Аса-талас алабындағы суармалы жерлердің су қорын арттыру әдістері



жүктеу 58.91 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі58.91 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
АСА-ТАЛАС АЛАБЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІҢ СУ ҚОРЫН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Жамбыл облысының 50%-дай суармалы жерлері Аса және Талас өзендері алабында орналасып, олардың ауданы қазіргі кезде 105,86 мың гектарды құрайды. Аталған өзендер алабында облысымыздың бес, яғни Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Талас және Сарысу аудандарының суармалы жерлері орналасқан. Қазіргі кезде, игірілген суармалы жерлердің ауданы өсіп, 94 мың гектарга жетті. Бірақта, жалпы Қазақстан жағдайындағыдай, Аса-Талас алабында, суармалы жерлерді пайдалану тиімділігі айтарлықтай жоғарыламай, олардан алынатын табыс, ауыл-шаруашылығы еңбеккерлерінің шығарған шығындарын кей жылдары толық өтемей отыр. Сондықтан Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, арнайы зерттеулердің негізінде, осы аталған жағдай гидромелиоративтік жүйелерде су-жер ресурстарын тиімсіз пайдалануға тікелей байланысты екендігін анықтады. Сол себепті, суармалы жерлерде су тапшылығы артып, топырақ құнарлығының төмендеу үдерісінің қарқыны жеделдеуде. Осыған байланысты суармалы жерлерде өсірілген дақылдардың өнімділігі, өткен ғасырдың 80 жыларындағы өнімділіпен салыстырғанда 1,5-2 есеге дейін төмендеді. Мысалы, кезінде облысымызда негізгі дақыл саналған қант қызылшасының өнімділігі, қазір 144-174 ц/га арасында болуда.

Сондықтан, Аса-Талас өзендері алабында орналасқан суармалы жерлердің өнімділігін арттыру мақсатында, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері көп жылдан бері, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері, қарастырылып отырған аймақтағы суармалы жерлердің өнімділігінің төмендігіне тікелей әсер ететін факторлар, су тапшылығының өсуі мен топырақ құнарлығының төмендеуі, суару жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлауы, суармалы жерлердің тұздануы және сілтіленуі мен сортаңдануы, топырақ қабатындағы қоректік элементтер мен органикалық заттардың кемуі екендігін анықтады.

Зерттеу мәліметтерін сараптау, Аса-Талас өзендері алабындағы суармалы жерлердің эколого-мелиоративтік жағдайлары мен өнімділігі, су ресурстарының қоры мен олардың сапасына тікелей байланысты екендігін көрсетті. Сондықтан Аса және Талас өзендерінің су қоры мен олардың минералдылығының динамикасы зерттелді. Себебі, қарастырылып отырған Аса-Талас алабында ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға пайдаланатын су қоры шектеулі және негізінен Қырғыз Республикасы территориясынан келетін су көлеміне тікелей байланысты. Мысалы, Талас өзенінің жалпы су қоры, орташа сулы жылы - 808 млн. м3 болса, оның 716 (88,6%) млн. м3 Қырғыз Республикасының территориясынан келетін су мөлшерінен тұрады. Қазақстан территориясынан Талас өзеніне қосылған су мөлшері 92 млн.м3. Қарастырып отырған өзендердің су қоры көлемінің жылдық динамикасы, суармалы жерлердің ауданының кемуіне әсерін тигізді. Мысалы, 1995 жылы суаруға пайдаланған су көлемі 907 млн. м3 болса, қазіргі кезде суаруға су көзінен алынатын су көлемі 1,5-2 еседей кеміп кеткен. Сондықтан 2011 жылы 93854 га жерді суару үшін алынған су мөлшері 656,1 млн.м3 болды. Бұл көрсеткіш, жоспарланған су мөлшерінің 84% құрады.

Суару кезеңінде, су тапшылығының орын алуы, Қырғызстан территориясынан келетін су мөлшерінің азаюымен қатар, әр түрлі дәрежедегі каналдардың техникалық жағдайларының нашарылығына тікелей байланысты. Себебі, суару суын тасмалдайтын каналдар әр түрлі меншік қарамағына берілген. Оңтүстік гидрогеолого-мелиоративтік экспедициясының мәліметі бойынша, осы каналдардың иегерлері меншіктік түрлері бойынша 4 топқа бөлінген. Ол меншік топтары: 1- ресупбликалық, 2 – коммуналдық, 3 – жеке, 4 – иесіз. Сондықтан, су тасмалдайтын каналдардың техникалық деңгейлері әр түрлі дәрежеде болуда.

Салыстырмалы сараптау, техникалық жағдайлары жоғары каналдар негізінен ресубликалық меншіктегі каналдарда, ал техникалық жағдайлары төмен – жеке меншіктегі және иесіз каналдарда екендігін көрсетті. Мысалы республикалық меншіктегі шаруашылық аралық каналдардың 112,38 км – қанағаттанарлық, 28,5 км – қанағаттанғысыз күйде. Ал жеке меншіктегі шаруашылық аралық каналдардың 23,5 км - қанағаттанарлық, 59,91 км - қанағаттанғысыз күйде екендігін көрсетті. Сондықтан су-жер қорларының тиімділігін арттыру су тасмалдайтын каналдардың меншік түрлерін нақтылап, оларға деген талапты күшейтуді қажет етеді.

Осы талап орындалып, су тасмалдайтын каналдар негізінен мемлекеттік меншік түріне өтсе, олардың техникалық жағдайлары жақсарып, суару суының каналдардағы шығындары кеміп, олардың пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) жоғарылайды. Қазіргі кезде, Байзақ және Жамбыл аудандарының суландыру желілерінің пайдалы әсер коэффициенті 0,7 шамасында. Бұл көрсеткіш, суару суын каналдармен тасмалдау барысында, өзендерден алынған су мөлшерінің 30% шығын болатынын көрсетеді.

Суару суының мөлшеріне әсер ететін тағы бір фактор, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару тәртібі мен технологиясы. Мысалы қазіргі кезде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимі қатаң сақталмайды. Сондықан суару нормасы, топырақ ылғалдылығына сәйкес келмейді де, топырақтың тамыр өсетін қабатының шектен тыс ылғалдануы орын алып, суару суының сүзілу шығыны артып, судың пайдасыз шығынының мөлшерін арттырады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген суару технологияларын (жүйектеп, атыздап) қолдану барысында, суармалы жерге берілген судың 40-50% сүзілуге және суармалы жерден тыс тастауға шығын болады.

Сондықтан суару суының тиімділігін арттыру, жаңа су үнемдегіш технологияларды, Аса-Талас алабына бейімдеп, өндіріске енгізуді қажет етеді. Мұндай технологиялардың бірі ауыл шаруашылығы дақылдарын жүйек ара суару технологиясы. Бұл технология басқа технологияларға қарағанда қосымша көп шығында қажет етпейді. Оны қолдану, судың булану шығынын 2 есеге, сүзілуге – 30-50%, тастанды шығынын – 50% дейін кемітуге мүмкіндік туғызады.

Мұндай көрсеткіштерге тамшылатып суару технологиясын қодану барысында да қол жеткізуге болады. Бірақта ол көп шығынды қажет етеді. Кеткен шығын алынған өніммен көп жағдайда 8-10 жылдан соң ақталады. Сонымен қатар, тамшылатып суару технологиясын қолдану барысында, оны тұрақты күтіп, қадағалап тұруды қажет етеді. Сонымен қатар, тамшылатып суару технологиясын тек нақты жағдайларда ғана колдануға болады. Яғни оларды тұзды және тұздануға бейім жерлерде қолдануға болмайды. Жүйек ара суару технологиясын кез келген жағдайда қолдануға болады.

Суармалы жерлердегі суды пайдалы пайдалану коэффициентінің көрсеткіші, суғару технологиясына байланысты өзгереді. Қазіргі таңда көп қолданыс тапқан суару технологиясы, жүйектеп суару болып саналады. Бұл технологияны қолдану барысында, суды суармалы жерлерде пайдалану коэффициенті 0,55-тен аспайды. Сондықтан, зерттеу нәтижелері, Аса-Талас алабындағы суару жүйелерінің ПӘК-нің мәні 0,3-0,35 шамасында болатындығын көрсетті.

Аса-Талас өзендері алабындағы суару жүйелерінде ПӘК мәнінің төмендігі, олардың техникалық жағдайының нашар екендігін байқатып, 70%-ға дейін судың шығын болатындығын анықтауға мүмкіншілік туғызды. Шығын болған су, негізінен жер асты су қорын арттырып, олардың орналасу деңгейін жоғарылатады. Оны Жамбыл облысының суғармалы жерлерінің кадастрында келтірілген мәліметтер растайды.

Кадастрда келтірілген мәліметтерді сараптау нәтижесінде, Аса-Талас өзендері алабында орналасқан 105,86 мың га жердің 9,1%-да жер асты суының деңгейі 1метрден жоғары екендігін көрсетті. Ал 54,1% cуармалы жерде жер асты суы 1-3 метр тереңдікте орналасқан. Сондықтан, 63,2% суармалы жердің мелиоративтік жағдайы мен сумен қамтамасыз етілу дәрежесіне жер асты суы тікелей әсерін тигізеді.

Жер асты суын Аса-Талас алабындағы суармалы жерлерде пайдалану шегі, олардың минералдылығы мен сапасына тікелей байланысты. Зерттеу мәліметтерін сараптау барысында, Аса-Талас алабындағы суармалы жерлердің 89,8% жер асты суының минералдылығы 3 г/л аспайтындығын көрсетті. Сондықтан, осынша жерде жер асты суын, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы нашарламауына байланысты, субирригацияға еркін пайдалана беруге болады.

Жер асты суын субирригацияға кең көлемде пайдалану үшін, олардың иондар мен тұздар құрамын бағалап, сараптау қажет. Сараптау негізінде, жер асты суының минералдылығы Аса және Талас өзендерінің төменгі ағысында жоғары екендігі анықталды. Мысалы, Талас ауданының суғармалы жерлерінде жер асты суының минералдылығы 21,309 г/л жетеді. Жер асты суының ең төменгі минералдылығы Жамбыл ауданының суармалы жерлерінде орын алған. Бұл ауданның жер асты суының минералдылығының төмендігі мен сапасының жоғарылығы оны субирригацияға пайдаланған кезде, суғармалы жерде топырақтың тұздануы мен сортаңдану процессінің болмауын қамтамасыз етеді. Байзақ ауданының суармалы жерлерінде, жер асты суының минералдығы артып, сапасы төмендейді. Мысалы, Көкөзек аулының суғармалы жерінде, жер асты суының минералдылығы 3,199 г/л құрайды. Сондықтан, Байзақ ауданының суғармалы жерлерінде топырақтың тұздануы мен сортаңдануы орын алып отыр.



Сонымен зерттеу мәліметтері, Аса-Талас өзендері алабында ыза суларын субирригацияға пайдалану, каналадардың техникалық жағдайларын жақсарту, су үнемдегіш суару технологияларын пайдалау, суармалы жерлердің су ресурстарымен қамтамасыз етілу мөлшерін 30-35%-ға дейін арттыруға мүмкіншілік туғызатындығын көрсетті.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет