«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы №645 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қаулы етемін: «Астана – жаңа қала»



жүктеу 26.77 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі26.77 Kb.
: upload
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар
upload -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
upload -> Дәрістердің тірек конспектісі
upload -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
upload -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
upload -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
upload -> Приложение к части а1





«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы

645 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы



ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 ж., № 11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., №29, 281-құжат; № 46, 523-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2011 ж., № 15, 177-құжат, № 37, 441-құжат, 2012 ж., № 48, 638-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Астана – жаңа қала» АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі болып табылады және 7634,71 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына алаңы 598,1 гектар № 1 индустриялық парк, алаңы 433, 1 гектар № 2 индустриялық парк және алаңы 72,41 гектар қалалық жеңіл рельс желісі кіреді.»;

3-тармақта:

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;».

мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

«18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру болып табылады.»;

11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қызметтің басым түрлері жүзеге асырылатын АЭА аумағының бөлігінде қолданылады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағының шекаралары оның периметрі бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.»;

көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 31 қазан

№ 681

Қазақстан Республикасы



Президентінің

2013 жылғы 31 қазандағы

№ 681 Жарлығына

ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы

Президентінің

2001 жылғы 29 маусымдағы

№ 645 Жарлығымен бекітілген

«Астана-жаңа қала»

арнайы экономикалық

аймағы туралы ережеге



ҚОСЫМША
«Астана – жаңа қала»

арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары


«Астана – жаңа қала» АЭА аумағы S=7634,71 га

__________________________________________________





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет