Ассоциация нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы



жүктеу 114.22 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі114.22 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
Ассоциация нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы
Чупров В.М., ҚР Президентінің Мұрағаты директорының орынбасары

Алдыңғы мақалада біз құжаттау мен құжаттаманы басқаруды ұйымдастырудың маңызды шарты болып табылатын құжаттарды жіктеудің негізгі белгілерімен таныстық. Басқару, қандай міндеттер шешіліп жатқанына қарамастан белгілі бір кезеңдерден және циклдардан өтеді. Осыған сәйкес ұйымдастыру қызметі бойынша құжаттардың негізгі кешендері қалыптастырылады: ұйымдастырушылық-өкімдік, жоспарлы және есеп жүргізу-есептілік құжаттамасы және т.б.


Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама басқару құжаттамасының басты негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол басқару жүйесін және үдерісін ұйымдастыру қызметін, басқарудың негізгі міндеттерінің ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етілуін іске асырады. Онда құжаттардың келесідей топтарын бөліп алады: ұйымдастырушылық – жарғылар, ережелер, нұқсаулықтар, қағидалар, штат кестелері. Кейінгі мақалаларда біз осы құжат түрлерінің құрастырылу технологиясымен және оларды мәтіндік мазмұнмен толықтыратын боламыз.
Сонымен, жарғыны құрастыруды алайық. Жарғы – қызметтің мақсаттарын, мәнін және қағидаттарын, мүлкі мен қаражатын, ассоциацияға мүшелік пен серіктестікті, басқару жүйесі мен бақылауды, есеп жүргізу мен есептілікті, қайта ұйымдастыру мен таратуды анықтайтын құқықтық акт. Жарғы мен ереже өздерінің құрылымы жағынан бір-біріне ұқсас, бірақ мазмұнында біршама өзгерістер бар болады. Жарғы мемлекеттік емес нысандағы ұйымдарда, ал ереже керісінше, мемлекеттік мекемелерде жасалады. Жарғыны жасауға қойылатын жалпы талаптар ҚР Азаматтық Кодексінің 41-бабында (жалпы бөлім) берілген.
Жарғыны жасаудың технологиясын қарастырайық. Ассоциация нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысын жасаудың белгілі бір қиындықтары болады. Нысаны бойынша жарғы күрделі құжат болып табылады және оның тараулары, бөлімдері мен баптары болады, олар жалпы кезек тәртібімен нөмірленеді..
Жарғы ассоциацияны құруға негіз болып табылатын нормативтік құқықтық актілер көрсетілетін жалпы ережеден басталады,
Мысалы.
Осы Жарғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілеріне сәйкес әзірленді.
Одан кейін ассоциацияның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ ұйымның мәртебесі мен нысаны көрсетіледі.
Мысалы.
«Технотронды мұрағаттар мен құжаттану ассоциациясы» нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, әрі қарай “Ассоциация” деп аталып, мемлекеттік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады және ерікті түрде заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларды біріктіру үшін, жарғымен қарастырылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мақсатында құрылды.

Ассоциацияның ресми атауы мемлекеттік, орыс тілдерінде, қажет жағдайда – шет тілде көрсетіледі.


Ассоциация Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлікке және ақшалай қаражатқа иелік етеді, өз бетінше балансы, банктік, оның ішінде шетел валютасында шоттары бар. Ассоциацияның дөңгелек мөрі, бұрыштық мөртабаны, ассоциация басқармасымен бекітілген фирмалық белгісі мен өз атауы көрсетілген басқа да нышаны, үлгілері бар және заңмен белгіленген тәртіпте тіркеледі. Ассоциация мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқығын алады.
Ассоциация Қазақстан Республикасының өзі тұрпатты ұйымдарға қатысты заңнамасында қарастырылған барлық құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Ассоциация өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапкершілікте болады. Ассоциация өз мүшелерінің міндеттемелеріне жауап бермейді. Ассоциация мүшелері оның міндеттемелері бойынша өзінің ондағы жарнасына тең көлемде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасы белгілеген тәртіпте субсидиарлы жауапкершілікте болады. Мемлекет ассоциацияның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды және сол сияқты ассоциация да мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауапкершілікте емес.
Ассоциация ел аумағында сияқты шетелде де коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар құра алады, филиалдар мен өкілдіктер аша алады.
Ассоциацияның филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалар болып табылмайды және өздері туралы ассоциация бекіткен ереженің негізінде әрекет етеді.

Жарғыда міндетті түрде ассоциация өз қызметінің үдерісінде құруға құқылы құжаттардың түрлерін, сонымен қатар мекен-жайын және қызмет ету мерзімін көрсетеді.

Екінші бөлімде ассоциация қызметінің мақсаттары, мәні мен қағидаттары көрсетіледі.
Мысалы.
Ассоциацияның негізгі мақсаттары:
Мұрағаттар, мұражайлар мен кітапханалардың және басқа да заңды тұлғалардың коммерциялық емес ақпараттық ресурстарын бір ақпараттық жүйеге біріктіретін компьютерлік және телекоммуникациялық желілік инфрақұрылымды құруға ықпал ету;
Мұрағаттар, мұражайлар мен кітапханаларды компьютерлік техникамен ақпараттық қамтамасыз етуді және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту бойынша мемлекеттік басқару органдарымен ынтымақтасу мақсатында байланыстарды кеңейту;
Мұрағат, кітапхана және мұражай ісіндегі ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Ғылыми-техникалық жетістіктерді таратуға ықпал ету.

Әрі қарай ассоциация қызметінің негізгі түрлерін белгілеу қажет.


Мысалы.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін ассоциация қызметтің мынандай түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
Мұрағат, кітапхана және мұражай қорларының мазмұны туралы деректер базасын құруға мұрағаттардың, кітапханалардың, мұражайлардың бірлесе қатысуы, құжаттарды іздестіру үдерісін компьютерлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Кадрлардың біліктілігін көтеруге ықпал ету;
Шетел ғалымдарымен байланысты кеңейту үшін ИНТЕРНЕТті қолдануға және оның негізінде осындай ынтымақтастықты іс жүзінде жүзеге асыру үшін зерттеудің бірлескен бағдарламаларының негізінде шетел қорларын тартуға, құруға ықпал ету.
Бұдан кейін ассоциацияның құқықтары, яғни өкілеттегі көрсетіледі.
Мысалы.
Қолданыстағы заңнама мен жарғылық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес ассоциация:
Өзінің қызметін басқа мемлекеттік, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарымен, оның ішінде жеке фирмалармен және қорлармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыруға;
Ассоциация мүшелерінің және серіктестерінің мүддесін мемлекеттік билік пен басқару органдарында қорғауға;
Іс жүзінде қызмет ету барысында туындайтын жекелеген проблемаларды шешу үшін секциялар, комиссиялар мен жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
Ассоциация мүшелерінің күшімен кеңестер, сараптамалар, баяндамалар, дәрістер өткізуге, ақпараттық технологиялар енгізілетін Республиканың мұрағаттарында, кітапханаларында және мұражайларында семинарлар ұйымдастыруға;
Мемлекеттік бағдарламалар және компьютерлік технологиялар мен ақпараттық жүйелер жобаларын енгізуге қоғамдық сараптауды ұйымдастыруға құқылы.
Өкілдіктерді сипаттай келе, қызметтің қағидаттарына көшейік.
Мысалы.
Өз қызметінде ассоциация келесідей қағидаттарды басшылыққа алады:
Ақпаратқа қол жеткізуде тең құқықты, жариялылықты және қол жетімділікті;
Ассоциацияның кәсіпкерлік қызметінен түсетін табыстар Ассоциация мүшелерінің арасында бөліне алмайды және олар жарғылық мақсаттарға бағытталады;
Мемлекеттік органдармен келісім жасай отырып және олар үшін белгілі бір жұмысты орындай отырып, шарт негізінде ынтымақтастық жасайды.
Жарғыда ассоциацияның иелігіндегі «Мүлік пен қаражат» бөлімі өте маңызды орында болды.
Мысалы.
Ассоциацияның мүлкі өзінің балансындағы және ассоциацияның меншігіндегі ғимараттары, жайлары, өндірістік, әлеуметтік-мәдени, қайырымдылық бағыттағы нысандары, ақшалары мен құнды қағаздары, көлік құралдары мен басқа да мүліктері болып табылады;
Заңнамалық актіге сәйкес ақшалай және басқа нысандардағы мүлікті құру көздері мыналар болып табылады:
Ассоциация мүшелері атынан олардың кіру және мүшелік жарналары түріндегі түсімдері;
Ерікті мүліктік жарналар, қайырымдылықтар, гранттар және заңмен тыйым салынбаған басқа да түсімдер.
Ассоциация қызметін қамтамасыз ету үшін, оның мүшелері мерзімді түрде мүшелік жарналар төлеп тұрады. Ассоциацияға жаңадан кірген тұлға кіру жарнасын төлейді. Жекелеген бағдарламаларды іске асыру үшін мақсатты жарналар қарастырылуы мүмкін.
Ассоциация мүшесі жарна ретінде ақша, сонымен қатар мүшелердің жалпы жиналысының шешімі бойынша ғимараттар, құрылыстар, басқа да материалдық құндылықтар және бөлінген мүліктік құқықтар, оған қоса зияткерлік қызмет нәтижесіндегі құқықтарды енгізе алады.
Ассоциация мүшелерінің мүлікті қалыптастыруға табиғи түрде және басқа нысанда салған салымдары ақшалай нысында бағаланады.
Егер осындай салымның құны айлық есеп айырысу көрсеткішінің жиырма мың көлеміне тең сомадан асып кетсе, оның бағасы тәуелсіз сарапшымен расталуы тиіс.
Кіру жарнасының көлемі мен төлеу тәртібі, мүшелік жарналардың көлемі мен төлеу тәртібі және мерзімділігі, сонымен қатар мақсатты жарналардың көлемі мен пайдалану тәртібі басқармамен белгіленеді.
Кіру және мерзімді мүшелік жарналар асоциация аппаратын ұстауға жұмсалады, сонымен қатар қалыпты қызмет ету үшін қажетті басқа да мақсаттарға жұмсалады. Мақсатты жарналар нақты іс-шаралар мен бағдарламаларды қаржыландыруға арналады.
Мүшелердің жарналары, алынған мүлік, сонымен қатар түскен табыстар ассоциацияның меншігі болып табылады.
Ассоциацияға грант шарты бойынша берілген кез келген жабдық пен техникалық құралдар оның есебінде болады. Грант мерзімі аяқталғаннан кейін осы жабдыққа меншік құқығы грант берушінің жазбаша келісімі болған кезде ассоциацияға берілуі мүмкін. Ассоциацияның меншігіне қол сұғылмайды және заңмен қорғалады.
Келесі тарауда ассоциацияға мүше болу қағидаттары мен мүшелердің құқықтары белгіленеді.
Мысалы.
Қазақстан Республикасының кез келген заңды тұлғасы, сонымен қатар ассоциацияның мақсаттары мен міндеттерін бөлісетін, осы жарғыны мойындайтын және орындайтын, басымдылықпен мұрағат құжаттарын сақтау, жинақтау және пайдалану мәселелерімен айналысатын, ассоциацияның білім беру компьютерлік желісінің пайдаланушысы болуды қалайтын шетелдік және халықаралық ұйымдар ассоциацияға мүше бола алады.
Мүше болу критерийлері ассоциацияның басқармасымен белгіленеді.
Ассоциация мүшелігіне қабылдау жазбаша өтініш негізінде жүргізіледі.
Ассоциацияға қабылдау туралы шешімді оның мүшелерінің жалпы жиналысы қабылдайды. Құрылтайшылар жарғы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мүше болады. Жаңадан кіретін мүшелер кіру жарнасын салған уақыттан бастап барлық құқықтарға ие болады және барлық міндеттемелерді орындайды.
Ассоциация қызмет еткен уақыттың ішінде, және, ол таратылған немесе басқадай қайта ұйымдастырылған жағдайда, мүше өзі кірген кезде енгізілген кіру жарнасын және жылдық мүшелік жарнаны қайтаруды талап етуге құқысыз болады.
Ассоциацияға мүшелікті тоқтату не ерікті түрде, не мүшесі оның жарғысының ережелерін бұзған жағдайда, басқарманың шешімі бойынша, не сот органдарының шешімі бойынша немесе өзіне алған міндеттемелерді орындамауына байланысты болады.
Ассоциация мүшесінің құқықтары:
Осы жарғыда қарастырылған тәртіпте басқаруға қатысу;
Қаржылық көмек немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да мүліктік көмек көрсету;
Қызмет туралы ақпарат алу, оның ішінде қаржылық есеппен танысу;
Ассоциация өткізетін іс-шараларға қатысу.
Ассоциация мүшесінің міндеттері:
Мақсаттарға қол жеткізуге және белгіленген міндеттерді орындауға жан-жақты ықпал ету;
Осы жарғының талаптарын сақтау;
Жарналарды өз уақытында төлеу;
Ассоциацияның басқарушы органдарының шешімдерін орындау;
Ассоциация мүшелерінің жалпы жиналысының жұмысына қатысу;
Ассоциацияның коммерциялық құпия болып табылатын қызметі туралы мәліметтерді жария етпеу;
Мүше өзінің қарауына қарай кез келген уақытта мүшеліктен шыққанға дейін бір ай бұрын мүшеліктен шығу туралы жазбаша өтініш бере отырып, ассоциация мүшелірінің жалпы жиналысымен шығуды ресімдей отырып, ассоциациядан шығуға құқылы. Бұл жағдайда мүше ассоциациядан шыққанға дейін туындаған оның міндеттемелері бойынша шыққан уақытынан бастап екі жыл бойы өзінің енгізілген жарналарына тең субсидиарлы жауапкершілікте болады.
Келесі бөлім өкілдіктер, құқықтар мен міндеттер, міндетті рәсімдерді жүргізу мерзімділігі мен мерзімі белгіленетін басқару мен бақылауды ұйымдастыруға арналған бөлім болады.
Мысалы.
Ассоциацияны басқару органдары:
Жоғарғы орган – ассоциация мүшелерінің жалпы жиналысы;
Атқарушы органдар – басқарма және бас дирекция;
бақылаушы орган – тексеру комиссиясы (ревизор).
Басқарудың жоғарғы органы ассоциацияның мүшелерінің өкілетті өкілдерінен құралатын жалпы жиналыс болып табылады.
Өкілдің өкілеттігі тиісті түрде ресімделген бас немесе бір жолғы сенімхатпен расталады. Ассоциация мүшелері өз өкілдерінің құрамын өзгертуге құқылы. Жалпы жиналыс ассоциация қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне мынандай мәселелер жатады:
Ассоциацияның құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Ассоциацияны ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
Ұйымдастырушылық құрылымының құзыреттілігін, басқару органдарының қлыптастыру тәртібін және өкілеттігін тоқтату тәртібін айқындау;
Атқарушы органның қаржылық есепті беру, сонымен қатар бақылау органының тексеру жүргізу және оның нәтижелерін бекіту тәртібі мен мерзімділігін, айқындау.
Мүшелердің жалпы жиналысын басқарма қажеттілігіне қарай жылына кем дегенде бір рет шақырады. Жалпы жиналысты өткізу жері мен уақыты туралы, сонымен қатар оның күн тәртібі туралы мәліметтерді басқарма төрағасы белгіленген мерзімге дейін кеміне 15 күн бұрын жазбаша түрде мүшелерге хабарлауы тиіс. Басқарма, тексеру комиссиясы не ассоциацияның кемінде жарты мүшелерінің талап етуі бойынша, ассоциация мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруы тиіс. Кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талап ол туралы өтініш берілген күннен бастап, 25 күннен кешіктірілмей орындалуы тиіс.
Ассоциация мүшелерінің жалпы жиналысы, егер оның мәжілісіне ассоциация мүшелерінің 2/3 мүшелерінен кем емес өкілетті өкілдері қатысқан жағдайда шешімдер қабылдауға құқылы болады. Ассоциацияның әрбір мүшесіне бір дауыс тиесілі.
Шешім шығару үшін ассоциация мүшелерінің 2/3-тен астам білікті дауысы талап етілетін жарғыны, мүшелік жарналардың көлемін өзгерту, ассоциацияны қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдерінен басқа шешімдері мәжіліске қатысып отырған өкілдердің көпшілік дауысымен қабылданады. Жазбаша сұрау арқылы сырттай дауыс беруге жол беріледі.
Жиналыс шешімі, егер мәселе күн тәртібіне енгізілген жағдайда, заңды болып саналады. Мәжіліс хаттамамен ресімделеді, оған жиналыста төрағалық етуші, жауапты хатшы қолдарын қояды және ол мөрмен куәландырылады.
Ассоциация қызметіне жалпы жиналыстар арасындағы мерзімде жалпы басшылықты өзіне берілген құқықтар шегінде басқарма жүзеге асырады. Басқарма мүшелері ассоциация мүшелерінің жалпы жиналысында ассоциация мүшелерінің жалпы жиналысымен айқындалған мерзімге сайланады. Басқарманың сандық құрамы ассоциация мүшелерінің жалпы жиналысымен айқындалады, бірақ 15 мүшеден аспауы тиіс. Басқарма мүшесі ретінде тек жеке тұлға ғана бола алады.
Басқарманы қарапайым көпшілік дауыспен басқарма мүшелері сайлайтын төраға басқарады. Бұл жерде сырттай дауыс беруге де жол беріледі.
Басқарма тұрақты әрекет ететін орган емес және өзінің мәжілістерін жылына кем дегенде екі рет өткізеді. Кезектен тыс мәжілістер ассоциацияның кез келген мүшесінің талап етуі бойынша жүзеге асырылады. Басқарманың шешімдері бір ауыздан қабылданатын шешім талап етілетін мәселелерді есептемегенде, қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады,
Басқарманың құзыретіне келесі мәселелерді шешу жатады:
Бағдарламалардың жобасын әзірлеу, жұмыс жоспарын бекіту;
Кезекті және кезектен тыс жалпы жиналыстарды шақыру;
Жалпы жиналыстың шешімдерінің орындалуын бақылау;
Бас директорды лауазымына сайлау немесе лауазымынан босату. Басқарма төрағасы мен бас директор болып Ассоциация мүшелерінің өкілдері ішінен сияқты, жалдау бойынша басқа тұлға сайлана алады.
Басқарма төрағасы басқарма жұмысын ұйымдастырады, ассоциация атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүддесін барлық мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, бірлестіктерде, ұйымдарда қорғайды.
Бас директор ассоциацияның басқару олганының тұрақты әрекет ететін алқалық органы болып табылатын бас дирекцияны басқарады. Ол өкімдік қызметтер атқарады, бұйрықтар шығарады, жұмысқа қабылдайды, ағымдағы қызметті ұйымдастырады, жалпы жиналыс пен басқарма шешімдерінің орындалуын жүзеге асырады, жылына кем дегенде бір рет басқарма алддында атқарған жұмыстары үшін есеп береді.
Басқарманың қаржылық-ұйымдастырушылық қызметіне бақылауды жалпы жиналыспен бес жылдық уақыттан аспайтын мерзімге сайланатын тексеру комиссиясы (ревизор) жүзеге асырады. Тексеру комиссиясы жалпы жиналысқа есеп береді. Тексеру комиссиясының құрамына Ассоциация басқармасының мүшелері кіре алмайды.

Жарғыда ассоциацияны қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі белгіленуі тиіс.


Мысалы.
Ассоциацияны қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) мүшелердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы белгілеген тәртіпте жүргізіледі.
Қайта ұйымдастыруда құрылтайшы құжаттарға және мемлекеттік тізілімге қажетті өзгерістер енгізіледі, ал таратылғанда – мемлекеттік тізілімге тиісті жазба жазылады.
Ассоциацияның қызметі жалпы жиналыстың шешімі бойынша, сот шешімі бойынша тоқтатылады. Жалпы жиналыс пен тарату туралы шешім қабылдаған орган, тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді.
Тарату комиссиясын тағайындаған сәттен бастап оған мүлік пен істі басқару өкілеттігі өтеді. Тарату комиссиясы таратылып жатқан ассоциация атынан сотта әрекет етеді. Тарату комиссиясы Ассоциацияның таратылуы туралы ақпаратты, сонымен қатар оның несиегерлерінің наразылық өтініштерінің тәртібі мен мерзімі туралы орталық әділет органдарының ресми басылымдарында жариялайды. Наразылық өтініштерінің мерзімі ассоциацияның таратылуы туралы жарияланған сәттен бастап кем дегенде екі ай мерзім болуы тиіс.
Несиегерлермен есеп айырысқаннан кейін комиссия тарату балансын құрастырады, ол жалпы жиналыспен және ассоциацияны тарату туралы шешім қабылдаған органмен бекітіледі.

«Құжат айналымы мәселелері» журналында.- 2015.- № 4.- 13-19 б. жарияланған мақала.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет