Астана ақшамы. – 2015. №42. – 21 сәуір Қалжанов А. Тілендиев даңғылында теректер жайқалады «…Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым, Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын»



жүктеу 15.84 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі15.84 Kb.
Астана ақшамы. – 2015. - №42. – 21 сәуір

Қалжанов А.


Тілендиев даңғылында теректер жайқалады
«…Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым, Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын». Өткенсенбі күні қазақ музыка өнерінің майталманы Нұрғиса Тілендиевтің атымен аталатындаңғылға барып, қызу жүргізіліп жатқан жұмысты көргенімізде есімізге композитордыңшоқтығы биік «Сарыжайлау» әнінің осы бір жолдары түсті. Аталмыш даңғылда ендішырша мен арша болмаса да, теректер жайқалып өсетін болады. 

Сол күні  Сарыарқа ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен даңғылдың Ақан сері көшесімен түйсетін тұсынан Медеу көшесіне дейінгі аралыққа

231 жас көшет егілді. Ағаш егу жұмысына әкімдік қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен студенттер, жиыны 150

адам қатысты.

– Жыл сайын сенбілікке шығу дәстү­рімізге айналды. Былтыр Бөгенбай батыр даңғылының бойында ағаш ексек, биыл осы жерге келіп отырмыз. Ардагерлер мен жастар бірігіп, керек істі атқарудамыз. Жалпы, қариялар жастарға үлгі көрсетуге тиістіміз. Жас ұрпақ бойында еңбекке деген махаббатты сонда оятамыз. Ал, мына егілген ағаштар ертең жайқалып өскенде, қаламызға көрік береді. Ауаны да тазартады, – дейді  тыл еңбеккері Анатолий Шмаков.

– Жас күнімізден сенбілікке шығуды әдетке айналдырғанбыз. Өзім – Астананың байырғы тұрғынымын. Көктем туғанда қариялар мен жастар бәріміз бірігіп үйі­міздің ауласын тазартуға шығып тұрамыз. Бүгін, міне, ардагерлер кеңесінің мүшелері қосылып, ағаш егуге шықтық. Бізбен бірге жұмыс істеп жатқан жастарға қарап, сүйсініп тұрмын. Осындай ақылды, сыпайы жастар – еліміздің болашағы, – дейді Таура Умарбаева әжей оның сөзін қостап.



С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Ажар Мутапова жастар таза қалада тұруды қалайтынын айтып, қала тазалығына атсалысуға қашанда дайын екендіктерін жеткізді.

Ағаш егу барысымен танысқан қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин оған өз үлесін қоса кетті. «Елорда тұрғындары бір кісідей еңбек мерекесі деп аталатын сенбілікке шығып отыр. Халықтың көңіл-күйі жақсы, музыка ойнап тұр. Осындай дәстүр үзілмеу керек деп ойлаймын. Ең бастысы, Астана – таза абат, ажарлы қала болып қала беруі тиіс» дейді ол.
: smi
smi -> Литер. 2010. №238. 24 декабря
smi -> Средства массовой информации, зарегистрированные на территории Акмолинской области по состоянию на 01. 08. 2011г
smi -> Астанадағы жоо-да Наурыз мейрамына орай бірнеше ауыл бой көтерді
smi -> Егемен Қазақстан. 2010. №487-491. 16 қараша Мәмет С. Мұраты мығым Мұратхан
smi -> Алаш айнасы. – 2011. №174. – 4 қазан Күдеров Т. Жетеуі жолдамаға жылжып барады
smi -> Абыз. №3(4). 2011. наурыз Жарайсың, Тұрсынбек!
smi -> Егемен Қазақстан
smi -> №34. 23 ақпан Мұхамеджанова А
smi -> Гибдд сделала послабление автошколам: автодром иметь не обязательно




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет