Астана қ. Мирзоян көш. 2 тел: 8 (7172) 70-95-48) баспасөз мәлімдемесі ағымдағы жылдың 22 қазан күні сағат 11. 00-де Қр бғМ қолдауымен жүзеге асырылған «Студенттердің ақпараттық мәдениетін медиабілім беру арқылы қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік



жүктеу 14.85 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі14.85 Kb.
Л.Н.Гумилев атындағы

Eуразия ұлттық университетінің

баспасөз-қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана қ.Мирзоян көш. 2
тел: 8 (7172) 70-95-48)


БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ
Ағымдағы жылдың 22 қазан күні сағат 11.00-де ҚР БҒМ қолдауымен жүзеге асырылған «Студенттердің ақпараттық мәдениетін медиабілім беру арқылы қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» ғылыми жоба аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ақпараттық қоғам жағдайында студент жастарды тәрбиелеу мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты қазіргі әлемдегі медиабілімнің маңыздылығы; жастардың медианы тұтынуы және қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі; медианың идеологиялық маңыздылығы, олардың аудиторияның санасына ықпалы; медиаақпарат санының жылдам өсуі, оны басқару және тарату тетіктерінің күшеюі; барлық салада визуалды коммуникация мен ақпарат маңыздылығының артуы; ақпаратты жекешелендіруде ұлттық және халықаралық процестердің ұлғаюымен байланысты болып отыр.

Іс-шара барысында жастардың ақпараттық мәдениетін медиабілім беру арқылы қалыптастырудың механизмдері талқыланып, бұқаралық ақпарат құралдарының (теледидар, радио, баспасөз, ғаламтор т.б.) жастарға тәрбие беру бағытындағы бағдарламалары мен материалдарының сапасына баға беріледі деп күтілуде.

Дөңгелек үстел отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, мемлекеттік және үкіметтік емес орган өкілдері, ғалым-педагогтар, жастар қатысады.


Ұйымдастырушылар: Еуразия ұлттық университеті ,

Өткізу күні: 2013 жыл 22 қазан күні,сағ 11-00

Өткізу орны: Астана қаласы, Янушкевич көшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, педагогикалық ғимарат (әлеуметтік ғылымдар факультеті) мәжіліс залы (106 каб.)

Байланыс телефондары: 709-548, 70-95-00 (31-118, 31-116),
+7 – 702- 363-60-05, lyaka-tompi@mail.ru Л.Рахманова,


+7-701-366-35-99, zann_e22@mail.ru Е.Садуақасова




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет