Астана қаласы,Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8



жүктеу 95.24 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі95.24 Kb.
Астана қаласы,Есіл ауданы,

Қорғалжын тас жолы, 8

«Қазақ Гуманитарлық Заң

Университеті» АҚ басқармасының

төрағасы Т.Нәрікбаевқа

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқтық актілер туралы» Заңының 22 бабына сәйкес, Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №3107 «Орал қаласы бойынша 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы қаулысына» толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін жолдайды.

Қосымша: 12 бетте тіркеледі.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ-нің

бастығы А.Төкешева

Орын.Т.В.Кучкина

Тел. 25-25-51
ЖОБА

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ
2011 жыл «___»________________ №_______
Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №3107 «Орал қаласы бойынша 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала мекемелері мен ұйымдарынан түскен өтінімдерді ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласы бойынша 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №3107 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-1-201 тіркелген, 2011 жылы 10 ақпандағы «Жайық үні» газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшасы «2011 жылы Орал қаласындағы ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, төлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері» мынадай мазмұндағы реттік нөмерлері 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92 жолдармен толықтырылсын:

70 «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс-Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;



  1. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекеме»;

  2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті Батыс-Қазақстан облысының Діни істер департаменті» мемлекеттік мекемесі;

  3. Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі;

  4. Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекеме;

  5. Батыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

  6. «Батыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі;

  7. «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі;

  8. «Батыс Қазақстан облысы десаулық сақтау басқармасының «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік мекемесі;

  9. «Батыс Қазақстан обылысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

  10. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қоммуналдық кәсіпорны;

  11. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Батыс» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы;

  12. «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі мемлекеттік мекемесі;

  13. «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндкгі Батыс Қазақстан аймақтық қоры шағын-несие кәсіпорны» қоғамдық қор;

  14. «Орал қаласы әкімдігі білім бөлімінің «С.Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебі» қалалық мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорны;

  15. «Жайық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігі;

  16. «Устаз» пәтер иелерінің кооперативі;

  17. «Жұлдыз-Алға» пәтер иелерінің кооперативі;

  18. «Үміт» пәтер иелері тұтыну кооперативі;

  19. «АК-КУ» жайлар иелерінің кооперативі;

  20. «Айнагүл» тұрғын үй иелерінің кооперативі;

  21. «НУР» пәтер иелері тұтыну кооперативі;

  22. «Крепость» пәтер иелері тұтыну кооперативі;

2. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпкер субъектілердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері оларды қаржыландыру көздері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.С.Сафималиевке жүктелсін.

Қала әкімі С.Оразов
Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №3107 «Орал қаласы бойынша 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулы жобасына толықтырулар енгізу туралы түсіндірме хат
Қоғамдық жұмыстар-атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн Уәкілеттi органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқылы:



  • табысы аз адамдар;

  • 21 жасқа дейінгі жастар;

  • зейнеткерлік жас алдындағы адамдар;

  • ҚР Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;

  • бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

  • орлмандар;

  • басқалары.

ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жергілікті атқарушы орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, қоғамдық жұмыс түрлері, қатысушылардың нақты еңбек ақылары және қаржыландыру көздері туралы қаулы қабылдайды.

Қоғамдық жұмыстар бюджет қаражаты және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

Қоғамдық жұмысты ұйымдастыруда Уәкілеттi орган жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн жұмыс берушiлердiң өтiнiмдерін қабылдайды . 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қаламызда 130 мекеме мен ұйымдар өтінім білдірді, аталған орындарға 1615 жұмыссыз, оның ішінде 1318 әйел, 39 тұрмысы төмен отбасылар жолданды. 2011 жылы қоғамдық жұмыстарға 1490 жұмыссыз азаматты жолдау жоспарланып отыр, осы мақсатта жергілікті бюджеттен 30,0 млн.теңге бөлінген.

Бизнес саласындағы ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру олардың дамуына септігін тигізеді.

Ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру:







2008 ж

2009 ж

2010 ж

1

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған ұйымдар саны

106

122

130




Оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері

6

9

9

2

Қоғамдық жұмыстарға барлығы жолданғандары

1779

2958

1615




Оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері ұйымдарына

33

36

24

Кәсіпкерлік субъектілері ұйымдары өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға 2008 жылы 1,5 млн.теңге, 2009 жылы 1,9 млн.теңге, 2010 жылы 1,4 млн.теңге көлемінде еңбек ақы төледі.

Қазіргі уақытта жұмыссыздар қатарын әйелдер қауымы бастап отыр, жұмыссыздардың 81,4 % әйелдер құрайды, ал еңбек нарығында 73 % ерлер күшіне сұраныс болып отыр.

Жұмыссыздықтың себептері әр түрлі:

- еңбек нарығында жұмыссыздардың мамандықтарының сәйкес келмеуі, өйткені кәсіптік білім еңбек нарығының талаптарынан қалыс келеді;

- жұмыссыздар мамандықтарының жұмыс берушілердің талатарына сәйкес келмеуі;

- ауылдық өңірлерден келген азаматтардың мамандықтарының қала еңбек нарығыда сұраныстың болмауы немесе кәсіби мамандықтарының болмауы (аграномдар, зоотехниктер, мал дәрігерлері, мұғалімдер, медбикелер, шопандар, трактористер). Қоғамдық жұмыс осы санаттағы жұмыссыздарды уақатша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау үшін ұйымдастырылған.

Тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық жұмыстар аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға көп септігін тигізеді, өйткені жұмыссыздық деңгейі төмендеді, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға кететін шығындар азайды және кедейшілік деңгейі мен мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар саны азайды.

Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №3107 «Орал қаласы бойынша 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулы жобасына толықтырулар енгізу туралы

салыстырмалы кесте





2008

2009

2010

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған мекемелердің саны

106

122

130

Соның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6

9

9

Қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың саны

1779

2958

1615

Соның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің мекемелері

33

36

24

Ескерту:

Кесте ҚР Агенттік статистикасы бойынша 2010 жылдың 3 қыркүйек айындағы № 240 бұйрығымен бекітілген айлық статистикалық есебі бойынша 1-Т формасымен құрылған.

2 қосымша

Орал қаласы әкімдігінің

2011 жылғы «__» _________

№___ қаулысымен

бекітілді


Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпкер субъектілердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері



Ұйымдардың тізбелері

Қоғамдық жұмыс түрлері

Көлемі және нақты жағдайы

Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және олардың қаржыландыру көздері

1

«Табыс НТВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Түскен өтінімдер бойынша

Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексіне сәйкес келісім шарт бойынша

Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы бекітілген Заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақы мөлшерінен кемемес қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен және жұмыс беруші қаржысынан

2

«Евразия-пресс Батыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі










3

Көлік жүргізушілер мектебі «Самат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі










4

«Қазақ соқырлар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі










5

«Экономика және Ақпараттық технологиялар колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі













©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет