Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен



Дата03.05.2016
өлшемі104.09 Kb.

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен



Намаз орындаушының алдында бөгет (сутра) 1 болуының міндеттілігі туралы


«Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бөгеттің (сутраның) алдында, онымен қабырғаның арасындағы (қашықтық) үш шынтақ болатындай, жақын тұратын2 және «оның сәжде жасайтын орны мен қабырғаның арасында қой өтуге жеткілікті қашықтық қалатын»3.

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай дейтін: «Намазды тек бөгетке (сутраға) қарап орындаңдар және ешкімге алдыларыңнан өтуге жол бермеңдер, ал егер ол (алдыларыңнан кесіп өту талпынысын) жалғастырса, онымен шайқасыңдар, өйткені оның жанында оның жолдасы (яғни шайтан) бар»4.

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай дейтін: «Егер сендерден біреу намазды бөгетке (сутраға) қарап орындаса, оған жақындасын, шайтан оның намазын бұзбауы үшін»5.

Кейде «ол намазды өзінің мешітінде орналасқан бөрененің алдында орындайтын»6.

«Ол намазды (еш нәрсені бөгет ретінде пайдалануға мүмкіндік болмаған ашық жерде) орындағанда, алдына (жерге) қысқа найзаны қадап қоятын, содан соң сол найза жаққа бет бұрып намаз орындайтын, ал адамдар намазды оның артында орындайтын»7; кейде «ол өзінің алдындағы жерге түйесін шөктіретін және соған бет бұрып намаз орындайтын»8, бірақ бұл ол «тыйым салған»9 түйе қорасында намаз орындаудан ерекшеленеді (бөлек жағдай), ал кейде «ол ер тоқымды (алдына) қойып, оның артқы жағына жүзін қаратып намаз орындайтын»10.

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Егер сендерден біреу алдына бір нәрсені қойса, мысалы ер тоқымның артқы жағын, намазын орындай берсін және оның арғы жағынан өтетін біреуге назар аудармасын»11.

Бірде «ол жүзімен ағашқа бұрылып намазын орындады»12, ал кейде «ол намазды ’Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) [өзінің көрпесінің астында] (жатқан) төсегіне қарап орындайтын»13.

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі мен сутраның арасынан әлдебіреудің өтуіне жол бермейтін. Мысалы, бірде «ол намаз орындап тұрғанда бір қой жүгіріп келді де, оның алдын кесіп өтпек еді, ал ол қабырғаға ішімен жабысып, одан озды [және қой оның артынан өтіп кетті]»14.

Сондай-ақ бірде «парыз намазды орындау кезінде ол жұдырығын қысты, ал (намазын) аяқтаған кезінде адамдар одан: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Намаздың кезінде бір нәрсе болды ма?», - деп сұрады, ал ол: «Жоқ, тек шайтан алдымнан кесіп өткісі келіп еді, бірақ мен оның тілінің суықтығын қолыммен сезгеніме дейін оны буындыра бердім. Аллаһпен ант етемін, егер менің бауырым Сулеймен (оған Аллаһтың сәлемі болсын) осыда мені озбағанда15, мен (міндетті түрде) оны (шайтанды) осы мешіттің бөренелерінің біріне байлап қояр едім, Мәдина (тұрғындарының балалары) оны (барлық жағынан) айналуы үшін. Сондықтан да, кім өзі мен Қыбла арасында ешкімді өткізбеуге шамасы келсе, осылай істесін!»16

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтатын: «Егер сендерден біреу намазды бөгет (сутра) болып табылатын нәрсеге (бет бұрып) орындай бастаса, ал біреу (сол кезде) оның алдынан кесіп өткісі келсе, (намазды орындаушы) оны итеріп жіберсін [бұл хадистің басқа бір нұсқасында «намаз орындаушы оны екі рет тоқтатуға тырысуы қажет» деп хабарланады] және егер ол (бағынудан) бас тартса, ол онымен шайқассын (яғни қаттырақ итеріп жіберсін – Аудармашының ескертпесі), өйткені ол – шайтан!»17

Ол сондай-ақ былай деп айтатын: «Егер де намаз орындаушының алдынан кесіп өтуші өзіне қандай (күнә) алып жатқанын білсе еді, орнында қырық <...> тұру ол үшін оның алдынан кесіп өтуден жақсырақ екенін түсінер еді!» Бұл хадистің жеткізушісі Абу ән-Надр былай деп айтқан: «Ол қырық күн, ай немесе жыл деп айтты ма, ол менің нақты есімде емес»18.

Намазды не бұзатындығы туралы


Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Егер намаз орындаушының алдында ер тоқым сияқты бір нәрсе болмаса, (және) егер оның алдынан (етеккірі келетін19) әйел, есек немесе қара ит кесіп өтсе, оның намазы үзілген болып қалуы мүмкін». Абу Зарр былай деп айтқан: «Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Не үшін қара ит, ал (мысалы) қызыл емес?», - деп сұрадым. Бұған ол: «Қара ит – бұл шайтан!», - деп жауап берді»20.
(шейх әл-Әлбанидің «Сунна әт-Таркийя» лекциясынан үзінді)
Мұсылман адам Аллаһқа адамдар істеп жатқан амалдарды істеумен жақындамайды, алайда ол Оған адамзаттың ардақтысы болған Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) істеген амалдарды істеумен жақындайды. Осыдан мұсылмандарға Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін білу, мейлі олар - орындалатын, мейлі – істелмей қалдырылатын (тасталатын) істер болсын, қажетті болады.

Мен сендерге бүгінгі күннің мұсылмандары (орындауға тиісті істерді) фи‘лия Сүннетін тастап, (істемеуге (қалдыруға) тиісті істерді) таркия Сүннетін (орынсыз) орындап жүргенінің мысалын келтірейін. Мысалы, біз осы мешітте және де осы қаланың немесе басқа қалалардың көптеген мешіттерінде намазды орындап жүрміз, және көп адамдар намазға селқостық танытып, оны өз ұйғарымдарымен орындап жүргендерін көрудеміз. Біз мынадай Сүннет туралы білеміз (немесе мұны мен міндет деп те айтар едім, өйткені мен Сүннет дегенде фақихтердің терминологиясында келетін нәрсені меңзеп тұрған жоқпын) бұл - Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) намазды орындау барысында сутра21 қою туралы бұйрығы. Алайда, намазды орындаушылардың көбі бұл бұйрыққа немқұрайлы қарайды. Мысалы, мұсылман адам мешітке кіріп, парыз намазынан алдын сүннет намазын немесе мешітке сәлем беру намазын, немесе кез-келген өзге намазды орындауға дайындалады. Ал енді, ол намазды орындау үшін қай жерге тұрады? Кез-келген жерге. Ал намазды, оның алдынан ешкім өтпеуі және намазын үзбеуі үшін, бөгеттің алдына тұрып орындау қажет. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп бұйырды: «Егер сендерден біреу намаз орындаса, шайтан оның намазын үзбеу үшін, оны бөгетке жақындап орындасын». «Сахих әл-джами‘» 650.

Басқа бір хадисте: «Намазды орындаушы сутраға жақындасын», - деп айтылады.

Сіз, сондай-ақ «ол Сүннетті іске асырып, намазын сутраға жақындап оқып тұр» деп есептеген біреуді де көруіңіз мүмкін. Алайда ол Бухариде келтірілген мына хадис туралы білмейді: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намаз орындаған кезде оны мен қабырғаның арасындағы арақашықтық үш білекке тең болатын». Ал басқа бір хадисте: «Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сәжде жасаған кезде, оның басы мен сутраның арасында бір қой өтуге жететіндей орын қалушы еді», - деп айтылады. Осыдан сәжде жасаған кезде бас сұтраға тірелетіндей көп жақындамау қажеттігі келіп шығады.



Міне, сөйтіп, сіздер намаз орындаушылардың сутра туралы мүлдем ойланбай-ақ, не өздері қалаған жерлерде намаз оқып жатқандығын, не сәжде жасағанда оған басын тіреп жатқандығын көресіздер. Біріншісі де, екіншісі де Сүннетке қатысты надандықтың себебінен орын алуда. Ал бұл орындауға тиісті болған Сүннет (фи‘лия Сүннеті) мұсылмандарда білім болмағандықтан (істелмей қалдырылған (тасталған)) таркия Сүннетіне айналды.

1 «Сутра» - сөзбе-сөз «бөгет, перде, қалқа». Намазда «сутра» термині намаз орындаушының сәжде жасайтын орынының дәл алдына қойылатын кез келген затқа қатысты қолданылады. Мұндай бөгет оны мен намаз орындаушының арасынан намаз кезінде ешкімнің өтуіне болмайтынына нұсқаушы қызметін атқарады, бұл туралы осы бапта жан-жақты хабарланатынындай.

2 Әл-Бухари және Ахмад.

3 Әл-Бухари және Муслим.

4 Ибн Хузайма «әс-Сахихта» (1/93/1) сенімді иснадпен.

5 Абу Дауд, әл-Баззар («Зауа’ид» 54-бет) және әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деді. Онымен әз-Захаби және ән-Науауи келісті.

6 Әл-Бухари. Бөгет (сутра) имамға да, намазды жалғыз өзі орындап тұрған адамға да қажет, тіпті үлкен мешіттің ішінде де. Ибн Хани өзінің «әл-Маса’иль әл-Имам Ахмад» (1/66) кітабында былай деп жазады: «Бірде Абу Абдуллаһ (имам Ахмад ибн Ханбаль) менің алдымды сутра арқылы бөгеттемей намаз оқып тұрғанымды көріп қойды. Мен сол кезде онымен бірге бас мешітте болатынмын. Ол маған: «Бір нәрсемен бөгет жасап қой!», - деді және мен адаммен бөгет жасап қойдым». Бұл жерде «имам Ахмад бөгет (сутра) мәселесінде үлкен және кіші мешіттердің арасында айырмашылық жасамаған» дегенге нұсқау бар. Және бұл, әрине, дұрыс, бірақ мұндай нұсқауды намаз орындаушылардың көбі орындамайды, тіпті мен барып қайтқан мемлекеттердегі, соның ішінде мен осы (1410 х.ж.) жылдың ережеп айында аралап шыққан Сауд Арабиясындағы мешіттердің имамдары да. Сондықтан да ислам ғалымдары (уляма) адамдарға сутраға қатысты күші бар ережелерді түсіндіріп, осы туралы айтып, осыны орындауға оларды шақыруы қажет. Бұл нұсқауды тіпті екі Харам Мешітінде де орындау қажет.

7 Әл-Бухари, Муслим және Ибн Мажжаһ.

8 Әл-Бухари және Ахмад.

9 Сол жерде.

10 Муслим, Ибн Хузайма (92/2) және Ахмад.

11 Муслим және Абу Дауд.

12 Ән-Наса’и және Ахмад бұл хадисті сенімді жеткізушілер тізбегі арқылы келтіреді.

13 Әл-Бухари, Муслим, Абу Йа’ля (3/1107).

14 Ибн Хузайма өзінің «әс-Сахих» (1/95/1) кітабында, әт-Табарани (3/140/3) және әл-Хаким, соңғысы бұл хадистің сенімділігін анықтаған және онымен әз-Захаби келіскен.

15 Бұл Сулейменнің (Аллаһтың оған сәлемі болсын) Аллаһ жауап берген дұғасына қатысты, бұл туралы Құранның келесі аяттарында баяндалатынындай: «"Раббым! Мені жарылқа. Маған, менен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер. Әрине, Сен өте Жомартсың", - деді. Сондықтан (оған) қалаған жерге жетуге, бұйрығымен оңай жүретін желді бағындырдық. Әр түрлі құрылыс жасаушы және сүңгігіш, ал басқа біреулері шынжырларда матаулы шайтандарды бағындырдық» («Сад» сүресі, 35-38- аяттар).

16 Ахмад, әд-Дарақутни, әт-Табарани бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

17 Әл-Бухари, Муслим. Тік бұрышты жақшаларға алынғанды қосымша Ибн Хузайма (1/94/1) жеткізеді.

18 Әл-Бухари, Муслим. Тік бұрышты жақшаларға алынғанды қосымша Ибн Хузайма (1/94/1) жеткізеді.

19 Яғни кәмелетке толған әйел. Бұл жердегі «үзілген (қырқылған)» деген сөз «зая етілген» дегенді білдіреді. Ал «Еш нәрсе намазды үзілген етпейді» деген хадиске келер болсақ, - бұл әлсіз хадис, мен бұған «Тамам әл-Миннахта» (306-бет) нұсқағанымдай.

20 Муслим, Абу Дауд және Ибн Хузайма (1/95/2).

21 Сутра – намазды орындау барысында намаз оқушыны өзгелерден қоршау үшін оның алдына қойылатын бөгет. Намазды сутраға жақындап барып орындау міндетті болып табылады, өйткені Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұны бұйыратын және намазды сутрасыз орындамайтын. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтатын: «Бөгеттің(сутраның) артында болмаса, (өзге жерде) намазды орындамаңдар, және ешкімнің алдарыңнан (кесіп) өтуіне рұқсат етпеңдер, ал егер біреу (кесіп) өтуге ұмтылса, онда онымен шайқасыңдар, өйткені оның алдында серігі (шайтан) бар». Ибн Хузәйма 1/93. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

Кез-келген зат: мейлі ол қабырға, тал, тас, орындық, т.с.с. жер бетінен ер-тоқымның биіктігіндей көтеріліп тұратын кез келген зат - сутра бола алады, өйткені сахих хадистерде сутра ретінде аталатын ең кішкентай нәрсе ер-тоқым болып табылады. Ал «Сендердің әрбірің намаз орындап жатқанда алдына бірдеңе қойсын. Егер қолайлы ешнәрсе таппаса, жерге таяқты қадай салсын. Ал егер ол таяқ таппаса, онда сызық сызсын, сонда оған алдынан өтетін ешкім зиян тигізбейді» деген хадиске келер болсақ, ғалымдар бұл хадистің сенімді екендігінде пікірталасқа келген. Қазы ‘Ийяд былай деп айтатын: «Сутраның орнына сызық (сызуға) қатысты хадис жеткендігіне және оған Ахмад ибн Ханбаль жүгінгеніне қарамастан, бұл жеткіліксіз, өйткені хадис әлсіз болып табылады». Имам ән-Науауи «Шарх Муслим» еңбегінде былай деп жазған: “Абу Дауд келтіретін сызық туралы хадис әлсіз және шатасқан болып табылады». Шейх әл-Әлбани де осылай деген. “әт-Та‘лиқатуль-жияд” 1/83 қараңыз.



Каталог: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет