Қасиетті Түркістан қаласы



жүктеу 176.25 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі176.25 Kb.
: images
images -> Ақпараттық анықтама: Қр электрондық үкіметі Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті»
images -> Бюллетень «Новые книги» Вып. 3 Павлодар 2013 Құрастырушылардан
images -> Реферата: «Творчество Алвара Аалто»
images -> Программа с заездом суббота-суббота: 1 суббота // милан
images -> Jewish. Msk. Ru согласно еврейскому обычаю родители (папа и мама) произносят следующие благословения на рождение детей
images -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
Қасиетті Түркістан қаласы

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Бері де Қазақ хандығы ордасы болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.

1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.

Бүгінгі Түркістан – үлкен, әсем қала. Мұндағы Халықаралық қазақ – түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан қаласының келешегі зор.



І деңгей

1.Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын қысқаша айтып бер

Жаңа сөздердің аудармасын табыңыз. Олармен сөз тіркестерін құрыңыз

Қасиетті, көне, саяси, ордасы балған, кесене, ғибадатхана, сәулет өнері



ІІ деңгей

1. Мәтін бойныша мына сұрақтарға жауап беріңіз

1.Түркістан қандай қала?

2. Түркістан қаласы еліміздің қай жерінде орналасқан?

3. Түркістан қаласын басқаша қалай атайды?

4. Бұл қалаға алғаш темір жол қашан келген?

5. Бұл қалада кімнің кесенесі бар?

6. Кесене неше бөлмеден тұрады?

7. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын не бар?

8. Түркістан қаласының орнында ІҮ – Ү ғасырларда қандай қала болған?

2. Мәтін бойынша жоспар құрастырыңыз

3. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз

Аймағында, халықтарының, орталығы, келгендер

ІІІ деңгей


  1. Төменде берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз

Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан.

Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.





  1. Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой .

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.


  • Бұл өлең жолдарын кім жазған?

Е
Сөздік:

Ежелгі - древний,

Орта тұсындағы – по середине

саяси - политический,

щаруашылық – хозяйство

мәдени орталық – центр культуры,

кесене - мавзолей,

ғимарат – здание

сәулет өнері –архитектурное исскуство
желгі қалалар

Ежелгі қалалардың бірі – Отырар. Ол ҮІ- ҮІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталды. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.

ҮІІ ғасырдан бастап Тараз деген тағы бір әйгілі қала Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған. Бұл қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар: Айша бибі кесенесі мен Бабажы қатын кесенесі. Әйгілі Тараз моншасы – Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі.

Х- ХІІ ғасырлар – қаланың ең гүлденген кезі.

ХҮІІ ғасырдан бастап бірте – бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналды.

І деңгей


  1. Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын орыс тіліне аударыңыз .

  2. Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді теріп жаз, оны аударыңыз.

Олармен сөз тіркестерін құрыңыз

ІІ деңгей

  1. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

  2. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз

Өзенінің, ескерткіштері, ғасырларда

ІІІ деңгей Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

  • Сен тұратын қала көне қалаларға жата ма?

  • Ол бұрын қалай аталды. Бұл қала облыс орталығы ма?

  • Қандай аудандары бар?

  • Бұл жерден шыққан қандай атақты адамдарды білесің?

  • Оларға арналған ескерткіш, мұражайлар бар ма?

  • Қалаларыңда қандай өзен, көлдер бар?



Қазақстан астанасы – Алматы.

Ас­та­на Ал­ма­тыға 1929 жыл­дың жа­зын­да көшіп келді. Ал­ма­ты ас­та­на мәрте­бесін алған­нан кейін қала эко­номи­касы өсіп, ха­лықтың са­ны арт­ты. 1930 жы­лы 19-шілде­де Түркістан-Сібір темір жо­лы іске қосыл­ды. Өнеркәсіп орын­да­ры іске қосыл­ды. 1941–1942 соғыс жыл­да­рын­да Ал­ма­тыға Ре­сей­ден 30-дан ас­там кәсіпо­рын, 8 гос­пи­таль көшірілді. Ал­ма­ты – Ор­та­лық Ази­ядағы өрке­ни­ет­тегі ірі қала­лар­дың бірі бол­ды.

Қала­да ор­та, ар­на­улы және жоғары оқу орын­да­ры, ғылы­ми, мәде­ни ме­кеме­лер ашы­ла бас­тай­ды. 50-жыл­да­ры қала­да Үкімет үйі, Ғылым ака­деми­ясы­ның бас кор­пу­сы, Ор­та­лық ста­ди­он, Абай атын­дағы опе­ра және ба­лет те­ат­ры­ның ғима­раты са­лын­ды. Ал 60–70-ші жыл­да­ры бой көтер­ген зәулім құры­лыс­тардың қата­рына Рес­публи­ка са­райы, Дос­тық үйі, Не­ке са­райы, «Ме­деу» мұз ай­ды­ны, «Ала­тау» қонақ үйі, Бей­не­леу өнері мұра­жайы және т. б. сәулет объектілері бар. 9–12 қабат­ты тұрғын үй­лердің жап­пай бой көте­руі қала бей­несін тіпті өзгертіп жіберді.

1966 жыл­дың 21 қаза­нын­да қала­дан 18 км жер­дегі Ме­деу шатқалын­да жа­рылыс жа­салып, биіктігі 100 метр бөгет са­лын­ды. Ол 6–2 млн тек­ше метр су мен басқа қауіпті зат­тарды ұстап тұра ала­ды.

Еліміздің аса ірі, әсем де сұлу қала­сы Ал­ма­ты 1991 жыл­дың 16-жел­тоқса­нынан 1997 жыл­дың 10 жел­тоқса­нына дейін еге­менді Қазақстан Рес­публи­касы­ның бірінші ас­та­насы бол­ды.

Ал­ма­ты қала­сы 70 жыл бойы еліміздің ас­та­насы ста­тусын­да бол­ды.


Тапсырма:

  1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұның айтып беріңдер

  2. Мәтіннен өзіне таныс емес, жаңа сөздерді теріп жаз, оны аудар

  3. Төменде берілген сұрақтарға диалог ретінде жауап жаз.

  • Алматы қаласы Қазақстанның нешінші астанасы?

  • Алматы қаласы қай жылы астана болып тайындалды?

  • Қай жылы Түркістан-Сібір темір жо­лы іске қосыл­ды?

  • Алматы қаласы қай жерде орналасқан?

  • Қай  жыл­дың 21 қаза­нын­да қала­дан 18 км жер­дегі Ме­деу шатқалын­да жа­рылыс жа­салып, биіктігі қанша метр бөгет са­лын­ды?

  • Алматы қандай қала?

  1. мына сөздерді сөз құрамына талдаңдар

жыл­да­рын­да, көшірілді, объектілері,

  1. синтаксистік талдау жасаңдар

Ал­ма­ты қала­сы 70 жыл бойы еліміздің ас­та­насы ста­тусын­да бол­ды.

Ал­ма­ты – Ор­та­лық Ази­ядағы өрке­ни­ет­тегі ірі қала­лар­дың бірі бол­ды.


Ас­та­на — қазақ елінің төртінші ас­та­насы (1998)



1997 ж. 20 қазан­да ҚР Пре­зиденті Н. Ә. На­зар­ба­ев «Ақмо­ла қала­сын Қазақстан Рес­публи­касы­ның ас­та­насы деп жа­ри­ялау ту­ралы»жар­лыққа қол қой­ды. 1998 жыл­дың 6 ма­мыр­да Ақмола қаласын Ел­ба­сының жар­лығымен ҚР-ның ас­та­насы — Ас­та­на қала­сы бо­лып атал­ды, ал 20 ма­мыр­да «Қазақстан Рес­публи­касы ас­та­насы­ның мәрте­бесі ту­ралы» ҚР-ның Заңы қабыл­данды. Сол жылғы 10 ма­усым­да тәуелсіз Қазақстан­ның жаңа ас­та­насы­ның сал­та­нат­ты ашы­лу рәсімі бо­лып өтті.

Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.


Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады. Астананаң болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

Астана-Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік,экономикалық мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала.


Қазір Астана-Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады.
Астана 20-шы ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді. Ол өте көркем қала.

Тапсырма:

  1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдаланып орыс тіліне аударыңыз

  2. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, оларды есімшеге, көсемшеге айналдырып жазыңдар.

Мысалы: қойды- қойған-қойып(қойғалы)

  1. Мына сөздерді жікте :

Пре­зиденті, сұлу

  1. Мына сөздерді тәуелде:

Қала, болашағы

  1. Морфологиялық талдау жасаңыз

Қонақтарды, экономикалық

  1. Мәтінге диалог құрастыр

Ежелгі Тараз қаласы


Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер - Ферғана алқабының өзбектері болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылып қолданылады. 2002 жылы Тараз өзінің 2000- жылғы мерейтойын қарсы алды. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырында Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді.

Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.

Таразда Қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудан әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста бірдей 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауты т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр.


Тапсырма:


  1. Мәтін мазмұнымен таныс, ауызша мазмұңдап беріңіз

  2. Мына сөздерге синоним жазыңдар

Қала, ғасыр, әйгілі, мерейтойын, дәулет, тәуелсіздік.

  1. Мәтінде кездесетін септік жалғаулы сөздерді рет ретімен тізіп жаз

  2. Мәтінін ішінен есімше, көсемшені теріп жазыңдар

  3. Мәтінге жоспар құрастырыңдар


Атырау қаласы

Атырау – Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан байырғы қалаларының бірі. Ертеде Каспий теңізінің тартылып кеткен табанына ел қоныстанып балық және мал шаруашылығымен айналысқан. 1640 жылы ағайынды орыс көпестері Гурьевтер осы жерге қала салдырған. Сол себепті алғашында Гурьев аталған. Жергілікті қазақтар оны Үйшік деген. Ал 1992 жылдан бері Атырау деп өзгертілді.

Атырау 1938 жылдан Атырау облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Облыс негізінен Каспий маңы ойпатында орналасқан. Ойпаттың негізгі бөлігін құмды аудандар (Нарын, Тайсойған, Қарақұм)қамтиды. Қала маңында ежелгі Сарайшық қаласының орны бар.

Атырау өнеркәсібінің басты саласы- мұнай – химия өндірісі. Мұнда мұнай өңдеу зауыты, «Ембі мұнайгаз », «Атырау жылу электр орталығы» және т.б. ондіріс орындары орналасқан.

Облыстың Жылыой ауданындағы Аралтөбе қорымынан шамамен б.з.б. ІІІ және б.з. ІҮ ғасыр аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына жататын екінші «Алтын адам» табылған.

Тапсырма:


  1. Мәтінді мәнгерлеп оқып, мазмұнын өз сөзінмен айтындар

  2. Мәтінге сөздік құрастырыңдар

  3. Төменде берілген сөз тіркестеріне морфологиялық талдау жасаңдар

мал шаруашылығымен, әкімшілік орталығы

  1. Мәтінге диалог құрастырыңдар



Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласы — Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, Ресейдің Орынбор облысымен, сондай-ақ Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарымен шектесетін Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Қалада 300 мыңнан аса халық тұрады.

Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың негізі қаланған күн болып есептеледі.

Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.

1880 жылы Ақтөбеде алғашқы халық санағы жүргізілгенде, 409 тұрғын болды. Олар 38 үйде тұрды, оның 5 үйі ағаштан, 33 үйі саман кірпіштен салынған.

Ақтөбеде бірінші мектеп 1884 жылы пайда болды. Бірінші «Триумф» синематогрофы 1910 жылдан бастап жұмыс істеді.

1901 жылы алғаш Ташкентте, ізінше Орынборда осы екі қаланы Ақтөбе арқылы жалғастыратын темір жол құрылысы басталды. 1904 жылы болат жолдың бойымен уақытша қатынас ашылды, одан кейін тұрақты қозғалыс басталды.

Бүгінгі Ақтөбе — өнеркәсібі, кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай қала.

Облыс орталығында әлеуметтік сала дамыған, білім беру мекемелері, оның ішінде жоғарғы оқу орындары желісі, мәдени-спорттық өмірі өркендеген.

Сөздік:

Шектесетін – граничит

Бекінісі - крепость

Халық санағы - перепись населения

Жалғастыратын – соединяющий

Қозғалыс – движение

кәсіпкерлік – коммерческий

қаржылық құрылымдары – финансовые

әлеуметтік- социальный

Тапсырма:


  1. Мәтін мазмұнын оқып, орыс тіліне аудар

  2. Жаңа сөздерді қатыстыра отырып жай сөйлемдер құрастырыңдар

  3. Мәтін ішінен есімше, көсемшені теріп жазыңдар

  4. Мәтінге сұрақтар құрастырыңдар

  5. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар

Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың негізі қаланған күн болып есептеледі.

Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.




Қарағанды қаласы

Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды.

Қазан төңкерілісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыскөмір» тресі құрылды. Қарағандыда елдің үшінші көмір базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағандыда ірі көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті. Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, теміржол көлігін қамтамасыз етті.

Өнеркәсібінің басты саласы – тас көмір өндіру. Олармен «Қарағандыкөмір», «Көмір-Инвест», «Трансэнерго» ЖШС-терінің ірі кәсіпорындары шұғылданады. Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі, 19 ғылыми-зерттеу және жобалау институттары орналасқан. Қарағанды мемлекеттік университеті, техникалық университет, медицина академиясы, ішкі істер Министрлігінің заң институты және әр саладан мамандар даярлайтын мемлекеттік емес жоғары оқу орындары жұмыс істейді.



Тапсырма:


  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар

  2. сөз құрамын анықтандар:

  • өсетіндіктен

  • кәсіпкерлері

  • төңкерілісінен

  • дүниежүзілік

  1. Мәтін сөздерін қолдана отырып кестені толтырыңдар

    Көптік

    Септік

    Тәуелдік

    Жалқы есімдер













  2. Мына мақал – мәтелдерді жаттап ал

Көп сөз – көмір, аз сөз алтын

Досы көпті жау алмайды, сөзі көпті дау алмайды.

Еңбекке етте, міндет ет.

Еңбек наны тәтті.






Қарағанды облысы

Қарағанды облысы 428 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Бұл республикадағы ең үлкен аймақ. Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы-Қарағанды қаласы.

Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия , химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған , облыс экономикасының ірі орталығы.

Тапсырма:


  1. Мәтінді түсініп оқы.

  2. Мына сұрақтарға жауап беріңдер

  • Қарағанды облысы қай жылы құрылған?

  • Қарағанды облысы немен танымал?

  • Облыс аумағы қанша шақырым?

  • Облыса қанша қала бар?

  • Облыстың әкімшілік орталығы қай қала?

  • Бұл облыста қай ғалымның есімімен аталатын қала бар?

  1. Мәтінді пайдалана отырып сөйлемдердің дұрыс не бұрыстығын анықтандар




Сөйлемдер

дұрыс

Бұрыс

Облыс аумағы 856 мың шаршы км







Облыс 1932 жылы, 10 наурызда құрылған.

Әкімшілік орталығы-Жезказған қаласы.

Бұл аймақта көмір, түрлі түсті металл өндеріледі.

4 тапсырма:

Мәтіннен етістіктерді теріп алып, тұйық етістікке айналдырыңдар






Шығыс Қазақстан (Семей)

Семей –1718 жылдан бастап қала. Семейдің ежелгі аты- Доржынкит. Мұнда бұрын бірнеше елді мекендер болған. Солардың бірі-Жетішатыр. 600 жылдан бастап белгілі болды. Сол Жетішатырдың сәл төмендеу жерден 1718 жылы Семейдің іргесі қаланды. Семей қаласында өте көп зауыттар мен фабрикалар бар. Сондай-ақ, қалада халықтың ұлы пезенттері Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлиханов тұрған. Қазақстан Республикасы Ғалым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаев өзінің еңбек жолын осында бастаған. Академик жазушы Мұхтар Әуезов алғашқы шығармаларын Семейде жазған.

Ертіс өзені қаланы екіге бөледі. Ескі көпірден машиналар ағылып жатады. Жапон фирмасы жаңа көпір салды. Семейдің мақтанышы-қарағай орманы, жаңа көпір. Евразия континентінің кіндігі аталатын Семей шаһарына 2008 жылы 290 жыл толды. Алғашында қамал ретінде салынған Семей талай ғасырлардан бері айтулы орталық ретінде танымал. Ұлылар мекеніне айналған шаһар тек саяси оқиғаның ғана емес, өркендеген, өндірістің, сауда кешенінің орталығы.
Тапсырма:


  1. Мәтінге диалог құрастыр

  2. Мәтіннен баяндауыштарды тауып, шағын белгілеңдер

  3. Мәтіндегі бірінші сөйлемдегі сөздердің сөз таптарын анықтандар

  4. Сөздерді сөз құрамына талдандар

Жетішатырдың, континентінің, өндірістің.

5. Абайдың бір өлеңін жатқа жаз


Ақтау қаласы

Ақта́у — Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан қала, Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы. 1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау қаласы деп аталды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталды. Өнеркәсіптік қала болып табылады. Оның пайда болуына Кеңес Одағы басшылығының жиырмасыншы ғасырдағы орта машинажасау министрлігі қатысуымен және сол кездегі министр Славский Е.П. басқаруымен елдің ядролық қалқанын жасау туралы шешімі әсер етті. Нәтижесінде уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту сияқты амалдарды орындай алатын ерекше кешен құрылды.

Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді. Жобалау және құрылыс істерінің архитекторы А.В. Коротковтың басшылығымен жүргізілді. Теңіз жағасы халықтың демалуына және су портын дамытуға қолайлы Ақтау қаласының архитектуралық ансамбілін жасаушы сәулетшілер конструкторлар мен құрылысшылар тобына Лениндік (1966) КСРО Мемлекеттік (1977) сыйлықтары, қатал табиғат жағдайында адамдар тұрағын әсем көгалдандырғаны үшін сумен қамтамасыз еткені үшін халықаралық архитекторлар одағының алтын медалі мен Патрик Акберкомби атындағы сыйлық (1975) берілді

Тапсырма:


  1. Сұрақтарға жауап беріңдер

  • Мәтінде қай қала туралы айтылған?

  • Қай жылдары бұл қала Ақтау деп аталды?

  • Бұл қала 1964-1991 жылдары қай ақынның есімімен аталды?

  • Қаланың негізіг жоспары қай жылы құрылды?

  • Ол жобаны кім жүргізді?

  • Бұл қала қай теңіздің жағасында орналасқан.

2. Сөздерге синоним жаз Сөздерге антоним жаз

Алғашқы- оңтүстік-

Мекен - жер-

Жоба - жүргізу-

Сыйлық - алтын-

3.Сызба арқылы шағын әңгіме құрастырыңдар

орналасқан

аталды

Ақтау қаласы табылады

бекітілді.

жүргізілді

4. Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз

Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді

Ақта́у —Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы.




Павлодар қаласы


Павлодар Қазақстанның солтүстік – шығысында, Ертіс өзенінің оң жағында орналасқан. Х –ХІ ғасырларда осы өлкеде кимектердің қалалары және астанасы болған. Бертін қалаланың іргетасын 1720 жылы Коряковский қамалы деген атпен қаланды. Қазақтар арасында Тұзкент, Тұзқала атауларымен белгілі. Павлодар 1861 жылы қала, ал 1938 жылдан бері облыс орталығына айналды.

Облыс жері негізінен ойдым –ойдым жазықты келеді. Тек оңтүстік – батыс жағы көтеріңкі, Сарыарқаның Қызылтау және Баянауыл тауларына ұласады. Биік жерлері – Әулие (1055м) және Ақбет (1026м). Павлодардың жер қойнауы көмірге бай.мұнда түсті және сирек кездесетін металдар, ас тұзы өндіріледі.

Қалада көптеген көрікті жерлер бар. Олар: Өлкетану мұражайы; орталық жағажай, Астана мұз айдыны, Чехов атындағы орыс драм театры, Ж.Аймауытов атындағы қазақ дарма театры т.б.

Қалада машина жасау, түсті металлургия, мұнай айыру, металл өндеу, құрылыс материалдар және т.б. үлкен кәсіп орындары бар. Маңызды кәсіпорындары: Павлодар трактор зауыты,павлодар алюминий зауыты, Павлодар электролиз зауыты.



Павлодар облысына қарасты 12 аудан бар.
Тапсырма:

  1. Мәтін мазмұның түсініп оқыңдар

  2. Мәтінге сөздік құрастырыңдар

  3. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер

  • Павлодар қаласы қайда орналасқан?

  • Бұрын қаланы қалай атаған?

  • Қаланың іргетасы қашан қаланды?

  • Облыс орталығы болып қай жылы бекітілді?

  • Павлодар облысының ең биік шыңдарын ата?

  • Павлодар облысы қай жерлермен көрікті?

  • Павлодар облысында неше аудан орталығы, неше қаласы бар?

  1. Мына сөздерді құрамына талдаңдар

Атауларымен, орталығына, Сарыарқаны

  1. «Менің туған қалам» - атты тақырыпқа әңгіме жазыңдар




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет