Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Адам құқы мемлекеттік саясат» Жоспары



жүктеу 54.5 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі54.5 Kb.
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

Информатика пәні мұғалімі

Садуақасова Гулмира Қайырбайқызы
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Адам құқы - мемлекеттік саясат»

Жоспары:


  1. Ұйымдастыру.

А) Мемлекеттік әнұранды орындау.

Б) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.


Мақсаты:


  1. Азаматтық құқықтары мен бостандықтары туралы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, өз құқығын қорғай білетін, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін үйрету.

2. Оқушылардың бойында Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.

3. Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.


Мұғалім: Кіріспе
В) Оқушыларды екі топқа бөлу:

1- топ. «Әділет» 2- топ. «Ақиқат»

Г) Әділқазылар алқасын тағайындау.
Барысы:

1-жүргізуші:

Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадық әнұранды бар дауыспен

Арманым Ата Заңым қабылданып.

2-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Ата Заңым!

Арман әнім!

Сенен басқа басқа барма бағым!

Жалғыз саған байланысты

Елімде еркін самғағаным.

Ата Заңым!

Бар мұратым,

Жалғыз кие жанды ұғатын.

Жаңсақ бассаң жолға салып,

Тәубаңды еске алдыратын.

Ата Заңым!

Кемеңгерім!-деп ақын жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз «Адам –құқы мемлекеттік саясат» деп аталады. Ата Заңымыз, ондағы адамның құқықтары мен бостандығы, Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы болмақ.
Тәрбие сағатымыз жеті бөліктен тұрады. Әр топ өз аттарын қорғайды. Тәрбие сағатымыз сұрақ-жауап, жарыс түрінде өтеді.

Сайыстың жоспары:


  1. Таныстыру.

  2. Тікелей сұрақ (Әр топқа 10 сұрақтан)

  3. «Адасқан әріптерді орналастыр»

  4. «Ойды аяқта» (Мақал-мәтелдер айтудан жарыс)

  5. «Сиқырлы шаршылар» (Топбасшылар жарысы)

  6. «Адам және қылмыс» (Көрініс)

  7. Қорытынды.

    1. бөлім «Таныстыру»


(Әр топ атын, топ ұстанымын, топ төсбелгісін таныстырып өтеді. Жоғары ұпай 5 ұпай)
2-бөлім «Тікелей сұрақ»
(Әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап

1 ұпаймен бағаланады)
«Әділет» тобының сұрақтары:


  1. Конституция сөзінің аудармасы қалай? (Құрылым, өкілім)

  1. ҚР мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы (Халық)

  1. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)

  1. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да конституция қанша рет қабылданды?

(2 рет 1993 жылы 28 қаңтарда, 1995 жылы 30 тамызда)

  1. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата. (Парламент)

  1. Құқық дегеніміз не?

(Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

  1. ҚР конституция неше бөлімнен және неше тараудан тұрады? 9 бөлім, 98 баптан)

  1. 17 желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні)


«Ақиқат» тобының сұрақтары:


  1. Еліміздегі мемлекеттік тіл. (Қазақ тілі)

  1. ҚР-ның “Баланың құқықтары туралы заңы” қай жылы күшіне енді? (2002 жылы 8 тамыз)

  1. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы 15 қарашада)

  1. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?

(1948 жылы 10 желтоқсанда)



  1. ҚР-дағы “Бала құқықтары” туралы заң қанша тараудан тұрады? (10 тарау, 53 бап)

  1. “Жеті жарғыны” қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)

  1. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20 қарашада)

  1. ҚР-ның жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 6 қаңтарда)

  1. жүргізуші: 1. Тәрбиелі-тәртіптің құлы,

Тәртіпті-елдің ұлы. Бауыржан Момышұлы

2. Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды. Менандр

3. Заң адамды бағындырады. Т. Фуллер
2- жүргізуші: 1. Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса - қырсық.

Ғ.Мұстафин

2. Халық заңды өзінің тірегі, өзін күзетін қабырға-дуал ретінде қорғауға тиіс.

Гераклит


3. Заң адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат

даналығының ең жоғары көрінісі болып табылады.

С. Джонсон
3-бөлім «Адасқан әріптерді орналастыр»
(Әр топтың жауабы 3 ұпаймен бағаланады)


  1. ЕКОНЮС - БҰҰ -ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы.

2. АТКРДЕИЯМО - халық еркі немесе билігі.

3. ЕНТЕЗПРИД - мемлекет басшысы.

4. УАТРА - айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім.


  1. АТТӨЛЖҰҚ - азаматтықты куәландыратын құжат.

  2. РПАЕЛМАНТ - заң шығарушы орган.



4-бөлім «Ой жалғау»
(Мақал-мәтелдер айтудан жарыс. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады)
«Әділет» тобы


  1. Заңның құрығы... (бәрінен ұзын)

  2. Өш алғаннан гөрі...(кешірген жөн)

  3. Тура биде...(туған жоқ)

  4. Ақырын жүріп...(анық бас)

  5. Асыл тастан...(өнер тастан)

«Ақиққат» тобы

  1. Ұрлық түбі...(қорлық)

  2. Жазасын тартпайтын... (жамандық болмайды)

  3. Әдепті бала...(арлы бала)

Әдепсіз бала...(сорлы бала)

  1. Тәрбие...(отбасынан басталады)

  2. Әділ істің...(арты игі)


5-бөлім «Сиқырлы шаршылар»
(Топбасшылар сайысы. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады)
Қылмыстық істер Кодексі жөнінен қойылатын сұрақтар:
1. Қандай жағдайда адам мүлкінен айрыла алады? (Тек сот шешімі бойынша)

2. Азаматтық істер жөніндегі сот қай тілде жүргізіледі?

(қазақ тілінде, қажет жағдайларда ғана орыс және басқа да тілдерде)

3. Кімге қарсы мәлімет беруге тиісті емеспіз?

(Өз-өзімізге, жұбайымызға, туған-туыстарымызға, және т.б заңды түрдегі жақын адамдарымызға)

4. Қанша жастан төменгі тұлғалар сот мәжілісінің залына жіберілмейді? (16 жас)

5. Қандай жағдайларда 16 жастағы тұлғалар сотқа қатыса алады? (Егер ол адам іске қатысты

немесе куәгер болса)



  1. Қандай сотта іске қатысы бар тұлғалардың “шешімнің” қайта қаралуына құқығы бар?

(Жоғары сотта)

  1. Кәмелет жасқа толмағандардың құқығын, заңмен қорғалатын қызығушылығын кімдер қорғайды? (Олардың заңды өкілдері)

  2. Дәлелдерді жинау барысында ғылыми-техникалық құралдармен қолдануға рұқсат бар ма?

(ия, бар)
6-бөлім Тақырып «Адам және қылмыс»
(Әр топ ой- тұжырымдарын көрініс арқылы көрсетеді. Көрініс 5 ұпаймен бағаланады.)

7- бөлім Қорытынды.
Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
1- жүргізуші:

Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аласым да

Жан-жағым толған мақсат, толған таңдау

Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп С.Торайғыров айтқандай «Тәуелсіз Қазақстан» атты

құқықтық мемлекеттің болашағы сіздер Ата Заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат

болыңыздар!

Мұғалім:

Осымен «Адам құқы-мемлекеттік саясат» атты тақырыптағы ашық тәрбие сағатын



Ж. Баласағұнның «Балам бол, басқа бол - бәріңе Заң біреу-ақ» деген сөзімен аяқтаймын.
Назарларыңызға рахмет!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет