Астана ақшамы. – 2013. №128. – 12 қараша Нұрғали Қ. Доктрина жастарға дем берді



жүктеу 15.77 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі15.77 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
Астана ақшамы. – 2013. - №128. – 12 қараша

Нұрғали Қ.


Доктрина жастарға дем берді
Кеше Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Нұр Отан» партиясының Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалының кеңейтілген мәжілісі өтті. Оған Сарыарқа ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Нұр Отан» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов және Пар­ламент Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова, Мәжіліс депутаты Оразгүл Асанғазы қатысып, ойларын ортаға салды.

Алғашқы мәселе - саяси партияның «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» атты доктринасы туралы өрбіді. Осыған байланысты сөз алған Мәжіліс депутаты Оразгүл Асанғазы Доктринада айтылған еліміздің басты құндылықтары жөнінде, бірлік пен мемлекеттік тіл төңірегіндегі жайттарды ортаға салды. Оның айтуынша, «Нұр Отанның» алдына қойған басты мақсаты - Елбасының саясатын қолдай отырып, елімізде тұратын әр азаматтың әл-ауқатын жақсарту, демократиялық, өркендеген, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік бағдарлы мемлекет құруға үлес қосу. «Әсіресе, Доктринада мемлекеттік тіл мәртебесінің жан-жақты айқындалуы - ұлтын сүйетін азаматтарға үлкен қуаныш сыйлады. Елбасы Жолдауында қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз деп атап өткені белгілі. Міне, тіліміздің осындай биік тұғырға көтерілуіне сіздер, жастар да үлес қосып, ауыл шаруашылығы саласында қазақ тілі кеңінен қанат жаюына әрқайсысыңыз мүдделі болуға тиіссіздер» деді.

Бұдан кейін мінбеге көтерілген сена­тор Светлана Жалмағамбетова еліміз ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға талпынып отырғанын, ол үшін алдымен экономиканың қарқынды дамуына қол жеткізу керектігін атап өтті.

Алқалы жиында С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеттің студенттері Елбасының атына үндеу жариялады. Онда Доктрина жастарға идеялық дем бергені, құжат әр азаматтың болашағына жол сілтейтін темірқазық болғаны айтылған.



Сондай-ақ, мәжілісте «Нұр Отан» партиясы қатарына өткен азаматтарға партия билетін тапсыру рәсімі өткізілді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет