Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған



жүктеу 1.63 Mb.
бет2/11
Дата03.04.2016
өлшемі1.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде

Ақбидай көшесі

Бұрынғы атауы – Складский көшесі. Ақбидай көшесі Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Сарыадыр, Теректі, Көкшетау, Бейнеу орамдары мен Өндіріс көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 1303,8 м.

Қазақта «ақ» сөзі жақсылыққа байланысты қолданылады. Ол молшылықтың, ырыздықтың белгісі. Осыған байланысты «Ақ бидай» атты халық әні бар.
Ақжан көшесі

Бұрынғы атауы – Школьный көшесі. Ақжан көшесі «Тельман» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 188,6 м.

«Ақжан» адам жанының ақтығын білдіретін сын есім.
Ақжар көшесі

Бұрынғы атауы – Ленин көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Ақжар көшесі Жамбыл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1092,4 м.

Ақжар Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан. Орталығы – Талшық кенті.
Ақжелкен көшесі

Бұрынғы атауы – Л.Шевцова көшесі. Ақжелкен көшесі Үшқоңыр, Кеңшағыл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 408,8 м.

Ақжелкен шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық өсімдік.
Ақжол көшесі

Бұрынғы атауы – Угольный көшесі. Ақжол көшесі Мұнайшылар көшесінен басталып, Ж.Досмұхамедұлы көшесінде аяқталады. Жаңажол, Өндіріс көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 3381,1 м.

«Ақжол» – тілек, ниет ретінде қолданылатын сөз. Ақ (сын есім) + жол (зат есім) сөздерінен құралған. Қазақтар ұрысқа немесе сапарға аттанғанда «Ақ жол болсын!» деп тілек айтқан. Ақжол болашағы жарқын, жолы ақ болсын дегенді білдіреді.
Ақкемер көшесі

Бұрынғы атауы – Р.Люксембург көшесі. «Тельман» тұрғын алабы. Ақкемер көшесі Мұғалжар көшесінен басталып, Аңырақай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 980,2 м.

АқкемерҚазақстанның барлық түкпірінде кездесетін сай-саланың, кеуіп қалған арнаның, жағаның атауы.
Ақкөл көшесі

Ақкөл көшесі Ақкөл қысқа көшесінен басталып, Қатаркөл орамында аяқталады. Ұзындығы – 171,4 м.

Ақкөлкөлдің атауына байланысты айтылған және ол республикамыздағы бірнеше елді мекендердің атауы.
Аққорған көшесі

Бұрынғы атауы – Новостройка көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Аққорған көшесі Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 366,3 м.

Аққорған – орта ғасырдағы қала атауы. Деректерге қарағанда, Аққорған XV-XVIII ғасырларда болған, Жаңақорғаннан 70 шақырым жерде орналасқан.
Аққұм көшесі

Бұрынғы атауы – Ленин көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Аққұм көшесі Ұшқыштар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 481,1 м.

АққұмҚостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ұлы Жыланшық өзенінен солтүстік-шығысқа қарай бойлай созылып жатқан құмды алқап. Шөл белдемінде орналасқан.
Ақмешіт көшесі

Бұрынғы атауы – №33 көше (Жаңа әкімшілік орталық). Ақмешіт көшесі Сарайшық көшесінен басталып, Тәуелсіздік, Достық, Сығанақ, Алматы көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5607,3 м.

Ақмешіт қазіргі Қызылорда қаласының орнында болған көне бекініс орны. Бекініс 1817 жылы салынған. Тарихшы-ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, Ақмешіт бекінісін Қоқан ханы Омархан салғызған. Қазан төңкерісінен кейін бекініске Ақмешіт аты қайта берілді. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, ол 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды.
Ақмола көшесі

«Көктал» тұрғын алабы. Ақмола көшесі Баршын, Ұлытау, Мыңжылқы, Қайнар, Мойылды, Сарыөзен, Зайсан, Ақсуат көшелерін қиып өтіп, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2114 м.

АқмолаЕсіл өзенінің бойында, ескі керуен жолы өтетін Қараөткелде болған. «Мола» деген сөз ғұндар тілінде «биік қорған, қамал» деген ұғымды білдіреді. Есіл бойына дуан орталығы салынғаннан кейін Ақмола сол дуанның, одан соң Ақмола қаласының ресми атына айналды.
Ақниет көшесі

Бұрынғы атауы – Юбилейный көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Ақниет көшесі Қаратөбе көшесінен басталып, Жиделі көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 257,4 м.

Ақниет – көңілі таза, пейілі ақ, адал адамның мінезіндегі құнды қасиет. Ақниетті адам өмірінде үнемі ағынан жарылып, ештеңені жасырмай, бар шынын айтады. Халық ондай ашық-жарқын мінезді адамды құрмет тұтып, оған ізет көрсетіп отырған.
Ақсай көшесі

Бұрынғы атауы – Бетонный көшесі. Ақсай көшесі Н.Гоголь көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 725,5 м.

Ақсай – Қарағанды облысы, Шалқар алабындағы өзен. Қазақстанда осы аттас елді мекендер көптеп кездеседі.
Ақселеу көшесі

Бұрынғы атауы – Степной көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Ақселеу көшесі Қаратөбе көшесінен басталып, Жиделі көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 224,4 м.

АқселеуСарыарқа даласында ең көп өсетін шөп атауы.

Ақсеңгір көшесі

Бұрынғы атауы – Н.Пирогов көшесі. Ақсеңгір көшесі Үшқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 903,8 м.

Ақсеңгір сөзі «биік, заңғар» деген мағынаны білдіреді.
Ақсу көшесі

Бұрынғы атауы – №20 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ақсу көшесі Наурыз көшесінен басталып, Зайсан көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 276,2 м.

Ақсу Алматы облысы Ақсу, Алакөл аудандарындағы өзен.
Ақсу-Аюлы көшесі

Бұрынғы атауы – №55 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ақсу-Аюлы көшесі Талғар көшесінен басталып, Зеренді көшесінде аяқталады. Обаған көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 544,9 м.

Ақсу-Аюлы қола дәуірінің орта және соңғы кезеңдерінің ескерткіштері. Ақсу-Аюлы кенті Қарағанды облысы, Шет ауданынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан.
Ақсу-Жабағылы көшесі

Бұрынғы атауы – Ф.Глинка көшесі. Ақсу-Жабағылы көшесі Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 734,1 м.

Ақсу-ЖабағылыТалас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстандағы тұңғыш қорық.

Ақсуат көшесі

Бұрынғы атауы – №17 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ақсуат көшесі Арқалық көшесінен басталып, Зайсан көшесінде аяқталады. Ақмола, Наурыз, Айыртау көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 627,9 м.

Ақсуат мыс дәуірінің қонысы және қола дәуірінің бекініс орны. Қостанай облысындағы Ақсуат көлінің жағасында орналасқан. Қазақстанда осы аттас елді мекендер көптеп кездеседі.
Ақтасты көшесі

Бұрынғы атауы – Абай көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Ақтасты көшесі Ә.Әлімжанов көшесінен басталады. Ұзындығы – 472 м.

Ақтастыжер-су атауы. Еліміздің көптеген өңірлерінде осы аттас өзен-көлдер, таулар, елді мекен атаулары бар.
Ақтау көшесі

Бұрынғы атауы – Октябрь көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Ақтау көшесі Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 320,3 м.

АқтауМаңғыстау облысының орталығы, қала, теңіз және әуе порты. Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан.
Ақтөбе көшесі

Бұрынғы атауы – №32 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ақтөбе көшесі Ұлытау көшесінен басталып, Мойылды көшесінде аяқталады. Тарбағатай, Моншақты, Қарасу, Қайнар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 571,1 м.

Ақтөбе Ақтөбе облысының орталығы, Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Теміржол, әуе және автомобиль қатынастарының маңызды торабы.
Ақшағыл көшесі

Бұрынғы атауы – Челябинский көшесі. Ақшағыл көшесі Кентау көшесінен басталып, Кеншілер, Ынталы, Тасқұдық көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 580 м.

Ақшағыл – Қарағанды облысы, Шет ауданында орналасқан полиметалл кен орны.
Ақын Сара көшесі

Бұрынғы атауы – №98 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Ақын Сара көшесі Домалақ ана көшесінен басталып, Қарашаш ана, Ләйлі-Мәжнүн, Жұбан ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 999,3 м.

Сара Тастанбекқызы (1853-1907) – ақын. Әкесінен ерте айырылып, әкесінің інісі Жайсаңбектің тәрбиесінде өскен. Сөзге тапқырлығымен, кесіп айтар шешендігімен елді сүйсінткен. Айтыс өнеріне әбден төселген Сара Арсалаң, Ниязбек сал т.б. ақындарды өнер жарысында жеңіп шыққан. Сараның лирикалық өлеңдері – көбіне өз тағдырын, жеке басының мұң-зарын арқау еткен туындылар.
Алакөл көшесі

Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. «Мичурино» тұрғын алабы. Алакөл көшесі Асқартау көшесінен басталады. Ұзындығы – 753,2 м.

Алакөл Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл.
Алмалық көшесі

Бұрынғы атауы – Победа, Садовый көшелері. «Көктал» тұрғын алабы. Алмалық көшесі Д.Бабатайұлы көшесінен басталып, Нарын, Ардагер, Қайыңды, Сұлукөл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1745,5 м.

Алмалық – орта ғасырдағы көне қала атауы. Іле өзенінің бойында орналасқан. Қаланың шығыс жағында Алмалықта билік жүргізген Тоғылық Темір ханның күмбезі бар. Алмалық қаласы ірі сауда, мәдениет және саяси орталық ретінде Қазақстан мен Шығыс Түркістанның ортағасырлық тарихы мен мәдениетінде аса маңызды рөл атқарды.
Алматы көшесі

Бұрынғы атауы – №19а көшесі. (Жаңа әкімшілік орталық). Алматы көшесі Орынбор көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Түркістан, Ақмешіт, Сауран көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1592,9 м.

АлматыІле Алатауының солтүстік етегіндегі, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аралығында орналасқан, Қазақстанның бұрынғы астанасы. Аумағы – 190 шаршы шақырым. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды.

Алпамыс көшесі

Алпамыс көшесі Арасан, Үлкен, Г.Әлиев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 385,1 м.

«Алпамыс»қазақ халқының қаһармандық эпосы.
Алпамыс батыр көшесі

Бұрынғы атауы – Центральный көшесі. Алпамыс батыр көшесі Атасу, Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков көшелерімен қиылысып, Қарашаш көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 936,9 м.


Алтындала көшесі

«Интернациональный» тұрғын алабы. Алтындала көшесі Аралқұм көшесінен басталады. Ұзындығы – 861,2 м.

Алтындала – балама қолданыс. Күзгі маусымға байланысты айтылады. «Сары дала», «астықты дала» деген мағынаны білдіреді. Республикамызда осындай елді мекен атаулары да кездеседі.
Алтынемел көшесі

Бұрынғы атауы – К. Либкнехт көшесі. Алтынемел көшесі І.Есенберлин көшесінен басталып, И.Гёте көшесінде аяқталады. И.Құтпанов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 363,5 м.

Алтынемел – Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы тарихи мекен. Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемінде, Алтынемел және Матай тауларынан басталатын Байғазы және Дос өзендерінің бастауында орналасқан.

Аманқарағай көшесі

Бұрынғы атауы – Стадионный көшесі. Аманқарағай көшесі Ш.Бейсекова көшесінен басталып, С.Мұхамеджанов көшесінде аяқталады. Конституция көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 431,3 м.

Аманқарағай – Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы шоқ қарағай.
Амантоғай көшесі

Бұрынғы атауы – №39 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Амантоғай көшесі Шаңтөбе көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Бостандық, Қызбел көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 266,2 м.

АмантоғайҚостанай облысының Амангелді ауданындағы ауыл.
Анар көшесі

Анар көшесі В.Вишневский көшесінен басталып, С.Сәдуақасов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 2220,4 м.

Анар – анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік. Анар Орта Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл.

Аңырақай көшесі

Бұрынғы атауы – К.Цеткина көшесі. Аңырақай көшесі Мұғалжар көшесінен басталып, Ақкемер, Жайсаң көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 8176,6 м.

Аңырақай – біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүздің хандары, билері, сұлтандары мен батырлары қатысқан Ордабасы жиынында бүкіл қазақ қолының бірігуі – жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Аңырақай жеңісі тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің тұтастығын сақтап қала алатындығын айқын дәлелдеді.

Арай көшесі

Арай көшесі Космонавтар көшесінен басталып, Ә.Марғұлан, Тобылғысай, Толағай, Құлагер көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1259,3 м.

Арай – «күн нұрының шұғыласы, сәулесі» дегенді білдіреді. Қазақстанда Арай атты бірқатар елді мекендер бар.

Аралқұм көшесі

Бұрынғы атауы – Степной көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Нұрлыжол көшесінен басталып, Алтындала көшесімен, Ұлан орамын қиып өтеді. Ұзындығы – 628,9 м.

Аралқұм – Арал теңізінің солтүстік-шығысында жатқан құмды шөл. Ол Арал теңізі мен Торғай үстіртінің аралығын, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстары аумағының бір бөлігін алып жатыр.
Арасан көшесі

Арасан көшесі Алпамыс көшесімен қиылысып, А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 423,1 м.

Арасан шипалы, емдеуге қолданылатын жылы жер асты су көздері.

Арғанаты көшесі

Бұрынғы атауы – №59 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Арғанаты көшесі Құндызды көшесінен басталып, Марқакөл көшесінде аяқталады. Шертер, Талғар, Обаған көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 946,4 м.

Арғанаты – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының солтүстігіндегі тау сілемдері. Ұлытау тауының солтүстігінде орналасқан.

Ардагерлер көшесі

Бұрынғы атауы – Целинный көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Ардагерлер көшесі Д.Бабатайұлы көшесінен басталып, Шұғыла көшесінде аяқталады. Нарын, Қайыңды, Сұлукөл көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1310,5 м.

Ардагер«құрметті, қадірлі, ардақты» деген мағынаны білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, елге еңбек сіңірген абыройлы адамды халық «Ардагер» деп жоғары бағалаған.
Арқайым көшесі

Бұрынғы атауы – №24 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Арқайым көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. Ер Көкше, Ер Қосай, Ер Тарғын көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 509,1 м.

Арқайым – орта қола кезеңінен (б.з.б. 2-мыңжылдық) сақталған тарихи және мәдени ескерткіштер кешені. Арқайым Қостанай облысында орналасқан.

Арқалық көшесі

Бұрынғы атауы – №25 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Арқалық көшесі Баршын көшесінен басталып, Ұлытау, Мыңжылқы, Қайнар, Сарыөзен, Зайсан, Ақсуат көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1419,8 м.

АрқалықҚостанай облысының оңтүстік-шығысындағы қала.
Армандастар көшесі

Бұрынғы атауы – Молодежный. «Интернациональный» тұрғын алабы. Армандастар көшесі Қарағанды-Астана трассасынан басталып, Мереке көшесінде аяқталады. Нұрлыжол көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 745,5 м.

Армандастаркөкейіндегі ізгі ниеті, болашақтан күтер үміті, алға қойған мақсаты бір, ортақ адамдар. Осыған байланысты «Армандастар» деген ән атауы бар.

Арна көшесі

Бұрынғы атауы – №36-15 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Арна көшесі Сұлутөр көшесімен қиылысып, Жылыой көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 376,9 м.

Арна – өзен аңғарының су ағатын бөлігі. Оқтын-оқтын немесе қысқа мерзімге құрғап қалатын өзен аңғарын «арна» деп атайды.

Арнасай көшесі

Бұрынғы атауы – Комсомольский көшесі. «Пригородный» тұрғын алабы. Арнасай көшесі Айнабұлақ көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Сарытоғай көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1452,6 м.

Арнасайелді мекеннің, өзеннің атауы. Екі сөздің бірігуінен құралған.

Асанқайғы көшесі

Бұрынғы атауы – Н.Гастелло көшесі. Асанқайғы көшесі А.Кравцов көшесінен басталып, Жәнібек тархан, Ағыбай батыр, А.Иманов, Кенесары, Абай даңғылы, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2237,8 м.

Асанқайғы (XIV ғ. – XV ғ.) – мемлекет қайраткері, ақын жырау, би, философ. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Асанқайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады.

Асанқайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «Адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүретін «Жерұйықты» аңсады. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асанқайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды.


Асқартау көшесі

Бұрынғы атауы – Садовый көшесі. «Мичурино» тұрғын алабы. Асқартау көшесі Бастау, Алакөл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 735,3 м.

Асқартау «биік, заңғар тау» деген мағынаны білдіреді. ХVI ғасырда өмір сүрген атақты жырау Шалкиіз Тіленшіұлы «Асқар, асқар, асқар тау, Асқардан биік тау болмас» деп жырлаған.
Аспара көшесі

Бұрынғы атауы – Г.Котовский көшесі. Аспара көшесі Жерұйық көшесінен басталып, Қарасай батыр даңғылын, Медеу, М.Дулатов, Орда көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1264,1 м.

Аспара – Жамбыл облысы, Шу алабындағы Құрағаты өзенінің оң жақ саласы. Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтан бастау алады. Негізгі салалары: Мақанды, Игермен, Аршалы.

Атақоныс көшесі

Бұрынғы атауы – Мир көшесі. «Күйгенжар» тұрғын алабы. Атақоныс көшесі Жаңатұрмыс көшесімен қиылысып, Шапағат көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 870,5 м.

Атақонысқазақ халқының ұғымында ежелден бері өмір сүріп келе жатқан тарихи мекен. Ұрпағы түрлі себеппен өзге өңірге қоныс аударса да ата қонысын ұмытпай ұрпағының санасына сіңіріп отырған. Жалпы «атақоныс» ұғымы қазақ халқының түсінігінде тарихи мекен ғана емес, қасиетті топырақ ретінде қалыптасқан.
Атамұра көшесі

Бұрынғы атауы – Хлебоприемный көшесі. «Промышленный» тұрғын алабы. Атамұра көшесі Шарбақты көшесінен басталып, Құлагер көшесінде аяқталады. Шалгөде көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1268,3 м.

Атамұра - әкеден балаға мал-мүлік, жер, қазына, байлық ретінде бөліп берген еншісі.
Атасу көшесі

Бұрынғы атауы – Планетный көшесі. Атасу көшесі Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Алпамыс батыр көшесінде аяқталады. Қарасақал Ерімбет, Жекебатыр, Х.Досмұхамедұлы, Е.Тайбеков көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 425,7 м.

Атасу – Сарысу өзенінің сол жақ саласы, ол Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының жерімен ағады.

Атбасар көшесі

Атбасар көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Қарталы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 655,7 м.

АтбасарАқмола облысы, Атбасар ауданының орталығы. Астана қаласының солтүстік-батысында 232 шақырым жерде, Жабай өзенінің оң жағасында орналасқан.
Атырау көшесі

Бұрынғы атауы – №36-3 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Атырау көшесі Сұлутөр, Машат орамы, Жылыой көшесімен қиылысып, Аягөз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 508 м.

Атырау – қала, облыс орталығы. Каспий теңізінен солтүстікке қарай 30 шақырым жерде, Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан.

Ашхабад көшесі

Ашхабад көшесі Игілік көшесінен басталып, Ташкент көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 447,1 м.

Ашхабад – Түркіменстан Республикасының астанасы.
Ащысай көшесі

Бұрынғы атауы – Линейный көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Ащысай көшесі В.Маяковский көшесінен басталады. Ұзындығы – 394,8 м.

Ащысай – елімізде кездесетін бірнеше жер-су атаулары. Осы аттас өзендер мен елді мекендер бар.

Аягөз көшесі

Бұрынғы атауы – №36-2 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Аягөз көшесі Мәртөбе орамы мен Атырау, Шарбақкөл, Таңбалытас көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 634,2 м.

Аягөз – Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары аумағы арқылы ағатын өзен. Тарбағатай жотасынан басталып, Балқаш көліне құяды.

Ә. Әлімжанов көшесі

Ә.Әлімжанов көшесі Шымкент қысқа көшесінен басталып, Сарыарқа даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 923,5 м.

Әнуар Әлімжанов (1930-1993) – жазушы, журналист. Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік және Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. «Отырар ескерткіші», «Жаушы», «Ұстаздың оралуы», «Махамбеттің жебесі» атты тарихи романдардың авторы.

Ә. Бөкейхан көшесі

Ә. Бөкейхан көшесі Ғ. Қараш көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. Ағыбай батыр, А. Иманов, Т. Рысқұлов, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 846,3 м.

Әлихан Бөкейхан (1866-1937) – қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Ә.Бөкейхан зор еңбек сіңірді. 1914 жылы маусымда Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен шақырылған Бүкілресейлік мұсылман сиезіне қатысып, мұсылман фракциясы бюросының тұрақты мүшесі болды. Әлиханның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде 1-жалпықазақ сиезі өткізіліп, «Алаш» партиясы құрылды. 1917 жылғы желтоқсандағы сиезде «Ұлт Кеңесі» құрылып, оның аты «Алашорда» болып аталды. Бұл үкіметтің төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Ә. Бөкейхан қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі.

Бұл көшеде Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, ОБСЕ орталығы, БҰҰ өкілдігі, «Абай» кітап үйі орналасқан.


Ә. Диваев көшесі

Бұрынғы атауы – Ф.Дзержинский көшесі. Ә.Диваев көшесі Конституция көшесінен басталып, М.Дулатов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 389,5 м.

Әбубәкір Диваев (1856-1933) – фольклорист, этнограф, тіл маманы. Қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының фольклоры мен этнографиясы жөнінде көптеген еңбектің авторы.
Ә. Ділманов көшесі

Бұрынғы атауы – М.Фрунзе көшесі. Ә.Ділманов көшесі Мәскеу көшесінен басталып, Жеңіс даңғылында аяқталады. Домбыралы, Бестерек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 590,5 м.

Әбдіғапар Ділманов 1977 жылы 22 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы милицияның арнаулы отрядында әскери борышын өтеген соң (1998-1999), Астана қаласындағы милиция мектебінде оқыды. 2000-2001 жылдары Президент әкімшілігі мен Үкіметті қорғау батальонында инспектор қызметін атқарды. 2001 жылдың 1 наурызынан бастап жергілікті жерде тәжірибе жинақтау басқармасында учаскелік инспектор қызметіне ауысады. Әбдіғапар Ділманов 2001 жылы 14 мамыр күні Астана қаласында қауіпті бұзақыларды ұстау барысында ерлікпен қаза табады.

Ә. Ермеков көшесі

Бұрынғы атауы – Светлый көшесі. Ә.Ермеков көшесі Құмбел, Ай-Таңсық, Ж.Шәрденов, Қараөткел, Темірқазық, Н.Оңдасынов, Алпамыс батыр, Е.Тайбеков көшелерін қиып өтіп, Қарасақал Ерімбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 899,5 м.

Әлімхан Ермеков (1891-1970) – қоғам қайраткері, «Алаш» партиясы мен Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, математик, ұстаз, ғалым. 1921 жылы Томск технология институтын бітірген. Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде топтастыруда ерекше рөл атқарған. Ол қазақ зиялыларының қатарынан тұңғыш рет математика саласынан профессор атағына ие болған.
Ә. Жангелдин көшесі

Ә.Жангелдин көшесі Сарыарқа даңғылынан басталып, Жеңіс даңғылын, Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Р.Қошқарбаев көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2575 м.

Әліби Жангелдин (1884-1953) – мемлекет қайраткері. Ә.Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғай қазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысты. РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің шешімімен Торғай облысының төтенше соғыс комиссары болып тағайындалады. 1922 жылы Орынбордан шығып Торғай, Атбасар, Ақмола, Павлодар, Семей бағытында жол жүріп өткен Ә.Жангелдин басқарған қызыл керуен Азамат соғысынан зардап шеккен халық шаруашылығын қалпына келтіру, ауылдарда мәдени ошақтар ашу, мектеп, аурухана жұмыстарын жандандыру ісінде бірқатар шаралар атқарды.

Бұл көшеде ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік орналасқан.
Ә. Майкөтов көшесі

Ә.Майкөтов көшесі Оқжетпес көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 532,1 м.

Әділбек Майкөтов (1869-1919) – қоғам қайраткері, Қазақстандағы ХХ ғасыр басындағы төңкеріске қатысушы. 1887 жылы орыс-қазақ училищесін бітірген. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде қазақ жастарын тыл жұмыстарына мобилизациялауға қарсы шығып, Ұлытау өңірінде қарулы жасақ ұйымдастырады.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет