Астана ақшамы. – 2012. №42. – 17 сәуір Райқұл А. Ақсүйек ойнап, алтыбақан тербетті



жүктеу 22.03 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі22.03 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
Астана ақшамы. – 2012. - № 42. – 17 сәуір

Райқұл А.


Ақсүйек ойнап, алтыбақан тербетті

Иә, елорданың төрінде, жарты ғасырдан аса тарихы бар Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ауласында, астаналық жастар ақсүйек ойнап, алтыбақан тепті. Жұлдыздармен сырласып, көңіл көкжиегіндегі нәзік сезімнің қылын шертісті. Шын махаббаттың тұнығын лайламауға серттесіп, бір-бірлерін Қозы мен Баяндай қадірлеуге уағдаласты.

Олай болатын жөні де бар...

15 сәуір – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні. Бейресми бұл мерекені қазақ жастары бірнеше жылдан бері ескерусіз қалдырмауда. Бір-біріне деген шынайы махаббатын растап, ұлықтап, паш етіп, тарихта есімдерін өшпестей қалдырған қос ғашықтың күнін елордалық жастар да шат-шадыман көңіл-күйде атап өтті. Ымырт түсе С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің алдында жиналған 2 мыңға жуық қыз-жігіттер оқу орны ұйымдастырған мерекелік кешті тамашалады.

Ағымдағы жылы 55 жылдық мерейтойын атап өтетін университет алдында қос киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. Ұлттық нақышта киінген бозбала мен бойжеткендер бір-біріне тәтті сырларын айтып, әсем ән әуенімен тербеле биледі. Жазиралы дала төсіндегі жазғы жайлауды еске түсірген бұл сәт қол ұстасқан ғашықтарға ғаламат күй сыйлаған. Олардың сыңғырлай шыққан күлкісі, сыбырласа айтқан сырлары Сарыарқаның түнгі самалымен баршаға мәлім бола бергендей...

Жарасымды жұптарды құттықтауға келген оқу орнының ректоры Ақылбек Күрішбаев ақтарыла сөйлеп, ұлттық нақыштағы кешке ризашылығын білдірді. «Біздің университеттің жастары, студенттері қазақ еліне мұра болатын үлкен салт-дәстүрлерді жаңғыртып, насихаттау жолында жүр. Бұл – үлкен мағынасы бар, ұлт жастарына рух, патриоттық сезім беретін еңбек. Сендерді біз мақтан етеміз. Бүгін Қыз Жібек пен Төлегенді, Қозы Көрпеш пен Баян сұлуды еске алып, махаббат күнін атап өтеміз. Ғашықтар күні құтты болсын», - деп тілегін жеткізді ол.

Одан әрі А.Күрішбаев студенттердің сұрауымен жалындаған жастық шағында жүрегін жаулаған аруларды еске түсірді. «Маған махаббат сезімі алғаш рет сегізінші сыныпта келді. Ол кезде ауылда тұрамыз. Бір күндері ауылымызға Алматыдан, бізге көрші болып мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі көшіп келді. Соның қызын ұнатып қалдым. Талай жылдар бойы оның сөмкесін тасып, бағыма таласқан талай ұлмен төбелескенмін»,-деп баяндап өтті. Ал екінші махаббат оқу орны басшысына 20 жасында, үшінші курста оқып жүрген кезінде келген екен. «Бір күні экономика факультетінің қыздарына бардық. Ол кезде бүгінгідей «Қыз сыны» емес, «А ну-ка, девушки!» деген байқау болатын. Осы байқауда жеңіске жеткен әлгі факультетте оқитын аруды ұнатып қалдым. Ақырында, сол қызға үйлендім. Үйдегі жеңгелеріңізбен отауласқанымыға биыл бұйырта, отыз жыл болады», - деп ашық-жарқын әңгімеледі ол.

Студенттік шағында осы университетте танысып, шаңырақ көтерген, кешегі студент – бүгінгі ұстаз, ерлі-зайыпты Әшімовтар өз өмір жолдарынан сыр шертіп, жастарға өнегелі әңгімелерін айтты. Танысып, табысқан сәттерін, қол ұстасып бақ қыдырысқан бал шақтарын жеткізді.



Кеш Ақан сері туралы театрландырылған көрініспен әрлене түсті. Бойды шымырлатқан «Балқадиша» әні орындалып, елорда түні ерекше күйге оранды. Артынан жастар ақсүйек ойнады. Ойын барысында сезімдерін білдіріп, серттескен жастарға «Астана ақшамы» газетінің редакциясы атынан сый-сияпат берілді.

Мереке соңы би кешіне ұласты.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет