өйткені, ақиқатында, кіші бидғат үлкен болғанша ұлғайып-өседі! Өйткені бұл үмметке енгізілген әрбір бидғат өзінің алғашында кішкентай және ақиқатқа ұқсас еді, әрі осы бидғаттқа кірген адам азғырылып, кейін одан шыға алмай қалды. Сөйтіп бұл бидғат үлкен болды және олар ұстанатын дінге айналды», – деп ақиқатты айтты.  Қз.: “Шарху-с-Сунна” 61.

Мухаммад ибн Сирин  былай деген: “Қайсы адам бидғат істемесін, нәтиже оның Сүннеттен айрылуы болады»

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Елшіге қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!» (ән-Ниса 4: 115).

Бұл аятта Аллаһ Тағала Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларына ілесу барлық істерде болуы қажеттігіне нұсқаған, әрі оларға ілесуді белгілі бір мәселемен немесе ғибадаттың түрімен шектемеген.

Ұлы Аллаһ сондай-ақ  былай деген: «Мухажирлер мен ансарлардан болған алғашқы иман келтіргендерден және жақсылықта оларға ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Аллаһтан разы болды. Сондай-ақ Аллаһ олар үшін мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарын әзірледі. Міне осы – ұлы жетістік!» (әт-Тауба 9: 100).

Бұл жерде Аллаһ мухажирлер мен ансарларға және олардың жолына қатаң түрде ілесетіндерге ғана разы екендігін атап айтты!

 

Әрі соңында әлемдердің Раббысы –  Аллаһқа мақтау айтамыз!

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, сахабаларына және олардың жолына ілескендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен

 


Каталог: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет