Ақша несие саясаты Абдрахман Гүлнұр



Дата24.11.2019
өлшемі8.78 Kb.

Ақша несие саясаты

Абдрахман Гүлнұр

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша несие саясаты

  • Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі болады:
  • Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
  • Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Ақша несие саясатынын түрлері

  • Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
  • Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Валюта интервенциясы

  • Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағыоперацияларға араласуын айтады.
  • Банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктердің уақытша бос қаражаттарын тартуға байланыстықолданылады.
  • 2005 жылғы 1 кыркүйектен бастап тікелей репо операцияларын жүргізу практикасы, сондай-ак мерзімдері 1 жүмыс күнінен аспа- ғандықтан «овернайт» және «овердрафт» заемдарын ұсыну уақытша тоқтатылды.

----------------------------------------

  • «Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттык Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есепайырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
  • Овердрафт заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҮБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ақша-несие саясаты:

  • — қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
  • — ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
  • — ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
  • — ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

  • 1) қарыздар беру;
  • 2) депозиттер қабылдау;
  • 3) валюталықинтервенциялар;
  • 4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;
  • 5) Мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;
  • 6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;
  • 7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет