Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары



жүктеу 231.16 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі231.16 Kb.




№ исх: 35 от: 25.01.2013

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) асыл тұқымды мал үлесін және ауыл шаруашылығы малының өнімділік сапасын арттыру мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – тауар өндірушілер), мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығына (бұдан әрі – республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығы), қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытына, етті құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымды репродукторға, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидия беру (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін айқындайды.

2. Субсидиялануға тиіс бағыттар:

1) тауар өндірушілердің ірі қара малдың асыл тұқымды төлін сатып алуы;

2) етті және сүтті тұқымды аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар;

3) тауар өндірушілердің тұқымдық бұқалардың бағаланған ұрығын сатып алуы және эмбриондарды трасплантациялау;

4) жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табында шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;

5) тауар өндірушілер ата-енелік, ата-тектік нысандағы табынды ұстайтын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқа сатып алуы;

6) тауар өндірушілердің отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан немесе асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан асыл тұқымды төлді сатып алуы;

7) республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығының арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтарды, асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын сатып алуы; республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығының асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағуы, ұрығын алуы, сақтауы, өндірушілердің сапасы бойынша ұрығын бағалауы, ұрпағының сапасы бойынша ұрығын бағалауы, эмбриондар алуы, сақтауы және пайдалануы;

8) асыл тұқымды жылқыларды көбейту, күтіп-бағу және тренингі, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау;

9) етті құс шаруашылығы бойынша асылдандыру репродукторында асыл тұқымды құс сатып алу жөніндегі шығындарды толық өтеу.

3. Әрбір бағытқа арналған субсидия нормативі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

4. Жыл сайын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

2. Субсидияларды төлеу шарттары
5. Тауар өндірушілердің субсидияларды алуының міндетті және қажетті шарты осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тиісті бағыттар бойынша талаптарға толық сәйкес келуі, бүкіл ауыл шаруашылығы мал басын зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағуы және ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады.

6. Мыналар субсидиялауға жатпайды:

1) бұрын арзандатылған, сондай-ақ айырбас бойынша өзара есеп айырысу есебіне сатып алынған немесе молайту мақсатында пайдаланылмайтын асыл тұқымды төл, құс шаруашылығы өнімі, тұқымдық бұқа ұрығы, эмбриондар;

2) ағымдағы жылы субсидияланған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге арналған аналық мал басы, күтіп-бағуға арналған жалпы табында шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды тұқымдық бұқалар;

3) шет елден әкелінген, индекстік жүйе бойынша бағаланбаған асыл тұқымды ірі қара мал төлі; шет елден әкелінген, өзінің өінімділігі немесе ұрпағының сапасы бойынша бағаланбаған тұқымдық бұқалар;

4) өнеркәсіптік шағылыстыруға арналған асыл тұқымды қашарлар.

7. Тауар өндірушілердің жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтамауы тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) төленген субсидияларды заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алуына негіз болып табылады.

8. Тауар өндірушілер мәлімдеген субсидиялардың көлемі бөлінген субсидиялар көлемінен асып түскен жағдайда, етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды төлін сатып алуға берген өтінімдер басым тәртіппен қанағаттандырылады, қаражат қалдығы берілген өтінімдерге сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айда (айларда) көзделген бос қаражаттан төленетін болады.



3. Министрліктің және облыс әкімдіктерінің жұмыс тәртібі
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бұйрықпен мынадай құжаттарды бекітеді:

1) субсидиялар алуға арналған өтінім нысандары;

2) аудан/облыс бойынша жиынтық актілер нысаны;

3) облыс бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі есеп нысаны;

4) облыс бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу, сондай-ақ селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізу көлемі жөніндегі тоқсандық есеп нысаны;

5) тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындары – мал иелері жиыны шешімінің нысаны;

6) сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымдық төлін пайдалану бойынша міндеттемелер нысаны;

7) ұрықты пайдалану актісінің нысаны;

8) төлдің туғанына арналған акт нысаны;

9) эмбрионды телу жүргізуге арналған акт нысаны.

10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі және облыс әкімдері жыл сайын 30 қаңтарға дейінгі мерзімде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған облыстың жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспарымен келісімге қол қояды.

11. Министрлік, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді ай сайын облыстық бюджеттерге аударады.

12. Облыс әкімі осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде облыс әкімі өзінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары төрағалық ететін, облыстық мәслихат шешімімен бекітілетін асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

Комиссия тұрақты негізде осы Қағидалардың қолданылуының барлық уақытында жұмыс істейді. Комиссияның құрамына облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық инспекцияларының мамандары, сондай-ақ бейінді қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің құрамы облыс әкімі шешімімен өзгертілуі мүмкін. Комиссияның жұмыс органы басқарма болып табылады.

13. Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілердің өтінімдері бойынша қаржыландыру жоспарында айлар бойынша және бағыттар басымдылығына сәйкес белгіленген лимиттердің шегінде тиесілі бюджет қаражаты көлемін айқындау, Министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық ведомост қалыптастыру және ақы төлеу шоттарының тізілімін келісу кіреді.

14. Комиссияның отырысы айына кемінде бір рет жүзеге асырылады. Кезекті отырыста комиссия бірінші кезекте бұрын мақұлданған, бірақ қаржыландырылмаған немесе ішінара қаржыландырылған басым бағыттағы өтінімдерді, кейіннен ағымдағы айдың өтінімдерін қанағаттандырады.

15. Бөлінген қаражат толық игерілмеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты облыстар бойынша қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.

4. Тауар өндірушілердің субсидиялар алуға арналған өтінімдерін

қарау және қанағаттандыру тәртібі
16. Қағидалар ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бөлім аудан әкімдігінің интернет-ресурсына және ауданның ресми баспа басылымдарында субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.

17. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі және облыс әкімі асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін облыстың жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспарымен келісімге қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, басқарма оны облыс әкімдігінің интернет-ресурсында, бөлімдер – тиісті аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырады.

18. Тауар өндірушілер тиісті негіздердің туындауына қарай осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялануға тиіс нақты көлеміне өтінімді (осы Қағидалардың 30-32-тармақтарына сәйкес құжаттардың толық пакетін) бөлімге ұсынады. Бөлім тауар өндірушінің берген өтінімдерін өтінімдерді тіркеудің тиісті журналында тіркейді.

19. Бөлім өтінім беру үшін негіз туындаған сәттен бастап 1 жылдан аспаған өтінімді қабылдауға міндетті.

20. Бөлім өтінімдерді алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін және тауар өндірушілерді осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, бөлім ұсынылған құжаттарды тауар өндірушілерге бас тарту себептерін көрсете отырып дереу қайтарады.

Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта енгізуге құқылы.

21. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген және осы Қағидаларда көзделген өтінімдерден бас тартуға негіздер болмаған жағдайларда, бөлім тауар өндіруші өтінімде ұсынған деректерді екі жұмыс күні ішінде: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтындағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми сайтындағы заңды тұлғалардың деректер қорынан тексеріп, өтінімді ауданның ветеринар дәрігері берген ветеринариялық қолайлылығы туралы анықтамамен, ірі қара малға қатысты бағыттарды субсидиялау кезінде – «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» жүйесінің (бұдан әрі – АЖС) селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасынан үзінділерімен толықтырады.

22. Бөлім тауар өндірушілердің асыл тұқымды төлді, құс шаруашылығы өнімдерін сатып алуы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүзеге асыруы, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуы туралы аудан әкімі бекіткен жиынтық актіні жасайды. Тауар өндірушілердің өтінімдері толық құжаттар пакетімен қоса және бекітілген жиынтық акті екі аптада кемінде 1 рет басқармаға ұсынылады. Бұл ретте бөлім басқармаға ұсынылатын растау құжаттарының дұрыстығын қамтамасыз етеді. Басқарма бөлімнің жиынтық өтінімін тиісті тіркеу журналға тіркейді.

23. Басқарма үш жұмыс күні ішінде бөлім ұсынған өтінімдерді осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Ұсынылған өтінімдер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, басқарма ұсынылған өтінімдер тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кері қайтару себептерін көрсете отырып, оларды пысықтауға қайтарады.

24. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, басқарма екі жұмыс күні ішінде өтінімдерді комиссияның қарауына жібереді, ол отырыс қорытындысы бойынша тауар өндірушілердің жиынтық тізімін және субсидиялау бағдарламасына қатысушыларға тиесілі субсидиялар көлемдерін жасайды.

25. Облыс әкімі комиссияның ұсынымы бойынша комиссия берген тізімді үш жұмыс күні ішінде бекітеді. Басқарма әкімнің шешімін Министрлікке және тиісті бөлімдерге дереу жолдайды.

26. Тауар өндірушілердің банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеу шоттарын екі данада қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.

27. Басқарма ай сайын бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюджет қаражатының көлемі туралы ақпарат жібереді.

28. Асыл тұқымды ірі қара мал төлін сатып алуға, тұқымдық бұқа ұрығын сатып алуға және эмбриондарды телуге, жүргізілген селекциялық және асылдандыру жұмыстарын, етті тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға алынған субсидиялар туралы мәліметті бөлім субсидиялар бөлінген әр малдың сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, басқармадан осындай ақпарат түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде АТЖ-ге енгізуге тиіс.

29. Басқарма ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 20 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлікке төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі, құны және тиімділігі туралы есеп береді.



5. Субсидиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
30. Тауар өндірушілер бөлімге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялануға тиіс нақты көлемдеріне өтінімдер ұсынады.

31. Өтінімге осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген талаптарды растайтын құжаттар қоса беріледі.

32. Тауар өндіруші қосымша банктен банктік шотының бар болуы туралы анықтаманы қоса береді.

33. Растаушы құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырып тексерілгеннен кейін субсидия алушыға қайтарылады.


6. Республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығының, қостанай

жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытының, етті құс шаруашылығы жөніндегі асылдандыру репродукторының шығындарын толық өтеуді көздейтін субсидияларға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
34. Шығындарды толық өтеу үшін 10 желтоқсаннан кешіктірмей басқармаға:

1) республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығы Министрлікпен келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын, жабдықты, техниканы сатып алғанын растайтын құжаттардың (шарт, төлем құжаттарының көшірмелері, кіріс актісі) бір данасын, асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға, олардың ұрықтарын алуға, сақтауға және бағалауға, сондай-ақ эмбриондарды алуға, сақтауға және пайдалануға жұмсалатын шығындарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады;

2) қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауыты асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, тренингке және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады;

3) етті құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығы балапандарды сатып алуға жұмсалған шығындарды (олардың жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың (шарты, төлем құжаттарының көшірмелері, кіріс актісі) көшірмесінің бір данасын ұсынады.

35. Басқарма ұсынылған шарттарды бес жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость қалыптастырады, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын екі данада қоса бере отырып, төлем шоттарының тізілімін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджеттік субсидияларды республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығына, қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытына, етті құс шараушылығы бойынша асылдандыру шаруашылығына аудару үшін ұсынады.
____________________

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларына

1-қосымша



  1. Тауар өндірушілер сатып алған асыл тұқымды ірі қара мал төлінің құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері




Асыл тұқымды өнім түрі

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Етті тұқымдар*

Сүтті тұқымдар*

Бұқалар

Қашарлар және құнажындар

Қашарлар және құнажындар

отандық селекциялар

118 000

118 000

118 000

шетелден әкелінген:










Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері

235 000

235 000

235 000

Еуропа елдері

154 000

154 000

154 000

Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Украина

0

0

118 000

2. Етті және сүтті тұқымды аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартуға байланысты тауар өндiрушiлерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындарының құнын (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері




Асыл тұқымды өнім түрі

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Етті тұқымды сиырлар және құнажындар *

14 000

Сүтті тұқымды сиырлар және құнажындар *

14 000

* Құрама сүтті-етті бағыттағы тұқымдар үшін тауар өндірушілер аталған малды қай бағыт мақсатында пайдаланатындығына байланысты бағыт қолданылады.


3. Тауар өндірушілер сатып алған бағаланған тұқымды бұқалар

ұрығы және эмбрионды телу құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері




Асыл тұқымды материал түрі

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Эмбрион

дана

18 000

тұқымдық бұқалар ұрығы, оның ішінде:







қос жынысты ұрық (отандық)

доза

600

импорттық ұрық

доза

1 100

бір жынысты ұрық

доза

3 300

4. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басынан қалыптастырылған жалпы табында шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара (50 % артық емес) өтеу бойынша

бюджеттік субсидиялар нормативтері


Асыл тұқымды өнім түрі

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Етті бағыттағы тұқымдық бұқалар

104 000

5. Отандық құс фабрикалары ата-тектік, ата-енелік желідегі отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның құнын iшiнара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері*




Асыл тұқымды өнім түрі

Тәуліктік балапандар және асыл тұқымды жұмыртқа сатып алуға арналған субсидиялар нормативтері, теңге

ата-тектік табыннан**

ата-енелік табыннан***

Тәуліктік балапан

(етті бағыттағы)



Сатып алу құнының 50 % артық емес, бірақ 1 басқа

303 теңгеден артық емес



-

Тәуліктік балапан

(жұмыртқа бағытындағы)



-

Сатып алу құнының

50 % артық емес, бірақ 1 басқа

50 теңгеден артық емес


Тауық жұмыртқасы

-


Сатып алу құнының 50 %

артық емес, бірақ 1 данасына

21 теңгеден артық емес

* Асыл тұқымды шаруашылық мәртебесiн алған асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алынған асыл тұқымды өнiмдер (тәулiктiк балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялануға тиіс.

** Еттi бағыттағы құс шаруашылығында ата-енелiк табынды қалыптастыру үшiн.
*** Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында өнеркәсiптiк табынды қалыптастыру үшiн.
6. Тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан немесе асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері


Р/с



Асыл тұқымды малдардың түрлері мен тұқымдары

1 басқа басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Қойлар

1.

Қазақтың биязы жүнді қойы

8 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 % артық емес




2.

Қазақтың арқар мериносы

3.

Оңтүстік қазақ мериносы

4.

Солтүстік қазақ мериносы

5.

Австралия мериносы

6.

Цигай қойы

7.

Қазақтың биязылау кроссбредті жүнді қойы

8.

Дегерес етті-жүнді қойы

9.

Еділбай қойы

10.

Қазақтың ұяң жүнді немесе қылшық жүнді құйрықты қойы

11.

Сарыарқа құйрықты қойы

12.

Гиссар қойы

13.

Қаракөл қойы

Жылқылар

1.

Қазақтың жабы жылқысы

40 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 % артық емес


2.

Көшім жылқысы

3.

Мұғалжар жылқысы

4.

Қазақтың адай жылқысы

Шошқалар

1.

Ірі ақ шошқа

15 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 % артық емес


2.

Немістің асыл тұқымды шошқасы

3.

Дюрок

4.

Ландрас

Түйелер

1.

Қазақтың айыр өркешті түйесі

37 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 % артық емес

2.

Аруана

Маралдар (бұғылар)

1.

Маралдар

30 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 % артық емес

2.

Бұғылар

__________________________



Асыл  тұқымды мал шаруашылығын
қолдауға арналған субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге



қойылатын өлшемдер


Р/с


Субсидиялау бағыттары

Талаптар

1.

Тауар өндірушілердің ірі қара малдың асыл тұқымды төлін сатып алуы


  1. Сатып алатын асыл тұқымды төлдің жасы оларды карантинге қойған уақытта: қашарлар – 18 айдан, құнажындар және бұқалар - 26 айдан аспауы тиіс.

  2. Сатып алған асыл тұқымды төлге тиісті тұқымдар бойынша Республикалық палаталар берген асыл тұқымды мал куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі.

  3. Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі.

  4. Лизинг/сатып алу-сату шартының түпнұсқасы және көшірмесі. Лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге арналған өтінім (лизинг шарты негізінде асыл тұқымды төлді сатып алған жағдайда).

  5. Төлем құжаттарының түпнұсқалар және көшірмелері - кiрiс-кассалық ордер немесе шарт бойынша 100% төленгенін растайтын банктiң төлем тапсырмасы.

  6. Асыл тұқымды төлді кіріске алу актісінің түпнұсқалары және көшірмелері (немесе тауар өндірушідегі карантиннен шешу актісі).

  7. Сатып алынған аналық мал басын өз төлінен өсіру мақсатында кемінде 2 жыл пайдалану туралы жазбаша міндеттемелер (тұқымдық бұқалар үшін – кемінде 2 шағылыстыру маусымы).

  8. Шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе қолдан ұрықтандыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану бойынша (етті ірі қара мал шаруашылығында); шағылыстыру контингентін өз өнімділігі бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100% жасанды ұрықтандыруды пайдалану бойынша міндеттеме (сүтті ірі қара мал шаруашылығында).

Асыл тұқымды мал басын ұстайтын шаруашылықтар үшін қосымша:

  1. Тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаның немесе Республикалық палата ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы келісімінің болуы;

Асыл тұқымды төлді шетелден сатып алған кезде қосымша:

  1. Асыл тұқымды тұқымдық бұқаның ДНК – паспортының түпнұсқасы және көшірмесі.

  2. Асыл тұқымды ірі қара малды және одан алынған төлді өз төлінен өсіру үшін тек Қазақстан Республикасы аумағында 3 жыл ішінде пайдалану туралы жазбаша міндеттеменің болуы.

2.

Етті және сүтті тұқымды аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық асылдандыру жұмыстары


  1. Малдардың белгіленген үлгідегі сәйкестендіру нөмірінің болуы және олардың сәйкестендіру жүйесінде тіркелуі

  2. Асыл тұқымды мал басының АСЖ-де болуы

  3. Асыл тұқымды мал басын өсіретін шаруашылықтарға:

1) тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаның немесе Республикалық палата ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы шартының түпнұсқасы және көшірмесі.

2) өзінің өнімділігі бойынша қолдан ұрықтандыру кезінде және ұрпағының сапасы бойынша сыналған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды қолдану бойынша (етті мал шаруашылығында); ұрпағының сапасы бойынша сыналған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % аналық мал басын қолдан ұрықтандыру (сүтті мал шаруашылығында) бойынша жазбаша міндеттемесі.

Тұқымдық түрлендіруге қатысатын тауарлы табын үшін:

- зоотехникалық талаптарға сәйкес асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы оларды өз төлін өсіру үшін пайдалану және ротациялау (30 бас аналық мал басына 1 бұқадан кем болмауы, бұқаны қатарынан 2 шағылыстыру кезеңінен артық пайдаланбау)



3.

Тауар өндірушілердің тұқымдық бұқалардың бағаланған ұрықтарын сатып алуы және эмбрион телуі

  1. Малдардың белгіленген үлгідегі сәйкестендіру нөмірінің болуы және оларды АЖС-ға тіркеу

  2. Асыл тұқымды мал басының АСЖ-де болуы

  3. Өнімге берілген асыл тұқымды куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі (тұқымдық-бұқалардың ұрығы, эмбриондар)

  4. Ветеринарлық сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі

  5. Тұқымдық бұқалардың ұрығын эмбриондарды телуде қолдану туралы акті.

  6. Төлді әкелу туралы акт/ төлдеу журналына тіркеу және алынған төлді өсіру

  7. Алынған төлді АСЖ-да және АЖС-да тіркеу

4.

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табынды шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

  1. Етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаның асыл тұқымды куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі

  2. Асыл тұқымды тұқымдық бұқаның ветеринариялық сертификатының түпнұсқасы және көшірмесі

  3. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған жалпы табында – осы бекітілген асыл тұқымды бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындарының тиісті ауылдық округ әкімі растаған жиналыс шешімі.

  4. Зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды бұқалардың болуы оларды пайдалану және алмастыру (30 бас шағылыстыру контингентіне 1 бұқадан кем болмау, бұқаны қатарынан 2 шағылыстыру кезеңінен артық пайдаланбау)

5.

Тауар өндірушілер ете-енелік, ата-тектік нысандағы табынды ұстайтын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқа сатып алу

  1. Сатын алынған асыл тұқымды тәуліктік балапандарға және асыл тұқымды жұмыртқаға берілген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемелекеттік органдарымен танылған асыл тұқымды куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі.

  2. Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі

  3. Асыл тұқымды өнімді сатып алу-сату жөніндегі шарттың түпнұсқасы және көшірмесі

  4. Төлем құжаттарының көшірмелері - кіріс кассалық ордері немесе шартты 100%-дық өтеуді дәлелдейтін банктің төлем тапсырмасы

  5. Асыл тұқымды жас төлді кіріске алу актісі (немесе тауар өндірушілердің карантинді алып тастау актісі)

  6. Торлық және едендік бағып-ұстау үшін технологиялық құрал-жабдықтардың болуы

6.

Тауар өндірушілердің отандық асыл тұқымды зауыттардан немесе асыл тұқымды шаруашылықтардан отандық бағыттағы асыл тұқымды жас төлді сатып алуы.

  1. Сатып алынатын асыл тұқымды төлдің жасы шарт жасасқан кезде мынадан аспауы тиіс:

1) қойлар: тұсақтар - 18 айға дейін; қошқарлар – 18 айға дейін

2) жылқылар: байталдар - 3 жасқа дейін ; сәуріктер - 5 жасқа дейін.

3) түйелер: ұрғашылар - 3 жасқа дейін; еркектер - 5 жасқа дейін.

4) шошқалар: ұрғашылар - 12 айға дейін; еркектер - 14 айға дейін.

5) маралдар: ұрғашылар – 18 айға дейін, еркектер - 24 айға дейін.


  1. Сатып алынған асыл тұқымды төлге берілген асыл тұқымды куәліктің көшірмесі және түпнұсқасы.

  2. Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі

  3. Сатып алу-сату/лизинг шартының болуы. Лизинг шарты бойынша лизинг берушінің деректемелері көрсетілген негізгі берешек бойынша субсидияларды төлеуге мәлімдеме (тек қана лизинг шарты негізінде асыл тұқымды жас малды сатып алған жағдайда);

  4. Төлем құжаттарының көшірмелері - кіріс кассалық ордері немесе шартты 100%-дық өтеуді дәлелдейтін банктің төлем тапсырмасы

  5. Асыл тұқымды жас төлді кіріске алу актісі (немесе тауар өндірушілердің карантинді алып тастау актісі)

  6. Алынған асыл тұқымды аналық мал басын табынды өз тайын өсіру мақсатында 2 жылдан кем емес уақыт колдануы жөніндегі жазбаша міндеттемесі (бұқаларға - 2 шағылыстыру маусымынан кем емес)

__________________________






«Бекітемін»

_______________ облысы

Ауыл шаруашылығы басқармасының

бастығы ___________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

20__ жылғы «__» ____________


Асыл  тұқымды мал шаруашылығын
қолдауға арналған субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

Мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығына, қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытына, етті құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымды репродукторға 20__жылғы ___________ айы үшін тиесілі бюджеттік субсидиялар туралы

(ай)

жиынтық ведомость


Шығындардың

баптары


Бюджет қаражатын бөлу сметасында көзделген сома,

мың теңге



Сатып алынған тауарлардың (жануарлардың), орындалған қызметтер мен жұмыстардың нақты көлемі

Жыл басынан бері тиесілі сома, мың теңге

Жылдың басынан бастап төленген,

мың теңге



Тиесілі соманың қалдығы,

мың теңге



Төленуге тиіс,

мың теңге
























ЖИЫНЫ


















Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) _____________________ (Т.А.Ә., қолы)



Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (Т.А.Ә., қолы)


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет