Астана қаласы бойынша Салық департаменті бастығының 2011 жылғы № бұйрығымен бекiтiлген



жүктеу 71.99 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі71.99 Kb.
Астана қаласы бойынша

Салық департаменті

бастығының

2011 жылғы « » ___________

________ бұйрығымен



бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық департаментінің акцизделетін

өнімдерді әкімшілендіру басқармасы туралы

Ереже


  1. Жалпы ережелер




  1. Акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  3. Басқарманың штаттық саны, құрылымы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен Астана қ. бойынша Салық департаментінің бастығымен бекітіледі.


2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
4. Басқарманың негізгі міндеттері:

  • Бюджетке, сонымен қатар кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы 2008 жылдың 25 қаңтарындағы Келісім (бұдан әрі Келісім), және де кедендік одақ шеңберінде жасалған Келісімнің айрылмас бөлігі болып келетін халықаралық келісімшарттар шеңберінде акциздерді салықтық әкімшілендіру кезінде акциздердің уақытында және толығымен түсуін қамтамасыз ету;

  • Акциздерді әкімшілендіру мәселесі бойынша, сонымен қатар Келісім шеңберінде салық органдарының жұмысын бақылау;

  • Өндірілетін және сатылатын, сонымен қатар Келісім шеңберінде импортталатын және экспортталатын акцизделетін тауарлардың көлемін есептеу;

  • Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын бақылау;

  • Салық органында ақпаратты жүйені енгізуге қатысу, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • Қазақстан Республикасының салық саясатын қалыптастыру бойынша басқарманың жұмысына қатысу, және де осы саясатты Басқармаға жүктелген міндеттер шегінде жүргізу;

  • Құзыреті шегінде акцизделетін өнімдердің өндірілуі мен айналымын бақылаусаласында мемлекеттік органдардың қызметін мекемеаралық үйлестіруге қатысу;

  • Акциздерді әкімшілендіру мәселесі бойынша құқықтық актілерге және де Келісім шеңберіндегі нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу.

5. Басқарманың міндеттері:

  • аймақтық және салалық деңгейде бюджетке акциздердің түсу жағдайына болжамнан ауытқудың негізгі себептері көрсетілген сараптама жасау,

  • Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуға лицензия беру;

  • Жеке және заңды тұлғаларға алкоголь өнімін бөлшек саудада сатуға лицензия беру, мемлекеттік реттеу, акциздерді әкімшілендіру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру;

  • Аймақтық және салалық деңгейде бюджетке акциз бойынша бересінің жағдайын сараптап, оның пайда болу, көбею, азаю себептерін көрсету;

  • Алкоголь өнімінің есеп-бақылау таңбалары мен мұнай өнімдерінің жекеленген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттары бланкілерінің сақталуына, сатып алынуына, қозғалысына және пайдаланылуына бақылау жасау;

  • Акцизделетін тауар өндірушілер мен импортерлердің акцизделетін тауарлардың жекеленген түрлерін таңбалау ережелерін сақтауын ұйымдастыру және қадағалау;

  • Алкоголь өнімдерінің есеп-бақылау таңбалары мен мұнай өнімдерінің жекеленген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттары бланкілерінің сатылуына сараптама жасау;

  • Акциз қосындарының әрекеттеріне бақылау жасау;

  • Құзыреті шегінде кәсіпорындардың техникалық мақсаттарда және алкогольсіз өнім шығару үшін этил спиртін пайдаланылуын бақылау;

  • Акцизделетін өнімдерінің нарығы туралы ақпараттық-сараптамалық материалдар дайындау және мониторинг жүргізу;

  • Басқарма өз құзыреті шегінде акцизделетін өнімдерді өндіру және айналымы, акциздерді әкімшілендіру мәселесі, сонымен қатар Келісім шеңберінде акциздерді салықтық әкімшілендіру бойынша Астана қаласындағы аудандық салық басқармаларының жұмысын ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету;

  • Акциздерді жинауда, сондай-ақ Келісім шеңберінде салықтық әкімшілендіруді жүргізу кезінде проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу үшін ұсыныстар енгізу;

  • Дайын алкоголь өнімдері мен этил спиртінің өндірілу көлемдерінің берілген салада қолданылатын нормативтерге сәйкес келуіне бақылау жүргізу. Бұл мақсатта аталған объектілердің бақылау аспаптарымен жабдықталуын бақылау, технологиялық процесстің ережелерін сақтау, этил спиртінің және алкоголь өнімдерінің айналымы мен сақталуын бақылау (құзыреті шегінде);

  • Этил спирті мен алкоголь өнімдерін шығарумен айналысатын ұйымдар мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының заң нормаларының орындалуына бақылау жасау;

  • Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымы саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың алкоголь өнімдерін өндіру, сақтау және бөлшек сату бойынша лицензияны қайта алуы, тоқтата тұруы және қайта бастауы туралы ұсыныстарды бекітілген тәртіппен уәкілетті органға енгізу;

  • Акциздерді әкімшілендіру мәселесі бойынша, сонымен қатар Келісім шеңберінде аумақтық салық басқармаларының қызметіне сараптама жасау және тексерулер жүргізу;

  • ҚР Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетімен, аумақтық салық басқармаларымен жүргізілетін кешенді және тақырыптық тексерістерге қатысу;

  • Акцизделетін өнімдер нарығында жүргізілген тексерулердің нәтижесіне сараптама жасау, сараптама деректері негізінде акциздердi жинауды жақсарту туралы ұсыныстар әзірлеу;

  • Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымынан бюджетке түсетін акциздер, акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын, сондай-ақ Келісім шеңберінде акциздерді салықтық әкімшілендіруді бақылау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

  • «Акциз», «УКМ» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу, оларды жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

  • Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымынан бюджетке түсетін акциздер, акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын, сондай-ақ Келісім шеңберінде акциздерді салықтық әкімшілендіруді бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша департамент бастығына ұсыныстар енгiзу;

  • Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымын бақылау саласында мемлекеттік органдардың қызметін мекеме аралық үйлестiруге қатысу;

  • Басқарманың құзыретіне кiретiн сұрақтар бойынша азаматтар мен ұйымдардан келген хаттар мен өтініштерді қарау;


6. Басқарманың құқығы және мiндеттерi:


  • Өз құзыреті шегінде акциздерді әкімшілендіру мәселесін қарауға қатысу, шешім қабылдау, аумақтық салық басқармаларының оны орындауын талап ету;

  • өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін азаматтар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрау және оны алу;

  • акцизделетін өнімдердің жекеленген түрлерінің өндірісі және айналымы саласында қызметін жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдарды салықтық тексеру;

  • лицензиялық нормалар мен ережелердiң сақтау мақсатында этил спирті мен алкоголь өнiмдерін сақтауды, сатуды, импортын жүзеге асырушы, өндіруші заңды және жеке тұлғаларды тексеру;

  • акцизделетін өнімдердің жекеленген түрлерінің өндірісі және айналымы саласында қызметін жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдарды кезектен тыс тексерiстер жүргізу туралы ұсыныстар енгiзу;

  • нормативтiк-құқықтық актілердің орындалуын тексеру, өз құзыреті шегінде сөзсiз орындау үшiн нұсқау беру;

  • өз құзыреті шегінде акциздерді әкімшілендіру мәселесін қарауға қатысу, шешім қабылдау, аумақтық салық басқармаларының оны орындауын талап ету;

  • Астана қ. бойынша Салық департаментінің құрылымдық бөлімшелерінен, аудандық салық басқармаларынан лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті материалдар мен ақпараттарды белгіленген тәртіппен алу;

  • басқарманың құзыретіне жататын сұрақтар бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу;

  • аудандық салық басқармаларының басшыларынан акциздердi өндіріп алу мәселесі бойынша нақты міндеттер қоюды талап ету;

  • салық төлеушінің құқығын сақтау;

  • мемлекет мүддесін қорғау;

  • тексеруді қатаң түрде нұсқама бойынша жүргізу;

  • Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің ережелеріне сәйкес салық құпиясын сақтау;

  • басқарма қызметкерлерінің құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру;

  • басшылық пен жоғары тұрған органның тапсырмаларын орындау және оны аудандық салық басқармаларының орындауын қадағалау.


3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

7. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

8. Басқарманы Астана қ. бойынша Салық департаменті бастығының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бастық басқарады. 

9. Басқарма бастығы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

10. Басқарма бастығы Департаменттің бастығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

11. Бастық осы мақсатта:

1) Басқарма қазметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.



12. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма атынан басқа басқармаларға жіберілетін құжаттарға басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Басқарма бастығы
: uploads -> files -> files daulet
files -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
files -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
files -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов
files daulet -> Бекітілген астана қ. бойынша Салық департаменті




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет