Астана қаласы №55 орта мектеп Тест жаттығулар Астана – 2014



жүктеу 48.5 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі48.5 Kb.
: files -> sites -> 1383501661578060 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1385525943685049
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> Тақырыбы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқулары байқауы Байқаудың мақсаты
sites -> Сабақтың тақырыбы: Квартет Сабақтың мақсаты
sites -> Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
1385525943685049 -> Тақырыбы: Стресті қалай жеңуге болады? 2013-2014 оқу жылы стресс 1 Стресске анықтама
book-catalog -> Химия сабағынан тест
book-catalog -> 55 орта мектепте бітіруші сыныптардың Ұбт-ғе дайындығы туралы Ақпарат 2013-2014 оқу жылы
book-catalog -> Тест Биология Асқорту мүшесінің бұл бөлімінде нәжіс қалыптасады
Астана қаласы №55 орта мектеп



Тест жаттығулар

Астана – 2014

Мақсаты: ұжымның психикалық көңіл-күйлерін қалыпқа келтіріп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, сыйластық қарым-қатынас орнату.

Қажетті құралдар: түрлі-түсті қағаз қиындылары, ақ парақ, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар, слайд.

Жоспар


  1. «Мен туралы...» жаттығуы

  2. Ертегі терапия

  3. Арттерапия

  4. Рефлексия «Көгілдір аспан астында»

  5. Қорытынды

Келісімшартқа отыру

  • Ойынның шартын орындау

  • Ренжімеу

  • Уақыт үнемдеу

  • Ойынға қатысушылардың бір-біріне құрметпен, түсінушілікпен қарауы.

Кіріспе сөз

Бүгінгі тренинг кездесуімізге қош келдіңіздер. Көгілдір түс адамның жанын жайландып, қабілетін арттырады. Сіз әншейін ғана көгілдір түс араласқан картинаны көз алдыңызға елестетсеңіз, тамыр соғысыңыз бір қалыпқа түсіп, дем алысыңыз тереңдегендей сезінесіз. Бүгінгі мақсат та сол – ұжымның психикалық көңіл-күйлерін қалыпқа келтіріп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, сыйластық қарым-қатынас орнату.



Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

  1. «Мен туралы...» жаттығу

Алдарыңыздағы парақтың астыңғы тұсына өз аты-жөніңізді жазып, көршіңізге жалғайсыз, көршіңіз сіздің атыңызды оқиды да, сіздің бойыңыздағы қандай да болмасын бір қасиетті жазып, оны бүктеп келесіге жалғайды, осылайша шеңбер бойымен айналып шығады. Нәтижесінде сол кісі туралы ұжымның пікірін білуге болады.

  1. Ертегі терапия

Психолог: келесі жұмысымызға келетін болсақ, ол – ертегітерапия, яғни шеңбер бойынша ертегі құрастырамыз. Қолдарыңызға берілген ақ параққа өзіңізге тиесілі түсті қаламмен өз ертегіңізді бастап жазасыз да келесі адаммен ауысасыз, ол әрі қарай жалғастырады. Соңында өзінің бастаған ертегісі өзіне келгенде әр парақтағы өзінің жазғаныдарын ғана оқиды. Ертегісіне атау беріліп, талқыланады.

  1. Арттерапия

Психолог: енді келесі жұмысымыз – арттерапия, яғни шеңбер бойынша сурет саламыз. Қолдарыңызға берілген ақ парақ пен қарындашты немесе бояуды алып, сурет саласыздар. Жаймен музыка ойнап тұрады, мен музыканы тоқтатқан кезде сіздер өздеріңіз салып жатқан суреттеріңізді келесі адамға жалғайсыздар. Осылайша өз суреттеріңіз қайта оралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді. Өзіңіз бастаған сурет өзіңізге келгенде, суреттеріңізге атау беріп, талқыланады.

  1. Рефлексия «Көгілдір аспан астында»

Көз алдымызға тап таза бір шөкімдей бұлты жоқ көкшіл аспанды елестетейік. Осы көріністегі бір ғана ой сіздің көңіл күйіңізді өзгертуі мүмкін. Енді көзіңізді айналаға аударыңыз, көкпенбек ландшафт, сұлу табиғат, таулар, ағаштар, сулар т.б табиғат таңғажайыптары сіздің көңіл-күйінізге жайлылық сыйлайды. Қазір берілетін көріністің қайсысы сізге ерекше әсер етуі мүмкін?

Көз салыңыз!

  1. Аппақ қарға оранған тып-тыныш дүние.

  2. Көк теңіздей тұтас көкжиек

  3. Жап-жасыл тау баурайы.

  4. Сарғыш гүлді шексіз кең дала

Әр түстің өз ерекшелігі болады. Өз қиялыңызбен көз алдыңызға келтірген бейнеңіз, сіздің жүрегіңіздің түбінде тыныш жатқан қиялыңызды оятады.
«Эмоция» тестінің кілті:

1. Аппақ қарға оранған тып-тыныш дүние бейнесі:

Сіз бір көргеннен-ақ күрделі мәселелерді қандай жағдайда да ешқандай түсінік, дәлелсіз түсініп, дұрыс көзқарас қалыптастырып, әділ шешім шығара аласыз. Аздап басқарушылық қабілетіңіз де бар. Әрдайым өзіңіздің ішкі түйсігіңізге сенімдісіз, оның алдамайтынын білесіз.

2.Көк теңіздей тұтас көкжиек.

Сізде жеке адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатын тума дарындылық қасиет бар. Әр түрлі топтағы адамдармен бір қалыпты түсінісіп қарым-қатынас жасауыңызға қарап, жұрт сізді сыйлайды. Көпшілік сізді дұрыс ойлап, дұрыс шешім қабылдай алатындығыңызға сенеді. Сізге қай істе болса да сенім артып, сізден көмек күтеді.

3.Жап - жасыл тау баурайы.

Сіз жұртпен жақсы түсінісесіз. Орынды сөздер тауып айта аласыз. Сіздің нақтылығыңызды, соңынан сіздің айтқаныңыздың дәл келетіндігін жұрт бағалайды. «Қуанышыңызды бөліссең - көбейеді, қайғыңды бөліссең - азаяды» деген пікірдесіз. Әрқашан көпке дұрыс бағыт-бағдар беріп, көмектесуге даяр жансыз.

4.Сарғыш гүлді шексіз кең дала.

Сізде білім мен шығармашылықтың, ұшқыр ойлардың қоймасы бар деуге болады. Өзгелермен үйлесімділік табушысыз. Армандарыңыз асқақ. Сіз алмайтын қамал жоқ. Осы қалпыңыздан танбаңыз, көздеген мақсаттарыңызға жетіңіз.

5. Қорытынды: Кездесудің соңында қатысушыларға стикерлер таратылып, оған өздерінің бүгінгі тренингтен алған әсерлерін, пікірлерін, тілектерін жазады.

11-сынып оқушыларымен "Эмоция тесті және эмоция жаттығуы" атты тесті жаттығулар анықтамасы
Мерзімі: сәуір 2014

Қатысқандары: 11-сынып оқушылары

Тақырыбы: Эмоция тесті және эмоция жаттығуы

Мақсаты: ұжымның психикалық көңіл-күйлерін қалыпқа келтіріп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, сыйластық қарым-қатынас орнату.
Тренинг барысы:

    1. «Мен туралы...» жаттығуы

    2. Ертегі терапия

    3. Арттерапия

    4. Рефлексия «Көгілдір аспан астында»

    5. Қорытынды

Келісімшартқа отыру

  • Ойынның шартын орындау

  • Ренжімеу

  • Уақыт үнемдеу

  • Ойынға қатысушылардың бір-біріне құрметпен, түсінушілікпен қарауы.



Қорытынды: Кездесудің соңында қатысушыларға стикерлер таратылып, оған өздерінің бүгінгі тренингтен алған әсерлерін, пікірлерін, тілектерін жазады.

Мектеп психологы: Салихова М.Ә.









©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет