Қашықтан оқыту орталығы



жүктеу 55.38 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі55.38 Kb.
: CDO -> CDO-nz -> Contents -> 12-13
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
CDO -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
CDO -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
CDO -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
CDO -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
12-13 -> 9. Лекция сабақтары >10. Семинар сабақтарының жоспары
12-13 -> Қашықтан оқыту орталығы
12-13 -> Қашықтан оқыту орталығы

«Сырдария» университеті

Қашықтан оқыту орталығы


«Абайдың ақын шәкірттері»

пәнінен


электрондық оқулықтың

қысқаша мазмұны



Жетісай, 2012 ж.


Электронды оқулығының 1-ші беті (сыртқы беті, заставка)





Алғы сөз


Оқу әдістемелік кешен Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.


Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.


Пәнді оқытудың мақсаты


Семинардың мақсаты – Абайдың ақын шәкірттері М. Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектерінде және көркем туындыларында қарастырылғандығы, Абай айналасында талантты ақын-шәкірттердің болғандығы, бұл концепцияны Әуезовтің ұзақ жылдар бойы зерттеп, ғылыми тұрғыдан тұжырымдап бергенін таныту. Студенттерге Абай шығармалары мен ақын – шәкірттері арасындағы жалғастықты, ұстаздық тағылымды, шығармаларының ықпалын көрсету.

Пәнді оқытудың міндеттері:
- Абайтану проблемалары қатарында Абайдың ақындық айналасы туралы саланы қарастыру;
- М.Әуезовтің Абай мектебі жайлы ойлары мол көрініс тапқан «Абай жолы» эпопеясының 3 кітабінің алғашқы нұсқасы «Ақын аға» романын салыстыра оқу;
- ұлы ақын өмірінің соңғы кезеңі қамтылатын «Абай трагедиясы» атты еңбекті қарастыру;
- Абайдың ақын-шәкірттері: Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия және Әріп шығармаларын салыстыра отырып оқу, талдау;
- ақын шәкірттерінің ең басты ерекшеліктерін тап басып көрсету;
- шығармашылық процесс, дәстүр сабақтастығы, ұрпақтар жалғастығын тану;
- әке мен бала, ұстаз бен шәкірт проблемаларын зерделеу.















Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәнінен бақылау сұрақтары.


  1. Абайтану проблемасының салалары.

  2. М.Әуезов шығармаларының беймәлім тұстары.

  3. Абайдың ақындық мектеьі туралы концепцияның қалыптасуы.

  4. Қ.Мұхаметхановтың шығармашылығы жөнінде.

  5. Абай мұрасын танып, бағалауға үлес қосқан ғалымдар.

  6. Эпикалық роман „Абай” “...XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Әлемнің басқа елдерінде онымен тең түсетін шығарманы табу қиын” деп баға берген жазушы?

  7. “... Сіз әлі Абайды оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, керемет!” деген пікір айтқан жазушы?

  8. Ұлы ақын жайлы жазылған алғашқы көркем шығармалардың бірі – “Абай трагедиясы” қашан жазылды?

  9. М. Әуезов драмаларын жан-жақты зерттеген ғалым?

  10. М. Әуезовтің “Бала Мұхтар” деген еңбегінің деректік мәні




Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәнінен бақылау сұрақтары.


  1. Абайтану проблемасының салалары.

  2. М.Әуезов шығармаларының беймәлім тұстары.

  3. Абайдың ақындық мектеьі туралы концепцияның қалыптасуы.

  4. Қ.Мұхаметхановтың шығармашылығы жөнінде.

  5. Абай мұрасын танып, бағалауға үлес қосқан ғалымдар.

  6. Эпикалық роман „Абай” “...XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Әлемнің басқа елдерінде онымен тең түсетін шығарманы табу қиын” деп баға берген жазушы?

  7. “... Сіз әлі Абайды оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, керемет!” деген пікір айтқан жазушы?

  8. Ұлы ақын жайлы жазылған алғашқы көркем шығармалардың бірі – “Абай трагедиясы” қашан жазылды?

  9. М. Әуезов драмаларын жан-жақты зерттеген ғалым?

  10. М. Әуезовтің “Бала Мұхтар” деген еңбегінің деректік мәні

  11. Татьянаны қазақ тілінде сөйлеткен ақын

  12. Шәкәрім – қазақ елінің ескі өмірін жырлаушы ақын.

  13. Көкбай- суырып салма, импровизатор ақын.

  14. „Абай жолының” күрес жолы екендігін таныту.

  15. М.Әуезовтің Абай мектебі, ақын-шәкірттері жайлы ойлары мол көрініс тапқан көркем шығармалары.

  16. „Абай жолының” өнер жолы екендігін таныту.











Тұжырымдама


Бұл электрондық оқулық (ЭО) университетте тереңдетiп оқытатын арнайы ақпараттық технологияның соңғы жетiстiктерiн кеңiнен пайдалана отырып, өзiмiздiң төл тiлiмiзде алғаш рет дайындалған.
Оқулықтың мазмұны 1,2,3 курс студенттерге арналған типтiк оқу бағдарламасымен толық сәйкес келедi.
Бүкiл материалдар үш кредит (модульға) бөлiнген.

Ол модульдердiң мазмұны "Абайдың ақын шәкірттері" "1 кредит", "2 кредит" деген тарауларына сәйкес келедi.


Әрбiр модуль қысқаша теориялық кiрiспеден, суреттер мен анимациялық материалдардан, және бақылау жұмысынан тұрады.
Тесттiң соңында жауап беруге жұмсаған уақытыңыз жөнiнде, дұрыс жауабын тапқан және жауап беруде қиындық туғызған сұрақтар жөнiнде толық есеп аласыз.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет