Астана қаласы әкімдігінің



жүктеу 159.08 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі159.08 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады

Астана қаласы әкімдігінің


2012 жылғы «___» ________

________ қаулысына



6-қосымша

«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде

әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы Регламентте пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы:

1) ЖҚжӘББ – Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

2) ОЖБ – мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;

3) ХҚКО – Халыққа қызмет көрсету орталығы;

4) ХҚКО инспекторы – тұтынушының өтініштері мен құжаттарын қабылдауды жүзеге асыратын халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы:

жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның атауы:

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы баламалы негізде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге негiз болатын нормативтiк-құқықтық актiнiң атауы, бабы (тармағы) және баптың (тармақтың) мазмұны:

мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңы 22-бабы 1-тармағының, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 11-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының, 13-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысы 1-тармағының, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.

6. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтің қорытындысы және ұсыну түрі:

үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама не болмаса қағаз жеткiзгiштегi қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

7. Мемлекеттік органдардың және басқа да мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне енгізілген субъектілердің тізбесі:

1) ЖҚжӘББ;

2) ХҚКО.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік органның, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үшін хабарласу қажет болатын басқа да мүдделі органдардың орналасқан жері және жұмыс кестесі:

мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Ш. Иманбаева көшесі, № 16 мекенжайында орналасқан ЖҚжӘББ-ның әлеуметтік мекемелердің қызметтерін үйлестіру бөлімі көрсетеді;

жұмыс кестесі: дүйсенбiден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет баламалы негізде мына мекенжайлар бойынша ХҚКО арқылы көрсетіледі:

Астана қаласы, Республика даңғылы, № 12/2, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы (бұдан әрі – ХҚКО РМК);

Алматы ауданы бойынша бөлімі, Астана қаласы, Л. Мирзоян көшесі, № 25;

№ 1 бөлімше, Астана қаласы, Республика даңғылы № 12/2;

№ 2 бөлімше, Астана қаласы, Абай даңғылы № 53;

№ 2 бөлімше, Астана қаласы, Железнодорожный кенті, Ақтасты көшесі, № 20;

Сарыарқа ауданы бойынша бөлімі, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43;

«Тілендиев» бөлімшесі, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, № 6а;

«Ақжайық» бөлімшесі, Астана қаласы, І. Есенберлин көшесі, № 16/2;

«Өндіріс» бөлімшесі, Астана қаласы, Кемеңгерұлы көшесі, № 6/1;

«Кенесары» бөлімшесі, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, № 12;

«Жеңіс» бөлімшесі, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, № 34;

Есіл ауданы бойынша бөлімі, Астана қаласы, Сауран көшесі, № 7;

Есіл ауданы бойынша бөлімшесі, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, № 5/1;

жұмыс кестесі:

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген демалыс және мейрам күндерінен басқа, күн сайын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз.

9. Тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы мәселелер жөнінде ақпарат алу тәртібі:

мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ресми мерзімдік басылымдарда, ЖҚжӘББ-ның, 21-28-39 телефоны арқылы ХҚКО фойесінде орналасқан стендтерде, сонымен қатар ЖҚжӘББ-ның www.uzsp.astana.kz және ХҚКО РМК www.con.gov.kz сайтында орналастырылады.

10. Егер мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде бірнеше мүдделі органдар қатысатын болса барлық әкімшілік тәртіптемелерден өту:

тұтынушының басқа органдарға хабарласуы қажет етілмейді.

11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде уақыт жағынан шектеу мерзімдері.

1) тұтынушы осы Регламенттің 16-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

ЖҚжӘББ-да – он төрт жұмыс күнi iшiнде;

ХҚКО-да – он төрт жұмыс күнi iшiнде (мемлекеттiк қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

2) тұтынушы өтініш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн күтудiң ең көп рұқсат етiлген уақыты (талон алғанға дейiн) 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы өтініш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң ең көп рұқсат етiлген уақыты ЖҚжӘББ-да 15 минуттан, ХҚКО-да 30 минуттан аспайды.

12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға, оның ішінде құжаттар қабылдаудан және қарастырудан бас тартуға негіздеме:

мемлекеттік қызмет көрсетуден төмендегідей негізде:

1) тұтынушыға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге медициналық тұрғыдан тыйым салынған жағдайда;

2) осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың бірі болмаса;

3) көрінеу жалған құжаттама ұсынған жағдайда бас тартылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіздеме жоқ.

13. ЖҚжӘББ хабарласып, мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыдан сауал алған кезден бастап мемлекеттік қызметтің қорытындысын шығару кезіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы ЖҚжӘББ-ға өтініш береді;

2) ЖҚжӘББ-ның басшылығы келіп түскен өтінішті таныстыруды, орындауға ЖҚжӘББ маманын жөнелтуді жүзеге асырады;

3) ЖҚжӘББ-ның маманы өтінішті тіркейді, жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама беруді немесе қағаз жеткізушілерде қызмет көрсетуден бас тартуды дайындайды, басшысының қолы қойылады, оны тұтынушыға жолдайды.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыдан өтініш алған кезден бастап мемлекеттік қызметтің қорытындысын шығару кезіне дейін ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері;

1) тұтынушы ХҚКО-ға өтініш береді;

2) ХҚКО инспекторы келіп түскен құжаттарды тіркейді, тұтынушыға тиісті құжаттарды мыналарды: сауалды қабылдау мерзімі мен нөмірін; сұратылған мемлекеттік қызметтің түрін; қоса берілген құжаттардың атаулары мен сандарын; құжаттарды беру мерзімін, уақыты мен орнын; құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегін, аты-жөнін көрсетіп, қабылдағаны жөнінде қолхат береді;



  1. ХҚКО инспекторы құжаттарды ЖҚжӘББ-ның кеңсесіне табыстайды;

мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға болатын, ХҚКО-нан ЖҚжӘББ-на құжаттардың жолданғаны жөніндегі айғақ штрих код сканерінің көмегімен белгіленеді;

  1. ЖҚжӘББ-ның кеңсесі келіп түскен құжаттарды ХҚКО ақпараттық жүйесінде белгілейді, тіркейді және ЖҚжӘББ-ның басшылығына табыстайды;

5) ЖҚжӘББ-ның басшылығы келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға ЖҚжӘББ-ның маманына жолдайды;

6) ЖҚжӘББ-ның маманы қызмет алушының құқығын анықтауға келіп түскен құжаттарды қарайды, жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама жобасын дайындайды, оған басшысының қолы қойылады, ЖҚжӘББ-ның кеңсесіне жолдайды;

7) ЖҚжӘББ-ның кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын ХҚКО-ның ақпараттық жүйесінде белгілейді және оны ХҚКО-ға құжаттарды табыстайды;

8) ХҚКО инспекторы штрих код сканерінің көмегімен мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа қорытындысын қабылдайды, белгілейді және оны тұтынушыға табыстайды.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдайтын тұлғалардың ең аз саны – бір маман.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
15. Кіріс хат-хабарын (соның ішінде электрондық) ресімдеу тәртібі және тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсетуге жазған сауалын және (өтінімін) қабылдау (тіркеу) туралы ақпарат алу:

1) тұтынушы қажетті құжаттарының тізбесімен бірге ЖҚжӘББ хабарласқанда белгіленген үлгідегі өтініштің бланкісі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес беріледі.

қажетті құжаттарымен бірге өтініш бергеннен кейін тұтынушыға өтініш қабылдаған маманның тегі, аты-жөні, қабылдау мерзімі мен нөмірін көрсетумен құжаттарды қабылдағаны жөнінде талон беріледі.

2) тұтынушы ХҚКО хабарласқанда ХҚКО инспекторы тиісті құжаттарды мыналарды: сауалды қабылдау мерзімі мен нөмірін; сұратылған мемлекеттік қызметтің түрін; қоса берілген құжаттардың атаулары мен сандарын; құжаттарды беру мерзімін, уақыты мен орнын; құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегін, аты-жөнін көрсетіп, қабылдағаны жөнінде қолхат береді.

16. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы төмендегідей құжаттар ұсынады:

1) тұтынушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғалар үшін – заңды өкілінің белгіленген үлгі бойынша жазбаша өтініші (ата-анасының біреуі, қамқоршы, қорғаншы) немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

3) тұрғылықты жерінен анықтама немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін қажет емес);

5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысымен бекітілген Халықты әлеуметтiк қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына 2-қосымшаға сәйкес және Халықты әлеуметтiк қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына 2-қосымшаға сәйкес үлгідегі медициналық карта;

6) ОЖБ-дан үзінді көшірме (қарттар үшін қажет емес);

7) зейнеткерлік жасындағы тұлғаларға – зейнеткерлік куәлік;

8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлға мәртебесін растайтын куәлік.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.

17. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:

мемлекеттік қызмет көрсетуде бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылмайды.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ):

1-ҚФБ – әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің маманы;

2-ҚФБ – ХҚКО инспекторы;

3-ҚФБ – ЖҚжӘББ кеңсесі;

4-ҚФБ – ЖҚжӘББ басшылығы.
19. 1-кесте. 1-ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі үдеріс іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің № (барысы,

жұмыс ағыны)



1


2


3

4

2

ҚФБ атауы

4-ҚФБ

1-ҚФБ

4-ҚФБ

1-ҚФБ

3

Іс-әрекеттің (үдерістің,
рәсімнің, операцияның)
атауы және оның сипаттамасы

Жауапты мамандар арасында келіп түскен өтініштерді тарату

Кеңес беру, құжаттарды қабылдау, тіркеу

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға қол қою


Құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама беру

4

Аяқтау нысаны (деректер,
құжат, ұйымдастыру-өкімдік
шешім)


Бұрыштама қою

Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектер-ге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар-ды ресімдеу туралы хабарлама беруге жобаны дайындау

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама



Құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама


5

Аяқтаудың баламалы нысаны




Қызмет көрсетуден бас тарту жобасын дайындау

Қағаз жеткізушілерде қызмет көрсетуден бас тарту

Қызмет көрсетуден бас тартуды ұсыну

6

Орындау мерзімдері


1 сағат

14 жұмыс күні

1 сағат

1 сағат

7

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

-

2-кесте. ХҚКО-да қызмет тұтынушы өтініш білдірген кездегі 1-ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы:



Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағымы)

1

Іс әрекеттің № (барысы, жұмыс ағымы)

2

3

4

5


6

7

2

ҚФБ атауы

3-ҚФБ

4-ҚФБ

5-ҚФБ

2-ҚФБ

4-ҚФБ

3-ҚФБ

3

Іс-әрекеттің (үдерістің,
рәсімнің, операцияның)
атауы және оның сипаттамасы

Тұтынушыдан құжаттарды қабылдау, оны

3-ҚФБ-ға жолдау



2-ҚФБ-дан құжаттарды қабылдау,

4- ҚФБ-ға жолдау



Жауапты мамандар арасында келіп түскен өтініштерді тарату


Өтініштерді қарау, құжаттарды ресімдеу туралы жолдама дайындау және

4-ҚФБ-ға жолдау,

5-ҚФБ-ға қол қою, жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы жолдама немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту


Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны 3-ҚФБ–ға жолдау немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту


Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны тұтынушыға табыстау немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту


4

Аяқтау нысаны (деректер,
құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды өткізу тізілімі

Тізілім бойынша құжаттарды қабылдау, кіріс хат-хабарларды тіркеу

Бұрыштама

Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама

5

Аяқтаудың баламалы нысаны










Қызмет көрсетуден бас тарту

Қызмет көрсетуден бас тарту

Қызмет көрсетуден бас тарту

6

Орындау мерзімдері

15 минут;

құжаттарды жолдау – күн сайын күннің соңында



1 сағат

1 сағат

13 жұмыс күні

1 күн




7

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6

-

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс


Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

4-ҚФБ

1-ҚФБ

1. Жауапты мамандар арасында келіп түскен өтініштерді тарату


2. Кеңес беру, құжаттарды ресімдеу, қабылдау

3. Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға қол қою

4. Өтініш берушіге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама беру

4-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс




Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны) немесе кеңейту

4-ҚФБ

1-ҚФБ

1. Жауапты мамандар арасында келіп түскен өтініштерді тарату



2. Кеңес беру, құжаттарды ресімдеу, қабылдау

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға қол қою

4. Өтініш берушіге қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды ұсыну

20. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма.


4-ҚФБ 1-ҚФБ









21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, шаблондары:

осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не болмаса қағаз жеткізгіште қызмет көрсетуден бас тарту.



5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғаның жауапкершілігі
22. Мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылдаған шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте жауапкершілік алады.
________________________________________

«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1-қосымша
__________________________________________________________________

(үйде қызмет көрсету субъектісінің атауы)

Т.А.Ә._______________________________________________________________

Туған күні ___________________________________________________________

Тұрғылықты мекенжайы ______________________________________________

Телефон нөмірі (үй, ұялы) _____________________________________________

Мүгедектік санаты (болған жағдайда) ____________________________________

Бірге тұратын отбасы мүшелері (Т.А.Ә., туысқандығын көрсету):

____________________________________________________________________
Өтініш
Үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үшін __________________________________________ есепке алуды сұраймын.

         (қызмет алушының Т.А.Ә. көрсету)

Үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібімен және талаптарымен таныстым.
     Төмендегідей құжаттарды қоса беремін:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

     


      Т.А.Ә. және қолы __________________  күні 20____ жылғы «___» ______.
      Өтініш қабылдаған ______________________________

                         (Т.А.Ә. және лауазымын көрсету)

      Қолы _________ күні 20_____ жылғы «___» ________
______________________________

«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

2-қосымша

_____ хабарлама



Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекітілген «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды Сізге ресімдеу туралы хабардар етеміз.

«Астана қаласының

Жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы»

мемлекеттік мекемесі

бастығының орынбасары
_____________________________






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет