«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 195.06 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі195.06 Kb.
: lang k -> other pages -> gos uslugi k
gos uslugi k -> Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
gos uslugi k -> Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «5» қарашадағы
gos uslugi k -> Бала тууға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша біржолғы жәрдемақылар тағайындау туралы хабарлама
other pages -> Іле ауданы әкіміНІҢ аппараты мемлекеттік мекемесі
other pages -> Іле ауданы бойынша бос лауазымдар туралы мәлімет
other pages -> Іле ауданы бойынша бос лауазымдар туралы мәлімет
other pages -> Алматы облысы Іле ауданы ауылдық-кент округтері әкімдерінің халықпен 2016 жылғы есептік кездесулер кестесі
gos uslugi k -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы «28» сәуірдегі
№ 3-2/378  бұйрығымен
бекітілген
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал   шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:

 облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады;

«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлееттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:

көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін –


тиісті айда квота және қаражат болған жағдайда 29 (жиырма тоғыз) жұмыс күнінен артық емес;

қажетті құжаттар тапсыру үшін кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан артық емес;

2) портал арқылы өтініш берген кезде:

көрсетілетін қызметтi алушы электрондық сұрау салуды жіберген сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін – 29 (жиырма тоғыз) жұмыс күнінен артық емес.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде – кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есепшоттарының тізілімін ұсыну;

2) порталда –өтінімді өңдеу жөнінде хабарлама болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есепке алмағанда).

9. Тауар өндірушілер субсидиялау бағыттарына сәйкес субсидиялар алу үшін өтінімге қосымша мынадай құжаттарды:

1) асыл тұқымды шаруашылықтарда және асыл тұқымды зауыттарда асыл тұқымды қойлардың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге:

ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтың болуын растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін немесе қойлардың аналық мал басына қолдан ұрықтандыру жүргізуге  асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықпен жасасқан шарттың түпнұсқасы мен көшірмесін;

2) асыл тұқымды зауыттарда және асыл тұқымды шаруашылықтарда маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге:

шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе мал басының болуы туралы   24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзіндісін;

3) асыл тұқымды шаруашылықтарда араның балұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге:

шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе араның бал ұясының болуы туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзіндісін;

4) асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алуға:

малдарды сатып алу – өткізу/лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесін;

малдарды сатып алу – өткізу шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелерін;

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өніміділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесін;

тауарөндірушіден карантиннен алу туралы актісінің түпнұсқасы және көшірмесін (шетелден асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алған жағдайда);

Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды пайдалану туралы келісімді;

ДНК-куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін (тұқымдық бұқаларды шетелден сатып алған жағдайда);

5) асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқаларды және маралдарды сатып алған жағдайда:

асыл тұқымды малдарды сатып алу – өткізу/лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесін;

асыл тұқымды малдарды сатып алу – өткізу шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелерін;

асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) түпнұсқасы мен көшірмесін;

Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес сатып алынған асыл тұқымды жануарларды пайдалану туралы келісім;

6) асыл тұқымды тәуліктік балапандарды және ата-енелік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаны сатып алуға:

асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімін сатып алу-өткізу шартының түпнұсқасы мен көшірмесін;

асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімін сатып алу-өткізу шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын, төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелерін;

сатып алынған асыл тұқымды тәуліктік балапандардың және асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқаның асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) түпнұсқасы мен көшірмесін;

Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құсты кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесін;

құстарды еденде және торлы жағдайда ұстап-бағуға арналған технологиялық құрылғылардың болуын растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін;

7) жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өз төлінен өсіп-өндіруге арналған етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға:

Қағидаларға 7- қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған жалпы табында етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары-малдардың иелері жиынының шешімін

осы жалпы табындағы тұқымсыз бұқаларды кестіру туралы, ауылдық округке бекітілген ветеринарлық дәрігер берген анықтаманы;

8) жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды жеткізушіге 100 %-ға дейін өтеуге:

жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесін;

Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасын;

Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық мал басын ұрықтандыру туралы актінің және тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелерін;

отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарына таралмайды) ұрықты сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесін;

9) бұқашықтарды бірінші деңгейлі өндірістік бордақылау алаңдарына өткізуге:

бұқашықтарды бордақылау алаңдарына сатып алу-өткізу шартының түпнұсқасы және көшірмесін;

осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұқашықтарды бордақылау алаңдарына қабылдап алу-өткізу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесін;

10) сиыр етi, жылқы етi, қой етi (қозы еті), түйе еті, шошқа етi, құс етi, тағамдық жұмыртқа, сүт, қымыз, шұбат, биязы жүн өндiрісінің құнын арзандатуға:

өнімді өткізуді және өнімнің толық төленгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін;

тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорынның қызметін пайдаланғанда малды сою және алғашқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың (шарт, шот-фактура, төлем құжаттары) түпнұсқалары мен көшірмелерін;

өнімді өткізуге тауарлық-көліктік жүкқұжаттардың тізілімі, өнімді жекеменшік өндеу кәсіпорындарына немесе цехтарына өткізген жағдайда өнімге берілген жүкқұжаттардың көшірмелерін;

шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе 24-ауыл шаруашылығы  нысаны есебінен үзіндіні, ауыл шаруашылығы жануарларын  бірдейлендіру жөніндегі деректер базасынан үзіндіні қоса береді;

ірі қара малды бордақылау бойынша қызметтерді сатып алғанда, қосымша:

ірі қара малды бордақылау бойынша жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтерді растайтын (бірінші және екінші деңгейлі бордақылайтын алаңдардан мал бордақылау қызметтерін сатып алу шарты, көрсетілген қызметтер актісі, мал бордақылау қызметтерінің толық төлегенін растайтын құжаттар) құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;

жеке және заңды тұлғалар мал бордақылау бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған бордақылау алаңдарының Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықты сатып алу:

ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықты сатып алуға арналған сатып алу-өткізу шартының түпнұсқасы және көшірмесі;    

тауарлардың құнын өтеу актісінің түпнұсқасы және көшірмесі;

12) ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату:

шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе ауыл шаруашылығы малының болуы туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді;

Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындауға  шығындардың анықтама-есебі;

жер учаскелерін жемшөптік дақылдарға және (немесе) шабындық,  жайылымдық алқаптарға бөліп беру туралы актінің түпнұсқасын және көшірмесін және/немесе ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатып алуға арналған шарт ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні мен уақытын, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді.

Көрсетілетін қызметті алушылар түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта енгізуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялау бағыттары бойынша өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап 12 айдан аспаған, Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бағыттар бойынша үш айдан аспаған өтінімдерді қабылдайды.

Портал арқылы өтініш берген кезде  көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсете отырып,  мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылдануы туралы мәртебе көрсетіліп тұрады

3. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтар әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым:



  1. Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

  2. Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша интернет-ресурста орналастырылған көрсетілетін қызметті беруші басшысының блогына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымның қабылданғанын растау шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

портал арқылы «Жеке кабинеттен» шағымды жібергеннен кейін, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы  үшін  шағым туралы мемлекеттік органда қарастырылу барысында жаңартылып отыратын ақпарат қол жетімді болады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қарастыру нәтижелері бойынша жауап немесе қарастырудан бас тарту).

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызмет уәкілетті өкіліге көрсетілетін қызметті алушының нотариалды куәландырылған сенімхатын ұсынған кезде көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

Дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін үй-жайларда жабдықталған таяныштар, пандустар және сүйеніштер көзделеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында;

2) порталда

15. Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы өтініш білдірген кезінде электрондық цифрлық қолтаңба қажет.

16. Осы қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу портал арқылы өтініш білдірген кезде мүмкін болады.

17. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының  1414 телефоны арқылы көрсетілуі мүмкін.

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына


1-қосымша

____________________облысы


_________________ауданының
____________________бөлімі

 

Субсидиялар алуға арналған өтінім



 

1. Көрсетілетін қызметті алушы:_________________________________________________________________________________________________


                                               (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________________________________
                                                                                                                 (жеке/заңды тұлға үшін)
3. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы:_________________________________________________________________________________
                                                       
4. Шаруашылықтың есептік нөмірі (болған кезде)_________________________________________________________________________________
5. Өткізілген көлемі (қажетін толтырыңыз):

Өнім түрі

Сою/қайта өңдеу бойынша кәсіпорын-ның есептік нөмірі

Өнімді сатып алушы, бизнес сәйкестенді-ру нөмірі

Деңгейі

Өлшем бірлігі

Өндірілген және өткізілген өнім көлемі, бірлік

Бірлікке субсидиялау нормативі, теңге

Субсидия-лардың жиыны, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

Сиыр еті

 

 

 

килограмм

 

 

 

Қой еті

 

 

 

килограмм

 

 

 

Жылқы еті

 

 

 

килограмм

 

 

 

Шошқа еті

 

 

 

килограмм

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

Құс еті

 

 

 

килограмм

 

 

 

Күрке тауық еті

 

 

 

килограмм

 

 

 

Жұмыртқа

 

 

 

дана

 

 

 

Сүт

 

 

 

килограмм

 

 

 

Қымыз

 

 

 

килограмм

 

 

 

Шұбат

 

 

 

килограмм

 

 

 

Биязы жүн

 

 

 

килограмм

 

 

 

         Өтінімге мыналар қоса беріледі:

  1. өнімді сатқанын және сатып алушының өнімді 100 % төлегенін растайтын құжаттар;

  2. сиыр етін сатқан кезде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорынан сатылған немесе сойылған малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі емес кәсіпорынның қызметтерін пайдаланған кезде малдарды сою және бастапқы өңдеу жөніндегі көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың (шарт, шот-фактура, төлем құжаты) көшірмелері;

  4. өнімді сатуға арналған тауар-көліктік жүкқұжаттар тізілімі, өнімді жеке меншік қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе цехтарға берген жағдайда өнімнің жүк құжат көшірмелері;

  5. банктен банктік есепшоттың болуы туралы анықтама.

 

Кәсіпорын басшысы __________________ «__»_________20____жыл

                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), қолы, мөрі)

 

«Растаймын»


___________________________ облысы ______________ауданы_________

 _________________________________________________ бөлімінің бастығы


(Т.А.Ә., қолы, мөрі)

(Құс фабрикалары өтінім берген кезде келісіледі)

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін __________«__» ____ 20 __ жыл (қолы).

 

«Келісілді»



«Қазақстан құс өсірушілер Одағы» жеке және заңды тұлғалар бірлестігі
___________________________________20____жылғы «__» _________
                                                                                                               (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), қолы, мөрі

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартына



2-қосымша

 

____________________облысы


_________________ауданының
___________________бөлімі

 

Субсидиялар алуға арналған



өтінім

 

      Ірi қара малдың аналық басын азықтандыру үшiн пайдаланылатын шырынды және кесек азықтың құнын арзандату



 

1. Көрсетілетін қызметті алушы_________________________________________________


                                                                  (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі___________________________
                                                                                                       (жеке/заңды тұлға үшін)
      3. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы___________________________________
 _______________________________________________________________________________

4. Шаруашылықтың есептік нөмірі (болған кезде)__________________________________


      5. Аналық мал басы саны ________________________________бас
      6. Иелігінде азықтарды өндіруге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы егістік ___гектар, шабындықтар мен жайылымдықтар___гектар
      7. Азықтарды сатып алу шартының болуы сүрлем/ пішендеме/ ___тонна, пішен ___тонна
      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

  1. селекциялық және асылдандыру жұмысының бірыңғай ақпараттық базасынан үзінді көшірме;

  2. заңды тұлғалар нысанындағы қызмет алушылар үшін – есеп көшірмесі немесе
    24-аш статистикалық есептілік нысанынан үзінді көшірме;

  3. шаруа қожалықтары (фермерлік шаруашылықтар) үшін – сиыр басы санын растау үшін шаруашылық кітабынан үзінді көшірме;

  4. банктен банктік есепшоттың болуы туралы анықтама.

 

 

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін __________«__» ____ 20 __ жыл (қолы).



 

Кәсіпорын басшысы __________________ 20___жылғы «___» ______


                   (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы, мөрі)

 

«Растаймын»


_____________________ облысы _____________________
                                         
_____________________ауданы ________________________ бөлімінің бастығы

        (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы )

_____________________________

 

 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін



 қызмет стандартына

3-қосымша

 

____________________облысы



_________________ауданының

____________________бөлімі

 

Субсидиялар алуға арналған өтінім

 

Сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төліне; тұқымдық бұқалардың ұрығына; эмбриондарды трансплантациялауға; асыл тұқымды етті және жұмыртқа бағытындағы тәуліктік балапандарға; асыл тұқымды жұмыртқаға; асыл тұқымды төлге (қойлар, жылқылар, шошқалар, түйелер, маралдар (бұғылар) (қажеттісін қалдырыңыз).



 

1. Көрсетілетін қызметті алушы:  _____________________________________________________________

  (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

__________________________________________________________________

(жеке/заңды тұлға үшін)

             3. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________

 

4. Шаруашылықтың есептік нөмірі (болған кезде) _______________



 

5. 20____ жылы асыл тұқымды өнімнің (материалдың) нақты сатып алынғаны:

1) түрі: _________________________________________________________________

(ірі қара  мал/қой/жылқы/шошқа/түйе/марал/бұғы/тәуліктік балапандар/асыл тұқымды жұмыртқа/асыл тұқымды аталық бұқалар ұрығы/эмбриондар)

2) тұқым (кросс), өнімділік бағыты  __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3) саны, жас-жыныстық тобы, жасы __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

(бас, дана, доза – цифрмен және жазумен)

4) облыс, шығарылған ел _______________________________________

__________________________________________________________________

5) сатушы ____________________________________________________

 

Өтінімге мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласында қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар  қоса беріледі.



 

Көрсетілетін қызметті алушының атынан: _____________________________________________________________

(басшысының тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)

М.О.


20____ жылғы «_____» _______________                                                                   

 

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін __________«__» ____ 20 __ жыл (қолы).



 

________________________ облысы _________________________

                                                                                        (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)

______________________ ауданы ____________________бөлімінің бастығы  

 

М.О.


 

20____ жылғы «_____» ______________

 

Ескертпе: субсидиялауға тек сәтті қондырылған эмбриондар және төлдің туылғаны туралы актімен дәлденген нәтижелі ұрықтандырулар ғана жатады.



 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін

 қызмет стандартына

4-қосымша

 

____________________облысы



_________________ауданының

____________________бөлімі

 

Субсидиялар алуға арналған өтінім

 

Аналық ірі қара мал және қой басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарға



1. Көрсетілетін қызметті алушы:_____________________________________________

                                                  (көрсетілетін қызметті алушының атауы)           

2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________________________________

                                                                           (жеке/заңды тұлға үшін)

           3. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы:_________________________________

           4. Шаруашылықтың есептік нөмірі (болған кезде) ____________________

           5. Түрі: ірі қара мал/ қой  _______________________________________________________________________

(асыл тұқымды/тауарлы – ірі қара мал мен қойлар үшін; етті/сүтті бағыттағы - ірі қара мал үшін)

6.  Селекциялық және асыл тұқымдық қатыстырылған ірі қара малдың және қойлардың аналық басы бар: _____ бас

7.  Қолда бар тұқымдық бұқалар: _________________  бас

8. Асыл тұқымды тұқымдық бұқалар ұрығы/эмбрионы сатып алынды/алынды__________________________________доза/дана

Өтінімге мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласында қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар  қоса беріледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушының атынан:___________________________________



                                                                          (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)

М.О.                                   20____ жылғы «_____» _______________                                                 

_____________________________________ облысы

______________________  ауданы__________________________бөлімінің бастығы

                                                      (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)

 

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін __________«__» ____ 20 __ жыл (қолы)



 

М.О.                                            

 

20__ жылғы  «_____» _______________



__________________________________

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартына



5-қосымша

 

Нысан



 

____________________облысы

_________________ауданының

_____________________бөлімі

 

Субсидиялар алуға арналған өтінім

 

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табында шағылыстыруға пайдаланылатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға 



 

1. Елді мекен_________________________________________________

2. Бұқаның иесі_______________________________________________

                (жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)

3. Бұқа иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________________________

     4. Ағымдағы жылдың жайылымдық маусымының басында жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқалармен шағылыстыру үшін аналық ірі қара мал басы бар:_________________________ бас

         5. Етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалары бар:                 

           ____________________________________________  бас

 

Өтінімге мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласында қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар  қоса беріледі.



Елді мекен тұрғындарының атынан: ___________________________________

                                                             (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қолы)

 

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін __________«__» ____ 20 __ жыл (қолы)



 

М.О.


20____ жылғы  «_____»_______________

                                                                                               

___________________ облысы __________________________________ ауданы _________________бөлімінің бастығы 

___________________________________________________________________                (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)



М.О.

20____ жылғы «_____»_______________



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет