Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 146.19 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі146.19 Kb.
: sites -> default -> files -> Node 1905
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Node 1905 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі




«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:

3, 4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Субсидиялауға жататын бағыттар:

1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

асыл тұқымды ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен, сондай-ақ бал араның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу;

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малы мен қойдың аналық басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу;

асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу;

отандық және шетелдік асыл тұқымды зауыттардан және шаруашылықтардан асыл тұқымды қой, жылқы, шошқа, түйе, марал (бұғыларды) сатып алу;

отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан асыл тұқымды тәуліктік балапан мен ата-енелік/ата-тектік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқасын сатып алу;

жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;

шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу;

асыл тұқымдық орталықтар мен асыл тұқымды жануарлардың ұрығын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталықтардың (бұдан әрі - дистрибьютерлік орталық) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына қолдан ұрықтандыру жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу жөніндегі шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;

2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға:

бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізу;

сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн (қозы етін), түйе етін, шошқа етiн, құс етi және күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа), сүт, қымыз, шұбат, биязы жүнді қойлардың жүнiн (бұдан әрi – биязы жүн) өндiру құнын арзандату;

ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандату.

4. Бюджеттік субсидиялар нормативтері осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

Жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісім бойынша облыс әкімдігі қаулысымен субсидиялаудың төмендегі бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері, сондай-ақ өлшемдер мен талаптар бекітіледі:

1) маралдардың (бұғылардың) аналық басымен және бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу;

2) ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандату;

3) шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу;

4) асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізуі үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу шығындарын 50 %-ға дейін өтеу.

5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген субсидиялау бағыттары бойынша нормативтер, өлшемдер мен талаптар (бұдан әрі - Өлшемдер), сондай-ақ осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген субсидиялау бағыттары бойынша субсидия көлемдері нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі және екі данада облыс әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) қарастыруға ұсынылады.

Министрлік оң нәтижесі болған жағдайда, тиісті ілеспе хатпен нормативтердің, Өлшемдердің, сондай-ақ субсидия көлемдерінің бір данасын қайтарады.

Министрлік теріс нәтижесі болған жағдайда, бас тарту туралы хатпен нормативтердің, Өлшемдердің, сондай-ақ субсидия көлемдерінің екі данасын да қайтарады.

Субсидия көлемдері (жыл сайын, 20 қаңтардан кешіктірмей), сондай-ақ нормативтер мен Өлшемдер облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

Нормативтерге, Өлшемдерге, сондай-ақ субсидия көлемдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші-төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қаулы қабылданғаннан кейін, облыс әкімдігі оны екі жұмыс күні ішінде өз ресми интернет-ресурсына орналастырады.

Қаулы интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін, Министрлік екі жұмыс күні ішінде нормативтерді, Өлшемдерді, сондай-ақ субсидия көлемдерін бұрын келісілген нормативтерге, Өлшемдерге, сондай-ақ субсидия көлемдеріне сәйкес келуі тұрғысынан салыстырып тексереді.»;

8-тармақтың 2), 3), 6) және 11) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«2) шағылыстыру маусымы бойында өз төлінен өсіріп-өндіруде және бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмағандарға ауыстыруда зоотехникалық нормативтерге (шағылыстыру контингентінің отыз басына бір бұқадан (қошқардан) кем болмауы, бір бұқаны (қошқарды) қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау) сәйкес асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды (асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды) пайдалану жөніндегі талаптар сақталмаған кезде шаруашылықтық ірі қара малының (қойларының) барлық аналық басы;

3) өтінім берген сәтте «www.plem.kz» ресми ресурсы бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасында (бұдан әрі – АТЖ) және «www.iszh.kam.kz» ресми ресурсы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі деректер базасында (бұдан әрі – АЖС) тіркелген мал басының саны бойынша ауытқуларға ие шаруашылықтардағы ірі қара малдың және қойдың аналық басымен жүргізілетін селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс;

6) экспорттаушы ел қабылдаған әдістеме бойынша бағаланбаған шетелден әкелінген асыл тұқымды тұқымдық бұқалар;

11) тауар өндірушілер жануарларды мәжбүрлi санитариялық сою нәтижесiнде алған өтінімдер, сондай-ақ аса қауіпті және жіті инфекциялық аурулар бойынша карантиндiк iс-шаралардың қолданылу кезеңiндегі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімдері мен мал бастары;»;

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Комиссия тұрақты негізде жұмыс істейді. Комиссия отырысы айына кемінде бір рет жүргізіледі. Комиссияның құрамына ауыл шаруашылығы басқармасы мен ветеринария саласындағы басқарманың, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық инспекцияларының мамандары, жергілікті өкілдік органдар депутаттары, сондай-ақ мал шаруашылығы саласында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлердің өңірлік палаталары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің саны комиссияның жалпы құрамының жартысынан кем болмауы тиіс. Комиссияның жұмыс органы ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - басқарма) болып табылады.»;

14 және 15-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«14. Тауар өндірушілер тиісті негіздердің туындауына қарай осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемдерге субсидиялар алуға өтінімдерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлімге ұсынады.

Ірі қара мал мен қойдың аналық басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізуге субсидия алу үшін, АТЖ арқылы субсидия алуға өтінім қалыптастырады, кейінен басып шығарып, қол қойып, бөлімге тапсырады.

Тауар өндірушілер тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізуге және қойдың аналық басына субсидия алу үшін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін осы Қағидаларға 2-қосымшада және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген өлшемдер мен талаптарға сәйкестікті, сондай-ақ «Сыбаға» кредит беру бағдарламасы бойынша және/немесе өз қаражаты есебінен аналық мал басын және тұқымдық бұқаларды сатып алған/қосымша сатып алған тауар өндірушілер тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басына асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу бағыты бойынша субсидия алуға өтінімді ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін қамтамасыз етеді. Тауар өндірушілер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу бағыты бойынша субсидиялау тиісті жылдың 1 маусымынан бастап және қой бойынша 1 қыркүйегінен бастап жүзеге асырылады.

Егер, тауар өндіруші асыл тұқымды ірі қара малды төлемнің мерзімін ұзарта отырып (ішінара ақы төлей отырып) және/немесе лизингке сатып алатын

болса, бюджеттік қаражатты сатушының және/немесе лизинг берушінің субсидия алуға арналған өтінімде көрсетілетін шотына аударуға жол беріледі.

15. Тауар өндірушілер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтінімді ұсынуға дейін көрсетілген субсидиялау бағыттары бойынша мынадай тиісті құжаттарды рәсімдейді:



  1. асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу кезінде -

осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 3 нысан бойынша жануарларды кіріске алу актісі және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған асыл тұқымдық және/немесе селекциялық малды пайдалану туралы келісімі;

2) асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқалар мен маралдарды сатып алу кезінде - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 3 нысан бойынша жануарларды кіріске алу актісі және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған асыл тұқымдық және/немесе селекциялық малды пайдалану туралы келісімі;

3) асыл тұқымды тәуліктік балапан мен ата-енелік/ата-тектік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқасын сатып алу кезінде - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 3 нысан бойынша құстарды кіріске алу актісі;

4) жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өз төлінен өсіп-өндіруге арналған етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу кезінде - осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған жалпы табында етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша малдардың иелері болып табылатын елді мекен тұрғындары жиынының шешімі;

5) шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың/қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды өнім берушілерге 100 %-ға дейін өтеу кезінде - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі қара малдың/қойдың аналық басын ұрықтандыру туралы акт және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 2 нысан бойынша ірі қара малдың ұрықтанған аналық басын тексеру актісі;

6) бұқашықтарды дайындаушы ұйымдар арқылы бірінші деңгейлі өндірістік бордақылау алаңдарына өткізу кезінде – осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар өндіруші, дайындаушы ұйым және бордақылау алаңы арасындағы ірі қара малдың сатып алу шарты және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 4 нысан бойынша бұқашықтарды бордақылау алаңдарына қабылдап алу-беру актісі;

7) бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу кезінде - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 4 нысан бойынша бұқашықтарды бордақылау алаңдарына қабылдап алу-беру актісі;

8) ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу кезде - осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындауға араналған шығындардың анықтама-есептемесі.»;

16 және 18-тармақтар алынып тасталсын;

22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«22. Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгіленген өлшемдер мен талаптарға сәйкес келген және өтінімдерді қайтарып беруге негіздер болмаған жағдайда, бөлім тауар өндіруші субсидия алуға өтінімде ұсынған деректерді екі жұмыс күні ішінде ірі қара мал мен қойдың аналық басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу бағыты бойынша осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейіннен шығара отырып, АЖС мен АТЖ-де мал басы санын (малдардың жеке нөмірлері, жынысы, тұқымы және туған мерзімі сәйкестігіне), АТЖ-де ғылыми-консалтингтік сүйемелдеу туралы шарттың бар-жоғын, АЖС-де асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малға арналған асыл тұқымды куәліктің (сертификаттың) немесе селекциялық карточканың бар-жоғын салыстырып тексеруді жүргізеді.

Бөлім мал шаруашылығы өнімдерін субсидиялауға өтінім берген тауар өндірушілерді ауданның ветеринария бөлімі ұсынған аса қауіпті және инфекциялық аурулар бойынша карантиндiк iс-шаралар бар болған жағдайда қойылған тауар өндірушілер тізімімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық бөлімшесінің асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы АТЖ мен АЖС-дағы мал басы санының сәйкестігіне және тұқымдық бұқаға арналған жүктемеге мониторинг жүргізеді.»;

23-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«4) бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу – осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу туралы, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес 8 нысан бойынша (АТЖ-дан) бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу туралы үзінді-көшірмелер.»;

23-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

24 және 25-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«24. Бөлім тауар өндірушінің осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген тиісті өндіріс деңгейіне сәйкестігін айқындайды және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудан бойынша жиынтық акт жасайды және оны аудан әкімі бекітеді. Бекітілген аудан бойынша жиынтық акт және егер субсидия алуға арналған өтінімдер болған жағдайда, субсидия алуға арналған өтінімдердің электрондық (сканерленген) көшірмелері басқармаға екі аптада бір рет ұсынылады. Бөлім субсидия алуға арналған өтінімді растау құжаттарының көшірмелермен (АТЖ-дан және ветеринарлық ұйымнан алынған) және сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық жануарларды пайдалану туралы келісімнің түпнұсқасымен бірге үш жыл бойы сақтайды. Бөлім басқармаға берілетін құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

25. Басқарма аудан бойынша жиынтық актілерді асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша жекелеген журналдарға тіркейді.

Басқарма үш жұмыс күні ішінде бөлім ұсынған аудан бойынша жиынтық актілерді деректердің бар-жоғы және толықтығы тұрғысынан қарастырады. Сәйкес келмеу белгіленген жағдайда, басқарма оларды тіркеген күннен бастап

үш жұмыс күнінен кешіктірмей, аудан бойынша жиынтық актілерді қайтарып беру себептерін көрсете отырып, пысықтау үшін бөлімге қайтарып береді.

Бөлім бес жұмыс күні ішінде түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні басқармаға қайта енгізеді, ал мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген мерзім ішінде қайтарып беру себептерін көрсете отырып, субсидия алуға арналған өтінімді тауар өндірушіге қайтарады.»;

30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«30. Субсидиялау бағыттары арасындағы сомалар өзгерген жағдайда, облыс әкімінің қаулысына осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тәртіппен тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.»;

34-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«34. Сатып алынған ірі қара мал, қойлар, жылқылар, шошқалар және түйелердің төліне алынған субсидиялар, жүргізілген селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар, жалпы табында ұсталатын етті, сүтті және қос тұқымды асыл тұқымды тұқымдық бұқалар, бордақылау алаңдарына өткізілген бұқашықтар туралы мәліметті басқармадан тауар өндірушілерге төленген субсидиялардың көлемдері туралы ақпарат түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бөлім АЖС-ға енгізеді.

Бөлім қосымша осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес АТЖ мен АЖС-дағы өткізілген мал басы санын салыстыру бойынша сәйкестігін растау үшін қағазға шығарып және осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасында ауыл шаруашылығы жануарларын салыстырып тексеру туралы ақпаратты қоса береді.

Бөлім бұқашықтарды өндірістік бордақылау алаңдарына өткізу және сиыр еті, жылқы еті, қой еті (қозы еті), түйе еті, шошқа еті өндірісінің құнын арзандату субсидиялау бағыттары бойынша ветеринарлық ұйымынан – осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір иесінің тіркелген/шығарылған жануарлар бойынша ақпаратты (АСЖ-дан) алады.»;

мұнадай мазмұндағы 3-тарауымен толықтырылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен субсидиялау тәртібі

35. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан (бұдан әрі – Ұлттық қор) бөлінген қаражат есебінен және шегінде субсидиялауға мынадай бағыттар жатады:

1) ірі қара малдың аналық басымен асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу;

2) құс еті және тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату;

3) етті бағытындағы ірі қара малды өсіруімен айналысатын шаруашылықтар, құс өсіру және шошқа өсіру шаруашылықтар үшін жемшөп құнын арзандату;

4) сүт-тауарлық фермалар үшін ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату.

Осы тарауда қозғалмаған субсидиялау нормативтері, өлшемдер мен талаптар, бөлімнің, жұмыс органының, комиссияның жұмыс істеу тәртібі және басқа да талаптар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Құс фабрикаларының жемшөп құнын арзандатуға арналған субсидиялар алуының айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында субсидия алуға арналған өтінімдер «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберіледі, ол кәсіпорының технологиялық картасына және «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі айқындаған жемшөп көлемдеріне сәйкес субсидиялар алуға өтінім берілген өнім көлемінің қолда бар қуаттылықтарға сәйкестігін тексергеннен кейін өтінімдерді Комиссияның жұмыс органына жібереді.

Тиісті салалық одақтар бөлген көлемдерге сәйкес айқындалған тауар өндірушілер мен жемшөп көлемдері субсидиялауға жатады.

Субсидиялауға 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатып алынған жемшөп (арпа және 4 және 5 сыныпты бидай) жатады.

36. Басқарма Министрлікке Ұлттық қордан бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалану (субсидиялау) туралы ақпаратты есептік жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

Етті бағыттағы шаруашылықтар, құс және шошқа өсіру кәсіпорындары үшін жемшөп құнын арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша жылдық есепті ұсынған кезде, өнімге және мал басына қайта есептеу коэффициенттері қолданылады.»;

1, 2, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4, 8, 10, 11-қосымшалар осы бұйрыққа 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес 14, 15, 16-қосымшалармен толықтырылсын;

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.


4. Осы бұйрықтың 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жетпіс бірінші – сексен алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы

министрі А. Мамытбеков



«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

міндетін атқарушы

___________Р. Бекетаев

2015 жылғы « »



«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушы

___________ Т. Жақсылықов

2015 жылғы « »






©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет