Астана қаласы әкімдігінің



жүктеу 114.43 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі114.43 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады

Астана қаласы әкімдігінің


2012 жылғы «___» ______

________ қаулысына



9-қосымша

_
«Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды

ресімдеу» мемлекеттік қызмет

регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы:

1) ЖҚжӘББ – Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

2) ЖОБ – мүгедекті жеке оңалту бағдарламасы;

3) МОДБ – мүгедектердің орталық деректер базасы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі.



2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы:

қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу.

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектеріне беріледі.

Ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері бір мүгедекке жылына отыз сағаттан аспайтын сағат есту бойынша мүгедектерге беріледі:

3. «Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның атауы:

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:

автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік-құқықтық актінің атауы, бабы (тармағы) және баптың (тармақтың) мазмұны:

мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету ережесiнің негізінде көрсетіледі.

6. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтің қорытындысы және ұсыну түрі:

қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не болмаса қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7. Мемлекеттік органдардың және басқа да мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне енгізілген субъектілердің тізбесі:

ЖҚжӘББ басқа мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне басқа да мемлекеттік органдар енгізілмейді.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік органның, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үшін хабарласу қажет болатын басқа да мүдделі органдардың орналасқан жері және жұмыс кестесі:

мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Ш.Иманбаева көшесі, № 16 мекен-жайында орналасқан ЖҚжӘББ-ның ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлім көрсетеді.

Жұмыс кестесі: дүйсенбiден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

9. Тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы мәселелер жөнінде ақпарат алу тәртібі:

мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ресми мерзімдік басылымдарда, ЖҚжӘББ фойесінде орналасқан стендтерде, 21-28-39 телефоны арқылы, сондай-ақ ЖҚжӘББ-ның www.uzsp.astana.kz сайтында орналастырылады.

10. Егер мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде бірнеше мүдделі органдар қатысқан жағдайда, барлық әкімшілік үдерістен өту:

тұтынушының басқа органдарға хабарласуы қажет етілмейді.

11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) тұтынушы осы Регламенттің 16-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он жұмыс күні ішінде;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты, бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезекте тұрған адамдардың санына байланысты;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге берілген ең ұзақ шекті уақыты 15 минуттан аспауы тиіс.

12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға, оның ішінде құжаттар қабылдаудан және қарастырудан бас тартуға негіздеме:

мына негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту:

1) есту бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандары мен жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектері үшін оларға жеке көмекшілер қызметтерін ұсынуда тұынушыда медициналық қарсы көрсеткіштер болғанда;

2) құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталғанда, осы мемлекеттік қызметті ұсыну үшін талап етілетін құжаттардың бірі болмағанда;

3) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің жеткіліксіздігі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіздемелер жоқ.

13. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыдан сауал алған кезден бастап мемлекеттік қызметтің қорытындысын шығару кезіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы ЖҚжӘББ-ға өтініш береді;

2) ЖҚжӘББ-ның басшылығы келіп түскен өтінішті таныстыруды, орындауға ЖҚжӘББ маманын жөнелтуді жүзеге асырады;

3) ЖҚжӘББ-ның маманы өтінішті тіркейді, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметін және естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметін беру үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу туралы хабарлама не болмаса қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, оған басшысы қол қояды, тұтынушыға жолдайды.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны – бір маман.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет

(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
15. Кіріс хат-хабарын (соның ішінде электрондық) ресімдеу тәртібі және тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсетуге жазған сауалын және (өтінімін) қабылдау (тіркеу) туралы ақпарат алу:

өтініш беруші хабарласқанда осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес өтініштің бланкісі беріледі.

қажетті құжаттарымен бірге өтініш бергеннен кейін тіркеледі, тұтынушыға өтініш қабылдаған маманның тегі, аты-жөні, қабылдау мерзімі мен нөмірін көрсетумен құжаттарды қабылдағаны жөнінде талон беріледі.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың,


нысандардың, қалыптардың тізбесі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтінішті, әлеуметтік жеке кодының нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірі болғанда);

2) мүгедектiң ЖОБ-нан үзiндi көшiрменi;

3) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты;

4) мүгедектігі жөніндегі анықтаманы ұсынады.

Құжаттардың көшірмелері мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.

Өзінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда мүгедек жеке көмекшiнiң қызметін, ымдау тiлi маманының әлеуметтік қызметін беру туралы өтінішпен баруға нотариалдық куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.

17. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:

мемлекеттік қызмет көрсету көрсету кезінде пайдаланылатын МОДБ бағдарламалық қамтамасыз ету авторлық құқықтарымен қорғалған.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ):

1-ҚФБ – ЖҚжӘББ ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі бөлімінің маманы;

2-ҚФБ – ЖҚжӘББ-ның басшылығы.


19. 1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы:


Негізгі үдерістің (жұмыс барысы, ағымы) іс-әрекеті

1

Іс-әрекеттің (барысы, жұмыс ағыны) №

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

2-ҚФБ

1-ҚФБ

2-ҚФБ

1-ҚФБ

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оны сипаттау

Жауапты мамандар арасында келіп түскен өтініштерді тарату

Құжаттарды қабылдау, тіркеу және кеңес беру

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға қол қою не қызмет көрсетуден бас тарту

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Бұрыштама қою

Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметін және естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметін беру үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу туралы хабарлама жобасын дайындау

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама

5

Аяқтаудың баламалы нысаны




Қызметтерді ұсынудан бас тарту жобасын дайындау

Қағаздық жеткізушіде қызмет көрсетуден бас тарту

Қызмет көрсетуден бас тартуды ұсыну

6

Орындалу мерзімі

1 сағат

10 жұмыс күні

1 сағат

1 сағат

7

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

-

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс




Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

2-ҚФБ

1-ҚФБ

1. Жауапты мамандар арасында келіп түскен өтініштерді тарату

2. Құжаттарды қабылдау, тіркеу және кеңес беру

3. Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметін және естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметін беру үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу туралы хабарламаға қол қою

4. Құжаттарды ресімдеу туралы өтініш берушіге хабарлама беру

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс




Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

2-ҚФБ

1-ҚФБ

1 Жауапты мамандар арасында келіп түскен өтініштерді тарату

2. Құжаттарды қабылдау, тіркеу және кеңес беру

3. Қызмет көрсетуден бас тартуға қол қою

4. Өтініш берушіге хабарламаның қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын беру

20. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма


2-ҚФБ 1-ҚФБ









21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, бланк шаблондары:

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметін және естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметін беру үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу туралы хабарлама не болмаса қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама беру болып табылады.



5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымдық тұлғаның жауапкершілігі
22. Мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылдаған шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте жауапты болады.
_______________________________________

«Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығына
_____өтініш
Тегі____________________________________________________________

Аты ________________________________________________________________

Әкесінің аты____________________________________________________

Туған жылы айы, күні____________________________________________

Мүгедектігі ____________________________________________________

Үй мекенжайы_________________________________________________

Телефоны _____________________________________________________

Сізден жеке көмекшілер (болмаса ымдау тілі мамандарының) қызметін көрсетуге жолдама беруді сұраймын.

Мына құжаттардың көшірмелерін қоса ұсынамын:

Мерзімі Қолы



(Өтініш берген адамның болмаса өтініш берушінің қолы)

Өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын:

Мерзімі Қолы

(өтініш қабылдаған маманның қолы)

___________________________________________________________________________

(жыртылмалы талон орны)

№ ______өтінішті қабылдау жөніндегі

талон

Азаматтың өтініші



Көмек түрі:

Қоса ұсынылатын құжаттар (саны)

Мерзімі және уақыты

Өтінішті қабылдаған (қолы)

_______________________________

«Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша

өтініш берушінің А.Т.Ә.



____хабарлама
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесіне сәйкес Сізге мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен жеке көмекшінің (ымдау тілі маманының) қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу жөнінде хабарлаймыз.


«Астана қаласының

Жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік

мекемесі бастығының орынбасары
_____________________________






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет